|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат

АҚШ Ауғанстаннан 2000 сарбазын әкетпек. Салдары не болмақ?


Ауғанстанның үкімет күштерін жаттықтыратын орталықта жүрген АҚШ сарбаздары. Герат, Ауғанстан, 2 ақпан 2019 жыл. Көрнекі сурет.

Ауғанстанның үкімет күштерін жаттықтыратын орталықта жүрген АҚШ сарбаздары. Герат, Ауғанстан, 2 ақпан 2019 жыл. Көрнекі сурет.

Вашингтонның Ауғанстаннан екі мың сарбазын алып кету туралы шешімі қарама-қайшы пікір тудырды. Бірі әскер санының бұлай азаюы экстремистік топтарды жігерлендіреді десе, бірі шиеленісті шешуге оң әсер береді дейді.

АҚШ әскерінің әкетілуі туралы жаңалық 16 қарашада тарады. Сол күні баспасөз құралдары АҚШ президенті Дональд Трамптың санаулы күн ішінде Ауғанстан мен Ирактағы АҚШ әскерінің санын одан әрі азайту туралы шешімін жариялайтынын хабарлады. Келесі күні АҚШ қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Кристофер Миллер жаңалықты растап, америкалық сарбаздарды еліне қайтару келесі жылы 15 қаңтарда, Трамптың Ақ үйден кетуіне бес күн қалғанда аяқталатынын айтты.

18 қараша күні “Талибан” қозғалысы АҚШ-тың бұл шешімін қош көретінін мәлімдеп, оны Ауғанстандағы соғысты аяқтауға көмектесетін “жақсы қадам” деп атады.

“Бұл – екі ел халқының мүддесінен шығатын жақсы қадам” деді “Талибан” қозғалысының баспасөз хатшысы Забиулла Муджахид 18 қараша күні AFP (Agence France-Presse) агенттігіне АҚШ пен Ауғанстанды меңзей отырып.

Ауғанстан күштерінің сарбаздары Кабулға кірберіс жол бойында тұр. 18 қараша 2020 жыл.

Ауғанстан күштерінің сарбаздары Кабулға кірберіс жол бойында тұр. 18 қараша 2020 жыл.

Бірақ АҚШ-тың бірқатар одақтасы әскер санын азайтуды асығыстық шешім деп бағалап, Ауғанстандағы қауіпсіздік жайына алаңдап отыр.

Жаңа шешімге сәйкес, АҚШ-тың Ирактағы әскер саны 3 мыңнан 2,5 мыңға дейін кемісе, Ауғанстандағы әскері 4,5 мыңнан 2,5 мыңға дейін азаймақ.

Ауғанстанның солтүстігінде жүздеген сарбаздан тұратын әскері бар Германия одақтасының бұл елдегі әскер санын қысқартуы Катарда өтіп жатқан Ауғанстандағы бейбітшілік келіссөздерін қиындатады деп отыр.

“Қосымша кедергілерді жасамауымыз қажет, бірақ Ауғанстаннан асығыс кету соған әкеледі” деді Германия сыртқы істер министрі Хайко Масс.

Ауғанстанда бейбітшілік орнату туралы келіссөзге қатысушылар. Доха, Қатар, 12 қыркүйек 2020 жыл.

Ауғанстанда бейбітшілік орнату туралы келіссөзге қатысушылар. Доха, Қатар, 12 қыркүйек 2020 жыл.

Дональд Трамп АҚШ-тың қатысуымен өтіп жатқан соғыстарды аяқтап, америкалық сарбаздарды елге қайтаруды басты уәделерінің біріне айналдырған. Ақпандағы келіссөздерден соң АҚШ-тың Ауғанстандағы әскері 13 мыңнан 4,5 мыңға дейін азайтылған еді. АҚШ пен “Талибан” қозғалысы арасында өткен бұл кездесуде қозғалыстың Ауғанстан үкіметімен бейбітшілік келіссөздерін бастау мәселесі қамтылған.

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті ретінде 2021 жылдың 20 қаңтарында қызметіне кірісетін Джо Байденнің транзиттік ұжымы аталмыш шешім жөнінде қандай да бір мәлімдеме жасамады. Бірақ Байденнің өзі Трамп әкімшілігінен ұлттық қауіпсіздік жөнінде ешқандай лездеме ала алмай жатқанын айтты. Бұл лездемелер – президенттік бір адамнан екінші адамға өтер кезде болатын дәстүр.

Әскер санын азайту туралы шешім Ауғанстанда зорлық-зомбылық күшейген тұста қабылданып отыр. Ал Иракта 17 қараша күні Бағдадтағы қамалмен қорғалған “Жасыл аймаққа” төрт зымыран түскен. Бұл аймақта көбіне үкімет ғимараттары мен шетелдік миссиялардың үйлері орналасқан.

АҚШ қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Кристофер Миллер. Вашингтон, 17 қараша 2020 жыл.

АҚШ қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Кристофер Миллер. Вашингтон, 17 қараша 2020 жыл.

АҚШ қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Кристофер Миллер шешімнің Трамп ұстанатын саясатпен ұштасатынын айтты. Миллер бұл саясатты “Ауғанстан мен Ирактағы соғыстарды сәтті және жауапты қорытындыға әкелу және біздің батыл әскерилерімізді үйіне қайтару” деп сипаттады.

Қызметіне өткен аптада тағайындалған Миллер шешім жөнінде әскери қолбасшылармен, Конгресс мүшелерімен, НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен және Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен сөйлескенін айтты.

Миллердің сөзінше, АҚШ “Талибанмен” келісімге келу жұмыстарын атқарып отырған Ғани үкіметін қолдауды одан әрі жалғастырады және Ауғанстан мен Ирактағы жағдай ушығар болса, жауап қайтарады.

Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Рахматулла Андар Ауғанстан қауіпсіздік және қорғаныс күштерінің әскери амалдардың 96 пайызын өздері атқарып отырғанын, елді жаулардан одан әрі қорғауға дайын екенін айтты.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ауғанстан басшылығына НАТО-ның қолдауы толастамайтынын мәлімдеді.

“Ашраф Ғанимен НАТО-ның миссиясы жөнінде сөйлестім. Біз Ауғанстандағы бейбітшілік процесін қолдаймыз… НАТО АҚШ әскері азайғанына қарамастан ауған күштерін халықаралық терроризмге қарсы күресінде жаттықтыруды, оларға кеңес беруді және көмектесуді жалғастыра береді” деп жазды Столтенберг Twitter-де.

Столтенберг осыған дейін Ауғанстаннан асығыс кетудің зардабы болатынын, ол зардаптың салмағы НАТО-ға түсетінін мәлімдеген. Ауғанстандағы АҚШ әскерінің күрт азаюына Трамптың Конгрестегі республикашыл одақтастары да алаңдап отыр.

16 қараша күні АҚШ сенатындағы республикашылдар жетекшісі Митч Макконнелл Ауғанстандағы америкалық сарбаздардың күрт азаюы экстремистерге пропагандалық жеңіс сыйлап, одақтастарымыздан бас тартуға пара-пар деді.

"Талибан" Ауғанстанның қай аймағын бақылауда ұстап отыр? Инфографика.

“Талибан” Ауғанстанның қай аймағын бақылауда ұстап отыр? Инфографика.

АҚШ пен “Талибан” арасындағы ақпанда өткен келіссөзге сәйкес, “Талибанның” “Әл-Қайда” террорлық ұйымымен және өзге де халықаралық әскери топтармен байланысын үзуі үшін Ауғанстандағы халықаралық әскери күштер 2021 жылғы мамырға дейін елден кетуі керек. Бірақ бұл келісімді толық жүзеге асыруда кедергі болып отырған бір жайт бар. Катар астанасы Дохада өтіп жатқан Ауғанстан үкіметінің өкілдері мен “Талибан” арасындағы келіссөзде ешқандай алға жылжу байқалмай отыр.

АҚШ әскері Ауғанстанға 2001 жылы келген. 11 қыркүйектегі террорлық шабуылдан санаулы апта өткен соң АҚШ бастаған әскери коалиция Ауғанстанға басып кіріп, “Талибанды” биліктен кетірген. Ол уақытта террорлық шабуылды ұйымдастырды деген “Әл-Қаида” ұйымы осы Ауғанстанда болатын. Кейінгі жылдары “Талибан” күш жинап, 2018 жылға қарай ықпалын күшейтіп, Ауғанстанның АҚШ қолдап отырған үкіметіне қаупін арттырды.

Related Articles

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • АҚШ сенаты Украинаға қаржылай көмек қарастырылған заң жобасын мақұлдады

    АҚШ конгресі.  АҚШ сенаты 13 ақпанда Украина, Израиль және Тайваньға 95 млрд доллар болатын қаржылай көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады. Сенатта демократтар басым орынға ие. Енді заң жобасын Республикалық партия басым Өкілдер палатасы қарайды. Өкілдер палатасында жобаның заң статусын алуға мүмкіндігі аз деген болжам да айталады. Президент-демократ Джо Байден біраз уақыттан бері екі палатаны Украина мен АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аумағындағы серіктестеріне көмек беруді жылдамдатуға шақырып келеді. Украина билігі басты одақтасы АҚШ-тан қолдау азайған тұста қару-жарақ жетпей жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. Украина президенті Владимир Зеленский бүгін, 13 ақпанда АҚШ сенатының бұл заң жобасын мақұлдағанына алғыс айтты. Құжатта Киевке 61 млр доллар беру қарастырылған. “Американың көмегі Украинаға бейбіт өмірді жақындастырып, әлемдік

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: