|  |  | 

Жаңалықтар Тұлғалар

Ту ұстаған қазақ тірі

WhatsApp Image 2022-01-20 at 08.38.03 (1)Кең тараған суреттің кейіпкері Берік Әбішев қазір Алматыда ауруханада жатыр. 6 қаңтар күні ағасы звандаған кезде, Беріктің телефонын бөтен біреу көтеріп, “Мен оны атып тастадым!” деген.
Бауырлары бірнеше күн іздеп, 8 қаңтар күні 12-ауруханада операциядан кейін ес-түссіз жатқан жерінен тауыпты. Содан бері ағасы Ерик Әбішев оның жанында. Есін жиған соң полиция алып кете ме деп қорқады және жұртшылықтан қолдау күтеді. Суретте ту ұстап жүрген Берік екеніне сол кезде жанында болған адамдар куә дейді ол. Ары қарай Еріктің телефон арқылы айтқан әңгімесі.WhatsApp Image 2022-01-20 at 08.38.03
“Мені, әпкемді танып отыр. Бірақ кеше досы келіп еді, оны танымады. Ештеңе есінде жоқ. Құлағы дұрыс естімей қалған. Сүйемелдеумен ақырын жүреді, тамақ ішеді. Дәрігерлер Берікке оқ емес, жарықшақ тиген, шүйдесінің бір жағынан кіріп, самай тұсына тұрып қалған дейді.
Берікпен 6 қаңтар күні соңғы рет сағат кешкі алты жарым шамасында сөйлескем. Алаңдамын, бейбіт митинг болып жатыр деді. Қайтсаңшы деп едім, кеше біраз адамды атып тастады, қалай кетем, одан да өзің кел деді. Мен ол кезде жұмыста отырғам. Біраз уақыттан кейін неше рет звандап ала алмадым. Ақыры сағат түнгі ондарда оның телефонынан басқа біреу жауап берді. “Берік қайда?” десем, “Берікті атып тастадым! Площадқа кел, сені де атып тастаймын!” дейді. Сөйтті де телефонды өшіріп тастады. Бұл кім, не айтып тұр, қалжыңдап тұр ма, әлде полицияға түсіп қалды ма деп уайымдадық. Жабылып іздеп, дәрігерлер түсіріп таратқан суреттің көмегімен осы ауруханадан таптық. Келсем, Берік комада жатыр, басынан жараланған, операция жасалып жарасы тігілген, бірақ дәрігерлер операция жасаған жоқпыз, оқ алған жоқпыз деді. Осыны түсінбей отырмын. Біреулер КНБ қысып тастаған дейді. Әйтеуір, қазірге дейін полиция келген жоқ. Бірақ митингіде жарақат алғандарды ауруханадан алып кетіп жатқанын естіп, қорқып отырмыз.
Берік өзі түнімен басым деп ұйықтамайды. Ояу кезінде түсініксіз бірдеңелер айтады. Жанашыр адамдар бізді ұмыт қалдырмауын, Берікті алып кетуіне жол бермеуін сұраймыз”WhatsApp Image 2022-01-20 at 08.29.38

Related Articles

  • Қақпаннан босаған Көк бөрі.

    Қақпаннан босаған Көк бөрі.

     Олжас Бектенов үкіметі «экономикалық ғажайыпқа» бір табан жақындай түсті Биылдың төрт айы бойынша Қазақстан «орта табыс тұзағынан» құтылып отыр. Егер осы көрсеткішті жыл аяғына дейін ұстай алсақ, онда мұнай бағасы құлаған уақытта ішкі жалпы өнімді 6 пайызға өсіре алған «феноменалды экономика» иесі атанамыз. Бізге мұнай көмектеспесе, өсім ненің есебінен келді? 2025 жылғы қаңтар-сәуір аралығында Қазақстан экономикасының өсуі 6% болды. Ең мықты импульсті көлік және тасымал саласы беріп отыр. Осы сала 22,4 пайызға өскен. Біз жаңа темір жолдарын пайдалануға беру арқылы теміржолдағы жүк тасымалын жақсы арттырғанбыз. Яғни көбірек жүк таси бастадық. Бұл еліміздің транзиттік логистикалық бизнесті жақсы жолға қойғанын байқатады. Онымен қатар, транзиттік құбыр арқылы шикізат тасуды да жақсы дамыттық. Тасымалдан

  • Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды 

    Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды 

      Айдос Мырзахметов Өскемен қаласының Жекпе-жек сарайында аты аңызға айналған Ер Жәнібекті еске алуға арналған жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден ХІХ ашық республикалық турнир өтті. Ер Жәнібек ұрпақтары ұйымдастырып отырған турнирге Шығыс Қазақстан, Абай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан келген 200 жасөспірім спортшы қатысады. – Кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық турнирді осымен 19-шы мәрте өткізіп отырмыз. Біз жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, спортқа, оның ішінде семсерлесуге баулу мақсатында өткізіп келеміз, – деді турнирді ұйымдастырушы, Ер Жәнібек ұрпақтарының өкілі Әлібек Ерубаев. Турнирдің салтанатты ашылуында ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев спортсүйер қауымды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Отан қорғаушылар күнінде өтіп отырған жарыстың мәні мен мағынасы зор

  • “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық. Алаш” сыйлығын алған соң Алаш үшін отқа да, суға да түсуге тура келеді. “Алаш” сыйлығын таланты мен күрескерлігі қатар тұрған ақын, жазушы алады. “Алаш” сыйлығының лауреаты Алаш көсемдері – Әлихан, Ахметтер сықылды Алашты алаңдатқан кез келген мәселеге ой-пікірін ашық айтады және ақ айтады. Жусан түбіне бұқпайды. Керек болса абақтыға да қамалады. “Алаш“ сыйлығының лауреаты “мен лирик едім”, “махаббатты ғана жырлайтын едім”, “тұмса табиғатты ғана сүйетін едім”, “тендерім бар еді, қызметте едім, қоғамда, саясатта шаруам жоқ” деп, биллиард ойнап, мерейтойдан мерейтойға шапқылап жүре алмайды. Өйтетін болса, өте зор қателікпен берілген “Алаш” сыйлығын Тұманбай атындағы, Мырзатай атындағы сыйлықтарға, тағы да басқа өзіне сай аға буын атындағы

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

  • Қазақ жерінің қилы тағдыры

    Қазақ жерінің қилы тағдыры

    Бүгінгі таңда, 1920 жылы құрылып, 1925 жылы бірігуі аяқталған Қазақ республикасының 1925-1936 жылдардағы жер көлемі мен қазақ халқының саны туралы нақты ғылыми зерттеу жұмысы жоқ. Олай деуге, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2000 жылдардың бірінші онжылдығында шығарған «Қазақстан тарихы» атты академиялық 5 томдықта берілген деректер мен сол ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында жарық көрген ресми еңбектердегі статистикалық мәліметтердің мүлдем сәйкес келмейтіні негіз болады. Біз, аталған институт ғалымдары шығарған академиялық 5 томдықтағы мәліметтердің дұрыстығына үлкен күмән келтіреміз және онда халық санының да, жер көлемінің де кемітіліп берілгені туралы мәлімдейміз. Бүгін осы мақаламызда халық санына қатысты емес, жеріміздің көлемі мен оны жырымдау тарихына қатысты тоқталатын боламыз. 1924 жылдың соңында Орта Азия мен

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: