|  | 

Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

photo_92303

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен, Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинянмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы әріптестеріне бүгін, 13 қаңтарда бітімгерлік күштердің елімізден шығарыла бастағаны жөнінде мәлімет беріп, Қазақстанға жасалған террорлық шабуыл кезінде қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді.

Мемлекет басшысы ұжымдық бітімгерлік күштерінің Қазақстанға қысқа мерзімге келуі ҰҚШҰ-ның беделді халықаралық ұйым ретінде қажетті әрі тиімді екенін көрсетті деп атап өтті.

Related Articles

  • Тоқаев Украина Президенті Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті Украина тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты. Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.

  • Еуропа Одағы Президенттің саяси реформаларын толық қолдайды

    Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Тери Хакаланы қабылдады-деп хабарлады Ақорда баспасөз өызметі. Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропа Одағымен арадағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельге 10 қаңтардағы бейнебайланыс режимінде өткен кездесу барысында елімізді қолдап сөйлегені және ынтымақтастықты нығайтуға нық сенім білдіргені үшін ризашылығын айтып, сәлемін жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Тери Хакаланың өтініші бойынша «қасіретті қаңтар» оқиғасы жөнінде айтып берді. Сондай-ақ Бас прокуратураға болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын ашық әрі әділ жүргізу жөнінде тапсырма берілгенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы адам құқықтары мен бостандығының сақталуы еліміздегі барлық билік тармағы үшін басымдық саналатынына назар аударды. Қазақстан Президенті саяси жүйені одан әрі

  • Бұл таза сатқындық – ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша

    Скриншот 2001-2006 жылдар аралығында ҰҚК-нің басшысы болған Нартай Дүтбаев Кәрім Мәсімовке қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша түсініктеме берді, деп хабарлады  orda.kz. Дүтбаев Мәсімовтің «өте сақ» екенін атап өтті. «Премьер-министр болған кезде де ол тез қабылдайтын шешімдер мен шараларды, ұзақ жәшікке салып, бәрінің тынышталуын күтетін. Онымен жұмыс істегендердің бәрі оны жақсы біледі. Ал мұны маған түсіну қиын» деді Дүтбаев Orda.kz редакторына.   Дегенмен, тағы бір факт бар. Дүтбаевтың айтуынша, 4 қаңтарда ҰҚК облыстық департаменттерге жағдайға араласпау және тек бақылау жасау туралы бұйрық жібергені туралы ақпарат сенімді. «5-і күні түс кезінде барлығына келесі ескертуге дейін үйлеріне қайтсын деген бұйрық түсті. Істерді өртеп, бәрін құртып, нысандарды жапты. Бұл таза сатқындық. Өйткені, Ішкі істер министрлігінде,

  • Өткенде Форбсқа кіргісі келіп еді, енді біреу шыққысы келіп жүр..

    Өткенде Форбсқа кіргісі келіп еді, енді біреу шыққысы келіп жүр.. Шынымен, кеше Президентпен кезектен тыс “кездесу” өтті, дәлірек айтқанда жаңа форматтағы ДИАЛОГ және керемет! Шикізат бизнесімен айналыспайтын және құбырға, субсидияға отырмайтын біз үшін кездесу ұнады, атап айтқанда мынадай тармақтар: – Бизнеске сәйкес саяси реформалар бағдарламасы – Мемлекеттік. сектор экономиканың бір бөлігі ғана, мемлекеттің экономикаға қатысуы төмендеуі болады – Елдің дамуы бизнеске байланысты – Салықтың адалдығы, (айтпақшы, бұл бизнестің патриотизмі, бұл туралы кейінірек жазамын) – Білім беру реформасы және жас техниктер – Реформа дегеніміз – алып кету емес, бизнес пен елді бірге дамыту. Қайталап айтамын – БІРГЕ ! (Елбасы сөзі) – Отандық кәсіпкерлер кеңесі. – Ақырында, «кедергі» бизнесті мемлекетке қарсы қылмыс

  • Ту ұстаған қазақ тірі

    Кең тараған суреттің кейіпкері Берік Әбішев қазір Алматыда ауруханада жатыр. 6 қаңтар күні ағасы звандаған кезде, Беріктің телефонын бөтен біреу көтеріп, “Мен оны атып тастадым!” деген. Бауырлары бірнеше күн іздеп, 8 қаңтар күні 12-ауруханада операциядан кейін ес-түссіз жатқан жерінен тауыпты. Содан бері ағасы Ерик Әбішев оның жанында. Есін жиған соң полиция алып кете ме деп қорқады және жұртшылықтан қолдау күтеді. Суретте ту ұстап жүрген Берік екеніне сол кезде жанында болған адамдар куә дейді ол. Ары қарай Еріктің телефон арқылы айтқан әңгімесі. “Мені, әпкемді танып отыр. Бірақ кеше досы келіп еді, оны танымады. Ештеңе есінде жоқ. Құлағы дұрыс естімей қалған. Сүйемелдеумен ақырын жүреді, тамақ ішеді. Дәрігерлер Берікке оқ емес, жарықшақ тиген,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: