|  |  | 

Тарих Тұлғалар

АХМЕТТАНУШЫ ЖАЗУШЫНЫҢ ЖАҢА КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

Мәдениет жаңалығы

Ұлт ұстазы, Алаш көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл

презентаии

Таяуда  Алматыдағы  Ұлттық Академиялық кітапханада  ақын, жазушы Жұмат Әнесұлының «Тарихи хикаяттар» атты кітабының  тұсаукесері өтті. Бұл кітап  қазақ әліпбиі мен грамматикасының, әдебиеттану ғылымдарының негізін қалаған, Алаш көсемдерінің бірі Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ  1919-1920- жылдары алғашқы Қырғыз Қазақ автономиялық республикасының құрылуына сіңірген зор қайраткерлік қызметі  баян етілген. Жаңа кітаптың авторы Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлын  үнемі ұлықтауымен оқырмандарға жақсы мәлім. Жұмат ӘНЕСҰЛЫНЫҢ Ахмет Байтұрсынұлының  өмірі мен шығармашылығын, Алаш қозғалысы мен партиясының тарихы баян етілген « Мақтанышы елімнің», Ұлтына ғұмырын арнаған тұлға», «Алаш туын көтергендер атты  тарихи кітаптары Ұлттық кітапхананың  каталогына енген.

Жаңа кітаптың тұсаукесеріне  белгілі ақын Аян Нысаналин, белгілі жазушы , «Балбұлақ» журналының бас редакторы Мағара Қожахметова. Бұрынғы Су шаруашылығының эксминисирі Нариман Қыпшақбаев, белгілі күйші ақын Талап Қараш,және Ахмет Байтұрсынұлының немере туыстары  ғылым докторы Қасым Мәуленов, Бақытжамал Мәуленова, Амандық Шәймерденұлы, документальды кинода А.Байтұрсынлының рөлін сомдаған , Ахаңның немере туысы Болат Назарұлы және басқалар қатысты. Жаңа кітаптың тұсаукесері ің лентасын   құрметті ардагер Нариман Қыпшақбаев мырза мен жазушы Мағира Қожахметова қиды.

 

Ботагөз Керейқызы  , тұсаукесерге қатысып, суреттерді түсірген .

Суреттерде  Жазушы, «Балбұлақ» балалар журналының бас редакторы М.Қожахметова лента қиып жатқан сәті.(ортада), Кітап авторы кітаптарына қолтаңба беріп жақтан кезі. Ұлттық кітапханадағы жаңа кітаптың тұсаукесеріне қатысқандар—ғылым докторыҚасым Мәуленов, журналист Айжан Саяқбаева, Ахаңның жиені Бақытжамал Мәуленова,  белгілі күйші, ақын Талап Қараш,  Ахаңның немере туысы  Болат Назаров, Ахаңның немере інісі Амандық Шәймерденұлы және алдыңғы қатарда отырған ЖАЗУШЫ, ЖАҢА КІТАПТЫҢ АВТОРЫ ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ

 

Related Articles

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: