|  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат Тұлғалар

Томас Исидор Ноель Санкара..

65818320_2184315324999294_6216770624711294976_nБұл –Томас Исидор Ноель Санкара.., Буркина-Фасоның президенті. Ол ел басқарып тұрған шағында өзінің әскери шеніне сай берілетін 450$ айлықпен күнелткен. Ал, президенттігі үшін берілетін 2000$ жалақыны жетімдер үйіне аударып отырған. Оның билік басында жасаған елеулі өзгерісі – мемлекеттік шенеуніктердің жасырын табыстары мен ұрлықы есеп-шоттарын әшкерелеп, оларды халыққа шынайы қызмет етуге мәжбүрледі. Және, кейін өзінің осы ісі үшін тағынан да, басынан да айырылды…
Арам ниеттілер Санкараны тақтан тайдырып, табан астында өлтіріп тастағаннан соң, ел алдында ақталмақ боп оның бар байлығын қопарған екен.., сөйтсе, ол байғұс өзі билік құрған кезде президент болмай тұрып сатып алған ескі “Пежосы” мен мұздатқышы бұзылған ескі тоңазытқышы, 3 гитарасы мен 4 велосипедінен басқа дүние-мал жинамаған көрінеді…
Санкара президент боп тұрғанда кабинетіне желдеткіш орнатуға рұқсат бермеген дейді. “Мұндай мүмкіншілігі жоқ өзге отандастарымның бетіне ертең қалай қараймын?!” дейтін көрінеді. Одан бөлек, өзінің суретін көрнекі жерлерге, мемлекеттік басқару орындарындағы басшылық кабинеттерге жарқыратып іліп қоюға үзілді-кесілді қарсы болыпты. “Мен секілді жылтыр қара жігіт бұл елде 7 миллионнан асады, ілсеңдер – елге еңбегі сіңген қарапайым еңбек адамының суретін іліңдер!” дегенге ұқсайды…
Ол билікке келе сала мемлекеттік автопарктегі бүкіл қымбат “Мерседесті” сатқызып, шенеуніктерін сол кездегі ең арзан мәшине “Рено-5″ көлігіне отырғызды. Мемлекеттік қызметкерлердің айлығын қысқартып, оларға жеке жүргізуші ұстауға, ішкі-сыртқы сапарларда бірінші класс авиабилеттерін пайдалануға тыйым салды.
Сондай-ақ, барлық деңгейдегі шенеуніктерді батыстық қымбат кәстөм-шалбар киюін тиып, жергілікті тігіншілер мақтадан тіккен арзан бағалы ұлттық киімді киюге міндеттеді. Жаңа жыл қарсаңында барлық мем.қызметкер өздерінің айлық жалақысы көлемінде қаржыны отандық әлеуметтік қорларға аударуға мәжбүр болды.
Бір жолы ел есебінен бекерге ақша алып отырған мемлекеттік басқару кабинеттеріндегі тең жарты қызметкерді жұмыстан босатып, оларды ауылдық жерлердегі қара жұмысқа жіберіп тұрып “Бұлардан салқын кабинетте отырғаннан гөрі, плантацияларда жұмыс істесе елге көбірек пайда келеді!” деген екен…
Санкара билік басына келгеннен кейін 3 жыл толғанда Бүкіләлемдік Банк арнайы зерттеу жасай отырып, 1986 жылы “Санкара келгелі Буркина-Фасода сыбайлас жемқорлық мүлдем жойылды!” деп мәлімдеме жасапты.
Томас Санкара әуелде “Жоғарғы Вольта” деп аталатын мемлекеттің атауын билікке келе салысымен, жергілікті мооре және дьюла тайпаларының тілінде “Адал адамдар елі” немесе “Лайықтылар мемлекеті” деген мағына беретін “Буркина-Фасо” атауына өзгерткен.
… . …
…сөйткен Санкараны да айналдырған жау алып тынған…
44908301_1818282318269265_1139981193345761280_n
Антониу ди Салазар деген Португалияның диктаторы билік басында аттай 36 жыл отырған. Тағына таскенеше жабысқан бәле өле-өлгенше елдің премьер-министрі бола отырып, бүкіл билікті бір өзінің қолында ұстап, ойына келгенін істесе керек.
1968 жылы қақбас Салазар ваннадан шығып келе жатып, аяғы тайып құлайды. Содан миына қан құйылған. Билік маңындағы шенеуніктер оны “әні-міне өледі ғой” деп ойлайды. Ол ауруханада ес-түссіз жатқанында, ел президенті Америку Томаш.., бір кездері диктатордың қолбаласы болған Томаш Салазарды қызметінен босатып, оның орнына Марсел Каэтан деген шенеунікті тағайындауға үкім шығарып үлгереді.
Біршама уақыт өткеннен кейін жанысірі Салазар есін жияды. Биағалар оған енді биліктен кеткенін жеткізе алмай сасады. Әбден жалтақ боп қалған министрлер, амал жоқ, табан астында әртіске айналып, саяси-сахналық ойынға кіріседі.
Құдайдың құтты күні, пәпкесін қолтықтаған министрлер мен әкім-қаралар төсек тартып жатқан “ұлт лидерінің” палатасына кеп, “есеп” беретін болады. Елді қанқақсатқан диктатордың әлі де дәурені жүріп тұрғандай, барлық шенеунік алдамшы реформалар жөнінде ақылдасуға, тапсырма алуға келіп жүреді. Тіпті, бірнеше рет ауруханада, Салазардың төсегін қоршалай отырған министрлер кабинетінің мүшелері үкіметтік жиналыс та өткізеді.
Бейшара Салазар 1970 жылға дейін, жүрегі тоқтап, бақилық болғанша өзінің орнынан түсіп қалғанын, бір сөзбен айтқанда, «тірі өлік» екенін білмей кеткен көрінеді.
Ал, басшысын да, халқын да алдап дәніккен Марсел Каэтан мен Америку Томаш билік басында тағы да 4 жылдай отырып.., халық көтерлісінде тақтан тайдырылып, Бразилияға жер аударылғанша “әртістікпен” тышқаншылап күнелткен секілді…

Related Articles

  • “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    Руслан МЕДЕЛБЕК Өзбек ойыншысы Абдукодир Хусанов (2) пен БАӘ ойыншысы Луанзиньо (21) әлем кубогына іріктеу ойынында. 5 маусым, 2025 жыл. Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына Өзбекстан құрамасының жолдама алғанына жастар футболының қандай қатысы бар? Өзбекстан футболы жетістігінің себебіне үңілдік. “ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР” Өзбекстан Азия құрлығында Иран, Катар, БАӘ, Қырғызстан, Солтүстік Корея бар топтан екінші орын алып, 2026 жылғы әлем кубогына лицензия иеленді. Өзбек футболшылары тоғыз ойынның бесеуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, бір ойында жеңілген. Осы нәтиже ұлттық команданың әлем чемпионатына шығуына жеткілікті болды. Бұл топтан Өзбекстаннан бөлек Иран да әлем чемпионатына қатысады. Өзбекстан әлем чемпионатына шығуға бірнеше рет өте жақын болған еді. Мәселен, 2014 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Иран,

  • Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Microsoft компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс өзінің байлығын қайда жұмсайтынын ресми мәлімдеді. Кәсіпкер Африка елдеріндегі денсаулық сақтау, білім беру және кедейлікпен күрес салаларына шамамен 200 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. «Жуырда мен өз байлығымды 20 жылдың ішінде толықтай тарату жөнінде шешім қабылдадым. Қаражаттың басым бөлігі осы жерде, Африкада, түрлі мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталады», – деді Билл Гейтс өзінің қорымен бірлескен баспасөз мәслихатында. Басты басымдықтар: – инфекциялық аурулармен күрес (соның ішінде безгек, туберкулез, ВИЧ); – ана мен бала денсаулығын жақсарту; – ауылдық аудандардағы білім беру сапасын арттыру; – таза ауызсу мен санитария инфрақұрылымын дамыту; Билл Гейтс: «Бұл – қайырымдылық емес, бұл – инвестиция.

  • Украина “өрмегі” заманауи соғысты қалай өзгертті? Әскери сарапшылар пікірі

    Украина “өрмегі” заманауи соғысты қалай өзгертті? Әскери сарапшылар пікірі

    Украина “өрмегі” заманауи соғысты қалай өзгертті? Әскери сарапшылар пікірі Амос ЧЭПЛ Ресейлік “Белая” әуе базасын шабуылдаған украин дронынан түсірілген видеодан скриншот. Фото:Source in the Ukrainian Security  1 маусым күні жарияланған видеода бомбасы бар квадрокоптерлер жүк көлігінен ұшып жатқаны көрінеді, арғы жағында өрт болып жатыр. Сол күні Украина қауіпсіздік қызметі Ресей аэродромдарына соққы жасағанын, нәтижесінде Кремльдің стратегиялық бомбалаушы ұшақтары жойылғанын мәлімдеді. Әскери тактика бөлмелерінде бұл видеоларды мұқият зерделеп жатқаны анық. “Бұл шабуылды бүкіл әлем әскери қызметкерлері дабыл деп қабылдауы қажет” деді Жаңа америкалық қауіпсіздік орталығының Қорғаныс бағдарламасы директоры Стейси Петтиджон (ханым) Азаттық радиосына. “[1 маусымдағы шабуыл] көптеген қыры бойынша Украинаның ұзаққа ұшатын дрондар шабуылынан тиімді бола шықты. Өйткені шағын дрондар шашырап кетіп, әртүрлі нысандарды көздей алады

  • “Өрмектен” соң: ресейлік стратегиялық аэродромның спутниктен түсірілген суреттері жарияланды

    “Өрмектен” соң: ресейлік стратегиялық аэродромның спутниктен түсірілген суреттері жарияланды

    Азаттық радиосы Спутниктен түсірілген суреттер мен қолда бар өзге де деректер 1 маусым күні украин дрондары Ресей әскери аэродромдарына жасаған шабуылдың салдарынан Ресей кемінде 10 стратегиялық бомбалаушы ұшағынан айырылғанын растайды деп хабарлады Азаттықтың Орыс қызметі. “Стратегиялық бомбалаушы ұшақтар жойылған” OSINT-талдаушы Крис Биггерс 2 маусым күні таңертең Ресейдің Иркутск облысындағы “Белая” аэродромына украин дрондары жасаған шабуылдан кейін спутниктен түсірілген суреттерді жариялады. Бұл суреттер тіпті бұлттың ар жағынан да жер бетіндегі нысандарды “көре” алатын жасанды апертуралы радардың (SAR) көмегімен түсірілген. Фотосуреттерге қарағанда, әскери әуе базасында 4 Ту-95 және 4 Ту-22 стратегиялық бомбалаушы ұшақ жойылғанға ұқсайды. Шабуылға ұшыраған Ресейдің екінші әскери әуе базасы – Мурманск облысындағы “Оленья” аэродромының әзірге спутниктен түсірілген суреттері жоқ. Алайда Украинаның

  • Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Осы уақытқа дейін құпия сақталып келген 106-қазақ атты әскер дивизиясының деректері енді белгілі бола бастады. 1942 жылы дивизия Ақмолада жасақталыпты. Әскери шала дайындықпен жасақталған дивизия 1942 жылдың мамырында, Харьков түбіндегі қоршауды бұзып шығуға бұйрық берер алдында, 4091 сарбазға 71мылтық, яғни 7 адамға бір мылтық және бәріне 3100 жарылғыш оқ –дәрі бәріліпті. Қазақ боздақтарын қарусыз жалаң қылышпен өлімге жұмсауы – «Гитлермен салыстырғанда Сталин солдаттарды өлімге 8 есе көп жұмсадының» айғағы (Михаил Гареев, Әскери академиядан.2005 жыл). “Төртінші билік» газетінің 2016 – жылғы мамырдың 28-жұлдызындағы санында шетелдік архивтерден алынған видеосюжеттегі 106-атты әскер дивизиясы жөніндегі неміс офицерінің айтқаны: «Не деген қырғыз (қазақ) деген жан кешті батыр халық, атқа мініп, ажалға қаймықпай жалаң қылышпен танктерге

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: