|  |  | 

Көз қарас Тарих

Аралдың азуы мен тозуы

download

Кеңестік дәуірдегі ирригациялық жүйе мен жерді ешбір агротехникалық шараларды сақтамай, есепсіз игеру тәсілдері Арал теңізін жоюға жеткізді. КСРО Су шаруашылығы министрлігінің тікелей кінәсынан Арал аймағы әлі мекенге айналды. Сырдария және Әмудария өзендерінің суларын мақта егісіне көптеп бөлуден Арал теңізі тартылып, оның суы азайды. Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан, шөл зонасының су айдыны – Арал теңізінің жағдайы бүгінде көңіл толарлықтай емес. Кезінде  дүниежүзі бойынша 4-орында болған теңіздің бүгінде жоқ болып кету қаупі бар. Бұған басты себеп – адам әрекеті салдарынан теңіздің тек құр ізі ғана қала ма деген сұрақ барлығымызды алаңдатады. 

1950 жылдары теңізде балықтың 24 түрі өсіріліп, балық аулау жылына 500 мың тоннаға жетсе, ал 1980 жылдары соңына қарай балықтың 20 түрі біржола ғайып болып және теңіз өзінің балық шаруашылығы маңызын жоғалтты. Жұмыссыздар саны көбейіп, кеме жасау зауыттары да өз жұмысын тоқтатты.

Теңіздің тартылуы салдарынан елдегі шаруашылық та біршама тоқтап қалған болатын. Кезінде елді-мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істегеніне қарамастан, бұл шаруашылық тоқтап, жұмыссыз қалған балықшылар еріксіз өзге аумаққа көшулеріне тура келді. 1960-1987 жылдар аралығында теңізге құятын басты екі өзен Сырдария мен Әмудария жағасында халық санының екі есе өсуіне байланысты суға деген сұраныс біршама өсті. Осыған орай, 1970-1980 жылдары теңізге құятын су мөлшері де азайды. Судың азаюына басты себеп тағы да антропогендік  факторлар еді. Сырдария мен Әмудария жағаларына суда көп қажет ететін дақылдар күріш пен мақта өсіру кең етек жайды. Сол себепті өзен сулары егістік алқаптарға тартылып жатты. Сонымен қатар ауылшаруашылығында да біршама салалар жақсы дамыды. Суды ырырапсыз пайдалану тоқтамады. Теңіздің тереңдігі 1960 жылмен салыстырғанда екі есе таязданды. Міне осы аталған жайттардың барлығы толысып жатқан теңіздің тартылып, едәуір бөлігінің жоқ болып кетуіне басты себептер болды. Осы аталған жағдайлар адам баласының табиғатқа келтірген зиянының басты дәлелі болып есте қалды. 

Теңіздің тартылуына байланысты ондағы флора мен фаунаға да зиян келді. Балықтың кейбір бағалы түрлері бекіре, сазан, ақмарқа, шоқыр, алабұға және т.б. жойылып кетті. Қазақстанның қызыл кітабына енген кейбір құстар мүлде жойылып кетті. Екі дариядан келіп құйылатын су мөлшері азайғандықтан, теңіз ағынсыз су айдынына айналып, құрғап қалған теңіз түбіне тұз шөгінділері көптеп жинала бастады. Осының әсерінен топырақтағы тұздану мөлшері де шектен тыс көбейді және тұзды шаңдар жоғары көтеріліп, ауаға тарай бастады.

Осы жағдайлар Арал тұрғындарының денсаулығына да зиян келтірді. Экология апаты салдарынан аумақта туберкулез, бүйрекке тас жиналу, сарысу, тыныс жолдары аурулары жиі тарады. Бұған қоса ішек-қарын аурулары, қан аздық, жүйке жүйесі аурулары да көбейді. Әсіресе балалар арасында жүйке аурулары кең тарап, мүгедек балалардың саны көбейді. Осы аталған науқастың түрлері күннен-күнгеарта түсті.

Қазіргі таңда теңізді құтқару барысында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар да ұйымдастырылды. Кейбір мемлекеттер қаржылай тұрғыдан көмек көрсетті. Енді осы аталған жұмыс барысында теңіздің қайта толысуына барынша күш салынып жатыр. Еліміздің бірден-бір байлығы саналатын көгілдір су айдынын қайта қалпына келуі үшін барлық қолдан келген шаралар жасалса екен. Себебі, ондағы халықтың жағдайы Арал теңізінің жағдайына тікелей байланысты. Еліміздің аталған су қоймасын сақтап қалуға сіз-біз болып мейлінше ат салысқанымыз жөн.

 

Болат САЙЛАН, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, т.ғ.д.

Әйгерім Мырзабекова,  1 курс студенті.

 

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: