|  |  |  | 

Көз қарас Тарих Қазақ шежіресі

ҒҰНДАРДЫҢ МҰРАГЕРЛЕРІ – ҚОҢЫРАТТАР

(Қоңырат шежіресіне байланысты шығатын жаңа кітаптарға арналған)
Авторы:

Көкбөрі Мүбарак ҚизатұлыHun
Тәуке ханның тұсында қанаттас отырған рулар топтастырылып, өз тұрған өңірлерідегі жаңа Жүз бірлестігіне кірді. 1456жылы Қазақ хандығы ең алғаш құрылған жер Шу, Талас өзендерінің бойы еді. Міне осы қарашаңырақтың орны мен оның айналасындағы Жетісу, Алатау, Қаратау аймақтарындағы рулар Ұлы Жүз деп аталды. Қазақ хандығы құрылған кезден бастап шешуші рол атқарып келе жатқан іргелі алты ұлыс Орта Жүз болып біріктірілді. Олар Алтай-Ертіс, Тарбағатай, Сары Арқа, Сібір, Балқаш, Сырдың орта ағысы өңірлерін алып жатты. Қазақ хандығының құрамына кейінірек қосылған Еділ-Жайықтағы рулар Кіші Жүз болып топтастырылды. Сол кезде Қоңырат ұлысы Орта Жүз бірлестігіне енді.
Бұл қазақ үлкен империяның қарашаңырағында отырған ұлт. Бірлікке келген соңғы уақыттағы атауы – Қазақ. Қазақтың ішінде Еуро-Азиядағы барша халықтарға өңі ұқсайтын адамды таба аласыз әрі бүгінгі қазақтар Еуро-Азиядағы барша халықтардың тілін жылдам әрі аксенціз меңгеріп кете алады, еліктегіш келетініміз содан. Бірақ, Африка тілдері мен Камбоджа тілдерін меңгеру бізге қиынға соғады. Өйткені, ұлттың қан құрамында олардың қаны жоқ. Бір ғана ұлтымыздан генетиканың өте көп түрі табылады. Бас сүйектеріміз, шаштарымыз, бет терілеріміз де әртүрлі. Көп түрлі халықтың қанының қосылысынан құралған Қазақ сұлу ұлт болды, бет терісі берік, дене бітімі сапалы, балаларының миы алғыр жұрт болды. Көп халық бір жергек еліп тоғысқан соң сөздік қорымыз да өте бай болды. Алтын Орда кезін айтсақ та, одан бұрынғы уақытқа көз жүгіртсек те, біз импеииялық халық болған соң сан түрлі ұлт пен ұлыстың ұйысып, Қыпшақтануынан пайда болғанбыз. Қазақтың он пайызы көк көз, ақ нәсілдіге жатады. Сирек болсада ескі кезде кірген қара нәсілділердің ұрқы ретінде өте қара, еріні үлкен адамдар да арамызда кездеседі. Ескі кездегі дүние жүзінің тәртібін бүгінгі ағылшын тілді одақтастар сияқты қадағалап отырған қауым біз едік. Өйткені, Алтын Орда болып, Қытайда Құбылай хан болып, Шағатай ұлысы болып, Иранда Алау(Хулагу) батыр, Үндістанда Ұлы Моғол империясы болып Азияны, шығыс Еуропаны шеңгелдесек, Оспан Түріктері Еуропаны тағы бір жақтан қысып отырды. Бейбарыс бастаған ұлдарымыз Мысырды билеп, Африкаға сес болып отырды. Ол кезде бүгінгі қос Америка құрлығы сөз етілмейтін.
Күні кеше ғана дейміз ба, Шыңғыс хан бастаған Алтай тарауынан тараған бүгінгі қазақтың 60 пайызын ұстап отырған ұлыстар. Ескі уақытта бір елдің бір елді ығыстырып отыруы қалыпты құбылыс болатын. Бүгінгі кіші жүз атанып отырған Алшындар, ескі күнде Алшы-Татар атанып Алтайды мекен етіп, Шыңғыс ханның арқасында Беженектерді қуып салып, Алтайдан батысқа шауып бүгінгі Сырдан бастап Жайыққа дейінгі жерді иелеп алды. Қоңыраттар Сыр мен Әмудің арасын иелеп, шығыс Қытай жеріндегі байырғы атажұрты болған Байсынның атауын ала келген. Жалайыр Жетісуға көшіп келді.
Кешегі аты дүркіреген Ляо, яғни Қара Қытай, Қидан патшалығының ұрпақтарының көбі Найманның ішінде Төлегетай бірлестігі болып(төрт Төлегетай руының шежірелік әкесі Қытай би деген адам), бірәзі Қытай-Қыпшақ, басқа руларда. Олардың бүгінгі Қытай мемлекетіндегі Хан ұлтымен түк қатысы жоқ. Кешегі Ғұндардың мұрагері Қоңыраттар да бір атадан тарағандай болып ортамызда отыр. Кешегі Қимақ қағанатын құрған Ибақтар, бүгінгі Абақтар Керейдің бір саласы болып Қазақ атанып отыр. Жаугершілікте барымталанған, өзі келіп сіңген Қызылбас, Қалмақ, Қырғыздан тыс, Қазақстан топырағына келген Араб халқынан Қожа руының әр тарауы қалыптасты. Осылай да осылай тоғысқан қан қаншама, олардың алды ру болып қалыптасып кеткен, соңы жеке аты болып кеткен. Дүркіреген Қыпшақ қағанатының иелері болған Қыпшақтар да бір уығымыз болып шаңырағымызға шаншылып отыр. Бұлардың бәрі ертеде бір-бір ұлт, бір-бір шет мемлекет еді, бәріміз бір арнаға құйылып асқақ Алаш болдық. Әлхамдулилла, қырық темірдің қылауынан ұлт болып ұйысып отырмыз. Қазақтың біреу руын кемсітсе атып тұратыны, Қазақты кемсітсе көп назар аудармайтыны содан. Өйткені, ру аты – оның ескі кездегі ұлтының аты.
Әбілқайыр ханның қарамағындағы елдің Алтын Орда ханы Өзбек ханның атына байланысты Өзбектер деп аталуы, Алтын Орда ханы Ноғай ханның атына байланысты Татар атанған жұртымыздың бір бөлімінің Ноғайлар атануы, Тұғырыл ханның ұрпақ қауымы болған Торғауыттардың Еділ өзенінің бойында Қалмақ хан ұлысы деп аталатын хандық құрып, хандықтың атауын бізге белгісіз болған Қалмақ хан дейтін әруақты адамның атына бағыштауы, кейін сол себепті Қалмақ атанып кеткені, Қимақ қағанатының тұңғыш ханы Татар хан деген адамның атына байланысты бір қауым елдің Татар атанып кеткені, Керей шежіресіндегі Қара би деп аталатын ескі ханның атына байланысты оған қараған бір қауым елдің Қарайт(Керейт) болып атанып кетуі, Найман шежіресіндегі Қытай бидің атына байланысты бір қауым елдің Қытай, кейін Қытан(Қидан) атанып, Ляо(Жол) патшалығын құрғаны, Алаша ханның атына байланысты бір қауымның Алаша руын қалыптастырғаны, Оғыз ханның атына байланысты бірсыпыра ұлыстардың жаппай Оғыздар атанғаны сияқты, тіпті Көк Түрік кезіндегі Моғол қағанның атына байланысты кейінгі Қияттан шыққан Шыңғыс ханның жаңа мемлекетін Моғол деп атағанындай, Алтын Ордаға қарасты ел Алтын Орда хандарының атынан тәбәрік алып, өздеріне ат қылып қойып, өздері сол атпен атанды. Бұрынғы дәуірде ұлы қағандардың атынан әр ұлыс-ру тәбәрік алып, оны өздеріне жаңа ат ретінде қолданып, тарихты мүлдем ұмытпаудың жолын салған.
Біздің Түркідегі Қоң-Тайшы деген билеуші атауы Ойратта ғана емес, Қидан патшалығында да болған. Қоңның ескі ұғымы күнді білдіреді. Қоңыр(Хунну) – күн адамы деген сөз. Тәңірі сөзіндегі ірі сөзі бүгінгі қытай тілінде рі(日)деген атаумен адам ұғымын береді. Керей Оң хан дегендегі оң сөзін зе ғалымдар Уаң деген билеуші атақ деп тәпсірлеген.
Қоңырат руындағылардың генетикасы
Әлемдегі халықтардың генофонл топтарының ішінде С деп аталатын генофонд бар. C тегінің ең басты ерекшелігі – ат жақтылары көп, көздері тым үлкен емес, жалпақ бетті, сары нәсілді, қара шашты, орташа бойлы, қасиеті көнпіс, шыдамды, жаужүрек, жаулап алуға, билеп төстеуге құмар, адал, аңғал, сенгіш болып келеді. Қазақ ішінде бұл текке қан мен сілекейден алынған нәтижелер бойынша Әлімұлы, Байұлы, Жетіру, Керей, Қоңырат, Үйсін руларының басым көпшілік адамы осыған жатады. Жалайырдың жартысы, Найман мен Уақтың үштен бірі, Арғынның Тарақты, Тобықты рулары жатады. Мұның бәрінің атасы – Ғұндар. Қытай тарихындағы бірсыпыра патшалардың қабірі мен ұрпақтарына жасалған зерттеу бойынша, олардың генофонд көрсеткіші С деп аталатын тек түрінен, яғни көшпенділердің нәсілінінен болып шыққанына қарап, Қытай тарихында Хан династиясынан басқа, нағыз Қытай текті патшалықты табу қиын. Қытайдың негізгі генофонд түрі – О2 және О1.
Мен ҚХР ғалымдары анықтаған С генофонд тобынае, яғни біздің Ғұн текті рулармен ұқсас тектен шыққан әлемнің маңызды тұлғаларын таныстырамын.
C1a1
Томохиса Маруяма (1978-), Жапониялық, Envirome, Inc компаниясының бас директоры.
C2
Шыңғыс хан – Азияның ұлы билеушісі.
Сараптама оның Қазақ, Моңғол ішіндегі ұрпақтарынан алынған.
Тұғырыл хан – Керей ханы, Шыңғыс ханның арқа сүйері. Сараптама оның Торғауыттардың ішінде гі тікелей ұрпағы негізінде және Қазақ пен Моңғолдағы Керей адамдарының қанын негіз етіп алынған.
Әмір Темір – Тұран империясының құрушысы.
C2b1a1b1
Юань-Уй – Қытай тарихындағы көшпенділер құрған Солтүстік Уй мемлекетінің билеушілер әулетінен.
C2b1a3a
Нұрқаш – Цин империясының негізін қалаған, көшпенді Журжын тайпасының көсемі.
C2b1b1
Есукей – Шыңғыс ханның әкесі.
C2c1a1
Шу Йингки – Жапонияның оңтүстігінен Таюанға дейін шашырап жатқан аралдарда құрылған Рошу мемлекетінің билеушісі.
C2c1a1a1
Даян хан – Шыңғыс ханның он бесінші шөбересі.
Лю Ён – Цин империясының маңызды министрі.
C2c1a2
Сун Дингонг – Қытай тарихындағы Сұң империясының императоры.
Сима И – Қытай тарихындағы Батыс Жин мемлекетінің негізін қалаушы.
ҚОҢЫРАТТЫҢ БАЙСЫН ДЕП АТАЛАТЫН АТАЖҰРТЫ ҚАЙДА?
Ғұн жайлы тарихи карталада Оңтүстік Ғұндардың шоғырланған жері бүгінгі ҚХР-дың Шанши, Санши өлкелеріндегі Сарыөзеннің(Хуанхэ) бойындағы сары топырақты үстірт ретінде көрсетілсе, Солтүстік Ғұндардың шоғырланған жері ретінде Қытайдың солтүстік-шығысындағы аумақ көрсетіледі. Біздің қазақ халқының адамдары бұрын жаппай басына ақ шыт тартқан. Барлық Қазаққа тән шыт тарту салты Алтай Қазақтарында шыт тарту салты үзілмей жалғасып келді. Туған баланың басы өсіп кетпесін деп те шыт тартады. Бәйгеге шапқан жастар шалма тартады. Қариялар ақ шыт тартады. Қытайдың солтүстігіндегі Қытайланған Оңтүстік Ғұндар деп есептелетін Шанши өлкесінің, яғни Сары өзеннің(Хуанхэ) тұрғындары да әлі күнге дейін ақ шыт тартады. Шанши әуені деп саналатын басқа қытай әуендеріне мүлдем ұқсамайтын ескі жорық әуені бүгінгі ҚХР музыка саласында айрықша беделге ие. Шаншилық әнші Абао туған өңірінің әндерін орындау барысында үнемі басына ақ шыт тартып алады.
Түркілердің әйелдерінің жаулық тартатынын ежелгі балбалдардан көруге болады. Ерлері де жалаңбас жүрмеген сыңайлы
Осыдан 5300 жыл бұрын жасалған шыт тартып, ауызын ашып ән айтып тұрған көшпендінің мүсіні ҚХР, Ішкі Моңғол автономиясының Ұланғаты қаласынан табылып тарихшыларды қатты қуандырған еді. Бұл өңірлер ескілікті Ғұндардың сайран салған жайлаулары болып есептелетін жер. Біз тілге тиек еткен, тарихтағы Солтүстік Ғұндардың шоғырланған жері болып табылатын, бүгінгі әтеш бейнесіндегі Қытай картасын алдыңызға жайып қарасаңыз, сол әтештің салбыраған тамақ тұсындағы Солтүстік Корея мен Қытай елінің шектесетін жерінде ұзыннан-ұзаққа созылған қытай тілінде Чаңбайшан деп аталатын тау бар. Бұл жерге Қытайлар Цин империясындағы Маньчжур халқының билігі құлағаннан кейін ғана келген. Таудың төл атауы Байшын(Байсын) 白神. Бұл төл атауды Корейлер әлі күнге дейін қолданады. Ал, Қытайлар Байсын, Байшын атауын өз тілдеріне бейімдеп Байшан деп атап, тау жүлгесінің ұзындығына байланысты Чаңбайшан деген. Чаң(长)атауы ұзын дегенді білдіреді.
Осы Байсын тауы және осы солтүстік -шығыс қытайға жақын тұстағы Бурятияда Байсын өзені бар. Бұл өңірлер, яғни бүгінгі солтүстік -шығыс Қытай жері Қоңыраттың, яғни Ғұнның күл төккен ата жұрты. Кейін Қоңыраттар, яғни Ғұндар тарихта жазылғандай батысқа жаппай көшіп, бір бөлімі Сыр-Дәрия мен Әму-Дәрияның бойына қоныстанды. Сол кезде олар атажұрттарын есте сақтау үшін екі өзеннің аралығын Байсын деді. Бірақ, бұл жер шөлді, жиделі дала болған соң Жиделі деген сөзді қосып айтып, Жиделі-Байсын аталды.
Байсын тауының өркешіндегі Пері көлі осы күнге дейін көрініп жарқырап жатады.
Еуропа жұрты Гун деп, Қытай Хун деп басқы атауын алған ежелгі Конгират елін біз Қоңыр деп атаудың орнына, солардың тілін дыбыстап Гунды Ғұн деп шамалап оқулыққа енгізіп жібердік. Хунну немесе Гунну деген сөздердегі Н әрпінің екі рет жазылуы ң әрпін білдіреді. Яғни, Қоң дегенге тілі келе бермейтін халықтардың естелігі. Конгират қағанатын құрған қағандардың туған әулеті Қоңырат болып арамызда жүр. Ат – көпшелік жалғау. Конгир – Қоңыр. Конгират – Қоңырлар деген сөз. Кунгирлар құрған ел қазір басқы Қ дыбысы тілдік өзгеріске сай түсіп қалып, Венгрия болып отыр.
Қағанаттың бәрін белгілі ру құрып, қағанат сол рудың атымен аталған. Қыпшақ қағанатын Қыпшақ ұлысы, Ғұн қағанатын Қоңырат ұлысы, Қимақ қағанатын Абақ ұлысы, Ашина жұртын Әже(Еже, Ежен) әулеті, Ұйғыр қағанатын Ұйғыр ұлысы, Қырғыз қағанатын Қырық ұлысы, Хиуа хандығын Қоңырат ұлысы, Қоқан хандығын Мың ұлысы, Түрік қағанатын Тұрғақ ұлысы, Моғол империясын Моғол ұлысы, Эфталит мемлекетін Абдал ұлысы, Қарақытай патшалығын Қодан ұлысы, Үйсін қағанатын Үйсін ұлысы, Түргеш қағанатын Сарыүйсін руы, Черкес қағанатын Шеркеш ұлысы, Найман хандығын Найман ұлысы, Аргиппей елін Арғын ұлысы, Кангюй қағанатын Қаңлы ұлысы, Печенег қағанатын Бежене ұлысы, Сібір хандығын Керей ұлысы, Алты Алаш қағанатын Алаша руы бастап құрған.
ҚЫПШАҚ ҚАҒАНАТЫ КЕЗІНДЕГІ ҚОҢЫРАТТАР
Қыпшақ қағанаты кезінде жалпы Қоңыратпен байланыстыруға болатын екі ұлыс бар. Оның біреуі Қоңыр деп те, Қоңырұлы деп те аталса, екіншісі Көтен ұлысы.
Қоңырат атауының қоңыр түсті жылқымен еш қатысы жоқ екенін, Ат сөзінің көпше мағынада екенін,түпкі атауы Қоңыр,Қонғр екенін бұрын жазғанмын.
Көтен ұлысы жайлы Ибын Халдун жазды. Қоңырұлы жайлы Әл-Нувейри قنعو، قنعر деп жазды. Мұны Қонғыр, Қонғо деп те оқуға, Қанға, Қанғар деп те оқуға болама. Бұл атау Қоңыратты да, Қаңлыны да өзіне жақындатады.
Ибын Халдун قنعر اعلى деп, Ибын Докмак قنعر وعلى деп жазды. Ибын Халдун жазған нұсқаны Қонғрағлы деп, Ибын Докмак жазған нұсқаны Қонғроғлы деп оқи аламыз.
Жалпы біздің Қоңырат өз ішінен Көктіңұлы және Көтенші деген екі үлкен ұлысқа бөлінеді. Көтеншінің түпкі атауы Көтен. Ибын Халдун Көтен ұлысының Қыпшақ қағанаты кезіндегі белді рулардың бірі екенін жазған.
ЕУРОПАДАҒЫ ҒҰН ҚАҒАНДАРЫ
Қама Тархан
Белбарыс қаған
Балтасар қаған
Ұлдан(Ұлтан) қаған
Дөңет қаған
Қаратон қаған
Оқтар қаған
Орығ(Орақ) қаған
Моншақ қаған
Біле(Білге) қаған
Еділ қаған(Еді қағанның ұлдары – Елек, Теңізек, Ұлтындыр, Еміндір, Ернек, Жаба)
Елек қаған
Теңізек қаған
Тұлды(Тұғылдыр) қаған
Ернек(Ерен) қаған.
Тарихта әйгілі болған екі Ғұн мемлекетінің өмір сүрген уақыты:
294 жылдық Ғұн қағанаты заманымызға дейінгі 201 – заманымыздағы 93
114 жылдық Еуропалық Ғұн қағанаты 352-496
Тарихшылардың кейбірі Ақ Ғұндар деп шамалайтын, нақты Ғұн екені толық дәлелденбеген мемлекет:
81 жылдық Абдал(Эфталит) мемлекеті 484-567
Кейінгі уақыттағы Қоңырат руының адамдары құрған мемлекет:
409 жылдық Хиуа хандығы 1511-1920
***
Қосымша пайдаланған әдебиеттер тізімі:
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998.
Гумилев Л. Н. Хунну. Срединная Азия в древние времена / Под ред. М. И. Артамонова. — М.: Издательство Восточной литературы, 1960.
Гумилев Л. Н. Хунны в Китае. Три века войны Китая со степными народами. III—VI вв. / Под ред. Л. П. Делюсина. — М.: Наука, Главная редакция восточной литературы, 1974.
Тайшан Юй. Исследование проблем истории и этнической идентичности гуннов в китайской историографии. // Китайский институт общественных наук. Научно-исследовательский институт истории.

Related Articles

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: