|  |  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

Кенесары Хан мен баласы Сыздық Сұлтан туралы дерек Осман мұрағатынан

103876087_1734056330091280_1966084923047869475_nКенесары Хан мен баласы Сыздық Сұлтан туралы дерек Осман мұрағатынан кездесуі бек мүмкін. Бұған ешқандай да шүбәңіз болмасын.
Бірінші сүгірет, Осман елінде жарық көрген “Басират” (basîret) атты газет.
Екінші және үшінші сүгірет, Осман мемлекетінде жарық көрген “Уақыт” атты газет.
Төртінші сүгірет, Осман сұлтаны Әбдүләзиздің Қашқарияға көмекке жіберген әскери қару-жарақ, оқ-дәрісінен бір парша көрініс.
Кенесары мен Сыздық Сұлтан туралы Осман деректері шыны керек әлі толық зерттелген жоқ. Хан Кенесарының ұлт-азаттық көтерілісін Қазақстан аймақтарымен шектеп бөліп қарау ең үлкен қателік саналады. Хан Кене мен Шығыс Түркістандағы қазақ, ұйғыр, дұңған көтерілістері арасындағы саяси, әскери қатынастар туралы дерек те қытай мұрағатында көмулі жатыр. Онда Шәуешек, Құлжа және Үрімжі қалаларындағы қазақтардың Хан Кенемен және кейінгі Сыздық Сұлтанмен жасасқан құпия хаттары сақтаулы. Осы тұста Осман мемлекетінің сыртқы құпия барлау қызметі Цин үкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтеріліс ұйымдастырған мұсылмандар туралы рапорт дайындады. Онда Құлжа, Шәуешек, Үрімжі және Қашқария мұсылмандары туралы хаттамалар топталған. Хаттаманың келесі бумасы Хива, Бухара және Қоқан хандықтарының Ресей саясаты мен отарына байланысты жинақталған. Хан Кенесарының аты мен іс-қимылдары сонда толықтай кездеседі.
Кейін Кенесары өз әскери іс-қимылын Шығыс Түркістан беттерінде жалғастыруды да көздеді. Өйткені, Ішкі қытайда Цин үкіметіне қарсы көтерілістер арт-артынан туылып, манжурлардың Құлжа мен Үрімжідегі қазақ, дұңған және ұйғырлар көтерілісін басып жаншуға күші дәрменсіз қалған еді. Осыдан соң манжурлардың Құлжа (Күре) арқылы тұтас орталық азияға саяси экспансия жүргізу жобасы тас-талқан болды. Құлжа мен Үрімжідегі ұлт-азаттық көтеріліс Хан Кенесары үшін жақсы орай болды. Хан Кене енді Тәңір тау мен Алтай арасындағы қазақ жерін артқы база ретінде қолдануды көздеді. Бұл алқап атасы Абылай кезінен бері хандар аузынан түспеген күншығыс жайлы аумақ-ты. Атасы Абылайға айбар шеккен Цин үкіметі қазір қауқарсыз, көтеріліс күн санап өршіп келеді. Бірақ Кенесары бұл арманына жетпеді, мақсаты Алатаудан аса алмады…103941394_1734056440091269_5753670265631780279_n
Хан Кенесары өлген кезде Сыздық Сұлтан тоқым қағар жаста болды. Орындалмаған саяси арманды Сыздық сұлтан атқарды. Ол ішкі қытайдағы манжур билігіне қарсы “Тайпиьн тиянь го” бұлғағын сәтті пайдалана отырып, Үрімжі мен Құлжа және Шәуешек қалаларындағы қазақ көтерілісіне болысты және қысқа уақыт ішінде саяси тұлға ретінде танылды.
Дәл осы тұстағы әскери оқиғалар Ыстанбұлда жарық көрген “Басират” пен “Уақыт” газеттерінде көп жазылды. (сүгіреттер газеттің кейінгі нұсқалары). Ол газеттер Қашқария мен Жоңғария туралы апталық ақпараттық сараптама жасап тұрды. Газет тіпті ол жақтан келген елшілердің Сұлтан Әбдүләзизбен сарайдағы жолығуын да апталық ең маңызды жаңалық ретінде беріп отырды. Сұлтан Әбдүләзиз әскери қару-жарақ пен оқ-дәрі және сонымен бірге әскери соғыс маманы мен әскери технолог кадрларын жерорта, қызыл теңізден кесіп өтіп парсы шығанағы арқылы үнді мұхитына одан бомбайға дейін жеткізген. Бомбайдан Қашқарияға дейін Ыстанбұлдағы Ағылшын дипломаттарына қолқа салып жүріп Қарақұрым тауынан аткөлік аман асырған. “Басират” пен “Уақыт” газетінің 1971-1972 жылғы көне нұсқаларында осы туралы айтылады (кеме бастапта свейіш каналы маңында қайраңдап көп тұрып қалған, кейін түрік сұлтаны кемені өңдеп қайта жіберген).103950450_1734056346757945_2386296348615586874_n
Сыздық Сұлтан Құлжа, Шәуешек және Үрімжі қалаларында белсенді әскери қимыл жүргізген кезінде Алтайдағы Көгедай ордасы Абақ Керей билігі мен Қашқариядағы Яқұп Бек Хан арасында бізге әлі беймәлім дипломатиялық қатынастар жүріп жатты.
Ұзын сөздің қысқасы, бұл кезеңге байланысты ғылми айналымға түспей қалған тың деректер Осман мұрағатында шаң басып жатыр. Сол деректерді онтологиялық талдаудан өткізіп, адал жолмен ашса білсек (бұрмалаусыз) Хан Кенесары мен Сыздық Сұлтан туралы бізге беймәлім тың деректер көптеп кездесері анық.103872142_1734056396757940_9179485767926288752_n
Сұлтан Әбдүләзизден соң билікке келген Сұлтан Екінші Әбдүлқамиттың Ыстанбұлда құпия құрылтай өткізіп Шығыс Түркістаннан қазақ өкілдерін үлкен құрмет және ұлы сеніммен шақыруы тегін емес. Тарих сахнасында олар “қажыға барған қазақтар” деген атпен ғана сақталды, ал шын мәнінде қажылық сапарды сылтау қыла отырып, сұлттанның арнайы құпия құрылтайына бара жатқанын қайдан білсін…
Елдес Орда
12.06.2020

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: