|  |  | 

Саясат Шоу-бизнис

Қазақстан Республикасының президенті Қ. К. Тоқаев мырзаға

Қазақстан Республикасының президенті Қ. К. Тоқаев мырзаға

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Өзіңізге мәлім, елдің кино қауымдастығында жікке бөлінушілік болып жатыр. Бір жылдан бері
дау-дамай мен текетірестер басылмай келеді.
Кәсіби киногерлер дау-дамайдан арылмай отыр. Нағыз шығармашылыққа орын қалмады. Біз
мұның бәрі осы сала министрлігінің ойланбай жасаған әрекеттерінің салдары деп санаймыз.
2019 жылдың наурызында, "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КАҚ құрылып, оған
республикалық кино өндірісінің барлық негізгі мәселелерін шешу құзыры берілді.
Ақырында "Қазақфильм" Ұлттық киностудиясына қажетті назар аударылмай қалды, ал Сыбайлас
жемқорлықпен күрес Агенттігі Ұлттық киноны қолдау орталығының жетекшілеріне қарсы
қылмыстық іс қозғады. Оның қалай аяқталатыны әзірге белгісіз, тергеу жалғасып жатыр. Десе де
осының өзі нағыз сорақылық болып отыр.
"Қазақфильм" Ұлттық киностудиясына келер болсақ, өткен жылдың тамыз айында оған президент
болып А.Т. Әсенов тағайындалған болатын. Жарты жыл да болмай, ҚР. Мәдениет және спорт
министрінің А. Әсеновті қызметінен босату туралы бұйрығы шықты.
Министрліктен тыс кәсіби қоғамның араласуымен министрдің ол шешімі жоққа шығарылған.
Алайда, А. Әсеновті қызметінен босату туралы бұйрық қайтадан шығып, бұл жолы оған алдап қол
қойдырды.
9 маусым күні А.Т. Әсенов мырза және киностудияның басқарушы директоры Қ.Ә. Төребаймен
бірге Нұр-Сұлтанға шақырылып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі оларға басқа жұмысқа
ауысатынын хабарлады.
Демек А. Әсенов Ұлттық киноны қолдау орталығының төрағасы, ал Қ. Төребай "Қазақфильм"
киностудиясының президенті болып тағайындалатынын мәлімдеген. Ешбір күмәндері болмаған А.
Әсенов пен Қ. Төребай арыз жазып, Алматыға ұшып кеткен.
Бір ай үнсіздіктен кейін, "Қазақфильм" президенті болып режиссер Ақан Сатаевты тағайындап
отыр.
Біз А. Сатаев мырзаға еш қарсылығымыз жоқ. Алайда Мәдениет және спорт министрлігі
қызметкерлері тарапынан қызметтік этика өрескел бұзылып отыр.
А. Әсенов "Қазақфильмнің" президенті қызметінде бар болғаны 9 ай ғана отырды. Осындай қысқа
мерзім ішінде, оның үстіне, министрлік тарапынан еш қолдау болмай отырғанда, қандайда бір
нәтижеге қол жеткізу мүмкін бе?
А. Әсенов та, Қ. Төребай мырза да ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, олар кино саласына бар
өмірлерін сарп еткен, кәсіби ортада өте беделді азаматтар, оларға осындай қарым-қатынас таныту
дұрыс па?
Мәдениет министрлігі жауапты қызметкерлерінің мұндай әрекеттері жүйелі түрде орын алып
отырғанына назар аудартып, киногерлерді екі топқа бөлу әрекеттерінің салдарынан бұл салада
дау-дамайлар өршіп тұрғанын айтқымыз келеді.
Жақында Қазақстан Киногерлер одағының төрағасы Ермек Тұрсынов, осы кино саласындағы
проблемаларға жеке-жеке тоқталған болатын. Бұл мәселеге ол өз атынан ғана емес,
шығармашылық одақтың атынан назар аудартуға тырысқан. Десе де билік құрылымдары
тарапынан ешқандай реакция болмады.
Президент мырза! Бұл мәселелер тек отандық кино саласына ғана емес, бүкіл Қазақстан
мәдениетіне қатысты болғандықтан, өзіңіздің тікелей араласуыңызды сұраймыз.

Құрметпен,
ҚСРО Халық артисі, ҚСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек ері
Асанәлі Әшімов
Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,
Нұржұман Ықтымбаев

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек сіңірген қайраткері,
Сатыбалды Нарымбетов
"Қазақфильм" АҚ директорлары кеңесінің мүшесі
Есетжан Қосубаев
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері
Болат Қалымбетов
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Жастар одағы сыйлығының иегері
Рүстем Әбдірашев
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері
Анар Қашағанова
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері
Тасболат Мерекенов
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері
Нұрлан Санжар
Кинорежиссер Абай Қарпықов20200712_122752 20200712_122811

Related Articles

  • АҚШ Ауғанстаннан 2000 сарбазын әкетпек. Салдары не болмақ?

    Азаттық радиосы Ауғанстанның үкімет күштерін жаттықтыратын орталықта жүрген АҚШ сарбаздары. Герат, Ауғанстан, 2 ақпан 2019 жыл. Көрнекі сурет. Вашингтонның Ауғанстаннан екі мың сарбазын алып кету туралы шешімі қарама-қайшы пікір тудырды. Бірі әскер санының бұлай азаюы экстремистік топтарды жігерлендіреді десе, бірі шиеленісті шешуге оң әсер береді дейді. АҚШ әскерінің әкетілуі туралы жаңалық 16 қарашада тарады. Сол күні баспасөз құралдары АҚШ президенті Дональд Трамптың санаулы күн ішінде Ауғанстан мен Ирактағы АҚШ әскерінің санын одан әрі азайту туралы шешімін жариялайтынын хабарлады. Келесі күні АҚШ қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Кристофер Миллер жаңалықты растап, америкалық сарбаздарды еліне қайтару келесі жылы 15 қаңтарда, Трамптың Ақ үйден кетуіне бес күн қалғанда аяқталатынын айтты. 18 қараша күні “Талибан”

  • Елімізде сүт тағамдарын өзгеше түрде өңдейтін ірі зауыт іске қосылды

      Зауыт жылына 110 мың тонна сүт өңдейді Солтүстік Қазақстан облысында «Eurasian Milk» ірі сүт зауыты іске қосылды. Eurasian Milk зауыты тарихы 1928 жылы басталған Петропавл қаласының сүт кәсіпорнының базасында ашылады. Бір ғасырға жуық уақыттан кейін аймақтағы тамақ өнеркәсібінің тарихы терең кәсіпорындарының бірі мүлдем жаңа технологиялық деңгейде қайта жанданды. Жаңа зауытта шығарылған сүт өнімдерінің алғашқы партиясы сауда желілеріне 2020 жылдың желтоқсанында түседі. Ауқымды жобаны іске қосу ел экономикасын тұрақтандыруға үлес қосады. Eurasian Foods Corporation (EFC) холдингі ірі салық төлеушілердің қатарына кіреді, өткен жылы мемлекеттік бюджетке 9 млрд.теңгеден астам салық төледі. Зауытты жаңғыртуға $12 млн. жұмсалды. Зауытта бірнеше желі орнатылған: Германия өндірісі бойынша сүтті қабылдау және өңдеу, сары май өндіру бойынша

  • Байденнің президенттігі Қазақстан, ОА және Шыңжаңға қалай әсер етпек?

    Мәншүк АСАУТАЙ USA-ELECTION/BIDEN АҚШ-тың 46-президенті болып сайланған демократ Джо Байден сайлау алдында әлемде “демократияны күшейтетінін, авторитаризммен күресетінін” айтқан. Халықаралық есептерде әлсіз демократия мен авторитаризм үшін жиі сыналатын Орталық Азия елдеріне Байденнің ұстанатын саясаты қандай болмақ? Байден әкімшілігі Қытайдың Шыңжаңдағы мұсылмандарға қысым мәселесін көтеруді жалғастыра ма? Қазір Орталық Азиядағы бес ел – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және АҚШ арасында 2015 жылдан бері “С5+1″ форматы жұмыс істеп келеді. Содан бері Орталық Азиядағы бес елдің сыртқы істер министрлері мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы жиі кездесіп, ОА мен Вашингтонның қарым-қатынасын талқылайды. “С5+1″ форматы демократ Барак Обама президент болып тұрғанда құрылған. Бұл формат Трамп президент кезінде де сақталды және биыл ақпанда АҚШ мемлекеттік департаменті Вашингтонның

  • АҚШ үкіметі “террорлық ұйым”арқылы Орталық Азияға қандайда бір стратегиялық жаңа жоспар құра ма?

    2001- жылғы 11- қыркүйек оқиғасынан кейін ресми түрде террорлық ұйым деп танылып келген Шығыс Түркістан Ислам Партиясы (东突厥斯坦伊斯兰党/东伊运) қозғалысын 20- қазан күні АҚШ сыртқы істер министрі Майк Помпео “террорлық ұйым” тізімінен босатып шығарды. Бұл туралы нақты ақпарат 5- қараша күні ғана жария болды. Аталмыш ислам харекет ұйымы 80- жылдың аяғында құрылған. ШУАР, Ауған, Пакістан және басқа да бірқатар елдерде белсенді қимыл жасап келген ұйымды “11- қыркүйек” оқиғасынан кейін АҚШ үкіметі қара тізімге алып, іс-әрекетін заңсыз деп таныған еді. 2017- жылы Түркия сыртқы істер министрі Меулүт Чауышоғлы қытай сапары кезінде Түркия жақтың да аталмыш партияны “террорлық ұйым” деп танитынын жариялаған-ды. АҚШ үкіметінің аталмыш ұйымды араға 19 жыл салып қара тізімнен босатып

  • HALYK BANK көп балалы анаға пәтер сыйлады

    Ұстаз Halyk Bank-тің “Ай сайын пәтерлер ұтыс ойыны” ауқымды науқанына қатысқан Алматы облысында мектеп мұғалімі күтпеген жерден пәтерге ие болды. Қарасай ауданы, Ұлан ауылының мұғалімі Галияш Барлыбаеваға пәтер Алматы қаласындағы “Хан-Тәңірі” элиталық тұрғын үй кешенінен берілді. Банк басшылары жыл соңына дейін осы тұрғын үй кешенінде тағы 2 пәтерді сыйламақ. “Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған ауқымды акция, яғни Алматы қаласының экологиялық таза элиталық ауданында үш жайлы пәтер ұтысқа тігілді. Атаулы ұтысқа қатысу шарттары өте қарапайым: 2020 жылғы 20 желтоқсанға дейін Halyk Bank-те 50% жеңілдікпен тиімді кредит немесе артық төлемсіз 24 айға дейін бөліп төлеуге зат ресімдеп, ай сайын Homebank қосымшасындағы қызметтерді қолдану жеткілікті”,- деп хабарлады банктің баспасөз қызметі. Күтпеген жерден қымбат пәтерге

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: