|  | 

Шоу-бизнис

Қытай билігін сынаған Джек Маның Alibaba компаниясына 2,8 млрд доллар айыппұл салынды


Джек Ма

Джек Ма

Қытай билігі Alibaba корпорациясына монополия шарттарын бұзды деп айып тағып, 2,8 миллиард доллар айыппұл салды. Бұл – ел тарихындағы ең ауқымды айыппұл. Компанияның негізін қалаушы Джек Ма қазанда Қытай басшыларын жұрт алдында сынаған соң үш айдай жоқ болып кеткен, ал оның тағы бір компаниясының акция сату науқаны кейінге қалдырылды.

Forbes журналы байлығы 65,5 миллиард деп бағалаған, Қытайдағы ең ауқатты адам саналып келген Джек Ма билікке қарсы пікір айтқан соң көп нәрсе өзгерді. 24 қазанда Шанхайда өткен экономикалық форумда Ма “кәрі-құртаңдар ойлап тапқан” реттеу шаралары заман талабына сай емес деп мәлімдеген әрі үкіметті қағазбастылыққа салынып, банктердің мүддесін қорғап отыр деп айыптаған.

Джек Маның алдында сол форумда мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің үзеңгілесі, Қытай төрағасының орынбасары Ван Цишань құттықтау сөз сөйлеген. Бизнесменнің сөзі Цишаньның өзіне айтылған сын деп қабылданды. Бұдан соң Ма үш айдай жұрт көзіне түспей кетті, осы аралықта оның активтерінің құны 15 миллиард долларға арзандады, қазір ол байлығы жөнінен Қытайдағы төртінші адам болып қалды.

Alibaba Group компаниясына қатысты тексеріс желтоқсанда басталды. Еуропа нарығында AliExpress деген интернет-дүкендерімен белгілі бұл компания “сатушыларды тек жалғыз платформамен сатуға мәжбүрледі” деп айыпталды. Бұл тәртіп тұтынушылардың құқықтары мен мүдделеріне қайшы келеді, сатушылардың бизнесіне кері әсерін тигізеді деді реттеуші ұйым.

Wall Street Journal басылымына сұхбат берген шенеуніктер Қытай басшылығы Маның бизнес империясының ауқымын кішірейтуге тырысады деген болжам айтты. Бұған қоса билік финтех-стартаптарды бақылау ережесін қатайтып, олардың жұмыс тәртібін банктікіне жақындатуды көздеп отыр.

Қарашада Қытай билігі адамзат тарихындағы ең ірі акция саудалау шарасын болдырмай тастады. Ма құрған Ant Group қаржы компаниясы Гонконг пен Шанхайда ІРО-ға шығып, 34,5 миллиард доллар тартуы тиіс болған. Осыдан кейін компанияның құны Bank of America-дан да қымбаттап, 315 миллиард долларға жетуі керек еді. Алайда саудаға екі күн қалғанда биржаны өткізуге тыйым салынды.

Bloomberg болжамы бойынша, осы ІРО-дан соң Ма әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 11-орынға көтерілер еді. Бұған қоса Пекин Alibaba-дан медиаактивтерін бөлуді талап етті, сонымен бірге Маның элиталық бизнес-мектебі жаңа студент қабылдамайтынын жариялады.

Қытайтанушы Александр Габуевтің айтуынша, Ма мен Қытай билігі арасындағы текетірес тек саясатқа тіреліп тұрған жоқ. Сарапшының пікірі бойынша, Қытай билігі дұрыс реттелмейтін қаржы компаниялары қаржы жүйесіне тұрақсыздық әкеліп, тұрғындардың наразылығын күшейтуі мүмкін деп қобалжиды.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Реформа 2023. Іскерлік белсенділік көрсеткішіне жан біте бастады

    Айбар Олжаев “Қаңтар оқиғасынан” кейін қолға алынған демонополизация өз жемісін бере бастады деуге болады. Былтыр 8 ай бойы құлдырап келе жатқан іскерлік белсендік көрсеткіші өткен айдың 2023 жылғы қаңтарда өсу аймағына өтіп, 50,7 пункт көрсетті. Қуантарлығы, іскерлік белсендік көрсеткіші әсіресе өндіріс саласында өсіп отыр. Оның индексі 52,1-ге жетті. Бизнес-ахуал индексі де жақсарды. Көрсеткіш барлық секторда ұлғайды. Бұл нені білдіреді? Бизнесте оптимизм пайда болды. Яғни, рейдерліктен қорқып, инвестиция салмау дәуірі аяқталып келе жатыр. Бизнес ертеңіне, заңдардың әділеттілігіне сенсе, ол уақытша эффектке емес, болашаққа жұмыс істейтін болады. Сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың бағалауы бойынша, бизнес жүргізудің қазіргі жай-күйі мейілінше қолайлы бола бастады. Олардың күтулері де жақсарды. Сонда 2023 жылдың басында бүгінгі және болашақ бизнес-жағдайлардың

  • Соғысқа “Леопард” араласпақ. Немістің бұл танкісі несімен мықты?

    The Associated Press Reuters агенттігі Немістің “Леопард 2″ (Leopard 2) танкісі. Германия билігі Украинаға “Леопард 2″ (Leopard 2) танкісін беруге және басқа елдерге де бұл танкіні Украинаға жеткізуге рұқсат берді. Бұл танкіні Украина билігі Германиядан бұрыннан сұрап келген еді.Бірақ Берлин “Леопард” танкісін Киевке ұзақ уақыт бергісі келмеді. Украина қызыққан бұл танк қаншалықты мықты? Түсіндіреміз.  “ЛЕОПАРД 2″ ДЕГЕН ҚАНДАЙ ТАНК?  “Леопард 2″ танкісін Германияның Krauss-Maffei Wegmann компаниясы жасаған. Компания “Леопардты” ату қабілеті, қорғанысы, жылдамдығы, айласы жағынан “әлемдегі ең мықты танк” деп сипаттайды әрі кез келген жағдайдағы шайқасқа жарайды дейді. 55 тонна танкіге төрт адам сыяды, ең жоғарғы жылдамдығы – 68 км/сағат. Бұл танкінің алғашқы нұсқасы 1979 жылы жасалған. Содан бері Германия 3500-ден

  • Майонез, мұнай мен Мега

    Сауда бойынша 2022 жылдың қортындысы шықты. Қазақстан халқы былтыр 15,7 триллион теңгеге бөлшек сауда жасаған. Яғни, біз сатқан, сатып алған тауарлардың жалпы құны 15,7 триллион теңге болды. Бұл – 33,7 миллиард доллар. Сонда бір жыл бойы бүкіл қазақстандықтардың жасаған саудасы Италияда шоколад жасайтын миллиардер Джовани Феррероның байлығымен теңескен. 2022 жылғы бөлшек сауда көлемі 2021 жылға қарағанда 2,1%-ға көп. Бірақ, менің ойымша бұған физикалық көлем емес, инфляция көбірек әсер еткен сияқты. Жалпы сауданың ішінде азық-түлік үлесі 35,6% болса, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 64,4%. Қазақстандағы бүкіл сауданың үштен бірін (32.3%) Алматы қаласы жасайды. Яғни, Алматы – елдегі ең үлкен базар қала. Алматының экономикасы былтыр 43 миллиард доллар болды. Бұл Өзбекстаннан 10 миллиард долларға

  • Ресейдің рекордты бюджет дефициті солтүстіктегі үлкен кризистен хабар береді

    По ком звонят колокола? Ресейдің рекордты бюджет дефициті солтүстіктегі үлкен кризистен хабар береді Бізге елдегі басы артық рубльден арылу жұмыстарын тездеткен жөн. Құнсыздаған Ресей валютасы банк баланстарына үлкен соққы бере алады. Ресей 2022 жылдың бюджеттік қортындысын шығарды. Бюджеттік дефицит 3,3 триллион рубльді құраған. Бұл 45 миллиард доллар. Біз үшін бүкіл бір Ұлттық қор десе де болады. Осы дефицитті жабу үшін Ресей өзінің әл-ауқат қорынан қаржы шығындамақ. Ресей әл-ауқат қорында 10,8 триллион рубль жатқан болатын. Оның 3,3 триллионы өткен жылғы дефицитті жабуға кетсе, қалатыны 7,5 триллион рубль. Ал биылғы дефициттері қандай болмақ? Ол үлкен сұрақ. Тіпті алдағы 2-3 жылда Ресей толық өз резервін құртып тастауы да ғажап емес. Екінші проблема –

  • БРИТАН АРАЛДАРЫНАН ЖАСАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҒАРЫШТЫҚ ҰШЫРЫЛЫМ СӘТСІЗ АЯҚТАЛДЫ

    2023 жылы 10 қаңтарда Алматы уақытымен таңғы төрт шамасында Ұлыбританиядағы Корнуолл космопортынан америкалық Virgin Orbit компаниясының “Cosmic Girl” деген атқа ие Boeing-747 ұшағы көтерілді. Сағат 05:11-де, 10,7 км биіктікте ұшақтың сол қанатының астына орнатылған LauncherOne зымыраны іске қосылды. Ол 500 км төмен жермаңы орбитаға 9 шағын жерсерікті шығаруы тиіс еді. Алайда 2-саты жұмысы барысындағы “аномалия” кесірінен зымыран орбитаға шыға алмады. Онымен бірге пайдалы жүктеме де Атлант мұхитына құлады. Virgin Orbit компаниясын құрған британ миллиардері Ричард Брэнсон өз меншігіндегі ескі жолаушы ұшағының бірін зымыран ұшыруға қайта жабдықтаған еді. “Cosmic Girl” бес рет Калифорния штатындағы Мохаве космопортынан көтеріліп, зымыран ұшырған. 2020 ж. 25 мамырдағы алғашқы әрекет сәтсіз болса, келесі төрт LauncherOne орбитаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: