|  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих

Қазақтың Қашқарияда қалған ізі

318945722_2511848135645425_3769186751661326043_n
Қытай жұртына қарасты Қашқария өңірінде қазақ атымен аталынатын елді-мекендер бар. Картаға ресми түрде “қазақ ауылы” деген атпен кіргізілген. Қазақ есімімен аталатын жер-су атаулары Қашқарияға қарасты мына үш үлкен аймақта кездеседі:
Ақсу аймағы;
Қашқар аймағы;
Хотан аймағы;
Ақсу мен Қашқар аймағында қазақ деген атпен бір-бір елді-мекен кездессе, Хотан аймағында қазақ аты жеке-жеке “Башқазақ ауылы” және “Аяққықазақ ауылы” деп екі бірлей жерде сақталыпты.
Қашқарияға қазақтар қашан келді?
Бірінші, Қазақ хандығы кезеңдерінде аяқ басқан. Оның өзі екі категорияға бөліп қарастыруға болады: 1. Қазақ хан-сұлтандарының саяси билігі күшейген дәуір; 2. Қазақ хандығының әлсіреген кезеңдерінде; Әуелгі кезде қазақ сұлтандары Қашқария әмірлігімен дипломатиялық қатынастартармен бірге Қашқария әмірлігімен құдандалық байланыс орнатқан. Кейінгі кезде яғни Қазақ хандығының әлсіреген кезеңінде атап айтар болсақ “қатаған қырғыны” кезінде бірбөлім рулар Қашқарияға асып кеткен.
Екінші, Кенесары және Сыдық сұлтан кезеңінде қазақ рулары Қашқарияға барған. Әсіресе Сыдық сұлтан кезінде қазақтар Яқұп-бек елімен ынтымақтаса отырып Қашқарияда ортақ әскери һәм саяси іс-қимылдар жасады.
Үшінші, 1916 жылғы ұлт-азаттық төңкерісі кезеңдерінде қазақ рулары жүз мыңдап Қашқарияға қарасты аймақтарға ағылды. Сол кезде Хотан, Қашқар сияқты шалғай аймақтарға шұбырған қазақтардың дені еліне кері қайта алмай тұрғылықты халықтарға сіңіп кетті.
Төртінші, 1890-1905 жж Алтай және Боғда (Еренқабырға) қазақтары Қашқарияға ат ізін сала бастады. Жүздеген түтін ел Қашқариядан бөлек Тибет шыңдарын артқа тастап Үндістан шекарасына дейін барды.
Бесінші, ХХ ғасырдың 30 жылдары Алтай және Баркөл қазақтары Гансу, Цинхай өлкесіне ауа көшті. Сол кезде аз санды бірбөлім қазақтар Қашқарияға қарасты аудандарға келді.
Алтыншы, 1949-51 жж Еренқабырға, Алтай және Баркөл қазақтары Қашқарияны басып тіке Тибет еліне асты. Олардың арасында көштен адасып кеткендер немесе жаудың қоршауында қалып ұсталып қалғандар да болды. Әсіресе Қашқариядағы құмды шөлді кесіп өту қазақтар үшін өте ауыр келді. Көшкен елдің жартысынан көбі орта жолда еліне кері қайтты.
Жетінші, 1958 жж жүздеген қазақтар Қашқарияға жер аударылды. Алды 20 жылдан астам уақыт еңбекпен түзеу лагерінде қамалды. Небір ел бастаған егейлер мен зиялы жас қазақтар Қашқарияға сүргінге айдалды.
Қашқариядағы кейбір жер-су атауларының лингвистикалық ерекшеліктері өте қызық. Яғни Қарлұқ тіл тобына тән халықтардан (ұйғыр) көбірек Қыпшақ тіл тобына жақын. Былайша айтқанда кейбір жер-су есімдері қазақша қойылған.
Елдес ОРДА
11.12.2022

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: