Мәдениет министрі неге өтірік айтты?
Өткен аптада Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлованың Орталық
коммуникациялық қызметі алаңында халық алдында есеп беру кездесуі
өтіп, Қазақстандық режиссер Гүлнар Сәрсенова «Нартай» деген фильм
түсірді. Былтыр қатаң карантин болмағанда трагикомедия қалың
көрерменге жол тартар еді. Әттең, экранизацияның премьерасы
салтанатты түрде болған жоқ, дегенмен, интернет беттерінде трейлері
қаптап, фильм туралы ақпараттар шықты. Сауал осы фильмге қатысты
болған-ды. Өйткені, туындының музыкасын министр жазды.
Композитор ретінде шенеуніктің қанша гонорар алғанын білгіміз келді,
алайда, Ақтоты Райымқұлова «менің қатысым жоқ, барлық ақпарат
жалған» деп, басын ала қашты.
Құжаттарда көрсетілгендей, үш миллион алты жүз теңгеге гонорар
министр Райымқұловаға бөлінген. Ақпаратқа қолжетімділік елде
қамтамасыз етілген. Құжаттар арнайы сайттарда сарнап тұр. Министр
неге өтірік айтты екен. Өзіңіз айтқандай, мемлекеттік қызметкерлерге
шығармашылықпен айналысуға болса, айналысыңыз! Бірақ, дүйім
жұрттың көзін бақырайтып, сонша алдаудың не керегі бар??? неден
қорықтыңыз?)
Реестр к фин.отчету 1 Нартай Утвержденные титры Нартай
Пікір қалдыру