|  |  | 

Шоу-бизнис Әлеумет

Жол картасы: Алматы облысында 60 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

download
Алматы облысында былтыр 1051 жобаға 105 миллиард теңге бөлінген. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» аясында атқарылған. Бағдарлама аясында 60 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Карантин кезеңінде жұмысынан босап қалған азаматтардың дені жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылған.
«Бағдарламаның негізгі міндеттері: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтарына кіретін азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын орындау, кадрлық әлеуетті дамыту. Биыл біз бұл салаға көп көңіл бөлеміз»,- деп атап өтті Амандық Баталов.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 18 миллиард теңгеге 216 ауылдың жолы жөнделді. Еңбеккерлер жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа алынып, ең азы 85 мың теңге жалақы алып отырған. Осы бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқан Фархат Мансапбековтың айтуынша, бұл ауылдағы жастардың уақытын тиімді жұмсауына мүмкіндік береді.
«Мені жұмысқа шақырған кезде қатты қуандым. Өйткені, қазір ақша өте қажет. Жалақы да жақсы, жағдай да жақсы, ең бастысы, біз өз ауылымызға пайдамызды тигіземіз», – деді ол.
Жоба күрделі жөндеу, әлеуметтік нысандарды қайта жаңарту, елді-мекендерді абаттандыру, ауылдық жерлерде дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер салу сынды бірнеше бағытта жүзеге асырылып жатыр. Әр аудан, қалада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында кем дегенде 10 жоба іске асырылады. Жетісу өңірінде осы жоба арқылы 60 мыңдай адам жұмысқа орналасқан. Биыл тағы жеті мектептің құрылысы басталады. Оның алтауы үш ауысымды мектептердің орнына салынбақ.
Авторы: Айман Асыл

Related Articles

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы. Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе

  • Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді. Құраманың Еуро-2024 додасына шығуға мүмкіндігі сақтаулы

    Руслан МЕДЕЛБЕК Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны жеңді. Астанадағы матчта жеңіс голын “Ақтөбе” шабуылшысы Максим Самородов салды. Қазақстанның келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі әлі де сақтаулы. Матчтың 27-минутында Абзал Бейсебековтің алаң ортасынан шығарған пасын Максим Самородов әдемі голға айналдыра білді. Максим қатты келген пасты аяғымен тоқтатты да, қарсылас қақпасының сол қапталына бағыттаған. Солтүстік Ирландия қақпашысы Бэйли Пикок-Фаррелл қолын созғанымен жетпеді. Доп қақпада. 30 мың жиналған стадион тулап сала берді. Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Осы голдан кейін Солтүстік Ирландия шабуылды

  • 1 440 000 ТЕҢГЕ, Ұшақ, пойыз, автобус кешіксе өтемақыны қалай алуға болады?

    Самат Мусабаев Жазда қозғалыс көбейеді. Елдің ішіне де, сыртына да саяхат, демалыс, балалардың каникулы деп тыным таппаймыз. Қозғалыс көбейген соң жолаушылар тасымалында қиындық туындап, желіден үнемі реніш пен ашуға толы жазбалар оқып тұрамыз. Ұшақтың кешігуі, пойыздың кестеден қалып қоюы секілді оқиғалардың аптасына әлденешеуі белгілі боп жатады. Менің айтпағым да осы мәселеге қатысты: Жақында әріптес ағам Еділ Жаңбыршин екеуміз ел жаққа бірге ұштық. Маңғыстауда кездесулеріміз жоспарланған еді. Астана әуежайына біз уақтылы келгенімізбен, Air Astanaның ұшағы уақтылы ұша қоймады. Уақтылы дегенде жарты сағат, бір сағат дегенге етіміз әбден үйренді ғой. Енді бұлар екі сағат, үш сағаттап ұшпауды шығарыпты. Біздің ұшағымыз бақандай үш жарым – төрт сағатқа кешігіп ұшты! Отандық әуе компанияларының осы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: