|  |  |  |  | 

kerey.kz TV Көз қарас Саясат Тұлғалар

ЗАМАНБЕК НҰРҚАДІЛОВТІҢ ҰЛЫ ӘКЕ КЕГІН ҚАЙТАРМАҚШЫ

2022-03-02_22-02-24
——————-
«Сені өлтіру шыбыннан да оңай»: Нұрқаділовтің ұлы құпияның шетін 17 жылдан кейін шығарды (ВИДЕО)
Авторы: Нұрлан Әлинұр, 03.03.2022, “Түркістан” газеті
Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына алғаш рет сұхбат беріп, 17 жыл бойы айтпаған құпиясын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Оның айтуынша, енді әкесі Заманбек Нұрқаділов туралы бар шындықты айтудың сәті келген. Шындықты айту менің парызым деп санайды.
«Әкем саясаттың құрбаны болды. Екі рет жүрегінен, бір рет маңдайынан атып, өз-өзіне қол жұмсады дегенге келіспеймін. Қайтыс болғанда департаменттегілер мені жәбірленуші болып, барлық сараптама құжаттарға сен қол қоясың деді. Бір жұма өткеннен кейін пальто киген ұзын бойлы органдағы екі жігіт келді. Олар «өз-өзін өлтірді болады, суицид деп жазамыз, сен соған келісесің» деді. Мен келіспеймін десем, олар «асханада ұшып жүрген шыбыннан гөрі сені өлтіру оңай, сен бізге проблема емессің» деді. «Сенің балаларың әлі кішкентай, оларды ертең кім асырайды?» деп айтты. Сосын олар ойлануға бір күн мұрсат берді. Бір күннен кейін бөлімшеге барып, құжаттарына келісемін деп қол қойдым», – деді Қайрат Нұрқаділов.
Осылайша, ол 17 жылдан кейін прокуратураға істі қайта қарау жөнінде арыз жазған.
https://youtu.be/Z04lZAwCvwM

Related Articles

  • Диктаторлық режимдердің өтірік референдумдары мен сайлауларына жанды мысал

    Диктаторлық режимдердің өтірік референдумдары мен сайлауларына бір жанды мысал: Іргелес ауылдарымен қоса есептегенде, Херсонда шамамен 600 мыңдай адам Ресейге қосылу бойынша референдумға қатысып, олардың 500 мыңы Ресейге қосылуды таңдаған. Бұл 87%! Ал, таяуда жағдай күрт нашарлап, ресейшілдердің Ресейге қарай қашуы басталғанда, тек 100 мыңдай адам ғана Ресей жаққа қашқан. Қалған 400 мың адам қайда кетті? Олар неге Ресейге қашпады? Иә, бұл жерде қорқып, амал жоқ, қараға ілесіп дауыс бергендер болғаны анық. Бірақ бәрібір 87% емес, 50 пайыз қолдау деген де сандырақ болып шығады. Демек, ары болғанда Ресейге қосылуды қолдаған Херсондықтар көп болғанда 20 пайыз ғана, бәлкім тіпті оған да жетпеуі мүмкін. Бұл дегеніңіз, басқа өңірдегі референдумдар да өтірік деген сөз!

  • Үкімет: Қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді

    Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет “Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы”заңға өзгеріс мәселесін қарастырып жатыр. Бұл өзгеріс бойынша, мемлекеттік тілді, мемлекет тарихы мен негізгі заңдарын білмеу – Қазақстан азаматтығын беруден бас тартуға не азаматтығын қалпына келтіруден бас тартуға қосымша негіз бола алады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың депутат сауалына жолдаған жауабына сілтеп, Kursiv.Media жазды. Премьер жауабында бұл талап қос азаматтыққа жол бермеу үшін де енгізіліп отырғанын айтқан. “Қазіргі заң бойынша Қазақстанда заңды негізде кемі бес жыл тұрақты өмір сүрген немесе Қазақстан азаматымен кемі үш жыл некеде тұрған, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұру мақсатында келген және жақын туыстарының бірі Қазақстан азаматы болып саналатын бұрынғы одақтас республика азаматтарына Қазақстан азаматтығы беріледі” дейді премьер-министр. Қазіргі қолданыстағы заңға сай, мына

  • ЧЕХ ЖҰРТЫНЫҢ ЧЕХ ТІЛІН ҚОРҒАУЫ ЖАЙЛЫ

    Ruslan Medelbek  Чех жұрты мына жаһандану заманында, Еуропа халқы арасында шекара жойылғанда бізді чех қылып тұрған чех тілі деп біледі. Елде қызметтің бәрі чех тілінде жүреді, шетелдіктерге арналған полиция бөлімшесінде “мұнда тек чех тілінде қызмет көрсетіледі” деп жазылған тақтайша тұрады. Шетелдіктерге арналған полиция бөлімшесінде Чехияға енді келгенімде осы бөлімшеге чех тілін білетін қазақ танысымды апарған едім. Полицияда сен Чехияға кеше көшіп келгеніңе мән бермейді де. Чехша сөйлейді. Ағылшынша сөйлесең қызмет көрсеткісі келмей, чехша жауап береді. Үш жылдан кейін осы полиция бөлімшесіне барып, Қазақстаннан келетін қонақтарыма визаға шақырту жасатпақ болғанымда сондағы бір полицей үш жыл тұрып жатырсыз, қалай чехша білмейсіз деп қабақ шытқаны әлі есте. Кейін чех танысымның бірінен “неге чех

  • Досым Сәтпаев Мухоряповқа “бесінші колоннаның” мүшесі болмауға кеңес берді

    Бүгін ChocoFamily брендінің негізін қалаған кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне қатысты мәлімдемесі қоғамда үлкен резонанс туғызғаны белгілі. Дәл осы мәселе белгілі саясаткер Досым Сәтпаевты араласып, Рамиль Мухоряповтың таңдау жасайтын сәті туындағанын алға тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz. Ішінен шіріген жаңғақты кез келген адам оп-оңай шаға салады. Егер өз ішіңде жау жүрсе, ол күндердің күні түн жамылып, қақпаңды жауға ашып бере салады. Егер Казақстанда тұратын біреу біздің мемлекеттілігімізге, тәуелсіздігімізге, тархиымызға, әсіресе, тарихымыздағы зұлматтарға күмән келтірсе – елді іштен шірітетін, қақпамызды жауға ашып беретін «бесінші колонна» сол болмақ. Кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа бүгінгі әңгімесінен кейін бір шешім қабылдау керек. Ол Қазақстанда кіммен бірге болғысы, тұрғысы келетінін айқындауы тиіс. Қазақстанды күшейтіп, жасампаздық мақсатында маңайына адам топтастыратындармен бірге

  • ҮМІТКЕРГЕ ҚОЙЫЛҒАН ЗАҢСЫЗ ТАЛАПТАР

    Жазушы-публицист Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев): ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған Хайрулла Ғабжалиловты ОСК сайлау туралы заңға сәйкес келмейді-мыс деген желеумен тізімнен сызып тастағаны мәлім. 11- қазанда «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Хайрулла Ғабжалилов ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелу үшін тиісті барлық құжаттарын тапсырған. Бірақ ОСК түрлі айла-шарғылар арқылы өз дегендеріне жетті. Айтар уәждері: «Хайрулла Ғабжалилов ҚР азаматы емес және Қазақстанда соңғы 24 жыл тұрмаған». Хайрулланың тек Алматыда 46 жылдан бері тұратыны құжат бойынша дәлелденді. ОСК-ның тағы бір шарты мүлде қисынсыз екендігі байқалады. ҚР президенттігіне үміткерге «Сайлау туралы» заңға сәйкес қойылатын талаптардың ішінде «кандидаттың мемлекеттік қызметте не болмаса сайланбалы мемлекеттік лауазымда кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуға тиіс» деген ереже

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: