|  |  |  |  | 

Көз қарас Мәдениет Руханият Қазақ дәстүрі

ТӘҢІРШІЛДІК — қазақтың көнермейтін көне дүние танымы

WhatsApp Image 2020-05-17 at 7.29.17 PM

Тәңіршілдік — қазақтың көнермейтін көне дүние танымы. Тәңіршілдік ұғымында көп діндер қатарлы Жаратушыны бар деп есептейді, бірақ Ол адамдарға елші жібермейді, Көктен кітап түсірмейді, жаратылысқа (сіз бен бізге) “сәлем” жолдамайды — деген наным-сенім бар. Жаратушы барлығын жерге қалдырған, бәрі айналып тұратын механизм. Сондықтан жақсылық жасасаң да, жамандық жасасаң да өзіңе айналып келеді. Сол себепті Тәңіршілдік ұғымындағы ең негізгі ғибадат — шын көңілден жақсылық жасау, барыңды бөліп беру. Оны репрессия жылдарында Қазақ даласына айдалып келген өзге ұлттар жақсы біледі. Ал қазақ неге қырғынға ұшырады..? Оған Ислам жауап бере алмайды, оған Тәңіршілдік жауап береді: қазақ қашан да жауынгер халық болған, кеше ғұндар қытайларға қауіп төндірсе, бүгін сол қытайлардың ұрпақтары бізге қауіп төндіріп отыр. Кеше Алтын Орда орыстарды ойнатса, бүгін Ресей бізді ойнатып жатыр. Бірақ қазақ қанша жауынгер болғанымен, қай дәуірде болса да, қай елді жауласа да жойып жіберуден аулақ болған, ертең айналып келетін дүние екенін Тәңіршілдік ұғымынан білген, сол себепті, яғни қырып жібермегеніміз үшін біз де кешегі репрессияда жойылып кетуден аман қалдық. Механизм ба..? Механизм! Бүкіл жаратылыс механизм. Жердің айналуы арқылы күн мен түннің ауысуы да механизм. Сондықтан бұл ұғымды ғұндар таң-іңір деп түсінген. Күн мен түн, туу мен өлу, жарық пен қараңғы, бәрі де айналып тұрады, өйткені жаратылыс солай, ай жерді, жер күнді, күн галактиканы айналып жүреді, өмір бұл — қозғалыс, өмір бұл — шеңбер. Егер жер күнді айналмай қалса, яғни тоқтап қалса — тіршілік те тоқтайды. Тіпті адам баласының өмірге келіп-кетуі де механизм. Тәңірлік ұғымында адам түбегейлі өлмейді, өз ұрпағынан қайтып туады, яғни өз ұрығынан өзі қайтып өмірге келеді. Тәңіршілдікте “адам өмірге не үшін келеді” деген сұраққа: адам өмірді айналдыру үшін келеді — деп жауап береді. Ал Исламда: Алла адамды Өзіне (Аллаға) құлшылық ету үшін жаратты — дейтіндер бар. Құлшылыққа бас ұрудың артында коммерция немесе қандай да бір мүдде, идеология жатқан болуы мүмкін. Ал Тәңіршілдіктегі “құлшылық” ол — есесіз жақсылық жасау, ондай жақсылық коммерциямен бір қазанда қайнамайды. Есесіз жақсылық көрген адам: Тәңірден қайтсын — деп ризашылығын білдіретін болған, оған жақсылық жасаған адам да риза болып қалған, өйткені тәңіршілдер біледі бұл өмірдің бумеранг екенін. Бұл менің Тәңіршілдік туралы жеке түсінігім, бірақ Тәңіршілдік дін статусына ешқашан көтеріле алған емес, себебі ода Исламдағыдай пайғамбар жоқ, Исламдағыдай Көктен түскен кітап жоқ (Көктен кітап түспейтінін бәріміз білеміз), және ешқашан діни жорық жасамаған. Егер Тәңіршілдер діни жорық жасағанда, Араб түбегінен де, Парсы жағалауынан да бұл күндері Шыңғыс, Кетбұға, Үкітай, Төле, Жолшы есімді арабтар мен ирандарды кездестіруіміз мүмкін еді. Бұл Тәңіршілдік туралы жеке ойым болғанымен, жеке сенімім емес, бір кездердегі Ұлы Империяның ілімі, наным-сенімі. Алтын Орда Тәңірі ілімін қалай Исламға айырбастады — солай билігінен айырылды. Өйткені Тәңіршілдікте: қарапайым ғана өмірді түсіндіру болатын, ал Исламда қорқытып-үркіту болды. Әйтпесе жарты әлемді уысында ұстаған көшпенділер басқаша қалай өз билігінен айырылып қалуы мүмкін еді..? Ат тұяғының дүбірімен-ақ жауының тізесін қалтыратқан көшпенділер жорығының мақсаты дін тарату яки сол жергілікті халықты дәстүрінен, наным-сенімінен айыру емес, бәлки бытыраңқы халықтарды біріктіріп, басқару тетігін бір жүйеге түсіру болатын. Ал, басқару жүйесі бір қалыпты елдерді көшпенділер даласына тұмсығын тыққаны үшін түре қуып тастап отырған, мысалы: Хиуа хандығы, сол кезде Отырар парсымен біте қайнасып кеткен хиуалықтардың қолында болатын және Дешті Қыпшақтың есебінен өз аумағын кеңейту жоспарлары да болған. Шыңғысхан келіп, оларды түре қуып тастады. Әйтпесе Шыңғысхан киіз үйде отырған қазақты шаппаған болатын. “Отырар кітапханасын өртеді” деген әңгіме бар, соғыс болған жерде кітапхана түгіл одан да зоры өртеніп кетеді. Шыңғысхан нақ сол кітапхананы өртеу үшін шабуылдайтындай надан емес, оның әділдігі сонша жау тараптан шебер жауынгер тұтқынға түссе, өлтіріп тастамай, өз қатарына қосып алған, шеберлікті, артықшылықты бағалай білген адам. Бірақ сол бөтен жұрттың жауынгер, данышпан, көрегендерін өз қатарына қоса тұрып “тәңіршіл болуың керек” деп шарт қоймаған. Сондай бабаларымыз өмірді — шеңбер деп түсінген. Қандай әрекет қыласың — соған жараса артықшылығың алдыңнан шығады деген қарапайым да терең түсінікте болған, Шыңғысхан әскерінің жылдам қимылдауы да сол түсініктен туған. Өмір — шеңбер, бір басында өзің, бір басында қозғалысыңның жемісі. Егер қазір жақсы қозғалсаң — айналып келгендегі нәтижесі: жақсы өнім, зор жетістік, мол несібе. Және тәңіршілдер Тәңірден жақсы әйел сұраған, текті жерден қыз алуға тырысқан, бұл — Тәңір заңдылығы, өйткені қозғалысыңды берекелі ететін әйел адам. Қозғалысыңа бөтен біреу қиянат қылса да — Тәңір заңдылығына қарсы шыққан болып есептеледі. Егер қол астыңда біреу жұмыс атқарса, ақысын лайықты түрде бер, бұл оның қозғалысы, өмірі. Яки біреудің қозғалыспен жасаған еңбегін (егін болсын, мал болсын) ұрлама, заңдылыққа қарсы шыққан болып есептелесің, бұның соңы баянды болмайды. Әйел тақырыбына қайта оралсам, Тәңіршілдер әйел адамға айызын қандырушы ретінде яки ұрпағын көбейтуші ғана ретінде қарамаған, от басы, ошақ қасының берекесі ретінде қараған. Сондықтан ырыс-несібе сұрайтын Тәңірдің әйел бейнесінде елестеткен, Ол — Ұмай ана. Әйел адамды екінші сатыға қойғанымен, оған өзіне лайықты құрмет көрсеткен. Тәңіршілдерде тоқал алу кем де кем болған. Тоқалды қандай жағдайда алған..? Егер ағасы қайтыс болса, жеңгесін екінші әйел етіп алған, егер үйленбеген болса тіпті бірінші әйел етіп алған, сонымен бар өмірін бірге көрген. “Егер қайынісі болмаса ше” деген заңды сұрақ туады. Онда қайынағасы алған, бірақ негізінен қайынісіне тиетін болған. Сондықтан тәңіршілдер бойжеткен қызы мен өлікті оң жаққа қойып отырған, екеуі де қайтып келмейтіндер. “Тәңіршілдер тоқал алмаса, Шыңғысханның 500 әйелі болған” деуіңіз мүмкін. Шыңғысхан шаманнан: қалай қылсам ұзақ өмір сүрем — деп сұрағанда, шаман: көп әйел ал, ол сенің ұзақ өмір сүруіңе септігін тигізеді — деген. Сірә шаманның айтқысы келген: қазақтың “ұрпағыңмен мың жасайсың” деген сөзіне саяды. Шыңғысхан көп жағдайда жаулаған жерлерінің қыздарына үйленген. Жалпы, Тәңіршілдік өмірге келіп, кете салған дін емес, оны ұстанған небір ұлы тұлғалар бар. Ендеше сол тұлғаларды, тарихымызды зерттеу барда — Тәңіршілдік бар. Сәлеммен, мәңгілік тақырыпты әрең түйіндеген Бақберген.

Бақберген Арысланбай

Related Articles

  • Адамдардың сізді езіп тастауына жол бермеңіз

    Шебер бір суретшінің оқушысы өз оқуын тәмәмдапты. Оқуын тәмәмдаған оқушысына ұстазы былай депті: “Ең соңғы салған суретіңді қаланың ең көп адамдар жиналатын алаңына қойып қой. Суреттің қасына да бір қызыл түсті қалам қой. Адамдарға суреттің ұнамаған жерін сызып қойюын өтініп бір хат қалдыр”, депті ұстазы. Оқушы ұстазының айтқанындай жасап болып, бірнеше күннен кейін суретті көру үшін алаңға барады. Адамдар суретті қып қызыл сызып тастағанын көреді де адамдарға ренжіп ұстазының жанына жылап барады. Ұстазы оған ренжімей сурет салуды жалғастыруына кеңес береді. Оқушы тағы да сурет салыпты. Ұстазы тағыда адамдар көп жүретін алаңға апарып қоюын айтады. Бірақ бұл ретте суреттің жанына бір құты толған түрлі түсті қалам қоюын және ұнамаған жерлерін өздері

  • МӘҢГІ ҚАЗАҚ(ертегі фэнтези) 

    ҚАЗАҚТАРҒА ЖАСАлып жатқан  ҚИЯНАТ КӨП БОЛҒАСЫН, « Мәңгі қазақ» атты әңгіме жазсам деп жүретін едім. Осыдан бір күн бұрын сол әңгіменің сюжетіне келетін түс көржім. Кешеден бері жазуға кіріссем бе деп жүр едім, сәті бұгін түскен сияқты. ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ Өте ертеде емес, бүгінде емес, ғылым докторлары Санжар мен Балжан институтта қызмет ететін.Өздерінің лауазымдарына қарай қарапайым екі қатарлы жақсы салынған коттеджде тұрды.Интеллигент адамдар өмірдің қиындықтарына көп мін бере қоймайды ғой, Өмірлері мәнді, жайлы өтіп жатты. Жақсылықта көп күттірген жоқ, Санжар мен Балжан ұлды болып, коттеджде шағын той өтті. Неге екенін қайдам, әке шешелері ақылдасып, ұлдарыныі есімін Аңсар деп атаған. Аңсар ертедегідей тез де өскен жоқ, кеш те өскен жоқ. Тәрбиелі жігіт болып

  • ХАЙУАНАТТАР ҚАҒАНАТЫ. 1. ПОЛИЦЕЙ

    Діндарлар да, адам жанының қараңғы түкпірлеріне шырақпен үңілмекші жазушылар да, кісінің бойындағы зұлымдық пен мейірім тепе тең дейді. Содан, өмір дегеніміз бір бүтін осы екі жартының итжығысы-мыс. Елге мейірім жағы басым болғаны керек. Құдыққа құлағанда көміп кетпесін деген пиғыл сол. Шөлдегенде су берсе, шау тартқанда сүйеу болса деген дәме сол. Кейде бар ғой, мейірімнің өзі де сонда – қулықтан туған ба деп, көңілім түсіп кетеді. Былайғы адамның өзі де сезеді, мейірім жағы көптеу болу керегін. Ең болмаса, әке-шешесі өзінің жемі үшін күндіз-түні шапқылағанын көзі көрді ғой. Ер жеткенше, бізде әдетте – он бірінші сыныпқа дейін мейірімге деген ықыластың қаймағы бұзылмайды екен. Сосын басталады екен қиямпұрыс таңдау. Басқа жұртты білмеймін, мен

  • ҚҰНАНБАЙДЫҢ САПАРҒА АТТАНАР АЛДЫНДА ҰЛЖАНҒА АЙТҚАНЫ:

    Бәйбіше, үй серігім ғана емес, өмір серігім едің. Ұзақ кешкен тірлікте қай белдің астында жүрсем де, артымда отырған бір бел өзің едің. Өзіме тағдыр бақ берген жанмын деуші ем. Айтыспасақ та, жер танытып отыратын қабақ пен жүрек бар еді, соған сенуші ем де, кейде шәлкес, кейде қия да басып кете беруші ем. Бағыма масайып еркелегенім болса керек. Енді қай дөңнің басында қалармыз, кім біледі. Сенің айтар кінәң болса да, менің саған артар бір түйірдей назым жоқ. Адал жүрек, ақ бейілің үшін балаларыңның бағы ашылсын. Мен айтарды өзің айтыпсың. Менің арманымды өз арманың етіпсің. – деді Бұл – жүрер алдындағы Құнанбайдың Ұл­жанға айтқан сөзі. Қалың туыс, үйірлі ағайын, шоғырлы бала-шаға, дос-жаран,

  • Кәрі жілікті босағаға неге іледі?

    ( білуге тиіспіз, үйретуге тиіспіз…) – Қазанға ет салғанда алдымен «бісміллә»деп кәрі жіліктен бастап салады. Себебі кәрі жілік еттің бәрін ұстап тұратын қасиетке ие. Оны шақпайды, құда табаққа салмайды, қонаққа, бөтен, жат адамға емес, керісінше үй иесіне немесе ағайынға береді. Өйткені «кәрі жілікте шаңырақтың құты бар» деп ырымдайды. Сонымен қатар, өсіп келе жатқан қыз балаға «оң жақта отырып қаласың» деп ұстатпаған, ал, ұлдарға «сүр бойдақ боласың» деген сенім бойынша жігітке де бермейді. «Ертеде бір байдың қорасын қырық қарақшы торуылдапты. Бірақ, қанша тырысса да, малын ала алмаған екен. Байдың қорасын қарулы жасақ күзетіп тұрыпты. Бірақ, таң ата қарауылдар көзден ғайып болады екен. Ұрылар тылсым жайды түсінбейді. Ертесіне біреуін тыңшылыққа жұмсайды. Ол

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: