|  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Әдеби әлем

Алаш арысы – Міржақып Дулатов 135 жаста

Alash1-1000x700

     Жиырма жасында ұлтын оятып, ұран салған Міржақып Дулатовтың туылғанына биыл 135 жыл толып отыр. Елім деп, жерім деп халқы үшін жанын аямаған  атамыздың бұл жасын атап өту біз үшін үлкен мәртебе.

Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Міржақып Дулатовтың ұлты үшін жасаған қызметтері, еңбектері қазіргі таңда әр қазаққа аян және мақтаныш. Небәрі жиырма төрт жасында «Oян, қазақ!», – деп ұлтына ұран салған Міржақып Дулатов Алаш қозғалысының басында тұрған еді.  Бұл жолда ол кісі көп еңбек етті.  Myrjaqyp

Патша өкіметінің отаршылдық езгісі күшейіп тұрғанда, аумалы-төкпелі заманда өмір сүрген  М.Дулатов жастығына қарамастан, ұлтына аянбастан қызмет еткен ұлы тұлға! Жастайынан ата-анасынан айырылсада сағы сынбай алға ұмтылды. Халқының мұңын мұңдап,  жоғын жоқтауға серт беріп, халық ісіне бар болмысымен, ынта-жігерімен араласады. Осы жолда қайраткер 1904 жылы Омбы қаласына келді. Осында қаны бөлек болсада халқына деген қызметі бір, ағасындай  болған Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсыновпен танысты. Сол кезден бастап бірі-ұстаз, бірі-шәкіріт болып ажырамады.

1905 жылы А.Байтұрсыновпен бірге ол Қарқаралыдағы бұқаралық жұмыстарға қатысады. Сол жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған «Қарқаралы петициясын» жазғандардың бірі болды. 1907 жылы М.Дулатов Конститутциялық демократтар партиясы делегаттары қатарында Санкт-Петербургке Бүкілресейлік съезге барды. Сол жылы Санкт-Петербургте жалғыз ғана нөмірі шыққан «Серке» газетінде «Жастарға өлеңі» басылып шықты.

Патша өкіметінің отаршыл саясатынан, барлық ауыртпалық пен қиындықтарынан еркіндікке шығу үшін ең алдымен қараңғылықтан шығып, надандықтан арылу керектігін М.Дулатов жақсы білді. 1909 жылы  тұңғыш өлеңдер жинағы Қазан қаласындағы «Шарқ» баспасынан «Оян, қазақ» деген атпен басылып шықты. Халқының жағдайын ойлаған ақын, ел жұртына осы өлең арқылы былай деп ұран тастады:

«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты».

Үкімет тарапынан қарсылық алып, тәркіленседе қазақ халқы оны жатқа айта бастады. Өлеңнің мазмұны кең тарап, көп адамға қызығушылық тудырды. Осылайша, Міржақып Дулатовтың «Оян, қазағы» ұлттың рухын оятты. Ежелден ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан жерден, тілден, діннен, мәдениеттен айырылып қалмауға шақырды. Қазақ ұлтшылдары патша үкіметіне қарсы шыққанда «Оян, қазақты» өздеріне ұран ретінде қолданды.

Тарихшы академик Кеңес Нұрпейіс өзінің «Алаш һәм Алашорда» кітабында бұл еңбек туралы: «М.Дулатовтың «Оян қазақ» еңбегі қатты сынға алынды, ең алдымен өз уақыты үшін аса үлкен маңызға ие болды»  – деп, қазақ интелегенциясының шығармашылығы мен саяси іс-әрекеттеріне өте қатал әрі әділетсіз баға берілгенін айтады. Белгілі тарихшы ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің айтуынша, «Оян, Қазақ» кітабы XX ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы түрлі топтардың бәрінің көңілінен шықты.

Ақын өлеңдерінің басты тақырыбы – ел тағдыры болды. Ол елінің тәуелсіздік жолында жазықсыздан құрбан болды. 1929 жылы еш жазықсыз қазақ зиялыларымен бірге «ұлтшыл» деген айып тағылып   қамалды. Сол жылы тергеуде ұлтшыл деп кінә тағылғанда:  «Біз тек өз мемлекетіміздің өзімізге тиісті болса деп тілейміз», – деп түсініктеме берді. Біраз жыл түрмеге жабылды. 1935 жылдың 5-ші қазанында Соснавск станциясындағы лагерь лазаретінде ауыр науқастан көз жұмды. М.Дулатовтың атын ақтап шығаруға қызы Гүлнәр септігін тигізді. Қызының бастамасымен 1988 жылы М.Дулатов ақталды. Бұл уақытта Алаш арыстары А.Байтұрсынов пен Ә.Бөкейхановта ақталған болатын. Мұндай арыстардың құрметіне 2005 жылы қазақтың қара шаңырақтарының бірі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университетінде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовқа  арнап бедерлі мүсіннен жасалған (барельеф) ескерткіш ашылды.

Қорыта айтқанда, «Ер есімі – ел есінде» – демекші  Алаш ардақтысы болған М.Дулатов халқының жадында мәңгі сақталады. Алаш қайраткерлері аңсап, мұрат еткен тәуелсіз мемлекетте бұл қайраткерлердің ерен еңбегін ұрпақтары ешқашан ұмытпайды.  Міржақып Дулатов қазақ елі тарихында өшпес бір із қалдырды.

Сөз соңында Әлихан Бөкейхановтың  А.Байтұрсынов  пен М.Дулатовқа айтқан бір сөзін еске алсақ дейміз: «Шырағым Ахмет, Міржақып, сендердің таңдаған жолдарың абақты жол, азапты жол. Бірақ бір нәрсені түсініңдер. Баяғыда доңыз бен аққу дос болыпты. Сонда бір күні доңыз аққудкан: «Ей, аққу, сен күн бар дейсің, сол күнді мен не үшін көрмеймін, –депті. Сонда аққу былай тіл қатқан екен. «Ей, доңыз, сені Алла төмен қаратып жаратқан, сондықтан сен аспандағы күнді көре алмайсың, – депті. Осы ойды айта келіп, Әлихан Бөкейханов  мынадай тұжырым жасайды: – Шырағым Ахмет, Міржақып, сендерден кейін күнді көре білетін ұрпақ келеді. Сол күнді көретін ұрпақ сендерді үлкен құрметпен еске алатын болады. Өкінбеңдер! Күрес жолына түскендеріңе ешқашан өкінбеңдер, – дейді. Соны үлкен құрметпен  еске алатын ұрпақ біз болайық ағайын!

 

Болат САЙЛАН, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, т.ғ.д.

Шұғыла ПАЛАН, 1 курс студенті.

Related Articles

  • ҚОРҚЫТТЫҢ БОЛЫП ҚОБЫЗЫ (ұлы жазушы,ғұлама ғалым мұхтар мағауин ағамыздың 80жасқа толуына арнаймын)

    Қазақтың үлкен абызы, Ұлылардың нақ ізі. 80ге келді Мұха ағам , Ұлтымның нағыз оғызы. Жырлаған бес ғасырды, Қорқыттың болып қобызы. Ғалыммын деген талайдың, Сайда-сан,құмда жоқ ізі. Теңесе алмас бір сізге, Сондайдың тоқсан тоғызы. 80 ге келдің сенде аға, Бәрімізде пенде аға. Екі айналып бұл жасқа , Келмейсіз ғой енді аға. Туып өскен тұғырың, Қазақстандағы кең дала. Сізге қоныс бола алмай , Құрлық астың ен дала. Кетесізбе осылай , Бүтінделмей жең,жаға. Әттең бір кем дүние , Айтқандай шешен Шер аға. Сізге қастық қылғандар, Аяққа тұсау салғандар. Қызғаныштан көре алмай , Іштері от боп жанғандар. Жолыңа қақпан құрғандар, Қадырыың өтіп бір күні, Армандар ,сызды армандар. Жазғаның кәусар бұлақтай, Оқыған адам алған нәр.

  • Аралдың азуы мен тозуы

    Кеңестік дәуірдегі ирригациялық жүйе мен жерді ешбір агротехникалық шараларды сақтамай, есепсіз игеру тәсілдері Арал теңізін жоюға жеткізді. КСРО Су шаруашылығы министрлігінің тікелей кінәсынан Арал аймағы әлі мекенге айналды. Сырдария және Әмудария өзендерінің суларын мақта егісіне көптеп бөлуден Арал теңізі тартылып, оның суы азайды. Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан, шөл зонасының су айдыны – Арал теңізінің жағдайы бүгінде көңіл толарлықтай емес. Кезінде  дүниежүзі бойынша 4-орында болған теңіздің бүгінде жоқ болып кету қаупі бар. Бұған басты себеп – адам әрекеті салдарынан теңіздің тек құр ізі ғана қала ма деген сұрақ барлығымызды алаңдатады.  1950 жылдары теңізде балықтың 24 түрі өсіріліп, балық аулау жылына 500 мың тоннаға жетсе, ал 1980 жылдары соңына қарай балықтың

  • ТОРАҢҒЫЛЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

      ТОРАҢҒЫЛЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ? Сыр бойы – тұнған шежіре, таусылмас тарих. Өткен өмірді бүгінмен бүгіп қалуға болмайды. Бабалардың соқтықпалы-соқпақты ұлы жолы ғасырлар қойнауынан ұласып келе жатқаны ақиқат. Ал, қазіргі өмір ертеңге жалғасатындықтан, өткенді таразыға тарту – басты міндет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жариялау арқылы рухани мұраларымызды түгендеп, ұрпаққа ұлтжандылықтың ұрығын себудің үлгісін көрсетті. Жер атауларының тарихын зерттеу өз өлкеміздің өткен тарихына үңіле отырып, ұрпақ санасында сабақтастық салтын қалыптастыруды көздейді. Қайсыбір елдің, жердің немесе елді мекеннің аталу тарихы болатыны сөзсіз. Сондай-ақ «Тораңғылы – Бала әулие» аталуының өзіндік шығу төркіні бар. Әйтсе де  тарихшылар, шежірешілер де «Тораңғылы – Бала әулие» дәл осылай болған деп әлі күнге дейін тап

  • Қырғыз (қазақ) автономиясына -100 жыл.

    (тарихи -деректі әңгіме)   Жұмат ӘНЕСҰЛЫ     АРМАН БОЛҒАН АВТОНОМИЯ   Қазақ елінің автономиялы республика болуын Алаш қайраткерлері аңсаған, армандаған. Олар 1917-жылдан қазақ автономиясының келешегі үшін күресті. Әлихан Бөкейханов ол кезде кадет партиясының мүшесі еді, содан Ресейдің Уақытша үкіметінің басшысы болған Керенскийден, одан кейін Колчактың көмегімен Қазақ автономиясын құрудан үмітті болған. Керенскийдің бұл мәселеге көңіл бөлуге уақыты болмады, ал, Колчак болса, “Қазақтар ешқашан автономия алмайды” деп үзілді кесілді бас тартқан.  Сонымен 1918-жылы Колчактың, Дутовтың, Деникиннің әскерлері большевиктерден жеңіле бастады. 1918-жылы большевиктер ақтармен айқасып жатқанда Царицин майданы, Каспий, Маңғыстау арқылы ондаған түйелі арбамен Ә.Жангелдин Торғайға, Амангелдінің сарбаздарына көп қару жарақ жеткізді. Көп қаржыда әкелген. Содан1918- жылы қазан айында Торғайда Совет өкіметі

  • АПОРТТЫҢ ЖҰПАР ИІСІ(Әңгіме, болған оқиғаның ізімен)

    Жұмат ӘНЕСҰЛЫ Алматы қаласы күні қарсаңына орай Осыдан елу жылдай бұрын болған оқиға. 65-жылдары Қостанай облысынан Бәкіш деген бала Алматыға оқуға түсуге аттанады. Поезға мініп, Алматы вокзалынан түседі. Бала таксиге отырып, баратын әдресін айтады. Таксиші баламен анау Ақсайға дейін барып, қазіргі Әл Фараби көшесімен зуылдатып келе жатады. Ол кезде Фараби көшесінің арғы беті Ақсайдан осы күнгі Достық көшесіне дейін «Горный гигант» совхозының алма бағы. Баланың көзі жол боййында самсаған қызыл алмаларды көріп, аузынан сілекейі ағады. Бала Бәкіш таксистке : – Аға анау алма ағаштарынан бір екі алма алсам бола ма ? Тасиші машинесін тоқтатып,: –Болады- дейді. Бала секіріп барып, ағаштан бір екі алманы жұлып алып таксиге отырады. Үлкен екі қызыл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: