|  |  | 

Көз қарас Саясат

Елдес ОРДА: Шонжы тараншыларының “айғайы” (шағын сараптама)

Eldos

Елдес ОРДА

70857533_2344539168995811_7414732983199858688_nБірінші, ұйғырстан деген атау қателеспесем алғаш рет 1928-1935 жж арасында хатқа түсе бастады. Еуропаның христиан миссионерлері қашқарияда баспа құрған. Баспадан ұйғырлардың қашқар акцентінде христиан дінін уағыздайтын кітаптар, қиссалар, күнтізбелер басып шығарды. Сол көп кітаптың бірінде “ұйғырстан” атауы алғаш рет қолданылған. Бірақ бұндағы ұйғырстан атауы қашқариядағы алты үлкен шаһарды көрсетеді. Ұйғырстан атауы одан соң 1951-1955 жылдары тағы көтерілді, бірақ атауды көтерушілер христиан миссионерлері емес, ұйғырдың белсенді саяси топ, элитасы болды. 1951-1955 жылдары қазіргі ШУАР’да ұлттық автономияны анықтау, шекарасын бекіту жұмыстары қаурт жүрді, сол кезде қытай орталық партия комитетіне “ұйғырстан автономиялы респубиликасы” дейтін ұсыныс жолданған. Әрине, бұл сол кездегі көп ұсыныстың бірі, “шарқи түркістан автономиялы респубиликасы” деген ұсыныс да болды. Осы автономиялы ұйғыр респубиликасының аумағын белгілеу кезінде зиялылар әртүрлі пікір айтты, талас-тартыс көп болды. Ұйғырстан атауы одан кейін 60-70 жж совет-қытай қатынастарының ең төмен шекке дейін нашарлауына байланысты тағы күн тәртібіне шықты. Осы жылдары “шарқи түркістан инкіләп партиясы” деген үлкен саяси қозғалыс болды, соның қатарында ұйғырстан атауы да балама ретінде бірге қолданылды. Одан кейін 80- жылдары қытайда жылымық басталды, сол жылдары бұл атау күн тәртібінен түспеді. Әсіресе 80 жж соңы мен 90 жж басқы кезеңі қатты қызды. Себеп, совет одағы ыдырап тәуелсіз респубиликалар бірінен соң бірі егемендігін жариялауы еді. 80-90 жж Үрімжі, Қашқар, Хотан, Құлжа қалаларында ұлтаралық қақтығыс көп орын алды. Сол кезде біраз зиялы, кәсіпкер азаматтар алыс-жақын шетелге де кетті. Бір қызығы, ұйғырстан атауымен Қазақстан ұйғырлары өте кеш танысты. 60,70,80,90 жылдары Алматыда жарық көрген қолжазба газеттерде “шарқи түркістан” аты кезігеді. (тіпті, “шарқи түркістан ауази” деген атпен газет те болды). Бұл жаққа ұйғырстан атауын ала барғандар ШУАР ұйғырлары. Олар 91-жылдан кейін мыңдап азаматтық алды, сауда барыс-келісі жанданды, қарым-қатынас артты дегендей. Қазақстанда олардың көбеюі және мәдени, рухани жаңғыру һәм сауда қатынастарының дамуы совет шекпенінен енді шыққан Қазақстан ұйғырларын жаңа сапа, басқа бағытқа бұрып жіберді.

Екінші, ұйғырстан мен шарқи түркістан (шығыс түркістан) атауы ұйғыр зиялылары арасында әлі бірізділікке, бірауыздылыққа келмеген атау. Бұл атаулардың қолдаушылары да, келіспеушілері де табылады. Бұл олардың саяси мәдениетінің деңгейі мен көрінісін көрсетеді.
Үшіншісі, Совет-Қытай, Ақш-Қытай және Жапон-Қытай қатынастарына байланысты (1929-1989 жж) ұйғырлар тұрған аумақ маңызды гео-стратегиялық аймаққа айналды. Гео-саяси қатынастар кезінде ұйғырдың саяси элитасы істікке көп шаншылды. Соның салдарынан ұлттың біртұтас саяси тұлғасы немесе бір тұлға маңына жиналатын біртұтас ұлттық ұйытқы әлсіз болды. Біз қазақтың саяси элитасы десе біртұтас Алаш идеясын айтамыз ғой мысалы, дәл сондай саяси біртұтас концсепция болуы тиіс заманда болмай қалды өкінішке орай. Олардың орнында діни консерваторлар, фанаттар, әр кент-шаһардың өз бектері мен қожалары болды, ұлттың біртұтас демократиялық тұлғалары да, саяси элитасы да, қозғалысы да тарих сахынасына тым кеш шықты. Сол себепті, 20- ғасыр басында тұрақтандырып тастайтын атауларды бүгінгі күнге дейін әкеп ұйғырстан ба, жоқ әлде шарқи түркістан ба деп созып жүргені.
Төртіншісі, соңғы он бес жылдықта қытай экономикасы, қытай сыртқы саясаты әлемдік гео-саяси жағдайға ықпал жасайтын кезеңге өтті. Шыны керек, қытай аймақтық державаға айналып шыға келді. Осы кезде Ақш-Қытай, Еуропа-Қытай қатынастары көпвекторлы сипат алды, соның құбылмалы нәтижесі негізінде саяси көп үйек пен дипломатиялық лагерлер қалыптасты. Енді бұған соңғы 2-3 жылда пайда болған Ақш-Қытай сауда соғысын, Қытай-Үндістан шекара жаңжалын, Қытай-Жапон теңіз дауын тіпті, Қытай-Хонгконг, Қытай-Тайван демократиялық қақтығыстарын қосыңыз. Бұның бәрі анти-қытайшыл күштерге жаңа бір мүмкіндік тудырды. Бір күн бұрын Ақш қытайға байланысты санкция салуды қарастыратын заң-жобасына қол қойды. Бұл ШУАР мәселесі бұдан былай күн тәртібінен түспейді деген сөз. Мәселе күн тәртібінен түспейді екен, қытайдың орталық азия елдеріне байланысты сыртқы саясаты тұрақсыздыққа өтеді. Өйткені, ШУАР мәселесінің түпқазығы орталық азияда, бұны қытай жақсы біледі.
Бесінші, Ақш-тың қытайға байланысты саяси ұстанымы қытай коммунист билігіне қарсы анти-қытайшыл, анти-коммунистшіл күштерді біріктіре түседі. Қазір бұл процесс жүріп жатыр. Ұйғырлардың шетелдегі топ-ұйымдары бұл кезде төрт түрлі саяси бағытта көрініс беруі мүмкін. Олар: біртұтас ұйғырстан; біртұтас шарқи түркістан; жоғары дәрежелі автономия; біртұтас панисламист күштер; Осының ішінде “біртұтас ұйғырстан” немесе “біртұтас шарқи түркістан” күштерін Еуропа, Ақш, Жапон, Үндістан елдері, “жоғары дәрежелі автономия” күштерін шетелдегі қытай демократтары, “біртұтас панисламист” күштерді ДАЕШ күштері өңірдегі гео-стратегиялық саясатқа ықпал ете алуы үшін қолдап, астыртын жаңа диалогқа баруы бек мүмкін. Бұған байланысты қытайдың саяси технологтары “уды умен қайтару” әдісін қолданып, өңірде “Чин Түркістан” жобасын қолға алады. Осы проекті аясында ШУАР-дың жан тамыры орталық азияны толық шеңгелдейді. “Чин Түркістан” проектісінде Қашқар белдеуі арқылы Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстанға және Құлжа белдеуі арқылы Қазақстанға ықпал жасау қарастырылған. Қытайдың бір Құлжа-Қорғас арқылы жасайтын экономикалық ықпалдастық әлеуеті Қазақстанның Алматы облысы мен Шығыс Қазақстанын облысын шырқ үйіретіндей деңгейде, ары қарайғысын ойлана беріңіз. Ондай болса қытайдың Құлжа-Қорғас блогы аман тұрады екен Шонжы, Шелек, Жәркент тараншыларының “айғайы” бір күн де тоқтап қалмақ емес.
Енді не істеу керек. Мынадай ұсыныс бар:
Бірінші, Қазақстанның қытаймен шекара аудандарында әкімшілік реформа жасау қажет; яғни, кейбір аудандарды біріктіру керек;
Екінші, қытайдың орталық азияға жасайтын экономикалық ықпалын әлсірету үшін Алматы-Бишкек-Ташкен экономикалық альянсын, өңірлік қорғаныс блогын құру керек;
Үшіншісі, қытаймен жапсарлас аудандардағы шекаралық өзендерді мемлекет басты назарына алуы керек. Шекаралық өзен судың алдағы ресурсы қытайдың орталық азия саясатының басты нысанасы. Осыны ерекше ескеруіміз керек.
Төртінші, Қазақстандағы ұлт саясаты енді түбегейлі өзгеруі керек. Көпұлтты, көптілді саясат мемлекеттің біртұтастығына балта шабады. Алдағы он жылдықта өзбектер мен ұйғырлар славяндардың орнын басып озып Қазақстандағы екінші ірі халыққа айналады. Қытай орталық азияға державалық күшін сақтап тұру үшін дұңған мен ұйғырларды саяси істікке көбірек іледі. Алдағы он жылда дұңғандар мен ұйғырлар парламенттегі орыстардың орнын басып жатса немесе мемлекеттің ең маңызды орындарында бой көрсетіп жатса, тіпті одан да қызығы Қазақстандағы жер байлығын қытай қаржысымен өз атында сатып алып жатса еш таңғалмаймын.
Елдес ОРДА
18.06.2020

Related Articles

  • Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Бірақ бұрыннан айтылатын екі принцип сол баяғы өзгермейді. Себебі оны уақыт және өзге елдердің тәжірибесі дәлелдеді: 1. Заң, жарлық, ереже, шешімдермен тілге сұраныс туғызу. Онсыз тіл ешкімге керек емес. Тіл ақша табуға, білім алуға, өзгемен байланысқа түсуге қажет болғанда ғана сұранысқа ие болады, сонда ғана адамдар мәжбүрлі түрде үйренеді. Шетелде оқығың келе ме, IELTS, TOEFL тапсыр. Ол үшін ағылшын оқы. Халықаралық компанияда істеп, көп жалақы алғың келе ме, алдыңғы сөйлемде жазылған шарттарды орында. Сұраныс туғызу механизмі осылай жұмыс істейді. 2. Тіл иесі саналатын ұлт өкілдерінің принципшілдік танытуы. Яғни, тілің кең тарасын десең, оны кең қолдан. Үйде, түзде, басқа жақта. Англияда түріктің кафесіне кірсең, өзара түрікше сөйлесетін. Астанада үй жөндейміз деп

  • Трамп Украинаны Ресеймен Түркияда кездесуге үндеді. Зеленский “Путинді күтетінін” айтты

    Трамп Украинаны Ресеймен Түркияда кездесуге үндеді. Зеленский “Путинді күтетінін” айтты

    АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаны Ресеймен 15 мамыр күні Стамбұлда келіссөз өткізуге”дереу” келісуге шақырды. “Ресей президенті Владимир Путин Украинамен атысты доғару туралы келісімге қол қоюға ұмтылып отырған жоқ – оның орнына бейсенбі күні Түркияда осы қанды қасапты тоқтатуға қатысты келіссөз өткізуді ұсынды. Украина ол кездесуге дереу келіскені жөн”, – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде. Трамптың жазбасынан Украина ұсынған және Еуропа одағының жетекші елдері қолдаған басты шарт – әуелі майдан шебінде 30 күнге атысты тоқтатуды талап етіп отырмағаны аңғарылады. “Кем дегенде, қандай да бір мәмілеге келу мүмкін бе, соны айқындауға болады. Ал егер мүмкін болмаса – Еуропа елдерінің басшылары мен АҚШ жағдайды толық түсініп, тиісті әрекет жасай

  • Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ.

    Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ.

    Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ. Сөйлеушілер саны 15 млнға жететін тіл алдағы кемі 1-2 ғасырда жойылмайтыны анық. Қоғамның талабы – қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тіл функциясын атқара бастауы. Және ол бастаманың көш басында президенттің өзі мен мемлекеттік аппарат тұрғанын талап етеміз. Қазіргі ситуацияны қалкй бағалауға болады? Қазір қазақ тілі яғни мемлекеттік тіл шын мәнінде қосымша тіл, жанама тіл, аударма тілі ғана болып тұр. Оны неден байқаймыз? Ерлан мырза, қол астыңыздағы аппараттың құжат айналымына назар салып көріңіз. Тіпті күзетшілер мен тазалықшы санитарларға тарататын құжаттың өзі тек орысша жасалады. Оған толық сенімдімін. Бухгалтерияңызға назар салыңыз, барлық құжат тек орысша жүреді. Мемлекеттің кез келген бастамасына назар салыңыз,

  • “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық. Алаш” сыйлығын алған соң Алаш үшін отқа да, суға да түсуге тура келеді. “Алаш” сыйлығын таланты мен күрескерлігі қатар тұрған ақын, жазушы алады. “Алаш” сыйлығының лауреаты Алаш көсемдері – Әлихан, Ахметтер сықылды Алашты алаңдатқан кез келген мәселеге ой-пікірін ашық айтады және ақ айтады. Жусан түбіне бұқпайды. Керек болса абақтыға да қамалады. “Алаш“ сыйлығының лауреаты “мен лирик едім”, “махаббатты ғана жырлайтын едім”, “тұмса табиғатты ғана сүйетін едім”, “тендерім бар еді, қызметте едім, қоғамда, саясатта шаруам жоқ” деп, биллиард ойнап, мерейтойдан мерейтойға шапқылап жүре алмайды. Өйтетін болса, өте зор қателікпен берілген “Алаш” сыйлығын Тұманбай атындағы, Мырзатай атындағы сыйлықтарға, тағы да басқа өзіне сай аға буын атындағы

  • Қазақ жерінің қилы тағдыры

    Қазақ жерінің қилы тағдыры

    Бүгінгі таңда, 1920 жылы құрылып, 1925 жылы бірігуі аяқталған Қазақ республикасының 1925-1936 жылдардағы жер көлемі мен қазақ халқының саны туралы нақты ғылыми зерттеу жұмысы жоқ. Олай деуге, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2000 жылдардың бірінші онжылдығында шығарған «Қазақстан тарихы» атты академиялық 5 томдықта берілген деректер мен сол ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында жарық көрген ресми еңбектердегі статистикалық мәліметтердің мүлдем сәйкес келмейтіні негіз болады. Біз, аталған институт ғалымдары шығарған академиялық 5 томдықтағы мәліметтердің дұрыстығына үлкен күмән келтіреміз және онда халық санының да, жер көлемінің де кемітіліп берілгені туралы мәлімдейміз. Бүгін осы мақаламызда халық санына қатысты емес, жеріміздің көлемі мен оны жырымдау тарихына қатысты тоқталатын боламыз. 1924 жылдың соңында Орта Азия мен

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: