|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат

Мобилизациядан не пайда? Путиннің дөң-айбаты не береді? Сарапшылар пікірі


Украина жауынгерлері осыдан біраз уақыт бұрын өздері басқыншылардан азат еткен, Ресеймен шекараға жақын орналасқан Казачья Лопань ауылында. Харьков облысы, Украина, 16 қыркүйек 2022 жыл.

Украина жауынгерлері осыдан біраз уақыт бұрын өздері басқыншылардан азат еткен, Ресеймен шекараға жақын орналасқан Казачья Лопань ауылында. Харьков облысы, Украина, 16 қыркүйек 2022 жыл.

23-27 қыркүйекте Украинаның Донецк және Луганск өңірлеріндегі “халық республикалары” бақылауындағы, Херсон мен Запорожье облыстарының Ресей басып алған жерлерін Ресейге қосу жайлы “референдум” өтпек. Бұл шара Украина әскерінің қарсы шабуылы мен Ресейдің “ішінара мобилизация” жариялауымен тұспа-тұс келді.

“РЕФЕРЕНДУМ” НЕНІ КӨЗДЕЙДІ?

Ресей президенті Владимир Путин 21 қыркүйектегі мәлімдемесінде Мәскеу “референдумның қауіпсіз өтуі үшін бәрін істейтінін” айтып, Украинадағы соғыстың басты мақсаты – Донбассты азат ету деді. Киев болса Кремльдің бұл жоспарына жауап ретінде, Украина оккупацияланған жерін азат етуді жалғастыра беретінін, егер “референдум” өтетін болса Мәскеумен қандай да бір келіссөзден бас тартатынын мәлімдеді.

Ресей армиясымен келісімшартқа отырып, әскери қызмет атқаруға үгіттейтін жарнаманың қасынан өтіп бара жатқан адам. Санкт-Петербург, 20 қыркүйек 2022 жыл.

Ресей армиясымен келісімшартқа отырып, әскери қызмет атқаруға үгіттейтін жарнаманың қасынан өтіп бара жатқан адам. Санкт-Петербург, 20 қыркүйек 2022 жыл.

“Украинаның оккупацияланған жерінде псевдореферендум өткізу Кремльдің Киевпен және Батыспен келіссөздер өткізуін қиындатады. Мұның майдандағы қазіргі жағдайды қайтсем сақтап қалам деген тырысу амалы екені сөзсіз, себебі Ресей күшпен, әскери жолмен жаңа аймақтарды басып алу мүмкіндігінен айырылды деп ойлаймын” деді Украина болашақ институтының сарапшысы Игорь Попов Азаттықтың Орыс қызметіне.

Поповтың сөзінше, Мәскеу референдум жариялай отырып эскалацияға барып, басып алған жерлерді Ресей құрамына қосу үшін тезірек шешім қабылдауға дайын екенін көрсетіп отыр.

“Бірақ шекараның қалай анықталатыны белгісіз қалып отыр. Донецк, Луганск, Запорожье мен Херсон облыстарының Украина бақылауындағы жері де ескеріле ме, әлде ескерілмей ме?” дейді ол.

Ал украин әскери сарапшысы Сергей Грабский Украинаның төрт облысындағы “референдумдар” Украина армиясының қарсы шабуылын тоқтата алмайтынын айтады.

Украин әскери сарапшысы Сергей Грабский.

Украин әскери сарапшысы Сергей Грабский.

“Бұл “референдумдардың” еш мәні жоқ, себебі Ресей әскері бұл аудандарды толық бақыламайды. Әрине, қаласа, сондай іс-шара өткізе алады, бірақ Украина мен оның армиясы үшін ештеңе өзгермейді. Псевдореферендумнан кейін Мәскеу басып алған жерлерді Ресейге тиесілі деп жариялап, Киевтің реакциясына қоқан-лоқы көрсетеді десек, онда біз Мәскеу белгілеген “қызыл сызықтан” баяғыда өтіп кетіп, Қырымдағы әскери нысандарды шабуылдадық. Ресейдің реакциясы қандай болды? Ешқандай. Ал Қырым Ресей үшін Донбасс немесе Херсонға қарағанда маңыздырақ қой” деді ол.

Ал саясаттанушы Олеся Яхно Мәскеудің “референдум” арқылы саяси нәтижеге қол жеткізуді көздеп отырғанын айтады.

“Мысалы, Украинаның басып алынған жерінің қайтарылуын қиындату. Бірақ Кремль оны жүзеге асыра алмайды. Псевдореферендум өткізбек болып отырған жерлерде 2014-2015 жылдары Ресейге іштарта қарайтын азаматтар бар еді, ал Ресей Украинаға басқыншылық жасағаннан кейін ондай иллюзия жоқ” деді Яхно.

Ресей президенті Путин ішінара мобилизация жариялаған cәт. 21 қыркүйек 2022 жыл.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ресей ішінара мобилизацияда 300 мың адамды әскерге шақырмақ. Путин Батысты ядролық қарумен қорқытты

ЯДРОЛЫҚ СОҒЫС БОЛА МА?

Кремль “ішінара мобилизация” жариялай отырып, шабуыл мүмкіндіктерін арттырғысы келеді. Бірақ соғысқа қатысуға ықылас танытпаған азаматтарды мобилизациялау Ресейді көздеген мақсатына жеткізе қояры екіталай, сондықтан Кремльдің жалғыз амалы – ядролық қару қолданамын деп доқ көрсету болып отыр дейді сарапшылар.

Ресейдің әскери доктринасында ел еумағына шабуыл жасалған және мемлекетке қауіп төнген жағдайда ядролық және басқа да жойқын қару қолдануға болатыны жазылған.

Украина болашақ институтының сарапшысы Игорь Попов.

Украина болашақ институтының сарапшысы Игорь Попов.

“[Украина армиясының] Мәскеу Ресей құрамына қосқалы отырған Херсонға шабуылын ядролық қару қолдануға сылтау қылуға болмас. Бірақ Украинаға қарсы мұндай қаруды қолдану мүмкіндігінің өзі халықаралық аренадағы реакцияны айтарлықтай өзгертіп, Ресей соғыс ашқалы бейтарап болып келген Қытай, Үндістан секілді басқа да елдерге әсер етеді” дейді Игорь Попов.

АҚШ президенті Джо Байден CBS телеарнасына берген сұхбатында Путинге химиялық немесе тактикалық ядролық қару қолданбауын ескертті. Бірақ ол “Ресей ондай қадамға барса, АҚШ қалай жауап береді?” деген сұраққа ештеңе айтқан жоқ. Ал америкалық дипломат Курт Уолкер Ресей Украинаға қарсы ядролық қару қолданса, Батыс оған тікелей әскери жауап қайтарады деп топшылайды.

“Кремльдің ондай қадамына Батыс пен НАТО-ның жауабы қатаң болады. Батыс лидерлерінің тұспалдап айтқан сөзіне сенсек, [Ресейдің] Украинада ядролық қару қолдануы НАТО-ға мүше елдердің радиоактивті заттармен ластануына алып келеді. Бұл Солтүстік-атлантикалық одаққа шабуыл ретінде қабылданады. Яғни, Батыстың Ресейге шабуыл жасауына қолбайлау болмайды” деді Игорь Попов. Ол Ресей ядролық қару қолданған жағдайда Батыс алдымен ядролық қарумен емес, зымыран шабуылымен қарсы шығатын болар деген болжам айтады.

“Батыс саясаткерлерінің мәлімдемелеріне қарасақ, Ресей басшылығына Украинаға қарсы ядролық қару қолданған жағдайда Батыстың бірден жауап қайтаратыны ескертілген” дейді ол.

“ІШІНАРА МОБИЛИЗАЦИЯ” СОҒЫСҚА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Украинаның әскери сарапшысы Сергей Грабский Ресейдің әскери күші сарқылды деуге әлі ерте деп есептейді.

“Ішінара мобилизацияны есепке алмаған күннің өзінде, Ресейдің соғысқа еріктілер жасағын, сотталған адамдарды жіберіп жатқанын, аймақтық батальондар құрылғанын көріп отырмыз. Мұның бәрі жеңіл жаяу әскер саналады. Ресейдің ресурсы сарқылды деген қате пікір айтылып жүр. Өкінішке қарай, олай емес. Украина әскерінің қалай әрекет еткеніне қарасақ, сәуірдің екінші жартысында Ресей әскерінің шабуылын тоқтату үшін осындай жеңіл жаяу әскермен Донбасста уақыт ұттық. Қазір Ресей тарапы шамамен сондай алгоритммен әрекет етіп жатыр” деді Грабский.

Осылайша Ресей армиясы Украина әскерінің қозғалысын тоқтатуға тырысып, сол уақытта қарумен және әскери техникамен қамтылған әскери бөлімдер құрады дейді сарапшы.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың суреттерінен коллаж.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың суреттерінен коллаж.

Путин “ішінара мобилизация” жариялаған кезде Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу әскерге 300 мың адам шақырылатынын мәлімдеген. “Пента” саяси зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Владимир Фесенко Путин Еуропаға сес көрсетіп отыр дейді.

“Ол бұл қадам Батыстың Киевті келіссөздерге көндіруіне әкелуі мүмкін деп ойлайды. Бірақ ақыр соңында Кремль Путинді қолдағанына қарамастан, Украинадағы соғысқа барғысы келмейтін азаматтарды қорқытады” дейді Фесенко.

azattyq.org

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Украина мен Ресей шағын қала үшін неге соғысып жатыр?

    Майк ЭККЕЛЬ Бахмут қаласының маңы. 5 наурыз, 2023 жыл Бірнеше айға созылған шабуылдан кейін Донбастағы Бахмут қаласы қантөгіс алаңына айналды. Украина шабуылға әлі қанша төтеп бере алады? Бахмут құласа, не болады? Тамыздан бері Ресей әскері мен “Вагнер” жалдамалы тобы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегідей Бахмутқа құрлық әскерін жұмсап, Украина қорғанысын бұзу үшін үздіксіз шабуыл жасап жатыр. Кейінгі айларда Украина елдің солтүстігіндегі Харьков облысы мен Днепрдің батыс жағалауындағы Херсон аймағында қарымта шабуылды үдетіп, бұл маңдағы шайқас назардан тыс қалған. Бірақ желтоқсан айында шабуыл күшейіп, Ресей әскері Бахмутты үш жағынан қоршауға алды. Қоршаудағы Украина әскеріне қаладан шығатын бір ғана жол қалған. Алдағы бірнеше күнде Бахмут толықтай Ресейдің қолына өтуі мүмкін. Сонымен бұл шайқастың мәні бар

  • “Путин оңбай қателесті”. Байденнің Киевке сапары жайлы не белгілі?

    Азаттық радиосы АҚШ президенті Джо Байден (сол жақта) мен Украина басшысы Владимир Зеленский (оң жақта) Киевтегі Михайлов шіркеуінде. 20 ақпан, 2023 жыл.  АҚШ президенті Джо Байден Украинадағы соғыстың бір жылдығы қарсаңында Киевке барды. Оның Украинаға сапары бұған дейін хабарланбаған. Байденнің Киевке сапарының анық-қанығы. БАЙДЕННІҢ ХАБАРЛАНБАҒАН САПАРЫ  20 ақпанда түс ауа Байден мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің Киевтегі Михайлов шіркеуінде жүрген суреттері тарай бастады. Украиналық басылымдар АҚШ президенті шіркеуге соғыста қаза болған украиндердің рухына тағзым етуге барғанын жазды. Кейін Зеленский Telegram-дағы арнасында “Джо Байден, Киевке қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз – Украина халқына өте үлкен қолдау” деп алғыс білдірді. Кейін Байденнің өзі де Киевке Украина президентімен кездесуге келгенін растады. Байден (сол жақта)

  • “Қырымды жаз аяғына дейін азат етуге болады”. АҚШ-тың экс-генералы Бен Ходжесбен сұхбат

    Настоящее время Украина сарбазы минометтан атқылап жатыр. Бахмут, 15 ақпан, 2023 жыл. АҚШ-тың Еуропадағы әскерін басқарған генерал Бен Ходжес “Настоящее время” телеарнасына берген сұхбатында Путиннің ядролық қару қолданбайтынын, Батыс бұл қатерді әсірелеп жібергенін айтты. Оның сөзінше, Украина Қырымды жаздың аяғына дейін азат етуі ықтимал, ал Ақ үй Украина күштерінің Қырымдағы Ресей объектілерін атқылауына “енді қарсы емес екенін” білдіріп отыр. “Настоящее время”: Генерал Ходжес, The Washington Post газетінде жарық көрген мақалаға қарағанда, АҚШ Украинаға “соғыста екінші шешуші сәт басталып жатыр” деп ескерткен. Сіз бұл көзқарасқа келісесіз бе?   АҚШ-тың Еуропадағы әскерін басқарған генерал Бен Ходжес. Бен Ходжес: Сіз ЦРУ директоры Бернс мырзаның сөзін айтып отырған боларсыз. Алдағы алты айдың соғыс үшін аса маңызды

  • “Украинаға әскери ұшақ беруге қашан Батыстың батылы жетеді?” Британ маршалы Грег Бэгвеллмен сұхбат

    Важа ТАВБЕРИДЗЕ Румыниядағы әскери базадан ұшып бара жатқан америкалық F-16 әскери ұшағы. Бейтарап сурет. Бұрын Украинаға әскери танк беру мәселесі айтыс тудырып келсе, енді әскери ұшақ туралы пікірталас болып жатыр. Ұлыбритания біріккен корольдігі әскери әуе күштерінің бұрынғы қолбасшысы, авиация маршалы Грег Бэгвелл Азаттықтың Грузин қызметіне берген сұхбатында Ресей авиациясының осал жағы жайлы, Украина Батыстан әскери ұшақ алса, жағдай қалай өзгеруі мүмкін екенін айтып берді. Ресей басқыншылығына қарсы күресіп жатқан Украинаның әскери әуе күштері көбіне совет кезінен қалған МиГ ұшақтарын пайдаланады. Киев Батыс елдерінен бірнеше рет әскери жойғыш ұшақ сұраған. Бірақ АҚШ та, Ұлыбритания да әзірше көнбей отыр. Олар соғысты ушықтырып жіберуден қауіптенетінін алға тартып, басқаша әскери көмек беруді жөн көреді.

  • АҚШ америкалықтарды Ресейден дереу кетуге және онда бармауға тағы да шақырды

    АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі АҚШ-тың Мәскеудегі елшісі Ресейде жүрген АҚШ азаматтарына тез арада Ресейден кетіп қалуға шақырды. Ақпарат елшілік сайтына жарияланған. Оған себеп ретінде “Ресей әскерінің Украинаға жаппай басып кіруінің болжап болмайтын салдарын, Ресей құқық қорғау органдарының АҚШ азаматтарын қудалау мүмкіндігін, Ресеймен арадағы транспорт байланысының қиындағанын, Ресейдегі АҚШ елшігінің Америка азаматтарына көмек беру мүмкіндігінің шектелгенін және террор қаупін” атаған. АҚШ азаматтарына Ресейге келмей-ақ қоюды ұсынған. Елшілік хабарында, былтыр қыркүйек айында мобилизация жариялаған Ресей қос азаматтығы, яғни АҚШ пен Ресей азаматтығы бар адамдарды әскерге алуы мүмкін екені айтылған. Хабарда халықаралық қаіпсіздік нормаларын сақтамайтын Ресей әуе желілерімен саяхаттаудың қауіпті болып бара жатқанын да сөз болған. Оның ішінде АҚШ елшілігінің қызметкерлеріне Ресей әуе компанияларымен ұшуға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: