|  |  |  | 

Көз қарас Саясат Әдеби әлем

Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев): ҚАРАДАЛА АТАУЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛСЕ…

Жазушы-публицистQazaq
Ұйғыр ауданында қазақ-ұйғыр жастары арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқанын, арасында жарақат алғандар бар екендігін естіп өте қапа болдым. Бұл сөз жоқ, идеологиялық жұмыстардың олқылығы деп ойлаймын.
Жалпы ұйғыр халқына жаппай қара бояу жағуға болмайды. Олар да өзінше бір халық, туыс халық, түркі халқы, мұсылман халқы. Негізгі мекені қазіргі Қытай жерінде. Ұйғыр халқы бірнеше ғасырдан бері өз тәуелсіздігі үшін күресіп келеді. Саяси тұрғыдан ашықтан ашық оларды қолдауға құқымыз жоқ болса да, өз басым іштей мұсылман бауырларымыз ғой, өз алдына ел болып кетсе ғой деп тілеймін.
Ұйғыр халқының еңбекқорлығы мен мәдениетіне, тілі мен дәстүріне құрметіміз үлкен. Бірқатар ұйғыр қаламгерлерінің шығармаларын қазақ тіліне аударуға атсалысқаннан болар ұйғырша да тәп-тәуір сөйлей аламын. Бірақ әр нәрсенің ақиқаты болады. Жетісуды ХҮІІІ ғасырда қалмақ пен жоңғар басқыншыларынан тазартқан азаттық соғыстарына бірде бір ұйғыр қатысқан емес. Бірде бір ұйғырдың қаны төгілген емес. Қазіргі Ұйғыр ауданы Абылай хан, Албан Райымбек, Шанышқылы Бердіқожа батыр қолдары азат еткен қазақ жерінің ұлтарақтай бір бөлігі. Ежелгі аты – Қарадала.
Ресей мен Қытай арасындағы 1882 жылғы Петербург шарты салдарынан қытай өкіметінің қудалуынан қорыққан 9 мыңдай ұйғыр отбасы Жетісуға табан іліктірген. Онда да генерал-губернатор Г.А.Колпаковскийдің қолдауымен, жергілікті қазақ болыстарының келісімімен көшіп келген ұйғыр отбасыларына тіршілігінің диқаншылық сипатына байланысты шұрайлы жерлерден қоныс берілген. Көшіп келгендеріне небары 140 жылдай ғана уақыт өтті.
Бұл аралықта қазақ пен ұйғыр арасында ешқашан соғыс, көлемді жанжал болған емес. Қайта қыз алысып, қыз берісіп, құдандаласып, бауырластық байланыс нығайып жатты. Кеңестік кезеңде большевиктік саясат салдарынан Қарадала өңірі әкімшілік бөліністе Ұйғыр ауданы аталып кетті. Өкінішке қарай тәуелсіздік жылдарында ұйғыр, дұңған, орыс, грек, т.б. диаспоралар тұратын аумақта идеологиялық жұмыс жеткілікті деңгейде жүргізілмей қалды. Соның салдарынан бүгінгі ұйғыр диаспорасы жастары арасында қазақтың Қарадаласын ұйғыр диаспорасының меншігі ретінде қабылдау пайда болды. Қазақ пен ұйғыр жастарының арасындағы жанжалдың төркіні сонда жатыр.
Қазақ халқы, қазақ мемлекеті ұйғыр диаспорасының бай да бақуатты тұруына, мәдениеті мен тілінің дамуына барынша жағдай жасап отыр. Ұйғыр халқының бұл тұрғыдан қазақ халқына өкпесі жоқ деп ойлаймын. Ұйғыр тілінде оқытатын мектептер, ұйғыр тіліндегі газет, ұйғыр театры, т.б. соның дәлелі. Ұйғыр диаспорасы осы тыныштықты жалғастыруды қалайды екен, онда қазақ халқымен тату тұрудан басқа жол жоқ! Қазақстан – бәрімізге ортақ Отан. Осы қағида терең түсіндірілуі керек.
Егер Қазақ жерін менсінбесе ешкімді күштеп ұстап тұра алмайтынымыз тағы анық! Нақты бір ақиқат – Ұйғыр ауданы атауы әлем картасында ұйғыр мемлекетінің жалауын көтеретін жер емес. Сондықтан өз басым ұйғыр диаспорасы арасында меншік сезімін туғызатын атауды ауыстырған жөн деп есептеймін. Айталық, аудан атын Қарадала ауданы деп өзгерту елдің, жердің тарихи атауы қалпына келтіруге мүмкіндік берер еді. еді.
Жастар арасындағы мына түсінбестікке құқық қорғау орындары лайықты баға береді, заң бұзушылықтарға жол бергендер жазасын алады деп сенемін!

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: