|  |  | 

Мәдениет Шоу-бизнис

Б.Төлегенова атындағы ХІ халықаралық вокалистер байқауы өтті

WhatsApp Image 2021-10-14 at 11.11.20

Нұр-Сұлтан қаласында Бибігүл Төлегенованың ХІ халықаралық вокалистер байқауы өз мәресіне жетті. Марапаттау, гала-концерт пен байқаудың салтанатты жабылуы 11-қазанда «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтіп, ХІ халықаралық вокалистер байқауының қорытындысы жария етілді. Байқау жеңіпазының есімі белгілі болды. Айта кетері – биыл Бибігүл Төлегенованың халықаралық байқауының 20 жылдығы Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен сәйкес келіп отыр. Халықаралық байқау әлемнің ең озық сахналарында еліміздің атын шығаратын жаңа жұлдыздарды жарқыратады.
Байқаудың гран-при жүлдесі Алматы қаласынан келген жас орындаушы, керемет баритон дауысты Көшкінбаев Дінмұхамедке берілді. Соңғы өткен байқаулардан кейін алғаш рет гран-при Қазақстанда қалды.

ХІ халықаралық вокалистер байқауының жеңіпазы Көшкінбаев Дінмұхамед жеңісі үшін ризашылығын білдірді. Әділқазы алқасы өзара кеңеспей, бір ауыздан әншіге жоғары балл қойды.
Әділқазы алқасының құрметті мүшесі Новиченко Тамара Дмитриевна: «Қазақ халқы ерекше бір музыкалық дарынға, вокалдық қабілетке ие. Бұл – ұлтқа тән ерекшелік. Барлық қатысушылар мықты, дайындығы жоғары. Мұндай мүмкіндік үшін сіздерге рахмет! Қонақжайлылық үшін ризашылығымызды білдіреміз», – деп атап өтті.

Форо Бонапарт музыкалық академиясының профессоры Анатолий Гусев Еуропаның классикалық музыка бойынша беделді байқауына қатысуға Бибігүл Төлегенованың вокалистер байқауының үш жеңіпазына шақыру дайындап жатқанын мәлімдеді. Олар іріктеу турына қатыспай, шетелдік байқауда бақ сынап көруге мүмкіндік алады. Анатолий Гусев: «Австриядағы Феруччо Карьерини атындағы халықаралық вокалдық байқау жетекшілігі мен дирекциясы Көшкінбаев Дінмұхамедке (Қазақстан), Де-Рель Габриельге (РФ) және Нәзір Отабекке (Өзбекстан) байқаудың бірден жартылай финалына қатысуға 3 сыйлық ұсынуыма рұқсат берді. Олар 2022 жылы болатын іріктеу турына қатыспайды», – деді.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ахмедьяров Ғалым сөз сөйлеп, Бибігүл Төлегенованың ХІ халықаралық вокалистер байқауының лауреаты Әубакирова Әсем Төлегенқызына арнайы сый – Қазақ өнер академиясында оқуға сертификат бергісі келетінін айтты.WhatsApp Image 2021-10-14 at 11.11.19

КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, қазақ бұлбұлы, қазақ өнерінің «маржаны», қазақ халқының мақтанышы, теңдесі жоқ Бибігүл Төлегенова мерейтойлық байқаудың ұйымдастырушылары, демеушілері, серіктестері мен қатысушыларына ризашылығын білдірді. Бибігүл Төлегенова бас демеуші «Самұрық-Қазына» АҚ, әлеуметтік серіктес «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің рөлін ерекше атап өтті. «Мен барлық қатысушыларды, дарынды, белсенді жас әншілерді шын жүректен құттықтаймын. Биылғы байқау ерекше болды. Орындаушылардың барлығы жоғары деңгейде дайындалған. Үздік орындаушыны таңдау қиынға соқты. Мұнымен әділқазы алқасының мүшелері келіседі деп ойлаймын. Дегенмен, ең мықтысы жеңді. Біз жоғары өнер әлеміне байқауда жолы ашылған жандардың кәсіби өмірінен әркез хабардармыз. Жаңа жұлдыздар әлемнің озық сахналарында еліміздің атын асқақтатады. Байқаудың құрылу кезеңдерінде Елбасының көрсеткен қолдауына алғыс білдіремін. Бүгінде байқауға ең жоғары деңгейде көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазған хатында байқауға қатысушыларға ақ жол тіледі.Бұл барлығымызға шабыт береді. Бас демеушілер мен Мәдениет және спорт министрлігіне айтар алғысымыз мол», – деді сөйлеген сөзінде ХІ халықаралық вокалистер байқауы әділқазы алқасының төрайымы, КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мен Қазақстанның мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, академик Бибігүл Төлегенова.WhatsApp Image 2021-10-14 at 11.11.20 (1)

«Жоғары классикалық өнер жанкүйерлері үшін әдемі опера музыкасынан ләззат алып, байқау жеңіпаздары мен лауреаттарының өнеріне куә болуға, жас дарын иелерінің шығармашылығына лайық баға беруге мүмкіндік туды», -деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов.

«Өз тарапымыздан Бибігүл Төлегенованың халықаралық вокалистер байқауын өткізу бастамасына әрқашан қолдау білдіруге уәде береміз», -деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов.

Усманов Рамиз биылғы байқауға әділқазы мүшесі ретінде қатысып отыр. Ол байқауға шақырылғаны және классикалық орындау өнерінің шеберлерімен бірге әділқазы мүшесі етіп сайланғаны үшін ризашылығын білдірді. Бүгінде Рамиз Усманов Ә. Науаи атындағы Мемлекеттік академиялық Үлкен театрдың солисі, Өзбекстан халық әртісі.
Еске салайық, 2021 жылғы 1-11 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, қазақ бұлбұлы, академик Бибігүл Төлегенованың Халықаралық вокалистер байқауы он бірінші мәрте өткізілді.

Related Articles

  • Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Microsoft компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс өзінің байлығын қайда жұмсайтынын ресми мәлімдеді. Кәсіпкер Африка елдеріндегі денсаулық сақтау, білім беру және кедейлікпен күрес салаларына шамамен 200 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. «Жуырда мен өз байлығымды 20 жылдың ішінде толықтай тарату жөнінде шешім қабылдадым. Қаражаттың басым бөлігі осы жерде, Африкада, түрлі мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталады», – деді Билл Гейтс өзінің қорымен бірлескен баспасөз мәслихатында. Басты басымдықтар: – инфекциялық аурулармен күрес (соның ішінде безгек, туберкулез, ВИЧ); – ана мен бала денсаулығын жақсарту; – ауылдық аудандардағы білім беру сапасын арттыру; – таза ауызсу мен санитария инфрақұрылымын дамыту; Билл Гейтс: «Бұл – қайырымдылық емес, бұл – инвестиция.

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

  • Қақпаннан босаған Көк бөрі.

    Қақпаннан босаған Көк бөрі.

     Олжас Бектенов үкіметі «экономикалық ғажайыпқа» бір табан жақындай түсті Биылдың төрт айы бойынша Қазақстан «орта табыс тұзағынан» құтылып отыр. Егер осы көрсеткішті жыл аяғына дейін ұстай алсақ, онда мұнай бағасы құлаған уақытта ішкі жалпы өнімді 6 пайызға өсіре алған «феноменалды экономика» иесі атанамыз. Бізге мұнай көмектеспесе, өсім ненің есебінен келді? 2025 жылғы қаңтар-сәуір аралығында Қазақстан экономикасының өсуі 6% болды. Ең мықты импульсті көлік және тасымал саласы беріп отыр. Осы сала 22,4 пайызға өскен. Біз жаңа темір жолдарын пайдалануға беру арқылы теміржолдағы жүк тасымалын жақсы арттырғанбыз. Яғни көбірек жүк таси бастадық. Бұл еліміздің транзиттік логистикалық бизнесті жақсы жолға қойғанын байқатады. Онымен қатар, транзиттік құбыр арқылы шикізат тасуды да жақсы дамыттық. Тасымалдан

  • Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Бірақ бұрыннан айтылатын екі принцип сол баяғы өзгермейді. Себебі оны уақыт және өзге елдердің тәжірибесі дәлелдеді: 1. Заң, жарлық, ереже, шешімдермен тілге сұраныс туғызу. Онсыз тіл ешкімге керек емес. Тіл ақша табуға, білім алуға, өзгемен байланысқа түсуге қажет болғанда ғана сұранысқа ие болады, сонда ғана адамдар мәжбүрлі түрде үйренеді. Шетелде оқығың келе ме, IELTS, TOEFL тапсыр. Ол үшін ағылшын оқы. Халықаралық компанияда істеп, көп жалақы алғың келе ме, алдыңғы сөйлемде жазылған шарттарды орында. Сұраныс туғызу механизмі осылай жұмыс істейді. 2. Тіл иесі саналатын ұлт өкілдерінің принципшілдік танытуы. Яғни, тілің кең тарасын десең, оны кең қолдан. Үйде, түзде, басқа жақта. Англияда түріктің кафесіне кірсең, өзара түрікше сөйлесетін. Астанада үй жөндейміз деп

  • Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ.

    Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ.

    Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ. Сөйлеушілер саны 15 млнға жететін тіл алдағы кемі 1-2 ғасырда жойылмайтыны анық. Қоғамның талабы – қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тіл функциясын атқара бастауы. Және ол бастаманың көш басында президенттің өзі мен мемлекеттік аппарат тұрғанын талап етеміз. Қазіргі ситуацияны қалкй бағалауға болады? Қазір қазақ тілі яғни мемлекеттік тіл шын мәнінде қосымша тіл, жанама тіл, аударма тілі ғана болып тұр. Оны неден байқаймыз? Ерлан мырза, қол астыңыздағы аппараттың құжат айналымына назар салып көріңіз. Тіпті күзетшілер мен тазалықшы санитарларға тарататын құжаттың өзі тек орысша жасалады. Оған толық сенімдімін. Бухгалтерияңызға назар салыңыз, барлық құжат тек орысша жүреді. Мемлекеттің кез келген бастамасына назар салыңыз,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: