|  |  |  |  | 

Жаңалықтар Көз қарас Саясат Сұхбаттар

“Тоқаев күшейе түседі”. Жовтиспен қаңтардағы оқиғалар мен оның салдары жайлы сөйлестік


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстанда қаңтардың басында сұйытылған газ бағасының қымбаттауынан қарсы наразылықтан соң елде тәртіпсіздік болып, билік төтенше жағдай жариялады. Елдің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев позициясын нығайта түсті. Тоқаев билікті қалай шоғырландырып жатыр? Елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев неге көрінбей кетті? Тоқаевтың сөзі неге қатқыл және ол не үшін ҰҚШҰ көмегіне жүгінді? Оның “белсенді сымақтар” мен еркін БАҚ туралы сөзі нені білдіреді? Осы сауалдарды Қазақстандағы адам құқығын қорғау бюросының жетекшісі Евгений Жовтиске қойдық. 

Азаттық: Кейінгі күндері елдегі көп жағдайды өзгерткен оқиғалар: наразылық, тәртіпсіздік болды. Төтенше жағдай жарияланды. Билік теракт жайлы айтты. Қоғамда элита арасындағы тартыс туралы да айтылды. Сіздіңше, елде не болып жатыр?

Евгений Жовтис: Мұнда бірнеше фактор бар. Біріншіден, ашу-ыза шегіне жетті. Бұған қоса, билікке легитимділік жетпейді, сенім мен қолдау жоқ. Күштік құрылымдарға да сенім жоқ. Біздегі сайлау сайлауға ұқсамайды. Бұған дейін билік елдегі жағдайды бақылап отырғанымен, осының бәрі билік пен халық арасын қатты алшақтатты. Пандемия мен мұнай бағасының құлдырауы да қатты әсер етті. Кейбір адам жұмысынан айырылды, табысы азайды. Мұның көбі – қазақтілді жастарға, үлкен қалаға ауылдан келген жастарға қатты соққы. Бұл – бірінші бағыт.

Евгений Жовтис

Евгений Жовтис

Екінші бағыт – кландар мен элиталар арасындағы қақтығыстар. Белгілі бір элиталы топтар бір-бірімен қақтығысып жатыр. Кейбірінің криминалмен байланысы бар және толық қаруланбаса да жартылай қаруланған күштері бар. Үшінші бағыт – белгілі бір мақсаттары бар ислам радикалдары.

Бұл үш бағыттың елдегі жағдайға қандай мөлшерде әсер еткенін дөп басу айту қиын. Бірақ бір нәрсе анық, тонау, тәртіпсіздік ашуланған жастармен қатысты. Олар әлеуметтік лифтіден айырылған, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қиындығынан зардап шеккен.

Ал әкімдікке шабуыл жасап, әуежайды басып алу фактісі көбіне екінші және үшінші бағытқа жатады.

ЭКС-ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҮНСІЗДІГІ ҺӘМ ҚАЗІРГІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӘРЕКЕТІ

Азаттық: 5 қаңтарда Тоқаев Назарбаев “өмір бойы басқарады” деген Қауіпсіздік кеңесін өз қолына алды. Ал экс-президент Назарбаев жұрт алдына шықпай кетті, тек баспасөз хатшысы елде екенінжәне Қауіпсіздік қызметі төрағалығын өз еркімен берді деген хабарлама жариялады. Қауіпсіздік қызметінің төрағалығын бұлай беру заңды ма?

Евгений Жовтис: Алдымен Конституцияға, одан кейін Қауіпсіздік кеңесі жайлы заңды қарастырайық. Конституцияда Қауіпсіздік кеңесін қазіргі президент құратыны жазылған. Бұл – президенттің органы. Ал Қауіпсіздік кеңесі туралы заңда бірінші президент өмір бойы төрағасы деп бекітілген. Төтенше жағдай кезінде Назарбаев төрағалықты Тоқаевқа берсе, бұл жерде ешқандай мәселе жоқ деп ойламаймын. Бірақ 8 қаңтарға дейін Назарбаев туралы хабар болмады. Елде қайғы және осындай жағдай болып жатса да, экс-президент үнсіз болды, хабарлама да шықпады. Кейін баспасөз хатшысы шығып, Назарбаевтың әлемдік лидерлермен тілдескенін, Тоқаевпен байланысып отырғанын жазды. Бірақ біз экс-президенттің бір ауыз сөзін оқымадық, экраннан да көрмедік. Баспасөз хатшысының жазбасы ғана бар. Мұның бәрі бір саяси ойындай көрінеді. Бірінші президент жайлы хабарлама кеш болса да ақпарат алаңына шығуы бір элитаның екіншісіне жіберген сигналы сияқты.

Алматыдағы тәртіпсіздік. 5 қаңтар 2022 жыл.

Алматыдағы тәртіпсіздік. 5 қаңтар 2022 жыл.

Азаттық: Елдегі жағдайда алаңдататын басқа да факторлар бар ма?

Евгений Жовтис: 8 мыңға жуық адам ұсталды дегенді естідік. Ұсталғандармен не болып жатқаны, оларды қайда ұстап отырғаны, құқықтары сақталып жатыр ма сол жағы белгісіз. Біздің ұйыммен ұсталғандар мен олардың жақындары байланыспады. Ұсталғандар арасында тонаушылар мен өртегендерден бөлек басқа да адамдар бар деп ойлаймыз. Кездейсоқ адамдар да, бейбіт митингіге шыққандар да болуы мүмкін.

Қырғызстандық музыкантпен болған шу (қазақстандық арналар 90 мың теңгеге митингіге қатысуға келген қырғызстандықты көрсеткен, кейін ол осы елдегі белгілі музыкант Викрам Рузахунов болып шыққан еді. Туыстары оны азаптаған деді, ал Қырғызстан Қазақстанға нота жолдады – Ред.) мен адвокаттардан хабарың жоқтығы алаңдатады.

Президент наразылық бейбіт түрде басталды десе де, Ақтөбе, Атырау, Семей және басқа қалаларда талаптар әділ болса да, бейбіт митингіге қатысқандарды ұстай бастады. Оларды әзірге бірнеше күнге әкімшілік қамауға алды. Мені қатты алаңдататыны, бейбіт митингіге шыққандарға қарсы түрлі теріс риторикалар пайда бола бастады. Мен бұл тұста зорлық жасап, әкімдікке шабуыл жасағандар туралы айтып тұрғаным жоқ. Кейбір белсенділерге ауыр айып тағылып жатқаны жайлы сөздер шыға бастады. Бұл мені қатты алаңдатады. Олай жасауға болмайды, себебі бұл – бейбіт азаматтық қоғам мен бейбіт оппозицияны қылмыскерге айналдыру.

Азаттық: ҰҚК басшылығы отставкаға жіберілді. 5 қаңтарда Тоқаев ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары етіп Мұрат Нұртілеуді тағайындады. Бұған дейін бұл қызметті Назарбаевтың жақыны Самат Әбіш атқарды. 7 қаңтарда ҰҚК Әбіштің ұсталғанын жоққа шығарып, оны бірінші орынбасар деп көрсетті. Төрағаның бірінші орынбасары қызметін екі адам атқара ала ма?

 

Евгений Жовтис: ҰҚК құрылымы ұлттық қауіпсіздік туралы заң мен ішкі құжаттармен анықталады. Онда бірінші орынбасар бір я екі адам болуы мүмкін.

Қазіргі жағдайда мені ҰҚК көп уақыт бойы бейбіт адамдар мен саяси оппозицияға, қоғамдық ұйымдарға қысым жасауға, аңдуға көп уақыт пен қыруар ақша бөлгені алаңдатады. Мұны 20 жыл бойы көрдік. Басынан бастап барлығын жаппай бақылауда ұстаудың қажет емесін, шынайы қауіппен ғана күресу керегін айттық.

Шынайы қауіпті, шабуылды көрдік. Бірақ ҰҚК реакция танытпады. Осыдан шығар қорытынды, ҰҚК ештеңе білмей жіберіп алды я ҰҚК бірдеңе біліп, басқарды және ешқандай шара қолданбады.

Осы жағдайда мен үшін ҰҚК-ны кім басқарғаны, төрағаның неше орынбасары болғаны маңызды емес. Комитеттің совет заманынан қалған саяси полиция қызметінен арылып, қауіп қатермен күресететіндей жаңарғаны маңызды.

Азаттық: Елдің ішінде қақтығыс болып жатқанда ҰҚШҰ әскерін кіргізу заңды ма? Бұл қандай да бір қауіп төндіре ме?

Евгений Жовтис: Бұл идеяға өте сақтықпен қараймын. Себебі кез келген қақтығысты интернационализация жасау, меніңше, қате. Қазақстан билігі мен арнайы қызметтердің жағдайды бақылауға алуға күші жеткілікті деп ойлайтынмын. Ал ҰҚШҰ күштерін кіргізу белгілі бір кезеңде Тоқаевқа пайдасы тиді деп ойлаймын. Біріншіден, ол арнайы қызметтердің кейбір аймақтардағы жағдайды бақылауға алатынына, адалдығына күдіктенуі мүмкін. Екіншіден, жағдайдан элитааралық қақтығыс байқалды, ал Тоқаев осы тұста ресурсының жеткілікті екенін, Ресей президенті Путиннен қандай да бір қолдауы бар екенін көрсеткісі келгендей.

Егер ҰҚШҰ күштері осы аптада я келесі аптада елден шықса Тоқаевқа плюс, себебі ҰҚШҰ күштерінің келуі елдің тәуелсіздігіне төңген қауіп деп жатыр. Ал әскерилер тағы біраз уақытқа қалса, Тоқаев теріс әсері көп болмақ.

РИТОРИКА ӨЗГЕРДІ МЕ?

Азаттық: Көп адам “Естуші мемлекет” концепциясының авторы Тоқаевтың риторикасы кейінгі күндері өзгергенін байқаған. Ол басында демонстранттармен диалог жайлы айтты, кейін ескертусіз атуға бұйрық берді. Мұның артында не тұр?

Евгений Жовтис: Тоқаевтың риторикасы кейін тағы өзгергенін баса айтар едім. Ол бейбіт митингіге шыққандардың талабын естідік деді және шешуге тырысты. Бұл жерде бәрі қиын. Тоқаевтың тәртіпсіздікке қатысты реакциясы қатал болды, себебі Алматы мен бірнеше қала екі-үш күн бойы бақылаудан шығып кетті, әкімдіктер өртенді. Осы тұста не айтуы керек еді? Сондықтан “халықаралық террористік бандалар” термині шықты. Кейін риторика салмақтырақ болып, “террористер” және “бандиттер” дей бастады. Бұл – көшедегі тәртіпті орнатуға деген талпынысқа реакция. Себебі халықтың көбі қауіпсіздіктеріне кепілдік пен қатаң мәлімдемелер тыңдағысы келді.

Азаттық: Тоқаевтың “ескертусіз ату” туралы бұйрығы қаншалықты заңды?

Евгений Жовтис: Әрине, заңға сай келмейді. Меніңше, мұның саяси риторикасы басым. Тоқаевтың мұнысын саяси сөз деп қарастырамын. Бұл қатаң естілгені түсінікті. Бірақ ескертусіз ату заңсыз. Заң бұған рұқсат бермейді. Заңға сай, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен азаматтардың өміріне тікелей қауіп төнгенде ғана атуға болады.

Әрине, қарулы қарсылық болғанда күштік құрылымдардың мүмкіндігі көп, бірақ біздің заңымызда қай кезде күш қолдану керегі жазылған. БҰҰ-ның негізгі қағидаларынан бастап, халықаралық стандарттар да бар.

Азаттық: Тоқаев мәлімдемесінде елдегі жағдайға деструктивті күштерден” бөлек, “ойына келгенін айтатын” “белсенділер” мен “құқық қорғаушыларды” айыптады. Бұл сөзімен не айтқысы келді?

Евгений Жовтис: Меніңше, бұл – саяси жанрдағы сөз және бірқатар белсенділер мен құқық қорғаушылар бейбіт митинг туралы заңды сынағанына ашулану. Мен қазірше бұл мәлімдемені саяси риторика арқылы ашуын шығарып алу деп қарастырамын. Біз қазіргі болған жағдайдың қайғылы екенін, әділетсіз екенін атап айттық. Құқық қорғаушылар адам құқығын қорғаумен айналысып жүр. Олар митингіге қатыспады, біздің мақсатымыз адам құқығының сақталғанын, бейбіт митинг құқығын бақылау. Сондықтан құқық қорғаушыларды шүйлігудің қажеті жоқ. Бірақ қарау керек, бұл сөз жүзеге аспайды, халықаралық БАҚ, құқық қорғаушылар мен белсенділерге қысым жасалмайды деп үміттенемін. Алда жағдай не болатынын парламентте не айтылатынына, премьер-министр кім болатынына, президент қандай бағдарлама қабылданатынына қарау керек.

 

Азаттық: Енді бейбіт митингілермен не болады? Билік жұртқа “қараңдар, бейбіт митинг неге алып келетінін” дегенді меңзеп жатыр.

Евгений Жовтис: Бейбіт митинг өткізу құқығы тәртіпсіздікке әкеледі деп айту ақымақтық. Биліктің мақсаты, біріншіден, мәселені уақытында шешу, бейбіт наразылармен дұрыс диалог құру. Екіншіден, радикал және агрессивті топтардың әрекетін анықтайтын жеткілікті күш жасақтау.

Азаттық: Тоқаев тәуелсіз БАҚ-тардың “арандатушылық рөлін” айтып қалды. Ол “жала жапқан” материалдарды тауып, шара қолданатынын ескертті. Бұл қысым күшейетінін білдіре ме?

Евгений Жовтис: Нақты айту өте қиын. Ресей мен Беларусьте мұндай болды. Бір жағынан президенттің айналасындағы адамдар, Еуропа одағы, АҚШ пен Батыс елдері бұл райынан қайтара ала ма, оны да қарау керек. Себебі бұлай жасаса салдары болады.

Азаттық: Тоқаев кейінгі кезде қатал сөйлей бастады. Бұған дейін ол сөздерін сыпайы айтатын еді.

Евгений Жовтис: Бұл Тоқаевтың күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Қазіргі жағдай билікті шоғырландыруға, кадрлық өзгерістерге мүмкіндік беріп жатыр. Бұрын олай жасай алмайтын. Сондықтан оның риторикасы қатқыл, сенімді болып жатыр. Бұл – қос билік жүйесінен шығуға үлкен мүмкіндік. Бұлай айтқаныма кешірерсіздер, бірақ ол қос билік жүйесінде кіші серіктес болған еді. Бәрібір билікті күшейту, орталықтандыру болады. Бастысы, бұл авторитаризмнің күшеуіне әкелмесе болды. Оның орнына халықпен кері байланысатын, диалог жүргізетін пайдалы құралдар шыққаны жөн. Тоқаев қандай жол таңдайтынын көреміз.

Азаттық радиолы

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: