|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Тұлғалар

2022 ЖЫЛҒЫ ФИЗИКАДАҒЫ НОБЕЛЬДІ КВАНТТЫҚ МЕХАНИКТЕР ИЕЛЕНДІ

310688757_582188757030250_5140022219295143313_n
4 қазанда Швед Корольдік ғылым академиясы 2022 жылғы физика саласындағы Нобель сыйлығы лауреаттарын атады. Биылғы жүлде матасқан бөлшектермен жаңашыл эксперименттер өткізген ғалымдарға берілді. Олар алған нәтиже жаңа технологияларда қолданыла бастады. Қазіргі күні кванттық компьютерлер, кванттық желілер мен қауіпсіз кванттық шифрланған байланыс салалары қарқынды зерттеліп, дамуда.
Нобель сыйлығын, “матасқан фотондармен өткізген эксперименттері, Белл теңсіздігінің орындалмауын зерттегені және кванттық информатика саласындағы ізашар еңбектері үшін”, француз Ален Аспе (Alain Aspect), америкалық Джон Клаузер (John F. Clauser) мен аустриялық Антон Цайлингер (Anton Zeilinger) иеленді. Бұл үшеуі кванттық физикаға қосқан іргелі үлесі үшін 2010 жылғы Вольф сыйлығымен де марапатталған еді.
Ален Аспе 1947 жылы туған, Париж-Сакле университеті мен Политехникалық мектептің профессоры. Джон Ф. Клаузер 1942 жылы дүниеге келген, зерттеуші-физик. Антон Цайлингер (1945) — Вена университетінің профессоры. Оларға Нобель медалі 10 желтоқсанда өтетін салтанатты рәсімде табысталады. Лауреаттар 10 миллион швед кронын тең бөліседі.
Кванттық механикада кванттық матасу деп аталатын ғажайып құбылыс бар екені белгілі. Матасқан екі не одан да көп бөлшек, шақырымдаған ара қашықтықта орналасса да, бір бүтін тәрізді әрекет етеді. Мысалы, матасқан фотонның бірінің спин спиральдігі оң екені өлшенсе, екіншісінікі міндетті түрде теріс болып шығады, және керісінше. Мұндай жұптың бір сыңарына жасалған әсер, одан алыс қашықтықтағы басқасының кванттық күйін дереу өзгертеді. Өзгеріс сол сәтте, жарық жылдамдығынан да тез беріледі, өйткені ақпарат тарамайтындықтан, салыстырмалылық принципі бұзылмайды.
Бұл құбылыс әдетте мына сияқты аналогия көмегімен түсіндіріледі: бір жұп аяқкиімнің кез келген сыңарын қарамай алып қалайық та, екіншісін, мысалы, Нептунға жіберейік. Жердегі қорапты ашып қарағанда оң аяққа киетін бәтеңке шықса, демек Нептунда — сол аяқтікі. Аналогия жарамсыз, өйткені бұл мысалда детерминизм бар. Яғни, оң аяққа арналған бәтеңкені алып қалсақ, оны енді ауыстыра алмаймыз. Ал кванттық құбылыстар анықталмаған, демек спиннің спиральдігі қандай екені алдын-ала белгісіз. Ол өлшенген сәтте ғана кездейсоқ оң немесе теріс мәнді қабылдауы мүмкін. Қашықтағы матасқан екінші бөлшек дәл сол сәтте автоматты түрде қарама-қарсы мәнді қабылдайды. Мұның өзі анықталмағандық принципін бұзатын сияқтанады: екінші бөлшекті өлшемей-ақ, оның кванттық күйін алдын-ала біліп қойдық. Мүмкін, матасқан бөлшектер ішінде жасырын айнымалылар — оларға экспериментте қандай нәтиже көрсетуді бұйыратын нұсқау бар шығар. 1960-жылдары Джон Стюарт Белл жасырын айнымалылар корреляциясын көрсететін математикалық теңсіздік ойлап тапты. Алайда кванттық механика заңдарына сәйкес, Белл теңсіздігі бұзылатын белгілі бір эксперимент типі болуы тиіс.
Джон Клаузер жасаған эксперименттер Белл теңсіздігі орындалмайтынын көрсетіп, кванттық механиканы қуаттады. Демек кванттық механиканы жасырын айнымалысы бар теориямен алмастыруға болмайды. Ален Аспе болса, Клаузер экспериментінің кейбір әлсіз тұстарын дамытып, оны орағытып өту жолдарын жапты. Антон Цайлингер жетілдірілген жабдықтар көмегімен ұзақ эксперименттер сериясын өткізді. Оның тобы бір бөлшектің кванттық күйін қашықтағы басқасына жеткізуге болатынын, яғни кванттық телепортация құбылысын көрсетті. Нобель комитеті лауреаттар еңбегі кванттық механика теориясына іргелі үлес қосып қоймай, нақты технологиялар түрінде де жеміс бере алатынын атап айтты.

Related Articles

  • АҚШ сенаты Украинаға қаржылай көмек қарастырылған заң жобасын мақұлдады

    АҚШ конгресі.  АҚШ сенаты 13 ақпанда Украина, Израиль және Тайваньға 95 млрд доллар болатын қаржылай көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады. Сенатта демократтар басым орынға ие. Енді заң жобасын Республикалық партия басым Өкілдер палатасы қарайды. Өкілдер палатасында жобаның заң статусын алуға мүмкіндігі аз деген болжам да айталады. Президент-демократ Джо Байден біраз уақыттан бері екі палатаны Украина мен АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аумағындағы серіктестеріне көмек беруді жылдамдатуға шақырып келеді. Украина билігі басты одақтасы АҚШ-тан қолдау азайған тұста қару-жарақ жетпей жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. Украина президенті Владимир Зеленский бүгін, 13 ақпанда АҚШ сенатының бұл заң жобасын мақұлдағанына алғыс айтты. Құжатта Киевке 61 млр доллар беру қарастырылған. “Американың көмегі Украинаға бейбіт өмірді жақындастырып, әлемдік

  • ТӘҢІРІ ҚАЛАУЫ ТҮСКЕН ЖАН

    Мандоки Қоңырдың туғанына 80 жыл толуына орай «Тәңірі мені таңдады»  Мұхтар Мағауин Мандоки Қоңыр Иштван – отаны Мажарстан ғана емес, күллі түркі дүниесі қастерлейтін ұлық есімдер қатарындағы көрнекті тұлға. Шыңғыс жорығы тұсында Карпат қойнауындағы мадиярлар арасынан пана тапқан құман-қыпшақ жұртының тумасы Мандоки Қоңыр оннан аса тілді еркін меңгерген, бұған қоса зерттеушілік қарымы ерен, Тұран халықтарының фольклорлық-дүниетанымдық санасын бойына дарытқан ғалым. Ол түркология ғылымымен дендеп айналысып қана қоймай, ХХ ғасырдың төртінші ширегінде Шығыс пен Батыс­тың арасында алтын көпірге айналды, миллиондардың ықылас алқауына бөленді. Яки ол халықтар арасын жақындас­тырған мәмілегер, озықтарға ой салған көреген еді. Замана алға жылжыған сайын мерейтой иелері туралы айтылатын жайттар естелік пен өткен шақ еншісіне көшеді. Көзі тірі

  • Нұралы батырдың кесенесі  жөнінде

    Кейінгі кезде Нұралы батырдың кесенесі жөнінде әртүрлі әңгімелер шығып жүрген көрінеді. Оның бірі Моңғолиядан келген бір туысқанымыз басқа бір белгілі жерлесіміздің Нұралы батырдың зираты деп кигіз үй сияқты саман кірпіштен қаланған  әдемі зираттың жанына барып құран оқығанына куә болғанын келтіріпті. Ол жігіттің  көргені де, айтып отырғаны да шыңдық. Өйткені 1982 жылға дейін елдің көпшілігі, оның ішінде  мен де солай  ойладым. Әңгіме түсінікті болу үшін мен сол кездегі оқиғадан бастап баяндайын. Мен 1961 жылы Семейдің  мал дәрігерлік институтын бітіріп келдім. Мені  сол кездегі  С.М. Киров атындағы  колхозға мал дәрігері етіп жіберді. 1962 жылы бұл колхоз «Горный» совхозына айналды. Біз бала кезімізден: «Нұралы атамыздың зираты С.М Киров атындағы колхоздың жерінде орналасқан,   Бабамыз батыр болған кісі, ал оның жанындағы қабырдың  ұзындығы жеті кез, біздің  бабамыздан  да  асқан

  • АҚШ сенаты Украина мен Израильге көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады

    Азат Еуропа / Азаттық радиосы АҚШ сенаты Украина мен Израильге 118 миллиард доллар қосымша қаржы көмегін беру туралы екі партия ұсынған заң жобасын және АҚШ-тың оңтүстік шекарасын нығайту туралы заң жобасын мақұлдады. Былтыр қазан айынан бері жалғасып келе жатқан “ұлттық қауіпсіздікке байланысты қосымша қаржыландыру туралы” дауға нүкте қоятын компромистік мәтін АҚШ сенатының сайтына шыққан. Заң жобасы бойынша, сенаторлар 60 миллиард долларды Украинаны қолдауға, 14 миллиардты Израильге көмекке, 20 миллиардтан астам долларды АҚШ-тың Мексикамен шекарасын қауіпсіздендіруге, шамамен бес миллиардты АҚШ-тың Тынық мұхит аймағындағы серіктерін қаржыландыруға, екі жарым миллиардқа жуық долларды “Қызыл теңіздегі” операцияны қолдауға, тағы да сондай қаржыны АҚШ-тың Орталық қолбасшылығына бөлуді жоспарлаған. АҚШ президенті Джо Байден конгресстен Украина, Израиль және Тайваньға

  • Алыстағы ағайынның Атамекенге оралу жолын тұңғыш ашқан қазақтың қаһарман қызы

    Ол кім дейсіз ғой, турасын айтсам ол Сағат Зақанқызы. Тоқсаныншы жылдардағы алғашқы көш Моңғолия қазақтартарынан басталған. Сол көшті алғаш бастаған адам Сағат Зақанқызы. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Жарғақ құлағы жасттыққа тимей, сонау қиын-қыстау заманында алыстағы ағайындардың жолын ашқан осы адамды қазақтың қаһарман қызы атауымыздың өзіндік себебі бар. “Көш басшысымен көрікті”  “Көргені жақсы көш бастар”  дейді атам қазақ.   Осы екі ауыз сөздің астарына үңіліп қарасақ, онда, үлкен мән мағына бар екеніне көз жеткіземіз.       Бұрынғы ауыл көшінің өзінде, көш басшылары төрт түлік малдың өрісінің жағдайына қарай, әр мезгілдегі ауарайының өзгерісіне сай, көшіп қонуда бір басына жетіп артылар  үлкен жауапкершілік  жүктесе, Моңғолияда тұратын қандастарымыздың бір жарым ғасыр ғұмыр кешкен ел жерінен ,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: