|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

МОЛҚЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МОРИ ҚАЛАСЫНА АЙНАЛУЫ

309163973_662806848537717_4400745740341895116_n
376 жылы батыста Алтайға, солтүстікте Байқал мен Сібірдің тоғайына, оңтүстікте ұлы қорғанға шығыста бүгінгі Жилин өлкесіне тірелген алып кеңістіктк Теле қағанаты құрылды. Телелердің ең алғашқы қатарын жасаған 5 ұлыс «Ерен(Ермен, Ереймен)» деп аталды. Бұл сөз «ерекше, дана, дәнішпан» деген ұғымдарды білдіретін. Ермендердің қатарына Тоғла, Абақ, Қият, Баят, Молқы қатарлы 5 ұлыс кірген. Олардың жаппай Теле аталуы оларға басшылық жасаған Тоғла ұлысымен тікелей қатысты. Тоғла атауының көпшесі Тоғлат. Теле атауының көпшесі Телеуіт. Тоғлат,Телеуіт атаулары Дулат, Долған Долан,Телеу, Төлеңгіт,Телеңгіт, Төре, Тілік атауларының келіп шығуына үлкен ықпал етті. Молқы шежіресіндегі Қошақтан туатын Есендәулет, Тоқдәулет, Машаннан туатын Дәулеткелді, Құлдан туатын Дәулетберді, Қайыптан туатын Тоқдәулет есімдерінің қойылуына олардың баба танымындағы Доғлат атауының кейінгі тілдік даму кезеңдерінде Дәулет болып сақталған нұсқасы әсер етті. Теле атанған ұлыстардың саны жыл санап арта берді. Телеге жататын ұлыстардың қатарына кейін келе Шығыс Еуропа мен Шығыс-Солтүстік Жүңго арасындағы көптеген ұлыстар кірді. Боғда-Еренқабырға сілемдерін Теленің 7 ұлысы мекендеді. Олардың қатарында Уақтың, Молқының аты аталады. 402 жылы Аруан(Албан) қағанаты құрылып Телелерге билік жүргізгенде, 487 жылы Соян қағанаты құрылып Телелерге билік жүргізгенде де Телелердің жалпылық аты өзгерген жоқ. 744 жылы Абақ би Хұйқ қағанатын құрып, өзін Херен(Ерен) қаған деп жариялап, өзіне «Құлы Бейлі(Ұлы билік)» деген атақ берді. Қағанаттың халқы Хұйх(Оң қанат) және Қарлық(Сол қанат) деп екі үлкен тайпалар одағынан құралды. Қарлықтар Алтайдың шығысын, дәлірек айтқанда Көктоғай-Шіңгіл жерін мекендеді. Олар Молғ, Шігіл(Шіңгіл), Ташлық деген үш тармаққа бөлінді. Алтайдың олар шыққан бөлегі олардың Хор деген атауына байланысты Өр деп аталған. Ертістің Жайсаң көліне дейінгі басқы ағарының Қара-Ертіс деп аталуы да осыған байланысты. Хұйх қағанаты кейін Хұйғыр(Ұйғыр) қағанаты аталып кетті. 747 жылы Херен қағанның орнына Керей қаған таққа отырды. Қарлықтардың ата мекенінде олардың Молғ, яғни Молқы тармағы бөлек ру ретінде әлі қоныстанып отыр. Молқының Құл руы да сол көне Хор, Хорл табы болып табылады. Батыс Түрік қағанатынан кейін Молқыны өз ішіне алған Қарлықтар Таң патшалығы құрған Жайсаң, Бөрт(Бурылтоғай), Молғ деген үш аймаққа бөлініп қарап тұрған. Бөрт аймағы кейін Буыршын аймағына қарасты болып, одан кейін Елеқон(Іле өзені) аймағына қарады. Молғ қаласы бүгінгі Дөрбілжін ауданы жерінде орналасты. Молғ атауына Е деген ұлықтауыш жұрнақ жалғанып, қала орны кейін Емелг, Еміл, Емел деген атаулармен аталды. Молқылар бұрыннан мекен етіп келген сол маңдағы тау Молғ деп аталып, кейін келе Майлғ, Майлы атанып кетті. Еміл өзені қала атына байланысты аталды. Бүгінгі уақытта тарихқа терең бойламай Емел атауын тіке дыбыстауы бойынша моңғол тіліндегі «аттың ері» деген ұғыммен шатастыратындар бар. Тарбағатай аймағынан тыс, Боғданың бөктерінде Байтақ(Бесбалық) қаласындағы маңызды басқару орталығына қарасты болып Молғ қаласы салынды. Бұл Молқ қаласы күндер өте келе Мули, Мури деп дыбысталып бүгінгі Мори қаласының атына айналды. Мори атауының түп төркініне айналған Молғ қаласының орны әлі күнге дейін сақталған. Байтақ көне қаласынан 30 шақырым қашықтықта, Боғда тауынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Мори қаласының төңірегіндегі ауылдарда қазақтар недәуір шоғырланғандықтан 1954 жылы шілдеде Мори қазақ автономиялы ауданы болып құрылды. 750 жылы Ибақ(Имақ, Абақ, Қимақ) қағанаты құрылды. Бұл Молқылардың Абақтардың құрамына енуіне қадам бастырған кезең еді. Молқылар Қарлықтардың құрамында Талас шайқасында Таң патшалығына қарсы соғысты. 756 жылы Қарлық қағанаты құрылды. Қарлықтар біртіндеп Жетісуға қоныс аударады. Олардың қомақты бөлектері Ауғанстан аумағына келіп мекен етті. Қарлықтар Құйғыр(Хұйх) қағанатының соңғы кезінде Құйғырдың 15 руын өзіне қосып алады. Құйғыр(Құйғырт, Қайырт) қауымының атымен аталған Қайырты қонысы Көктоғай жерінде. Олардың Орхон бойындағы астанасысы Қарабұлғысынмен аттас киелі мекен Қарабұлғын(Тау-Қарабұлғын, Тақ-Қарабұлғын) да сол ауданның тауында. 848 жылы Хұйх қағанаты күйреді. 861 жылы Абақ-Есен құйғырлардың екінші мемлекеті саналған Күйік қағанатын құрды. Бұл қағанат мұсылман тарихшылары жағынан Тоғыс қағанаты деп те аталатын. Қысқы астанасы болған Күйік қаласы Тұрпанда еді, жазғы астанасы болған Бесбалық Жемсары ауданында еді. Күйік қағанатының аумағына Құбы құмы, Құмыл, Тұрпан, Қарашәрі, Ақсу, Еренқабырға аумақтары кірді. Молқы руының Абақ ішіне әбден сіңісуі осы Күйік қағанатының бейбіт, ұзақ даму жылдарында орын алды. Қарлықтар 12-13 ғасырда Қара Қидандар жағынан Емел(ескі Молғ), Әлімұлы, Қаяр(Қайыр) деген үш топқа бөлінеді. Бұл кезде Еміл деген атаудың алға шығып, Молғ атауының өшкіндеуіне қарағанда ру аты әкімшілік атауда ғана сақталып қалып, Молқының өзі Абақтардың құрамында бекіп қалса керек.
1209 жылы Күйік қағанатының билеушісі Борсық Шыңғыс ханға тілеулестік қылып, Қара Қидандардың үстемдігіне қарсы күреске шықты. Шыңғыс хан Борсықты өзінің төрт ұлынан кейінгі бесінші ұлы санап, Күйік қағанатының елдігі сақталып қалды.
Ғұн заманынан бері көк ұғымының сан түрленіп сәтті жалғасып келе жатқанын байқаймыз. Кунг – Ғұн. Көктүрік – Көк. Хуйх, Хұйху, Құйғыр, Ұйғыр – Көк, Кюк. Күйік – Көк.
Күйікхан атауы Ителі шежіресінде Киіпхан, Қайыпхан, Күйік деген атаулармен сақталса, Молқы шежіресінде Қайып болып сақталған. Көктоғай(түпкі нұсқасы Көкту-Хай, Көк көл) атауы мен Көкебұлақ деген жер аттары да осы Хұйх атауынан өрбиді. Шіңгіл атауы Қарлықтың Шігіл деп те, Шығыл деп те, Шыбыл деп те дыбысталған үш маңызды тайпасының бірінің атынан шығады.
Абақтар құрған Ибақ(Имақ, Қимақ) қағанаты 1035 жылға дейін жалғасып, 285 жыл дәурендесе, Абақтар құрған Күйік қағанаты 1368 жылы Шағатай хандығы басып алғанға дейін 507 жыл жалғасты. Мұндай ұзақ уақытқа жалғасқан мемлекет тарихта санаулы ғана. Осы ұзақ уақыттық рулардың тоғысында әубаста Абақпен тең орында Теле құрамына кірген Молқылар ақырында Абақтың белді руына айналып тоғысып кетті. Молқыларды Керейдің ең батыр руы деп айтсақ қателеспейміз. Тарихта Молқыдан шыққан жансебіл, жаугер тұлғалар мен қисапсыз батыр ұлдар жанын шүперекке түйіп зорекер үкіметтерге, қанішер билеушілерге қарсылығын тоқтатқан емес. Молқылар көп соғыс көрсе де шашырамай, бытырамай Өр-Алтай мен Боғда арасында шоғырланып, Қарлықтар заманындағы байырғы қонысын жамбасына басып отыр.
Молқы атауының мағынасы:
Молқы руының бұрынғы атауы – Болқы. Молқы шежіресінде Болқы деген атауды оның анасының(басқа халық өкілі) жаңылыс айтуынан қазіргі атауы келіп шыққаны айтылады. Бұл өте маңызды нұсқа. Өйткені, тарихи деректердегі Молқыға қатысты ақпарат көзінен біз М емес, Б дыбысымен дыбысталған атауды көреміз. Мақаламыз сол негізде жазылды. Молқының төл аты болған Болғ, Болқы атауы тек қана бөріні білдіреді. Швед тіліндегі Варг(Уарг, Барг), Норвег тіліндегі Улу(Ұлу), жәндікке емес, бөрі басты, айдағар құйрықты жануарға арналған біздің күнтізбеміздегі Ұлу жылы, бөріні ұлыма, ұлуар деп айтатынымыз, Орыс тіліндегі Волк(Болг, Болғ), Грузин тіліндегі Мели(Мелиг, Молиғ) сөздері мен ежелгі түркі дүние танымы мен тарихи нұсқалардағы бөріге арналған Ұрғ, Ұлғ, Құр, Құс-Құр(Ұшқыр, Қасқыр), Бөрі, Бөрік(Бөрғ) атауларының бәрі бөрі ұғымының сан түрлі дыбысталуын алдымызға тартады. Молқының ежелгі Болғ деген нұсқасының бөрі ұғымының келесі бір дыбысталуы екені осының айғағы.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Хұйх мәдениеті»
«Терістік тарихы»
«Теглег, Көш, Аруан, Шеле және Теле»
«Сүйнама. Теле баяны»
«Уинама. Көш баяны»
«Жаңа Таңнама»
Жу Яңтиң «Шыңғыс ханның өмір баяны»

Related Articles

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: