|  |  |  |  | 

Көз қарас Оқиға Саясат Сұхбаттар

Ықтимал мемлекеттік төңкеріс әрекетіне тап болдық – Мемхатшы

 

Фото ©Tengrinews.kzФото ©Tengrinews.kz

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Қазақстан қалаларында болған оқиғалар туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“4-8 қаңтар аралығында Маңғыстауда болып, жағдайды тұрақтандыру бойынша өңірлік штабтың жұмыстарына қатыстым. Өздеріңізге белгілі бұл аймақта алғашқы күндері наразылық акциялары басталды, олар ауқымды және бейбіт басталған. Митингтер Жаңаөзен, Ақтау және басқа да елді мекендерде болды. Президенттің тапсырмасымен үкіметтік комиссия құрылды”, – деді Ерлан Қарин “Хабар-24″ телеарнасының эфирінде.

“Оның міндеті осы жағдайды реттеу болды және комиссия Ақтауға кетті, қоғам белсенділерімен, наразылық акцияларына шыққандармен кездесті және осы мәліметтер негізінде келіссөздер, консультациялар, кездесулер ұсынылды, олар Президенттің үндеуінде айтылды. Газ бағасына қатысты оң шешімдер қабылданды, бірақ Маңғыстаудағы штабтың жұмысы тоқтаған жоқ, біздің міндетіміз осы өңірде жағдайдың одан әрі ушығуға жол бермеу болды”, – деді Қарин.

Оның айтуынша, Қазақстанның барлық қаласында лаңкестердің әрбір әрекеті мұқият жоспарланған. Қарин жағдайды тұрақтандыру жұмыстары аяқталған кезде барлық себеп пен жағдайды тергеу жұмыстары жүргізілетініне сендірді.

“Сонда, әрине, қалай өрбігенін, қалай жоспарланғанын толық айтып, хабарлауға болады, бірақ бәрі қалай тез өрбігеніне байланысты мұның бәрі қаншалық мұқият ұйымдастырылғандығы және осы топтардың барлығы қалай әрекет еткені бойынша, әрине, әрбір оқиға қандай да бір үлкен жоспардың бір бөлігі болды деп айтуға болады. Себебі әртүрлі аймақтағы, тіпті бір өңірдегі әртүрлі бытыраңқы топтардың іс-әрекеті мемлекеттік мекемелерді, құқық қорғау органдарының ғимараттарын, қару-жарақ алу жөніндегі акцияларды, байланыс құралдарына бағытталған соққыларды, жолдарды, инфрақұрылымдық объектілерді басып алу жөніндегі ұқсас міндеттерді бір алгоритмге айналдыру үшін осындай мұқият жоспарлау керегін ойлай беріңіз. Командаларды өздігінен дамыту және тарату мүмкін емес”, – деді Мемлекеттік хатшы.

Мемлекеттік хатшы бұл топтардың нақты жоспарланған үйлесімді әрекеттері деп санайды. Олардың міндеті – жағдайды жалпы тұрақсыздандыру.

“Түпкі мақсатын қазір айту қиын, бірақ менің ойымша, біз жалпы тұрақсыздандыру және Ықтимал мемлекеттік төңкеріс әрекетіне Қазақстанға гибридті террористік шабуылға тап болдық. Бұрын болған оқиғалар негізінде. Біреулер барқыт революциясымен салыстырады, бірақ Қазақстанға қатысты бұл әрекеттер тиімсіз болды. Дегенмен біздің елдегі жағдай басқа және билік ұстанымы тиянақты. Олар “түрлі-түсті” революцияның классикалық үлгісі болып кетуіне жол бермес еді. Ең ақырында Қазақстанда мүлде басқа модель болды. Жағдайды тұрақсыздандырудың басқа сценарийі, радикал және террористік топтарды қолдану арқылы болды”, – деді Қарин.

Related Articles

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: