|  |  | 

Саясат Әлеумет

Бес қыздың қазасына екі жыл. Елді мұңайтқан қайғылы оқиғаны еске алсақ


Екі жыл бұрын өрттен қайтыс болған бес қыздың зираты. 3 ақпан 2021 жыл.

Екі жыл бұрын өрттен қайтыс болған бес қыздың зираты. 3 ақпан 2021 жыл.

Осыдан тура екі жыл бұрын Астананың (қазіргі – Нұр-Сұлтан) Көктал-1 елдімекенінде көмірмен жылынатын жер үйде өрт шығып, бір отбасының бес қызы көз жұмды. Бұл қайғылы оқиға қоғамда резонанс туғызып, биліктен елдегі көп жылдан бері қордаланған әлеуметтік проблемаларды шешуді талап еткен аналар наразылығына түрткі болды.

2019 ЖЫЛЫ 4 АҚПАНДА НЕ БОЛДЫ?

2019 жылы 4 ақпанға қараған түні Астананың (қазіргі Нұр-Сұлтан) шетіндегі Көктал-1 елдімекеніндегі шағын жер үйде өрт шығып, Евгений және Жанымгүл Ситердің бес қызы – Бақыт, Алина, Сабина, Элина мен Альбина қазаға ұшырады. Олардың үлкені 12 жаста, ал кенжесі тоғыз айлық еді. Өрт болғанда қыздардың ата-анасы түнгі ауысыммен жұмысқа кеткен еді. Өрт сөндірушілер бес қыздың денесін жанып кеткен жер үйдің ішінен алып шыққан.

Өрт болған үй. Көктал-1 елдімекені, Астана, 4 ақпан 2019 жыл.

Өрт болған үй. Көктал-1 елдімекені, Астана, 4 ақпан 2019 жыл.

5 ақпанда өрттен опат болған бес қызды жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды. Қара жамылған шаңыраққа көмектесуді ұйғарған жұрт қыздардың ата-анасына ақша аударды. Жергілікті мешіт Ситер отбасына пәтер сатып әперді.

Көршілері Ситерлер отбасының пәтері болмағанын, бес баласын асырау үшін түнде де жұмыс істегенін айтқан еді. Қала әкімдігі 5 ақпанда Ситерлер отбасы “әкімдіктен көмек сұрамады, үй кезегінде тұрған жоқ. Көп балалы отбасы ретінде жәрдемақы алып отыр” деген.

Өрттен қаза болған балалар жерленді

БЕС ҚЫЗДЫҢ ҚАЗАСЫНАН КЕЙІНГІ НАРАЗЫЛЫҚТАР

6 ақпанда астаналық көп балалы әйелдер жиналып, билікке бірнеше талап қойды. Олардың негізгі талабы көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету және шаңырақтағы әр балаға айына 29 мың теңге (сол кездегі ең төменгі күнкөріс деңгейі) жәрдемақы төлеу болды.

Кейін көп балалы әйелдер наразылығы Алматы, Шымкент, Ақтөбе және басқа аймақтарда жалғасты. Наразы әйелдер әкімдіктерге барып, әкіммен кездесуді талап етті. Олар “биліктің құрғақ уәделері мен пайдасыз бағдарламалардан шаршағанын” айтты.

Астанада бес бала өртенген оқиғаға екі жыл болды

Билікке талап айтқан әйелдер пәтер жалдап тұратындарын, баспана алуға шамасы жоғын айтты. Олар “халықтың мәселесін шешпеген” үкіметті оставкаға жіберуді талап етті. Наразылардың арасында елдің сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кетуін талап еткендер де болды.

ҮКІМЕТ ОТСТАВКАСЫ ЖӘНЕ АӘК ЖЫРЫ

Елде әйелдер наразылығы үдеген тұста, 2019 жылы 21 ақпанда Қазақстан президенті Назарбаев Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметтің жұмысын сынап, отставкаға жіберді. Назарбаев Сағынтаев басқарған министрлер кабинетін “халыққа қызмет қыла алмады”, “экономиканы өсіре алмады”, “әлсіз болды” деп сынады.

Сағынтаев қызметтен босатылған соң жасаған мәлімдемесінде “тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалап, бүгінгі биіктерге жеткізген” Назарбаевқа алғыс айтты.

Кейін Назарбаев премьер-министр қызметіне Сағынтаевтың орынбасары болған Асқар Маминді (үкіметті қазір де басқарып отыр) тағайындады. Жаңа үкіметте тек бес министр ғана ауысты. Бес қыздың өлімінен кейін қоғам сынына ұшыраған еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова орнынан кетіп, бұл ведомствоны басқаруға Бердібек Сапарбаев келді.

28 ақпанда Назарбаев өзі басқаратын биліктегі “Нұр Отан” партиясының съезінде көп балалы отбасындағы әр балаға 21 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) төленетінін айтты. Билік 2020 жылдың соңына дейін көп балалы шаңырақтағы әр балаға 21 мың теңге төлеп келген. Біраз уақыт өткен соң билік басындағылар “елде үкіметке қол жаятындар” көбейіп кеткенін, “масылдық артып бара жатқанын” айта бастадыАртынша үкімет жәрдемақы мен АӘК төлеу шартын өзгертіп, мұны парламент пен қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады.

Қазір мемлекет төрт балаға – 42 496 теңге, бес балаға – 53127 теңге, алты балаға – 63 757 теңге, жеті және одан көп балаға 74 388 теңге жәрдем береді.

Көп балалы әйелдер үкіметтен әр балаға 21 мың теңге төлеу әдісін қайтаруды бірнеше рет талап еткенімен, билік бұған құлақ аспай келеді.

Көп балалы аналар екі жылдан бері билікке әлі талап айтып жүр. Олар бірнеше рет ел астанасындағы президент резиденциясы Ақордаға бармақ болғанда жолын арнайы жасақ бөгеген. Наразы әйелдер былтыр министрлер үйінің алдына түнеп, оларды полиция күштеп әкеткен.

2020 жылы желтоқсанда қазақстандық басылымдар бес қызынан айырылған Ситерлер отбасында ұл бала дүниеге келгенін хабарлады.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы. Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: