|  |  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих Қазақ шежіресі

Kүншығыс қазақтары (Өр Алтай, Баркөл)

146711475_1963759763787601_3184043462258305916_n20. ғасырдың 30- жылдарындағы күрделі саяси кезеңдерге байланысты күншығыс қазақтары (Өр Алтай, Баркөл) атамекені Баркөл, Құмылды артқа тастап Гансу және Цинхай өлкелеріне қоныс аударған еді.
Бұл тарихи құнды суреттерді Joseph Needham қытайға жасаған сапары кеінде түсіріп алған. Dr.J.Needham белгілі себептерге байланысты қытайдың солтүстік-батыс аймағы дәлірек айтқанда Цзяюгуань (嘉峪关), Чиенфотунг (千佛洞), Дуньхуан (敦煌) окургтерінде бір ай аялдайды (1943.ж 30-шы қыркүйектен 29-ыншы қазанға дейін).
Гансу провинциясының аталмыш аудан окургтерінде қазақтар да бар еді. Олар Елісқан Әліпұлы бастаған көштен қалып қойған аз санды қазақтар еді. Негізінде 1943 жылы Елісқан Әліпұлы бастаған бірқанша дүркін көш Тибеттің сары жондарын артқа аунатып Бұланай асып Пакістанға жетіп қойған еді.146431243_1963759863787591_1077751505107027955_n
суреттерге қарап шошақ тымақ киген қазақтарды айнытпай танып қоясыз. Бұл суретті сілтемені өткен жолы

Zhanat Momynkulov

мырза кезекті бір постыма жолдаған екен. Ағамызға алғыс айта отырып қаймана қауымға тың пост ретінде салып қоюды жөн санадым.

Ескерту: Dr. Joseph Needham түсірген тарихи суреттер мына сілтемеден алынды және басқа да жүздеген суреттерді осы сілтемеден көре аласыз.
Гансу өлкесінің жоғарыда аты аталған өңірлері Түркілік іздерге толып тұрған өте маңызды аймақ еді. Әттең амал қанша, бұл өңірдегі түркі жазбалары әсіресе қағазға түскен түркілік құнды жәдігерлер отандық түркологияда толық зерттелмей келеді. Бірақ, күндердің бір күні Қазақстан бұл аймақтарға ғылми экспедиция ұйымдастырып өңірдегі түркілік еңбектерді жаңа таныммен зерттейді деп үміттенемін.
Шын мәнінде атамекендерін тастап күншығысқа ауған қазақтар ешқашан жатжұртқа келмеген. Ол өңір де бір кездері түріктер қағанат құрып дәурендеген ұлы даланың бір қиық бұшпағы-дұр. Бұл өңірде бізге туыс сары-ұйғыр деген халықтар мекендейді, олардың бір тармағы “болған” деген халық және бар. Тілдері де, өң-түсі де қазаққа өте жақын. Ел аузындағы аңыз бойынша олар Құмыл-Баркөлден ішкі қытайға сауда керуенін жүргізіп жүргенде жау қолына тұтқын болып қалып қойған қазақтардың ұрпағы екен-мыс.146832426_1963759833787594_2295197790670597733_n
Елдес ОРДА
04.02.2021

Related Articles

  • КЕНЕСАРЫ ХАНҒА ТАҒЗЫМ

    Жүз елу жыл! Биыл Кенесары ханның шәйіт болғанына бір жүз елу жыл толды. Кенесары ғана емес. Наурызбай бахадұр сұлтан, Ержан сұлтан, Құдайменде сұлтан. Қыпшақ Иман батыр, Тама Құрман батыр, Дулат Бұғыбай батыр, Дулат Жауғаш батыр, Дулат Медеу би, қылыштың жүзі, найзаның сүңгісі болған тағы қаншама азамат. Қазақ Ордасының ең соңғы жарақты жасағында қалған үш мыңнан астам аламан. Бәрі де шәйіт болды.Кенесары ханның, оның ең соңғы жауынгер серіктерінің қасиетті қаны шашылған ақырғы сағатта төрт ғасыр бойы төре таңбалы қызыл туы желбіреген ұлы мемлекет Қазақ Ордасы шайқалып барып құлады. Алаш баласы сонау Үйсін, Ғұн, Түрік заманынан тартылған, Алтын Ордаға жалғасқан, Қазақ Ордасына ұласқан, Орталық Азия төсінде жиырма ғасырдан астам, ғаламат ұзақ уақыт

  • 87. КІП-КІШКЕНЕ ФОТОБОМБА

    Уэббтың MIRI аспабын сынау деректерін қарастырып отырған ғалымдар күтпеген жаңалық ашты. Сынақ кезінде басқа нысан бақыланса да, Уэбб телескопы үлкендігі небәрі 100–200 метрлік астероидты кездейсоқ түсіріп алыпты! Марс пен Юпитер орбиталары арасындағы Негізгі астероидтар белдеуінде орналасқан дене Уэбб көрген ең кішкентай нысан болса керек. Негізгі белдеудегі кішкентай астероидтар ірі көршілеріне қарағанда нашар зерттелген, өйткені оларды осынша қашықтан бақылау қиын. Уэббтың болашақ арнайы бақылаулары астрономдарға мұндағы 1 километрден кіші астероидтарды зерттеп, Күн жүйесінің түзілу модельдерін нақтылауға мүмкіндік береді. Астроном Томас Мюллердің пікірінше, тосынсый үшін Уэббтың осы кішкене денені 100 миллион километр қашықтықтан көре алатын таңғажайып сезімталдығына рақмет айтуымыз керек. Және бұл соңғы тосынсый болмас. Ғылыми ұжым Күн жүйесі жазықтығын (ал Күн

  • Министрлік Сарышағанда зенит ракетасы бөлімшелерінің ұрыс атыстары өткенін хабарлады

    Сарышағандағы әуе шабуылынан қорғаныс жаттығуы. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет. Ақпан, 2023 жыл.  Қазақстан қорғаныс министрлігі 2 ақпанда Ресей жалға алған Сарышаған полигонында әуе қорғаныс күштерінің зенит ракетасы бөлімшелері ұрыс атысы қимылдарын өткізгенін хабарлады. Жаттығудың негізгі мақсаты “жеке құрамның әскери және азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған әуе шабуылдарына тойтарыс беру дайындығын тексеру” деп айтылады. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, “қолданыстағы қазіргі заманғы зенит ракетасы кешендері цифрлық радиолокациялық станциялармен жабдықталған”. Министрліктің хабарламасында ракета кешенінің аты аталмайды. Алайда хабарламадан ресейлік “Бук” кешені сыналып жатқаны байқалады. Ақпаратқа қарағанда, радиолокациялық барлау қызметі “ұшақ және ракетатектес” дрондарды анықтағаннан кейін жауынгерлер дайын емес позицияларға жылжыған. “Кешендер өрістетіліп, шартты қарсыластың құралдары жойылған”. “Заманауи зенит ракетасы кешендерінің көмегімен біз нақты уақыт режимінде

  • Тарихшы: Батыс Сібір – байырғы қазақ жері. Көшім хан – ұлттық батырымыз! 

    Абылай МАУДАНОВ Қостанайлық ғалым Сібір жерін орыс патшалығынан бұрын қазақ рулары игергенін кітап қылып бастырмақ, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлының есімі ғылыми ортада кеңінен танымал. Ол үнемі “Тәуелсіз ел өз тарихын өзіндік көзқарасы тұрғынан қарап, талдап, баға беру керек” деген ұстанымды айтып келеді. Қостанайлық тарихшы бірнеше жыл бұрын үлкен бір жобаны қолға алды. Бүгінде ол ұлы Еркін Әбілмен бірге “Алтын Орданың Батыс Сібір ұлысы: этно-саяси тарихы” атты еңбек жазып жатыр. Бұл кітап алдағы жылы (орыс тілінде) жарық көрмек. Мұнда қазіргі Қазақстанның шекарасынан тыс қалған байырғы қазақ жері мен руларының көптеген тарихы қамтылады.Express Qazaqstan тілшісі ғалымды осы тақырыпта сөзге тартып, әңгімелескен еді. Батыс Сібір — біздің байырғы

  • НКВД атқан ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ

    Сталиндік репрессия жылдарында Алаш қайраткерлерімен бірге атылған қазақтың қайсар қызы Шахзада Шонанова атылған қазақтың үш қызының бірі. НКВД жендеттерін Шахзаданың шыққан тегі шошытты, сондықтан айуандықпен әбден азаптап болғасын атып тастады. Сонымен Шахзада Шонанова кім ? Шахзада Аронқызы Шонанова-Қаратаева 1903 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым (Жымпиты) ауданында дүниеге келді. Әкесі Арон Қаратаев, алаш қайраткері, Ресей Думасына депутат болып сайланған Бақытжан Қаратаевтың інісі. Шахзаданың өзі Шыңғысханныі тікелей ұрпағы еді. Шахзаданың тегі былай: Шыңғысхан-Жошыхан-Тоқай Темір-Өз Темір-Өз Темір хожа Бадақұл ұғылан-Орысхан-Құйыршық хан-Барақ хан-Жәнібек хан-Өсік сұлтан-Қаратай сұлтан-Бисәлі-Дәулетжан-Арон-Шахзада. Шахзаданың анасының да тегі мықты, Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің немересі Хұсни-Жамал Нұралыханова. Қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді мұғалима 1894 жылы Бөкей ордасында қазақ қыздарына арналған алғашқы мектеп ашты,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: