|  | 

Көз қарас

Шабдарбаевтың ҰҚК-ні мен басқарғанда бәрі тамаша болса әлгі жиһадшылар мен дағуатшылардың бәрі аспаннан түсті ме?

Әріптесім Манас Қайыртайұлына Амангелді Шабдарбаев қысқа сұқбат беріпті. Көп нәрсе айтыпты,
Көңіліме дық еткен тұсын жазайын.
Ұлттық қауіпсіздік комитетін мен басқарғанда (2005-2010 ж) көшеде сақалдылар, анау-мынау исламистер ашық жүрген жоқ, бәрін қадағалап отырдық депті.
2013 жылдың күзі еді. Таңертең жұмысқа келсек, шамамен онның кезінде, қару асынған 30-ға жуық сақалды жігіттің Сириядан Қазақстанға үндеу жолдап тұрғанын көрдік. Қырамыз-жоямыз деген әңгіме.
Бұлар кім деп дереу әлеужеліден іздеп, Жезқазған мен Сәтбаевтан Сирияға “жиһадшылап” кеткендер екенін жобаладық.
- Барасың ба,- деді редакция. Өмірі көрмеген, ешкімді танымайтын жерім.
-Барамын,-дедім. Сол күні түстен кейін Жезқазғанға ұшып кеттім. Ертеңіне Жезқазған базарына барып, біреуді көке, бәреуді жәке деп жүріп, жіптің ұшығын таптым. Біраз тарқаттым.
Сонда байқағаным, Жезқазғанда жалғыз мешіт бар екен. Жұма күні қаладағы “салафиті” бар, басқасы бар, сонда жиналады.
Қалада апта жүріп кәдімгідей көзге түсіп қалдым. Әкімдік “келгеніңізді біліп отырмыз” деді. Үш әріпті айтқаны. Сақалдылардың реакциясы байқала бастады.
Жұма күні мешітке бардым. Қолымда шолақ камера. Мешіт алдынан сақалы беліне түскен еңгезердей 7-8 жігіт шығып, ортаға алды. Түрлері сұсты. Сақалдың да сес беретіні бар дегендей. Біраз тергеп, доқ көрсетуге айналғанда бір жас жігіт ортаға кіріп келді де:
- Бұл кісіде шаруаларың болмасын, өздерің адасып жүре беріңдер,-деп ұрсып тастады. Әлгілер сәл тартынып қалды.
Былай шыққан соң, бұларың кім дедім.
- Әкем ғой,-деп маңдайын тыржитты.
Бұл жас жігітпен алдында танысқанмын. Мешітке жаңадан келіп жатқан имамның айналасында жүреді екен. Өзі құралпы тағы бес-алты бала бар. Жаңа имамды мүфтият жіберді, салафиттермен күреседі, біз соны қолдаймыз дейді. Әкесі “салафит”, өзі дәстүрлі жолдағы мүмін.
-Аға, Қазақстанда Жезқазған деген жер бар екенін, онда да мешіт бар екенін, оған да жөні түзу имам керек екенін өкімет ұмытқалы он шақты жыл болды. Жалғыз мешітіміз “салафиттердің” орталығына айналып кеткен,-деді.
Сонда бір апта жүріп, көп “салафит” көрдім. Кәдімгі жүйелі жолға түскен жәмиғатқа айналыпты. Бірнеше күн қиылып жүріп, басшысымен кездестім. Ақыры түн ішінде, қай жерде екенімді түсінбейтіндей жағдайда ресторанның подвалында, оңаша жерде жолықтырды. Тарихты, мәдениетті жақсы білетін, кезінде тәуір қызметте істеген орта жастағы адам екен. Онша жақтырмады, сіздердің де сөздеріңізді жазамын деген соң ептеп ашылды.
- Жастарды Сирияға жіберіп жатқандарыңыз қалай?
- Барамын дегендерге көмектесеміз, бірақ зорлық жоқ.
- Сіздерге не керек?
- Өкімет бізге жеке мүфтият ашып берсін, тиіспесін, бар болғаны сол,- деді. Біраз уәждестік.
Бұл кезде “салафизмді” Қазақстаннан шыққан танымал дағуатшылар күндіз-түні насихаттап, аттары жер жарып тұрған еді. Кімдер екенін көпшілік өзі де білсе керек.
Сол кеткен жастардың дені өліп қалды. Жүздеген шиеттей бала-шағасы сонда тентіреп кетті. Қалған-құтқанын АҚШ-тың айтуымен өкіметіміз “Жусан” деген операция жасап әкелген болды.
Сыдыртып айта салған оңай, басыңнан өткізбеген соң сезбейсің. Жүздеген үйелмен ойран болып, шаңырағы ортасына түсті.
Сирияға кеткен жалғыз ұлын кімнен сұрарын білмей, Жезқазған мешітіне апта сайын келіп, садақа беріп, дұға оқытатын әйелдің жалғыз аяқ жолмен жалғыз өзі ботадай боздап, жаулығы сүйретіліп, еңіреп бара жатқаны есімнен кетпейді.
Оны ешкім жұбата алмайтын, жұбатуға тырыспайтын да. “Әр келген сайын еңіреп кетеді, баласы өліп қалған, сенбей жүр” дейтін имам.
Амангелді Шабдарбаевтың ҰҚК-ні мен басқарғанда бәрі тамаша болды деген сөзінен кейін есіме түскені. Тамаша болса әлгі жиһадшылар мен дағуатшылардың бәрі аспаннан түсті ме?

Related Articles

  • “Украин болсам, орыстардың шабуылдағанын күтер едім”. Лоуренс Фридманмен сұхбат

    Важа ТАВБЕРИДЗЕ “Қазір Путин үшін Украинаны мемлекет ретінде жойып жіберу маңызды сияқты” дейді Ұлыбритания тарихшысы Лоуренс Фридман. Суретте: Ресей президенті Владимир Путин (ортада) қорғаныс министрі Сергей Шойгу (оң жақта) мен бас штаб жетекшісі Валерий Герасимовтың ортасында тұр. Ұлыбритания тарихшысы Лоуренс Фридман халықаралық қатынастар, сыртқы саясат пен стратегия тақырыбын зерттейді. Ол қырғиқабақ соғыс, ядролық текетірес, Украинадағы соғыстың шығу тарихы мен барысы туралы академиялық еңбектер жазған. Азаттықтың Грузин қызметі тарихшымен сөйлесіп, тараптардың жеңіске жету және Путиннің ядролық қару қолдану ықтималдығы туралы сөйлесті.  Сэр Лоуренс Фридман бүкіл өмірін соғыс пен дипломатияны зерттеуге арнаған. Британ тарихшысы халықаралық қатынастар, сыртқы саясат және стратегия бағытында зерттеулер жүргізеді. Қырғиқабақ соғыс, ядролық текетірес, әскери операция жүргізу саясаты туралы

  • ХАЙУАНАТТАР ҚАҒАНАТЫ. 1. ПОЛИЦЕЙ

    Діндарлар да, адам жанының қараңғы түкпірлеріне шырақпен үңілмекші жазушылар да, кісінің бойындағы зұлымдық пен мейірім тепе тең дейді. Содан, өмір дегеніміз бір бүтін осы екі жартының итжығысы-мыс. Елге мейірім жағы басым болғаны керек. Құдыққа құлағанда көміп кетпесін деген пиғыл сол. Шөлдегенде су берсе, шау тартқанда сүйеу болса деген дәме сол. Кейде бар ғой, мейірімнің өзі де сонда – қулықтан туған ба деп, көңілім түсіп кетеді. Былайғы адамның өзі де сезеді, мейірім жағы көптеу болу керегін. Ең болмаса, әке-шешесі өзінің жемі үшін күндіз-түні шапқылағанын көзі көрді ғой. Ер жеткенше, бізде әдетте – он бірінші сыныпқа дейін мейірімге деген ықыластың қаймағы бұзылмайды екен. Сосын басталады екен қиямпұрыс таңдау. Басқа жұртты білмеймін, мен

  • “НАМ ГОРЬКО-2″

    Сонымен, қаңтар оқиғасының жылдығындағы “арнайы парламенттік тыңдау” аяқталды. Бұл – әлбетте, елеулі оқиға. Жылнамаға жазылатын, ертең таңбаланып қалатын, сен өлген соң да ізденгіш ұрпағың ашатын жайт. Яғни, бүгін – қаңтардың біржылдығында парламентте қандай мәлімдеме жасағаның түгел сақталды, құжатталып қатталды деген сөз. 1986 жылы желтоқсан оқиғасынан соң біраз қазақ зиялысы “Нам горько” деген мақалаға қол қойып, желтоқсаншыларды “ұлтшыл, наркоман” деп қаралаған. Бекхожин, Қайырбеков, Серкебаев, Асанәлілер қол қойған ол хатқа. Мынау да соның бір түрі. Баспрокуратура мен Ішкісіминнің баяндамасы түсінікті – әдеттегідей айыптау сарынында. “Бүлікшілер мен арандатушылар бәрін қиратты” деген сыңайда. Бірақ, прокурорлардың алдына түсіп емпеңдеп, билікті ақтап, “арандатушылар мен бүлікшілер” туралы сайрап кеткен депутаттарға не жорық? Депутат Ж.Әшімжан: “қаңтарда синтетикалық есірткі

  • Украина соғысы айқындаған факттер:

    1) Соғыста адам факторы, әсіресе әскерилердің жауынгерлік рухы, басшылықтың ұйысу-ұйыстыру қабылеті мен тұрақтылығы, мемлекетке адалдығы дегендер шешуші рөл ойнайды. 2) Бейбіт кезде қойманы қару-жараққа толдырып қою керек, ұсақ қарулардан бастап, ірі жойқын қаруларға дейін бейбіт кезде қор құру кажет. Әскерилер де жаттығып, сергек отыруы керек. 3) Әуе шабуылы мен әуе қорғанысына талап барынша күшейді. Шабуыл Дроны ғана емес, маңызды нысандарды сергек әуе қорғаныс жүйесімен қауіпсіз етудің мәні ерекше зор. 4) Гибридті соғыс жүргізуге тура келеді, кибершабуыл да, ақпарат шабуылы да, саяси келіссөз тактикасы да, тіпті фейкнюз да рөл ойнайды. 5) Интеллектуалды дәлдіктің мәні артты. Атқылай беру, зор күшпен басып кіру ештеңені шешпейді, егер интеллектуалды дәлдік болмаса бәрі уақыттық алқыну мен

  • Диктаторлық режимдердің өтірік референдумдары мен сайлауларына жанды мысал

    Диктаторлық режимдердің өтірік референдумдары мен сайлауларына бір жанды мысал: Іргелес ауылдарымен қоса есептегенде, Херсонда шамамен 600 мыңдай адам Ресейге қосылу бойынша референдумға қатысып, олардың 500 мыңы Ресейге қосылуды таңдаған. Бұл 87%! Ал, таяуда жағдай күрт нашарлап, ресейшілдердің Ресейге қарай қашуы басталғанда, тек 100 мыңдай адам ғана Ресей жаққа қашқан. Қалған 400 мың адам қайда кетті? Олар неге Ресейге қашпады? Иә, бұл жерде қорқып, амал жоқ, қараға ілесіп дауыс бергендер болғаны анық. Бірақ бәрібір 87% емес, 50 пайыз қолдау деген де сандырақ болып шығады. Демек, ары болғанда Ресейге қосылуды қолдаған Херсондықтар көп болғанда 20 пайыз ғана, бәлкім тіпті оған да жетпеуі мүмкін. Бұл дегеніңіз, басқа өңірдегі референдумдар да өтірік деген сөз!

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: