|  |  | 

Шоу-бизнис Қазақ шежіресі

Алатаудың бауырын мекендеген қырғыз ұлтына қатысымыз жоқ.

Dimash-i-dzheki“Әжем Рахиманың руы Әлімнің ішіндегі — Жақайым, оның ішінде – Быламық. Ол кісі бойжетіп, Жақайым руының ішіндегі Талпақ, Қырғыз руының жиені Төлеубай деген кісіге тұрмысқа шығады. Екеуі бірнеше бала сүйеді. Сөйтіп жүргенде отызыншы жылдардың аласапыраны басталады. Аштықтың кезінде Төлеубай атамыз өліп, әжеміз бала-шағасын аштан өліп қалмас үшін уақытша балалар үйіне өткізіп, аласапыран заманда олардан көз жазып қалады. Ауылда аман қалған үлкендер ақылдаса отырып, сүйенер тірегінен, бала-шағасынан тірідей айырылған қам көңіл Рахима әжемді Әлімге сіңген қырғыз руының ішіндегі Барақ, оның ішіндегі Тілеубайдан тарайтын, жұбайы қайтыс болған менің атам Айтбайға қосады. Жан-жақтағы ағайын-туыстың сүйемелдеуімен екі жарты бір бүтін болып, түтін түтетеді. Көп ұзамай өмірге менің әкем келеді. Анадай жағдайлардан кейін дүниеге келген бала тіпті тәтті көрінеді ғой, екеуі де: «Бізге бұл баланы Құдай берді…» десе керек. Сөйтіп, екі шаңырақтың өшкен отын тұтатқан сәбиге Құдайберген деген есім беріледі. Әкеміз 7-8 жасқа келгенде, тағы бір қуанышты жағдай болыпты. Әжемнің Төлеубайдан туған Аязбай деген ұлы аман табылады. Айтбай атам той жасап, бауырына басқан. Аязбай да мейірімді, елгезек бозбала екен, лезде атама бауыр басады.Менің әкем Құдайбергенді еркелетіп, ертіп жүреді екен.
Бір күні Айтбай атам аттан құлап, мертігеді. Дерті әбден меңдеп, өмірден озар алдында ұлы Аязбайды шақырып алып: “Балам, естияр жігіт болып қалдың, менің уақытым таяған сияқты, інің Құдайберген өзіңе аманат, ешқашан бөлінбеңдер, саған сендім…” деп үзіліп жүре беріпті. Кейінірек анасы да өмірден озыпты. Атамыз қайтқан кезде менің әкем Құдайберген бар болғаны тоғыз жаста екен.
Әке аманатына берік Аязбай атамыз інісі Құдайбергенді жетелеп жүріп өсіріп, Барақтың Тілеубайынан, Жақайымның Талпағынан тарайтын барлық туыс, туғанның мейірімін бойына тең сіңіреді. Әкем Жақайым мен Барақтың ортақ баласы болып ер жетеді.
Әскер қатарынан келген соң, ағасының ақ батасын алып
әкем Алматы ауылшаруашылық институтына оқуға түседі.
Оқып жүріп, Ақтөбенің Шалқар өңірінен келген, Әлімнің Шектісінен тарайтын Қабақтың қызы, менің анам Миуамен танысып, шаңырақ көтереді.
Екеуінен үш бала өрбідік – мен, әпкем Гүлзира, қарындасым Нұргүл.
Мен 1993 жылы институт бітіріп, Әлімнің Шектісінен, оның ішінде Назар руының Бәшенінен тарайтын Ермекқызы Светамен шаңырақ көтердім.
Аллаға шүкір, қазір екі ұлымыз, бір қызымыз бар.
Ата-анамызбен бірге бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.
P.S. Алатаудың бауырын мекендеген қырғыз ұлтына қатысымыз жоқ.
Құдандалы, жекжатты болар кезде ғана айтылатын ру тармақтарын, өмір тарихын жариялы түрде баяндауға мәжбүр еткен “журналистерге” не дейін…
Қанат Айтбаев.

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: