|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат

Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін Қазақстан мен Ресей қатынасы қалай өрбімек?


Санкт-Петербургтегі халықаралық экономика форумы төріне шығып келе жатқан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев (оң жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. 17 маусым 2022 жыл.

Санкт-Петербургтегі халықаралық экономика форумы төріне шығып келе жатқан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев (оң жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. 17 маусым 2022 жыл.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург экономика форумында Мәскеуді қолдамайтынын білдірді. Бұл Украинадағы соғыстан соң Орталық Азиядағы жағдайдың өзгергенін көрсететіндей.

Қазақстанда биылғы Қаңтар оқиғасы кезіндегі наразылық жаппай тәртіпсіздікке ұласып, билігіне қауіп төнген соң президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің көмегіне жүгінген еді. Содан бері жұрт Ресей әскерін елге кіргізген президент Қазақстан тәуелсіздігін құрбандыққа шалып, Мәскеуге қарыздар болып қалды деп айтып жүрді.

Бірақ Ресей әскері Украинаға басып кіргеннен кейін төрт ай өткенде Тоқаев бұл ойды жоққа шығарды. Ол Ресей президенті Владимир Путинмен Санкт-Петербург халықаралық экономика форумына қатысып, Кремльді қолдамайтынын айтты.

Ресей президенті Совет одағы құрамында болған елдердің бәрін “Ресейдің тарихи жері” деп атап, Мәскеуге қарсы шыққандарды Украинаның тағдыры күтіп тұрғанын меңзеді.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургтке өткен халықаралық экономика форумында. Ресей, 17 маусым 2022 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургтке өткен халықаралық экономика форумында. Ресей, 17 маусым 2022 жыл.

Форумда ресейлік RT мемлекеттік арнасының бас редакторы, форум модераторы Маргарита Симонян Украинадағы “арнаулы әскери операция” (Ресей билігі “соғыс” деген сөзді қолдануға тыйым салған – ред.) жайлы Қазақстанның ұстанымы қандай деген сұрақты Тоқаевқа төтесінен қойды. Бұл сұраққа жауабында Тоқаев Нұр-Сұлтан Украинаның шығысындағы сепаратистік құрылымдар – Донецк және Луганск “халық республикаларын” тәуелсіз ел деп мойындамайтынын айтты.

“Егер халықтардың таңдағаны бола берсе, әлемде БҰҰ құрамындағы қазіргідей 193 ел емес, жер бетінде 500 я 600 ел болар еді. Әрине, бұл хаосқа бастайды. Сондықтан біз Тайваньды да, Косованы да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз. Бұл принципті Луганск пен Донецктің квазимемлеттік құрылымына да қолданатын шығармыз” деді Тоқаев.

Қазақстан Ресейдің Украинаға басқыншылығына бірінші рет наразылық білдіріп тұрған жоқ. Бірақ Тоқаевтың Путиннің жанында отырып, сол ойын қайталауы Ресейдің Қазақстан секілді әріптестерінің Мәскеуден бойын алшақ ұстауға тырысып жатқанын көрсетеді.

“Путиннің жанында сахнада отырып бұлай деу батылдық болды” деді Азаттыққа RAND корпорациясының адъюнкт-стипендиаты, АҚШ-тың Қазақстандағы бірінші елшісі болған Уильям Кортни. “Мәскеудің көршілеріне деген көзқарасы агрессиялы бола бастады және оның Украинадағы [соғыстан] көңілі қалуы бұл ұстанымға қаттырақ әсер етуі ықтимал. Бұл болашақта Қазақстанның қысымға ұшырауы мүмкін екенін білдіреді”.

Ресей мемлекеттік думасындағы "Единая Россия" фракциясының мүшелері Вячеслав Никонов (сол жақта) пен Евгений Федоровтың суреттерінен коллаж.

“Демарш және Еуразияшыл билікке ескерту”. Ресей депутаттарының мәлімдемесін сарапшылар әркелкі бағалайды

НҰР-СҰЛТАННЫҢ БАСҚА ДА ШЕШІМДЕРІ

Тоқаев бұл мәлімдемені Ресейдің билікшіл адамдарының Қазақстанның солтүстігіндегі жерлерді Украинаның шығысымен бірге аннексиялайтын аймақ деп меңзеген сөзінен кейін айтты. Қазақстанның солтүстігінде ұлты орыс азаматтар көп тұрады.

Бірақ Украинадағы соғыс жалғасып жатқан тұста Қазақстан Мәскеуге тәуелді емес екенін көрсетіп жатыр. Сарапшылар мұндайды күтпеген еді.

Нұр-Сұлтан Мәскеу қолдап отырған сепаратистер қолындағы құрылымдарды мойындамайтынын айтып қана қойған жоқ. Ол бұған дейін Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Совет одағының нацистік Германияны жеңгенін атап өтетін дәстүрлі әскери парадты да өткізбеген еді.

Қазақстан Батыстың Ресейге салған санкцияларын айналып өту үшін абайлап әрекет етті. Ел ішіндегі Мәскеудің сыртқы саясатына қатысты жеккөрініш пен елдегі украиншыл демонстрациялардың арасында тепе-теңдік ұстауға тырысты.

Украинаны қолдап, Ресей бастаған соғысқа қарсы митингіге шыққан адамдар. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

Украинаны қолдап, Ресей бастаған соғысқа қарсы митингіге шыққан адамдар. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

Нұр-Сұлтан Еуропаға энергия жіберу келісімін де кеңейте түсті. 15 маусымда “Россия 24″ телеарнасына берген сұхбатында Тоқаев Нұр-Сұлтан Мәскеуге санкциялардың жаңа режимін айналып өтуге көмек көрсетпейтінін айтып, ҰҚШҰ әскер жіберген соң елдің Ресейге қарыздар болып қалғаны жайлы әңгімені жоққа шығарған еді.

“Кейбіреулер Ресей Қазақстанды құтқарып қалды, Қазақстан енді Ресейге қызмет етіп, бас иіп өтуі керек деп мәлімдеп, жағдайды бұрмалап жатыр” деді ол сұхбатта. “Бұл шындыққа жанаспайтын негізсіз аргумент деп ойлаймын”.

Ресейде бұл мәлімдемелерге жылдам реакция білдіргендер болды. Депутат Константин Затулин Қазақстан жерінің тұтастығына күмән келтірді.

“Олар орыстар көп тұратын аудандар мен елді мекендердің Қазақстан деп аталатын жермен байланысы әлсіз екенін өте жақсы біледі” деді ол радиоға берген сұхбатында.

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы миссиясы аясында Қазақстанға бара жатқан ресейлік әскерилер Мәскеу маңындағы аэроромда ұшаққа мініп жатыр. 6 қаңтар 2022 жыл.

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы миссиясы аясында Қазақстанға бара жатқан ресейлік әскерилер Мәскеу маңындағы аэроромда ұшаққа мініп жатыр. 6 қаңтар 2022 жыл.

Ресей құрамындағы Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров та Қазақстан мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше басқа да елдерді Мәскеудің Украинаға басқыншылығын қолдамады деп сынаған сөзі жазылған видео жариялады. Ол Нұр-Сұлтанның солтүстігінде егемендіктің әлсіреп жатқанын айтты.

Тоқаевтың Ресейдің Украина туралы ұстанымына қарсы шыққанына және оған ұлтшыл ортаның жауабына қарамастан, Қазақстан президентінің Путиннің жанындағы сөздерінің көбі Ресейдің экономикалық оқшаулануы кезінде онымен байланысын сақтап қалу жайлы болды. Ол біршама жыл бойы Қазақстанмен байланысын нығайтқаны үшін Ресей президентіне алғыс та білдірді.

“Қазақстан Мәскеу басқыншылығының салдарына қарамастан Ресеймен әріптестіктің және жұмыс істеудің жолын іздеуді жалғастыра береді, – дейді Кортни. – Бірақ Ресейдің Қазақстанның солтүстігі жайлы ұлтшыл мәлімдемелері [Қазақстан билігі үшін] өте зор проблема. Бұл жазылмаған жара іспетті”.

НҰР-СҰЛТАН ЕНДІ НЕ ІСТЕЙДІ?

Қазақстан мен Ресей арасындағы мұндай жағдайлар Тоқаев үшін де, Нұр-Сұлтан үшін де жаңалық емес. Бірақ Мәскеу басқыншылығы жағдайды өзгертті.

Бұрын Қазақстан премьер-министрі, сыртқы істер министрі, БҰҰ-ның Женевадағы өкілдігі директоры, парламент сенаты спикері болған Тоқаев – тәжірибелі дипломат. Ол 1991 жылы Совет одағы құлаған соң Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

Қазақстан бұрыннан АҚШ-пен де, Еуроодақпен де байланысын сақтай отырып, Қытай мен Ресей сияқты екі ықпалды көршісімен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысып келеді. Нұр-Сұлтан Иран мен Түркия секілді державалармен де байланысын нығайтуға талпынды.

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Украинадағы соғыс Түркия мен Қытайдың Орталық Азияға ықпалына қалай әсер етеді?

Украинадағы соғыстан кейін Қазақстан бұл стратегиясын күшейте түсті. Қазақстан Қытайдың сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдады, Анкарамен де, Тегеранмен де байланысын тереңдетуге тырысты. Мамырда Тоқаев Түркияға мемлекеттік сапармен барып, сауда байланысын арттыруға және “Бір белдеу – бір жол” бастамасы аясында Қазақстан мен Ресей арқылы Еуропаға баратын сауда жолын Түркия арқылы өтетіндей етіп жүзеге асыруға келісті.

Президент Режеп Тайып Ердоған Мәскеуге бағытталған мәлімдемелерді де қолдайтынын анық байқатты.

19 маусымда Тоқаев Иранға сапармен барып, екіжақты сауда байланысын арттыру қамын жасады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев (сол жақта) Иран президенті Ибрахим Раисимен кездесіп отыр. Тегеран, 19 маусым 2022 жыл.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев (сол жақта) Иран президенті Ибрахим Раисимен кездесіп отыр. Тегеран, 19 маусым 2022 жыл.

Сарапшылар Қазақстан Ресейге тәуелділіктен арылу үшін басқа державалармен байланысын нығайтып, Ресей басқыншылығынан кейін ұстанымын қайта қарап жатқанын айтады.

“[Ұстанымын] қайта қарау ұзақ мерзімде бірдеңе өзгеретінін білдіреді, – деді Азаттыққа Eurasia Group консалтинг компаниясының аға сарапшысы Закари Витлин. – Совет одағы құрамында болған, Ресейге көрші кез келген ел үшін Украинадағы жағдайға қарап отырып, “Тағы не болуы мүмкін?” деген сұраққа бас қатырмау өте қиын”.

Related Articles

  • Министрлік Сарышағанда зенит ракетасы бөлімшелерінің ұрыс атыстары өткенін хабарлады

    Сарышағандағы әуе шабуылынан қорғаныс жаттығуы. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет. Ақпан, 2023 жыл.  Қазақстан қорғаныс министрлігі 2 ақпанда Ресей жалға алған Сарышаған полигонында әуе қорғаныс күштерінің зенит ракетасы бөлімшелері ұрыс атысы қимылдарын өткізгенін хабарлады. Жаттығудың негізгі мақсаты “жеке құрамның әскери және азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған әуе шабуылдарына тойтарыс беру дайындығын тексеру” деп айтылады. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, “қолданыстағы қазіргі заманғы зенит ракетасы кешендері цифрлық радиолокациялық станциялармен жабдықталған”. Министрліктің хабарламасында ракета кешенінің аты аталмайды. Алайда хабарламадан ресейлік “Бук” кешені сыналып жатқаны байқалады. Ақпаратқа қарағанда, радиолокациялық барлау қызметі “ұшақ және ракетатектес” дрондарды анықтағаннан кейін жауынгерлер дайын емес позицияларға жылжыған. “Кешендер өрістетіліп, шартты қарсыластың құралдары жойылған”. “Заманауи зенит ракетасы кешендерінің көмегімен біз нақты уақыт режимінде

  • Reuters: АҚШ Украинаға 150 шақырымға дейін ұшатын ракеталарын береді

    АҚШ Украинаға құны 2 млрд доллар болатын жаңа әскери көмек пакетін беруге дайындалып жатыр. Көмек пакетіне 150 шақырымға дейін ұшатын ракеталар алғаш рет енгізіліп отыр деп жазды Ақ үйдегі екі дереккөзге сүйенген Reuters басылымы. Әңгіме жоғары дәлдікті GLSDB (Ground Launched Small Diameter Bomb) ракетасы жөнінде болып отыр. Қазір Украинаға жеткізіліп жатқан ракеталар 80 шақырымға дейін ұша алады. Reuters былтыр қарашада Boeing компаниясы өзі өндіретін GLSDB қаруын Украинаға беруді ұсынғанын хабарлаған. Жүйе ракетақозғалтқышы бар шағын диаметрлі бомбадан құралған. Өздігінен дәлдей алатын ракетаны HIMARS қондырғысынан да ұшыруға болады. Ол жүріп бара жатқан нысананы ондаған шақырым жерден атып түсіре алады. Жүйе сипаттамасында оны ғаламдық GPS навигация жүйесімен басқаруға болатыны жазылған. Оны кез келген ауа

  • Соғысқа “Леопард” араласпақ. Немістің бұл танкісі несімен мықты?

    The Associated Press Reuters агенттігі Немістің “Леопард 2″ (Leopard 2) танкісі. Германия билігі Украинаға “Леопард 2″ (Leopard 2) танкісін беруге және басқа елдерге де бұл танкіні Украинаға жеткізуге рұқсат берді. Бұл танкіні Украина билігі Германиядан бұрыннан сұрап келген еді.Бірақ Берлин “Леопард” танкісін Киевке ұзақ уақыт бергісі келмеді. Украина қызыққан бұл танк қаншалықты мықты? Түсіндіреміз.  “ЛЕОПАРД 2″ ДЕГЕН ҚАНДАЙ ТАНК?  “Леопард 2″ танкісін Германияның Krauss-Maffei Wegmann компаниясы жасаған. Компания “Леопардты” ату қабілеті, қорғанысы, жылдамдығы, айласы жағынан “әлемдегі ең мықты танк” деп сипаттайды әрі кез келген жағдайдағы шайқасқа жарайды дейді. 55 тонна танкіге төрт адам сыяды, ең жоғарғы жылдамдығы – 68 км/сағат. Бұл танкінің алғашқы нұсқасы 1979 жылы жасалған. Содан бері Германия 3500-ден

  • WP: ЦРУ басшысы Киевке жасырын келіп, Ресей жоспары туралы айтқан

    Уильям Бернс АҚШ орталық барлау басқармасының (ЦРУ) басшысы Уильям Бернс өткен аптада Киевке жасырын келіп, Украина президенті Владимир Зеленский және украин барлау қызметінің басшыларымен кездескен. Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген The Washington Post басылымы жазды. Басылым дереккөзінің айтуынша, Бернс Зеленскийге Ресейдің Украинада жоспарлап отырған әрекеттері туралы хабар берген. Америка барлаушылары мен батыс сарапшылары Мәскеу украин армиясының оқ-дәрі таусылып бара жатқанын пайдаланып, алдағы уақытта жаңа шабуыл дайындап отырғанын жоққа шығармайды. Дерекөздің айтуынша, Зеленский АҚШ Конгресінің өкілдер палатасында бақылау демократтардан республикалықтарға көшкеннен кейін Украина АҚШ пен Батыс елдеріне қаншалықты арқа сүйей алады деген сұрақтың жауабын білгісі келген. Басылымның жазуынша, Бернс көмек алу сәл қиындай түсетінін растаған. WP жазуынша, дегенмен Зеленский мен көмекшілері кездесуден Байден әкімшілігінің

  • NYT: АҚШ Украинаға Қырымға соққы жасау бойынша көмек беруді қарастырып жатыр

    Қырым көпірі.  “Украина әскерінің Ресей аннексиялап алған Қырымға соққы жасау мүмкіндігі болуы тиіс, бұл Киевке болашақ келіссөздерде қоятын шарттарының салмағын арттыруға жағдай жасайды. АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің пікірі осы жаққа қарай ойысып барады” деп жазды New York Times (NYT) басылымы. Газеттің жазуынша, Ресей басқыншылығы басталғалы бері әкімшілік өкілдері қақтығыс ушығып кетпес үшін Киевке түбекке соққы жасайтын қару беруден бас тартқан. Енді басылымның мәліметінше, Байден әкімшілігі украин шенеуніктерімен мәселені талқылағаннан кейін Киевке мұндай қару-жарақ керек екеніне көзі жете бастаған тәрізді. Басылымның жазуынша, Америка шенеуніктері мен сарапшыларының Ресей ядролық қару қолданады деген күдігі де сейіле бастаған. Дегенмен мұндай қатер әлі жойылмаған. Бірақ мәселе Украинаға алысқа ұшатын ракеталарды беру жөнінде болып отырған

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: