|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат

Украинадағы соғыстың жетінші күні. Не болып жатыр?

Украиналық ер адам Киев маңында қираған ресейлік әскери техникалардың жанында тұр. 1 наурыз 2022 жыл.2 наурыз. Украинадағы соғыста дәл қазір не белгілі?

  • Сәрсенбіге қараған түні Ресей Житомир қаласына әуеден шабуыл жасалып, кемі екі адам қаза тауып, он үй қираған. Ресей осыған дейін Киев, Харьков және басқа да қалаларға шабуыл жасаған.
  • Украина тарабы 5840 ресейлік әскерилер опат болғанын мәлімдеді. Бірақ соғыс кезінде бұл деректерді тексеру өте қиын. Ресей жағы әскерилер арасында қаза болғандар барын бірнеше рет айтқанымен, нақты санын айтпай отыр.
  • Қазақстан президенті Тоқаев пен Ресей президенті Путин телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайды талқылаған. Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев Украинадағы жағдайда “келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін атап өткен”.
  • Boeing ресейлік әуе компанияларына техникалық қызмет көрсетпейтінін мәлімдеді. АҚШ Ресей ұшақтарына әуесін жапты.
  • БҰҰ Босқындар жөніндегі комиссарының баспасөз қызметі соғыс басталғалы Украинадан 835,928 адам босып кеткенін хабарлады.
  • “ОВД-Инфо” дерегінше, Ресейде соғысқа қарсы наразылық кезінде жеті мыңдай адам ұсталған.
  • Украиналық әскерилер Киевтегі телемұнараға “Калибр” қанатты ракетадан шабуыл жасалғанын анықтады, мұндай екі ракета атылған. 1 наурызда Ресей Киевтегі телемұнараға әуеден шабуылдап, кемі бес адам қаза тапқан еді.
  • Еуропа одағы Ресейге еуро валютасын жеткізуге тыйым салды.
  • ЕО ВТБ, “Россия”, “Открытие”, Новикомбанк, Промсвязьбанк, Совкомбанк және ВЭБ банктерін SWIFT жүйесінен өшірді.
  • Ресейде бір доллар құны 110 рубльге жетіп қалды.
  • Харьковқа бүгін тағы ракетадан шабуыл жасалғаны хабарланды. Шабуылдан қалалық кеңестің және соның жанындағы ғимараттардың терезесі сынған.
  • БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейдің Украинадағы басқыншылығын тоқтатып, әскерін шығаруды талап ететін резолюцияны қабылдады. Бұл туралы ресейлік «Новая газета» хабарлады.

    Резолюцияны 141 ел қолдаса, 5 ел қарсы болды, 35 ел қалыс қалды. Қазақстан қалыс қалғандардың қатарында.

    Қарсы болғандар – Ресей, Беларусь, Солтүстік Корея, Сирия және Эритерия.

    Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Тәжікстан, Армения да қалыс қалды. Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан делегациясы дауыс бермеді.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы WhatsApp Image 2022-03-02 at 19.22.37

Related Articles

  • Мәжіліс әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

    Қазақстан әскері жаттығу кезінде. 15 қарашада Қазақстан парламентінің төменгі палатасы әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттың ресми атауы – “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы. Құжат Қазақстанда “әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі қызметті енгізуді қарастырады” деп жазды ресми БАҚ. “Заң жобасын іске асыру азаматтарға резервте әскери қызмет етуге мүмкіндік береді. Ол үшін келісімшарт ерікті түрде үш жылға жасалады. Даярлық бір жылда екі айдан аспайды. Жауынгерлік жиындар 30 күнде іске асырылады. Резервтегілерге арналған сабақтар ай сайын екі-үш күн болады” деді парламент отырысында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов. Ресми ақпаратқа қарағанда, әскери резерв 2025 жылға қарай жасақталады. Бірінші

  • Дипломатиялық кездесулерді көбейткен Орталық Азия Мәскеуді ығыстыра ала ма?

    Крис РИКЛТОН Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға келген Франция президенті Эммануэель Макронды Ақордада сән-салтанатпен күтіп алды. Ресейдің Украинаға қарсы соғысы аяқталған жоқ. Ал Орталық Азия елдері АҚШ Ауғанстанға әскер кіргізген кезден бері үшінші рет әлемнің назарына түсіп отыр. Өңір мемлекеттері көршісінен асып түсіп, әлемдік державалармен тығыз байланыс орната ала ма? 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға келді. Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны стратегиялық әріптесіне сай сән-салтанатпен күтіп алды. Бірақ бұрын басымдық берілген кей дүниелердің өзгергені байқалды. Жақында Халықаралық қылмыстық сот Украинадағы ықтимал соғыс қылмыстары үшін Владимир Путинді тұтқындауға ордер берді. Ресей президенті одан бері үш елге сапарлады. Соның бірі – Қазақстан. Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін ықпалды мемлекеттердің

  • “Саясаткерлер пафоспен сөйлегенді жақсы көреді”. Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының болашағы бар ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы мәртебесіне ие елдердің басшыларының Самарқанда (Өзбекстан) бірігіп түскен суреті. 11 қараша, 2022 жыл Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Бұл кездесу не береді? Түркия Ресейдің Украинамен соғыстан бас көтере алмай жатқанын пайдаланып, аймаққа ықпалын күшейтуге тырыса ма? Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының, әсіресе әскери салада болашағы бар ма? Азаттық осы жөнінде Солтүстік Кипрдегі Таяу Шығыс университеті саясаттану кафедрасының доценті Әсел Тутумлумен әңгімелесті. ТҮРКИЯНЫҢ МҮДДЕСІ МЕН ЫҚПАЛЫ ҚАНДАЙ? – Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Ұйым азаматтық қорғаныстың бірлескен механизмін нығайтуға мүдделі. Сондай-ақ күн тәртібінде аймақтағы және сырттағы саяси-экономикалық оқиғаларды талқылау мәселесі тұр. Саммиттің уақыты мен геосаяси контексі жөнінде

  • Әзербайжан Қарабаққа шабуыл бастады. Қазірге дейін не белгілі?

    Азаттық радиосы Әзербайжан қорғаныс министрлігінің Таулы Қарабақта “армениялық әскерилердің позициясын жойдық” деп таратқан фотосы. 19 қыркүйек 2019 жыл.  19 қыркүйекте Әзербайжан Таулы Қарабақта “антитеррористік операция” бастағанын мәлімдеді. Бакудың бұл мәлімдемесінен соң Қарабақта тұратын армяндар артиллериядан шабуыл басталғанын айтады. “Степанакертте жарылыс естіліп жатыр. Балалар мен ата-аналар жертөлелерге түсті. Балконымнан әр жақтан жарылыс дауысы естіліп жатыр, тоқтар емес. Артиллерия қатты атқылап жатыр, атыс дауысы да толастар емес” деді Таулы Қарабақтағы тәуелсіз журналист Марут Ванян. Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, 19 қыркүйек 11:10-да Әзербайжан күштері Қарабақтағы Аскеран ауданын атқылаған. “Эхо Кавказ” сайты Степанакерт қаласында әуе дабылы қағылғаны хабарланды. Степанакерт қаласында қашып бара жатқан адамдар. 19 қыркүйек 2023 жыл. Таулы Қарабақтағы армяндардың бақылауындағы аймақтың омбудсмені

  • АҚШ украин сарбаздарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге рұқсат берді

    F-16 жойғыш ұшағы.         АҚШ президенті Джо Байден украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшағын басқарып үйретуге рұқсат берді. Бұл жөнінде Пентагонның баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх хабарлады. Оның айтуынша, Нидерланд және Дания оқыту жағына жауап беруі мүмкін. Пентагон өкілі бұдан өзге ақпарат бермеді. Шілде айында Politico журналы Дания мен Нидерланд бастаған 11 елден құралған коалиция украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге дайын екенін, алайда ол үшін ұшақты шығарушы ел АҚШ-тың ресми рұқсаты қажет екенін хабарлаған. Басылымның жазуынша, дегенмен 11 елдің ешқайсысы әзірге ол бағдарлама үшін ұшақ бөлмеген. Шілде айында Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби оқыту мерзімі, орны мен ұзақтығы әлі қарастырылып жатқанын айтқан. Өткен аптада Politico

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: