|  |  |  |  | 

Руханият Тарих Тұлғалар Қазақ шежіресі

ТОРАҢҒЫЛЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

 

ТОРАҢҒЫЛЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Сыр бойы – тұнған шежіре, таусылмас тарих. Өткен өмірді бүгінмен бүгіп қалуға болмайды. Бабалардың соқтықпалы-соқпақты ұлы жолы ғасырлар қойнауынан ұласып келе жатқаны ақиқат. Ал, қазіргі өмір ертеңге жалғасатындықтан, өткенді таразыға тарту – басты міндет.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жариялау арқылы рухани мұраларымызды түгендеп, ұрпаққа ұлтжандылықтың ұрығын себудің үлгісін көрсетті. Жер атауларының тарихын зерттеу өз өлкеміздің өткен тарихына үңіле отырып, ұрпақ санасында сабақтастық салтын қалыптастыруды көздейді.

Қайсыбір елдің, жердің немесе елді мекеннің аталу тарихы болатыны сөзсіз. Сондай-ақ «Тораңғылы – Бала әулие» аталуының өзіндік шығу төркіні бар. Әйтсе де  тарихшылар, шежірешілер де «Тораңғылы – Бала әулие» дәл осылай болған деп әлі күнге дейін тап басып айта алмайды.                                     Себебі: «Тораңғылы – Бала әулие» атауы ерте заманнан бері аталып келе жатыр. Сондықтан нақты тарихи деректер, айғақ болар архивтік құжаттар жоқ. Дегенмен ел аузында жүрген бірнеше жорамалдарды тілге тиек етуге болады.

Тораңғы – тал атауы. Терек туысына жататын ағаш. Шөлді жерлерде, ескі өзен арнасында, өзен аңғарында, құмды сортаң тақырларда өседі. Тораңғы – Қазақстанның шөлді аймағында өсетін нағыз жалғыз, өте сирек кездесетін тал. Таралу аймағы жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданының жері де тарихи орындарға өте бай. Оған дәлел ретінде Қазалы ауданының Бекарыстан би ауылына жақын жерде орналасқан Тораңғылы әулие тал жерін айта аламыз.Тораңғылы әулие тал Бекарыстан би ауылынан 6-7 шақырым жерде орналасқан. Тораңғылының алып жатқан аумағы екі жарым гектардай болады. Тораңғылы жері күншығыс жақ жерінде Нұрбай шүңгілімен, күнбатыс жақ бетінде Қотанкөлмен шектеледі. Ал, оңтүстік аймағы кең көлемді оңтүстік аймақпен шектесіп жатыр. Тораңғы – кез келген жерге шыға бермейтін, киелі жерлерге ғана шығатын ағаш.

Кие – бұл әр қазақтың өміріндегі салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен қатар байланысқан, бүгінгі тұрмыстық өмірімізде қатар келе жатқан ұғым. Кие деген табиғатта ағаш, тас, тау, төбе, су, жан-жануарда болатын нәрсе. Киелі орын – ол нақты географиялық объект. Ол көшпелілер үшін жайылымды жер, тау, төбе, өзен, т.б. нәрсе болуы мүмкін болғандықтан белгілі бір тайпаның, ұлыстың немесе бір рулы елдің аруақтары мәңгілік жай тапқан орын болуы мүмкін. Сондай киелі жердің бірі Тораңғылы. Көне көз қариялардан қалған әңгіме бойынша: «Бұл жердің киелілігі, ертеректе жау шапқыншылығы кезінде тыныш отырған ауылға шапқыншылық жасап, ауылдағы үлкен қария, ақсақалдарды, ақ жаулықты аналар мен әжелерді, бойжеткен қыздарды аяусыз өлтіріп, бесікте жатқан періште сәбилерді бесігімен суға лақтырады. Суға аққан 40 бесік Қотанкөлдің сағасына келіп тіреледі. Сол аққан 40 бесіктің ағашынан осы жерге Тораңғы ағашы өседі, – деген сөз қалған.

Қазақ елінің табиғаты туралы талай еңбек жазған ғалым Рысбай Сәтімбеков: «Қазақ халқы тораңғы ағашын ежелден-ақ «шөл даланың падишасы» деп ерекше қастерлеген, оны отын ретінде отқа жағуға рұқсат етпейді, тіпті оны кесуге және тораңғы тоғайына мал жаюға болмайды деп есептейді. Өйткені тораңғы ағашының сұр-қоңырқай қабығына пышақ тисе, сыртына қызғылт түсті сөл бөлінеді. Сондықтан да, тораңғының қанға ұқсас сөлін оның қанды көз жасы деп, оны кескен адамды тораңғының киесі ұрады деген сөздермен тыйым салған. Шөл даланың көркі болып саналатын тораңғыны бабаларымыз көзінің қарашығындай қорғауды үнемі ұрпақтарына өсиет етіп қалдыруының танымдық та, тәрбиелік мәні зор» – деп, бағасын берген.

Байбақты Қарабалаев «Сағыныш – сағым жылдар» атты өзінің кітабында: «Талай балалықпен бұталарын сындырғанда біртүрлі қызғылт түсті қан тәріздес су шығатын еді. Содан кейін тиіспейтін едік. Бірақ ағашы үлкен аумақты алып жатады. Көлеңкесі қандай салқын. Самал жел есіп тұрады. Шаршап келіп отырғаныңда бірден серігіп жүре бересің. Табиғаттың адамзатқа берген неткен рахат сыйы»  – деп еске алып, оның қасиеті туралы тоқталып өтеді.

Адамның, елдің, жердің аттары мен атаулары жай әншейін қойыла бермейді. Олардың әрқайсысының белгілі бір себебі, мағынасы бар. Адамдар өздері өмір сүрген жерлердің ерекшеліктерін жақсы білді. Соған байланысты оларға әр түрлі ат қойды. Олардың әрқайсысының өзіндік мәні мен сырлары бар. Ол жерлерді зерттей отырып, қандай ерекшеліктері бар екенін біле аламыз. Осындай ерекше қасиетті жердің бірі – Тораңғылы екенін айтқымыз келеді.

 

Болат САЙЛАН, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, т.ғ.д.

Ұлдана ТҰРҒАНБАЙ, 1 курс студенті

 

Related Articles

  • АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҮРІМШІДЕН ҚАЙТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНДА

    Болған оқиға ізімен Болған оқиғаның ізімеН…   Алаш жұртының бір емес, бірнеше съезі өтіп, Әлиханның Колчактан беті қайтып, “Енді қайтып тәуелсіз ел боламыз” деп жүрген кез еді. Семй Алаш қайраткерлерінің ордасы еді. Семейде жүрген Ахмет Байтұрсынов бастаған бір топ алашордашылар Қытай шекарасындағы Үрімші қаласына барып, ондағы қазақ жұртының хал жағдайын біліп қайтуға жолға шыққөан. Ол кезде Үрімшінің көбі қазақ еді Үйлері негізінен саздан құйылған. Орта Азияның көп қалаларын еске салғандай. Біраз үлкен кісілер мен жастар Ахаңның төте әліпбиімен кітап газет оқиды. екен. Ахаңды бұрын көрген адамдар да кездесті. Дегенмен, Ахаң Үрімші қазақтарының тәелсіз автономия құру туралы ойлары да жоқтығын байқаған. Соныменг, Үрімші қазағының және Қытайға жақын басқа ұлттардың басты тұрмысы

  • Ninety One тобы ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшілері атанды

    Азаттық радиосы Ninety One тобының мүшелері мен ЮНИСЕФ өкілдері баспасөз мәслихатында. Алматы, 16 мамыр, 2023 жыл. Q-pop жанрында ән салатын Ninety One тобы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы ізгі ниет елшілері атанды. Бүгін, 16 мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен топ мүшелеріне осындай сертификат тапсырды. Топ мүшелері қормен бірге балалар құқығын қорғауға күш салмақ. – Ninety One тобы ұсынысымызды қабыл алғаны – біз үшін үлкен мәртебе. Қазақстандағы балалардың ең өзекті мәселелеріне назар аудартуда топтың таланты мен танымалдығы өте маңызды рөл атқарады. Қазір бірлескен маңызды іс-шара бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жақында Ninety One тобын UNICEF Talks-та (жастар конференциясы – ред.) көретін боласыздар, – деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі

  • КЕНЕСАРЫ ХАНҒА ТАҒЗЫМ

    Жүз елу жыл! Биыл Кенесары ханның шәйіт болғанына бір жүз елу жыл толды. Кенесары ғана емес. Наурызбай бахадұр сұлтан, Ержан сұлтан, Құдайменде сұлтан. Қыпшақ Иман батыр, Тама Құрман батыр, Дулат Бұғыбай батыр, Дулат Жауғаш батыр, Дулат Медеу би, қылыштың жүзі, найзаның сүңгісі болған тағы қаншама азамат. Қазақ Ордасының ең соңғы жарақты жасағында қалған үш мыңнан астам аламан. Бәрі де шәйіт болды.Кенесары ханның, оның ең соңғы жауынгер серіктерінің қасиетті қаны шашылған ақырғы сағатта төрт ғасыр бойы төре таңбалы қызыл туы желбіреген ұлы мемлекет Қазақ Ордасы шайқалып барып құлады. Алаш баласы сонау Үйсін, Ғұн, Түрік заманынан тартылған, Алтын Ордаға жалғасқан, Қазақ Ордасына ұласқан, Орталық Азия төсінде жиырма ғасырдан астам, ғаламат ұзақ уақыт

  • Тарихшы: Батыс Сібір – байырғы қазақ жері. Көшім хан – ұлттық батырымыз! 

    Абылай МАУДАНОВ Қостанайлық ғалым Сібір жерін орыс патшалығынан бұрын қазақ рулары игергенін кітап қылып бастырмақ, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлының есімі ғылыми ортада кеңінен танымал. Ол үнемі “Тәуелсіз ел өз тарихын өзіндік көзқарасы тұрғынан қарап, талдап, баға беру керек” деген ұстанымды айтып келеді. Қостанайлық тарихшы бірнеше жыл бұрын үлкен бір жобаны қолға алды. Бүгінде ол ұлы Еркін Әбілмен бірге “Алтын Орданың Батыс Сібір ұлысы: этно-саяси тарихы” атты еңбек жазып жатыр. Бұл кітап алдағы жылы (орыс тілінде) жарық көрмек. Мұнда қазіргі Қазақстанның шекарасынан тыс қалған байырғы қазақ жері мен руларының көптеген тарихы қамтылады.Express Qazaqstan тілшісі ғалымды осы тақырыпта сөзге тартып, әңгімелескен еді. Батыс Сібір — біздің байырғы

  • НКВД атқан ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ

    Сталиндік репрессия жылдарында Алаш қайраткерлерімен бірге атылған қазақтың қайсар қызы Шахзада Шонанова атылған қазақтың үш қызының бірі. НКВД жендеттерін Шахзаданың шыққан тегі шошытты, сондықтан айуандықпен әбден азаптап болғасын атып тастады. Сонымен Шахзада Шонанова кім ? Шахзада Аронқызы Шонанова-Қаратаева 1903 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым (Жымпиты) ауданында дүниеге келді. Әкесі Арон Қаратаев, алаш қайраткері, Ресей Думасына депутат болып сайланған Бақытжан Қаратаевтың інісі. Шахзаданың өзі Шыңғысханныі тікелей ұрпағы еді. Шахзаданың тегі былай: Шыңғысхан-Жошыхан-Тоқай Темір-Өз Темір-Өз Темір хожа Бадақұл ұғылан-Орысхан-Құйыршық хан-Барақ хан-Жәнібек хан-Өсік сұлтан-Қаратай сұлтан-Бисәлі-Дәулетжан-Арон-Шахзада. Шахзаданың анасының да тегі мықты, Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің немересі Хұсни-Жамал Нұралыханова. Қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді мұғалима 1894 жылы Бөкей ордасында қазақ қыздарына арналған алғашқы мектеп ашты,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: