Орталық Әскери Окург қолбасшысы генерал-полковник Александар Лапин, Орталық Азия аймағындағы 2-ші және 41-ші біріккен жойқын қарулы күштердің қатысуымен де ірі көлемді әскери жаттығулар өткізетінін хабарлаған еді.
Қазақ, Қырғыз және Тәжік территориясындағы әскери нысандарды да қамтитын Орталық Әскери Окургтің алдағы ірі көлемді әскери жаттығуы Орталық Азияға көзалартып отырған төңіректегі аймақтық күштер мен державалардың назарын аударатыны анық. Осындай тұста бізге сүйегі әлде-қашан шіріп кеткен КЕНЕСАРЫ ХАН үшін қуанып отыра берудің пайдасы қанша? Сәуір бойы осы “қуаныштың” буымен мәз-майрам бейғам отырғанда Ресейдің біздегі әскери нысандары келелі стратегиялық іс-қимылын жүзеге асырып жібермеуіне кім кепіл? Стратегиялық нысандар іске асқан соң мың Кенесары келсе де түкке пайдасы жоқ. Біздің Кенесары Ханның бас сүйегіне құрдан-құр қуанып отыра берудің керегі жоқ, бізге КЕНЕСАРЫЛЫҚ СОҒЫС ТАКТИКАСЫН ЖАҢҒЫРТУ көбірек маңызды. Осы кезекте біздің ұлтқа тән шектен тыс бейғамдық пен салғырт масайрау өзге жұрттың пайдасына шешіліп жүрмесе игі еді. Хан Кененің оралуына қуана берейік бірақ өзіміздің одан кейінгі саяси стратегиямызды да естен шығармайық! Әсіресе әскери тактикамыз бен қорғаныс сақтығымызды басты назарда ұстап сергек отырайық.
Елдес ОРДА
07.04.2021
1 пікір
Ğaliy Baysımaq
Hannyñ basyn elge qaytaru qajet. Biz ăli kunge şeyin şyn tăuelsizdik alyp kôrgemiz joq. Olay deytin sebebim Kenesarynyñ basyn elge qaytara almay keludemiz ôkinişke oray. Bul bizdiñ eldigimizge syn şyntuwaytynda. Qaşanda biz ôz tăwelsizdigimizdi qorğay almasaq túbinde şetelge jem bolarymyz haq. Ôz ulttyq ruhymyzdy kôteriw ûşin birinşi kezekte bizdiñ õzara birligimiz myqty da bekem bolğany jõn. Tawelsiz eldiñ arbir atqan tañy ûşin ûnemi quwanyp jūriwge tiyis ekenimizdi arbirimiz bile bilsek bizdiñ keleşegimiz jarqyn bolaryna kamil senimim mol. Bolaşaq endigi jastardyñ qolynda. El bolam deseñ besigiñdi tùze degen atam qazaq. Tek birlik arqasynda ğana tùziw jolğa tùsip ilgeri jyljuwğa nyq qadam jasay alarymyz haq.