|  |  |  | 

Көз қарас Саясат Тұлғалар

Аға мен іні сияқты ма, әлде теңқұқылы ма …

150527699_2870439986501210_8629669840465376701_nМұхтар Жәкішевтің әңгімесінен:
2005 жылы ма, әлде 2006 жылы ма, қыстыгүні ТМД елдері басшылары жиналды. Санкт-Петербургте.
Мен түс кезінде жеттім-ау деймін. Кешке мен жатқан қонақ үйге «Росатомпромның» бастығы Кириенко мен «Техснабэкспорттың» диреткоры Смирнов келісімнің мәтінін алып келді. Бұл келісімді одан бұрын әбден талқылағанбыз. Ол мемлекетаралық келісім тұғын. Оның мәні қарапайым, әрі түсінікті еді.
«Қазатомпромда» уранды алу бар да, уранды газға айналдыру ісі жөнге қойылмаған еді. Сондықтан сырттан серіктес тартып, соларға өңдетіп, өңдете жүріп технологиясын үйреніп, келісім біткен соң дербес кетуді ойладық.
Принцибіміз де қарапайым болған: олар бізге кіріп қанша ақша тапса, олардан алатын бизнестен біз де сонша ақша табуымыз керек еді.
Мен айттым, сіздерге уран өндіру қызық, біз оған рұқсат береміз. Бірақ қарымтасына, сіздер бізге Ресейде жұмыс істеуге мүмкіндік бересіздер.
Енді маған олар келісімнің мәтінін әкеліп отыр ғой. Олардың айтуынша, ертең біз осы келісімге қол қоюымыз керек екен. Мемлекет басшыларының алдында. Путин хабардар көрінеді.
Мәтінді оқуға кірістім. Оқыдым да, ауызым ашылып қалды. Біз оларға кен орнын береді екенбіз, бірлескен өндіріс құрады екенбіз, ал олар болашақта бізге де бірнәрсе беру мүмкіндігін қарастырады екен. Тіпті не екені де нақтыланбаған.
Мынандай келісімге қол қоймаймын дедім. Мына нәрсенің түк мағынасы жоқ. Келістік қой, нақты жазуымыз керек. Біз сіздермен бірігіп бес кен орнын қолға аламыз, сіздер бізге 5 млн РР-лік қуаты бар кен байыту зауытының үлесін бересіздер (Қаржы ағымы бойынша, екеуі шамалас болады. Ақшадан ұтылмаймыз, технологияны да аламыз). Сондықтан, сіздер істің мүмкіндігін қарастырамыз деп жазсаңыздар, біз де солай жазайық. Ресей мүмкіндігін қарастырады, Қазақстан да мүмкіндігін қарастырады дейік. Егер дайын болсаңыздар, тапсырамыз деп жазыңыздар, біз де жазайық. Ал біз тапсырып, сіздер қарастыратын болсаңыздар, ондай келісімнің түк мәні жоқ. Ондай нәрсе Қазақстан үшін қызық емес.
Сөйтіп ем, олар ертең Путин ашуланады, біз оған айтып қойдық қой, анау-мынау, қиын болады деп әңгіме айта бастады. Мен айттым: оның маған не қатысы бар? Путин – сендердің елдің президенті. Менің елім басқа, президентім де басқа адам. Ертең Путин не айтады, маған ашулана ма, басқа қыла ма, маған бәрібір. Президент – сендердікі, өздерің шешіңдер.
Сөй десем, олар, ал біз айтпады деме, деді.
Мейлі.
Ертесіне бүкіл делегациямен бірге автобуспен кетіп бара жатсам, протоколдың бастығы (Бауыржан Байбек қой ол кезде) хабарласады. Мұхтар Еркінұлы, қайдасыз? Бара жатырмын. Мына жақта бастық сізді іздеп жатыр, Путинмен әңгіме болыпты, келуіңіз керек, анау-мынау. Жарайды, бара жатырмын. Онда келгенде айтыңыз, мен сізге пропуск беремін, сіз елмен бірге кірмей, менімен өтіп кетесіз, бірден бастыққа алып барамын. Жарайды.
Бардық. Бауыржан екеуіміз былай кеттік. Бір бөлмеге кірдім, кірсем бүкіл президенттер отыр екен. Мен амандасып жатырмын. Нұрсұлтан Әбішұлы мені басқа президенттерге таныстырып өтті. Отыра тұр, мен қазір шығамын, сөйлесетін мәселе бар деді.
Шығып, күтіп отырдым. Көп күткен жоқпын, бес минуттың шамасында Президент шықты. Ана жақта Путин бірнәрсені сөйлескісі келеді, көңіл күй жоқ сияқты, сен бір келісімді бұзыпсың ғой дейді.
Екеуіміз басқа бір кабинетке бардық. Барсақ, Путин отыр екен. Жанында Кириенко мен Смирнов бар. Біз Президент екеуіміз кірдік.
Отырдық. Путин әңгімеге кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы, осылай да осылай, жас, қабілетті менеджерлеріңіз бар екен, бірақ ол саясатты түсінбейді, біз бүгін атом саласында екі елді біріктіретін келісімге қол қоюымыз керек еді, бұл жігіт соны бұзды, ақ-көк. Шынын айтқанда, өктемдеу ғып сөйледі. Мен Президентке қарап едім, ол кісі де маған қарап қалды. Мен жауап беруіме бола ма деп едім, Президентіміз айт дегендей қылды.
Біздің елдердің құқығы қандай? Аға мен іні сияқты ма, әлде теңқұқылы ма дедім. Екеуі де, әрине, тең құқылы дейді. Ал мына келісім, аға мен інінің келісімі дедім. Біз екі жақ та тапсырады деп келістік, ал мына жерде біз береді екенбіз де, сіздер жақ қарастырады екен. Мен бұндайға қол қоймаймын. Саясатты түсінбейтін шығармын, бірақ менеджер ретінде бұл нәрсе дұрыс емес деп ойлаймын. Екі елдің қарым-қатынасындағы ауанға сәйкес келмейді. Егер қаласаңыздар, мен осы жерде жұмыстан кету туралы арыз жазайын. Бірақ маған қол қой десеңіздер де, мен бәрібір қол қоймаймын. Одан да жұмыстан кетейін, менен кейін келген адам қол қояр.
Осылай деп едім, ана жердегі арын бірден басылды. Президентіміз, сен асықпай тұра тұр, дұрыс айтып отырсың, екі елдің құқығы тең деді. Мен айттым, бұндай шикі келісімдерді мен президент деңгейіне апармаймын дедім. Егер тапсыруға дайынбыз десеңіздер, мен қазір-ақ қол қоямын. Сөйтсем ана жерде отырған екеу, өйтуге біздің құзыретіміз жоқ дейді. Құзыреттерің жоқ болса, онда маған неге алып келдіңдер?
Бұндайға мен қол қоймаймын, жұмыстан кетуге дайынмын, бірақ қол қоймаймын дедім.
Президенттер өзара сөйлесе бастады. Жоқ, шикі жерлері болса, пісірейік, дамытайық, асықпайық дегендей.
Шығып кеттік.
Қайтарда Президентпен бірге ұштым. Жолда бәрін түсіндіріп берші деді. Айтып, түсіндіріп бердім. Президент болса, дұрыс істедің, жақсы болды деді.

Related Articles

  • “Лидерлері көрегендік танытпағанда, бірінші құрбан Қазақстан болуы мүмкін еді”

    Ресейлік саяси қайраткер, “Ұлттық саясат институты” халықаралық қауымдастығының басқарма мүшесі Андрей Пионтковский Қазақ елін жанжалшыл алпауытқа жем болудан не құтқарып қалғанын айтты. – ПМЭФ-2022-дегі атышулы мәлімдемесінен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катар экономикалық форумына қатысып, онда Ресей Қазақстанның сенімді одақтасы болып қала беретінін жеткізді. Петерборда Мәскеудің солақай саясатын қолдамайтынын мәлімдеген соң Тоқаев Путинмен қайта кездесіп, келіссөз жүргізіпті. Осы орайда қазақстандық оппозиция және бірқатар шетелдік сарапшылар Қазақстан Президентінің “демаршын” Мәскеудің көзбояушы, құйтұрқы “многоходовкасы” деп түсіндіре бастады. Жария түрде қолдамағанымен, жасырын көмек көрсетпек-мыс…  – Мұндай конспирологияға негіз жоқ. Өйткені Қазақстан унитарлы мемлекеттерді өзге алпауыттардың бөлшектеуін объективті түрде қолдай алмайды. Кремль Украинаның орыстілді облыстарын бөліп алып, одан квазиреспубликалар құруға тырысуда. Мұндай сорақылықты қолдаса, Қазақстанның

  • “Қысым көрсету құралы”. Тоқаев Ресей ұсынған АЭС-ті салуға неге асықты?

    Елена ВЕБЕР Балқаш көлі жағасында орналасқан Үлкен ауылындағы қаңырап тұрған ғимараттар. Алматы облысы, 13 сәуір 2019 жыл. Балқашқа атом электр станциясын (АЭС) салудан қандай қауіп бар? Ресейден ядролық технология сатып алу Қазақстанды Мәскеуге “байлап қоятыны” рас па? Қазақстан билігі қауіпті нысанның құрылысына рұқсат бермес бұрын халықтың пікірін неге сұрамады? Азаттық бұл тақырыпта KEGOC корпорациясының бұрынғы басшысы, энергетика және экономика саласының сарапшысы Әсет Наурызбаевпен сөйлесті. “КҮН ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ – 14 ТЕҢГЕ, АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ – 60 ТЕҢГЕ. ТИІМДІСІ ҚАЙСЫ?” Азаттық: Жақында Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынында Қазақстан АЭС салынатын жерді белгілеп, технология таңдап жатқанын, құрылыс жұмыстары келер жылы басталатынын айтты. Президенттің бұл мәлімдемесі асығыс жасалған жоқ па? Әсет Наурызбаев. Әсет Наурызбаев: Президент энергетика саласының маманы емес.

  • Шабдарбаевтың ҰҚК-ні мен басқарғанда бәрі тамаша болса әлгі жиһадшылар мен дағуатшылардың бәрі аспаннан түсті ме?

    Асылхан Мамашұлы Әріптесім Манас Қайыртайұлына Амангелді Шабдарбаев қысқа сұқбат беріпті. Көп нәрсе айтыпты, Көңіліме дық еткен тұсын жазайын. Ұлттық қауіпсіздік комитетін мен басқарғанда (2005-2010 ж) көшеде сақалдылар, анау-мынау исламистер ашық жүрген жоқ, бәрін қадағалап отырдық депті. 2013 жылдың күзі еді. Таңертең жұмысқа келсек, шамамен онның кезінде, қару асынған 30-ға жуық сақалды жігіттің Сириядан Қазақстанға үндеу жолдап тұрғанын көрдік. Қырамыз-жоямыз деген әңгіме. Бұлар кім деп дереу әлеужеліден іздеп, Жезқазған мен Сәтбаевтан Сирияға “жиһадшылап” кеткендер екенін жобаладық. – Барасың ба,- деді редакция. Өмірі көрмеген, ешкімді танымайтын жерім. -Барамын,-дедім. Сол күні түстен кейін Жезқазғанға ұшып кеттім. Ертеңіне Жезқазған базарына барып, біреуді көке, бәреуді жәке деп жүріп, жіптің ұшығын таптым. Біраз тарқаттым. Сонда байқағаным,

  • ГЕРМАНИЯ НЕГЕ СОҒЫС АШТЫ?

    Жазушы-публицист Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев): Ертең, 22-маусымда Германияның Совет Одағына қарсы шабуыл бастағанына 81 жыл болады екен. Жыл сайын осындай кезеңде «1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия опасыздықпен соғыс жарияламастан Совет Одағына басып кірді» деген құлаққа сіңісті тұжырым кезекті рет қайталанып жатады. Осы шындыққа үйлесе ме? Немістердің опасыздықпен басып кіргені рас па? Ресей тарихшылары 2009 жылға дейін бұл тақырыпқа ауыз ашып көрген емес. Өйткені ақиқатты айтуға жол берілмейтін. Тарихи құжаттар болса не дейді? Тарихи құжаттар Германия 1941 жылы 21 маусымда соғыс жариялау туралы Берлинде әзірленген құжаттың 22-маусымға қараған түнде Мәскеудің ресми өкілдеріне тапсырылғанын айтады. Германия елшісі Вернер фон дер Шуленберг 1941 жылы 22 мауымда Кремльге келіп, қабылдау бөлмесінде бірнеше сағат тосып,

  • Қазақ тілін техникалық тілге айналдыруға мемлекет тарапынан қойылып жатқан кедергілер жөнінде

    ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – МИИР РК Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті үш жылдан бері қазақ тіліне ауыса алмай келеді. Quanysh Ádilhanuly тарапынан мың хат жазылған. Оған «қарастырамыз, саралаймыз, ойластырамыз, пилоттық қылып жасаймыз» деген мың жауап келді. Бірақ мәселе сонымен шешілмей қалды. Әңгіме мемлекет тарапынан қаржыландыратын құрылыс жобаларының (ПСД) қазақ тілінде жасалуы туралы болып отыр. Қазір оның барлығы тек бір тілде – орысша жасалады. Себеп – тапсырыс беруші тарапынан ондай талап жоқ. Бір қызығы, жобаны жасау үшін қажетті Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары, Құрылыс Ережелері және басқа да мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптардың, нормативті-техникалық құжаттардың толық қазақша нұсқасы бар. Қазақ тілді инженерлер мен басқа да техникалық мамандар

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: