|  | 

Жаһан жаңалықтары

Ауғанстанның ұлттық қарсылық майданы АҚШ-та өз өкілдігін тіркеді

Ауғанстанның Ұлттық қарсылық майданы.

Ауғанстанның Ұлттық қарсылық майданы.

Ахмад Масуд жетекшілік ететін Ұлттық қарсылық майданы (ҰҚМ) АҚШ-та өз өкілдігін тіркеді. Бұл майдан Ауғанстанда билікті басып алған “Талибан” радикал қозғалысымен күресіп жүр.

АҚШ-та өкілдік тіркелгені жөнінде 28 қазанда Ұлттық қарсылық майданы сыртқы байланыс бөлімінің басшысы Әли Майсам Назари хабарлады. Оның айтуынша, АҚШ-тағы өкілдік – Ауғанстан ұлттық қарсылық майданының шетелдегі алғашқы миссиясы.

Енді ҰҚМ өз мүддесін шетелде ресми түрде қорғап, америкалық саясаткерлерді ауған оппозициясына көмектесуге көндіруге тырысады, дейді Әли Майсам Назари. Қарсылық майданының ресми өкілінің айтуынша, АҚШ әскери-саяси ұйымды тіркеуге рұқсат бере бермейді.

Әли Майсам Назари екі күн бұрын әлеуметтік желіде ҰҚМ саяси қызметін де жандандыратынын жазған. Жақында ол Ауғанстандағы жағдайды Италия парламентінің депутаттарымен бірге талқылаған. Әли Майсам Назари кездесу түсірілген суреттерді желіде жариялады.

Ауғанстан ұлттық қарсылық майданы, биыл тамызда “Талибан” Кабулды басып алғаннан кейін, Панжшер провинциясында құрылды. Радикал қозғалыс билігін мойындаудан бас тартқан күштер Ахмад Масуд маңайына топтасты.

Қазір Панжшерде не болып жатқаны беймәлім. Тәліптер провинцияда ұялы байланыс пен интернетті үзіп, шатқалға баратын жолдардың бәріне бақылау орнатты.

Екі апта бұрын Панжшерде бір топ адамды бір қорымға көмгені туралы мәлімет тарады. Бірақ тәліптер “бейбіт панжшерліктерді қырған” деген айыпты жоққа шығарып отыр.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ президенті Тайваньді қорғау үшін әскери күш қолдануға дайын екенін мәлімдеді

    АҚШ президенті Джо Байден Президент Джо Байден, егер Қытай басып кірер болса, АҚШ-тың Тайваньді әскери жолмен қорғауға дайын екенін растады. “Бұл мойнымызға алған міндетіміз” деді Байден Токиода өткізген баспасөз конференциясында. АҚШ президенті мұнда жексенбі күні Азия елдеріне сапары барысында келген. Бұл ақпаратты Associated Press таратты. “Қытайдың Тайваньға күш қолдану жөніндегі кез-келген талпынысы жөнсіз болады, өйткені ол әрекет Украинадағы жағдай сияқты тұтас аймақтың тыныштығын бұзады” деп мәлімдеді Байден. АҚШ президентінің сөзінше, Ресейдің Украинаға басқыншылығынан кейін Тайваньді қорғаудың өзектілігі арта түскен. Байден сөзінен кейін Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь “Тайвань – Қытайдың ажырамас бөлігі” деп мәлімдеді. “Тайвань мәселесі — тек қана Қытайдың ішкі ісі”, — деген Вэньбинь, бұл мәселе бойынша келісімпаздық болмайтынын айта кетті. Бұрын АҚШ Тайваньға қауіпсіздік кепілінін беруден тартынып келген. 1979 жылдан бері АҚШ-тың Тайваньмен байланысын

  • Батыс берген қару-жарақ Украинаға көмектесе ала ма? Сарапшымен сұхбат

    Рид СТЭНДИШ Әскери беренді техникаға мініп келе жатқан украин жауынгерлері. Украина құрлық әскері баспасөз қызметі 2022 жылғы 19 сәуірде жариялаған сурет. Ұлыбританиядағы Консервативтік партияның қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бұрынғы кеңесшісі, Article 7 консалтинг тобының бас директоры Гарван Уолш Батыстың әскери техникасы Украинаға қалай көмектесе алатынын, соғыстың ендігі кезеңі неліктен логистикаға байланысты екенін айтты. Ресей әскері Украинаның шығысындағы шабуылын күшейте бастаған шақта, Батыс елдері Киевті қуатты қару-жарақпен қамтамасыз етуге тырысып жатыр. Украина бұл соғыста табандылықпен қарсылық танытып, Ресей әскері елдің солтүстігінен кетті. Бірақ сарапшылар соғыстың ендігі кезеңі Батыстың әскери көмегі қандай болатынына байланысты өрбиді дейді. Жуырда АҚШ Украинаға қауіпсіздігін нығайтуға 800 млн доллардың көмегін беруді мақұлдаған. Словакия, Балтық елдері, Канада секілді басқа мемлекеттер

  • Қара теңізде Ресейдің “Мәскеу” крейсері суға батты. Оған не болды?

    Марк КРУТОВ “Мәскеу” крейсері Ресейдің Қара теңіздегі әскери флотының флагманы болған. 14 сәуір кешке Ресей қорғаныс министрлігі елдің Қара теңіздегі әскери флотының флагманы – “Мәскеу” крейсері суға батқанын хабарлады. Сарапшылар зымыран қаруы бар крейсерден айырылу Ресей флотына елеулі соққы болып тиетінін айтады. 13 сәуір кешке Украинаның Одесса облыстық әскери әкімшілігінің басшысы, полковник Максим Марченко telegram-каналына Ресейдің Қара теңіз флотының флагманы (жолбасшы кеме) саналатын, зымыранмен жабдықталған “Мәскеу” крейсеріне Украинаның кемеге қарсы екі “Нептун” зымыраны тигенін жазды. Бірнеше сағаттан кейін Ресей қорғаныс министрлігі ТАСС агенттігіне кемеде өрт болғанын растады. Әскери ведомство “Өрт салдарынан “Мәскеу” зымыран крейсерінде оқ-дәрі қоры жарылды. Кемеге едәуір зақым келді. Экипаж толықтай эвакуацияланды” деп мәлімдеп, өрттің шығу себебі анықталып жатқанын айтқан.

  • Ресей әскері Донбассқа шоғырланды. Украина соғыстың жаңа кезеңіне қалай дайындалып жатыр?

    Рид СТЭНДИШ Донбасстағы сепаратистер. АҚШ теңіз әскерінің отставкадағы полковнигі, Вашингтондағы стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының кеңесшісі Марк Кансиан Азаттыққа сұхбат берді. Ол Украинадағы соғыстың келесі кезеңінде не болатынын, неліктен Киевке оқ-дәрі көбірек қажет екенін және Ресей әскерінің тығырыққа тірелу себептері туралы айтты. Украинадағы соғыс елдің шығысы мен оңтүстігіне ойысып жатқанда, Киев НАТО елдерінен Ресей әскерін жоюға қажет қару-жарақ сұрады. Жуырда Чехияның Украинаға совет кезінде жасалған Т-72 танкін, гаубица мен брондалған техникасын жібергені белгілі болды. Осылайша олар Киевтің өтінішіне құлақ асып, қолдаудың жаңа деңгейіне өткенін білдіргендей болды. Польша, Ұлыбритания секілді елдер де қару-жарақ жіберіп жатыр. Украинаға жүздеген миллион доллар жұмсағанын мәлімдеген АҚШ та қосымша құрал-жабдықтарын тасымалдап жатыр. Дегенмен Украина күштеріне енді тактиканы өзгертіп,

  • Британдық Мастиф(british mastiff vehicle)

    НАТО Украинаға ауыр қару-жарақ жеткізуді бастайтын болды. Олардың арасында 90 жылдары шыққан AS-90 бар. AS-90: Массасы – 45,0 тонна Ұзындығы – 9,07 м Ені – 3,5 м Биіктігі – 2,49 м Қозғалыс кезіндегі экипаж – 5 (1 жүргізуші + 4 зеңбірекші), көмекшілерді қосқанда 10 адам Құрыш – максималды 17 мм болат Негізгі қару – 155 мм L31 39 калибрлі атқыш түтікше (48 патрон) Қосалқы қару – 7,62 мм НАТО L7 жалпы мақсаттағы автоматты пулемет Қозғалтқыш – Cummins VTA903T V8 дизельді қозғалтқышы 660 ат күші (493 кВт) Массалық Қуаты – 14,66 ат күші/т Суспензия – Гидропневматикалық (Гидрогаз) Операциялық аумақ – 420 км жол Максималды жылдамдық – 53 км/сағ Британияның Украинаға жіберген

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: