|  | 

Саясат

Қазақстан СІМ: Бучадағы киіз үйден ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпыз. Ресейге ресми жауап берілмейді


Айбек Смадияров.

Айбек Смадияров.

Қазақстан Украинаның Буча қаласына орнатылған киіз үйден ешқандай мәселе көріп тұрған жоқ және Ресей билігіне оған қатысты ресми түсініктеме бермейді. 11 қаңтарда Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осылай деп мәлімдеді.

“Киіз үй қойылды. Бұдан қандай проблема туындады? Қойылды. Көмек көрсетілді. Бұл жеке қазақстандық компаниялардың бастамасы. Өздері жинап, өздері апарып, өздері көмектесіп жатыр” деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Қазақстан жағы киіз үйге қатысты арнайы комментарий беруді хош көрмейді. Қазақстанда 300 мыңға жуық украин барын, Украинада да қазақ диаспорасы барын еске салған министрліктің ресми өкілі “әрине, Украинада жағдай қиын. Сондықтан бұл ақпарат мүмкін басқаша көрініп жатқан шығар. Бірақ біз одан ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпыз” деді.

Қаңтар басында Украинаның Киев облысында Ресей басқыншылығынан қатты зардап шеккен аумақтардың бірі Бучада “Незламності” яғни, “мызғымастық” пункті ашылған еді. Қазақ үй ішіне орналасқан пункт тұрғындарға қыс кезінде жарық пен жылу болмаған шақта тұрғындар келіп, жылынып, телефондарын қуаттап алу үшін ашылған.

Бұған дейін қазақ үйді қазақстандық кәсіпкерлер мен Украинадағы қазақ диаспорасы өкілдерінің тіккені хабарланған.

Бір күн бұрын Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Қазақстанды Бучадағы қазақ үйге байланысты түсініктеме беруге үндеген еді. Захарованың айтуынша, Қазақстанның ресми өкілдері қазақ үйге қатысы жоғын айтқан. Бірақ “Ресей-Қазақстан одақтастығына нұқсан келмес үшін” ресми Астананың оған түсініктеме бергені абзал деген еді Захарова.

11 қаңтарда Азаттық тілшісі Қазақстанның ресми өкілдерінен Захароваға “киіз үй” жайлы кім “түсініктеме берді” деген сұраққа Смадияров “білмейміз” деп жауап берді.

Азаттық

Related Articles

  • …Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді.

    …Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді.

    Азаттық радиосы қызметін тоқтатса, Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді. Екі миллиардер арзан, уақытша саяси ұпай жинайды. Ал Қазақстанның жоғалтатыны өте көп. Азаттық радиосы қызметін тоқтатса, елімізде “Заң мен тәртіп диктатурасының” көкесі сонда болады. Ол отызға жуық саяси тұтқынның қазіргі шарасыз күйін алда бүкіл қазақ қоғамы кешеді деген сөз. Мүмкін сол кезде сөз еркіндігінің құнын ел болып түсінетін шығармыз. Бірақ, ашығын айтқанда, оған да күмәнім бар. Азаттық радиосы жабылады деп бүгін бөркін аспанға атып жатқандар, “Тәртіпке бағынған құл болмайды” деп “Азаттықсыз” Қазақстанда саяси режимнің репрессиясын ақтап алады. Оған менің еш күмәнім жоқ. Shalkar Nurseitov

  • Қазақстан әскерінің қауқары қандай? Министрлік өкілі мен сарапшының айтқаны

    Қазақстан әскерінің қауқары қандай? Министрлік өкілі мен сарапшының айтқаны

    Мейірім БАҚЫТЖАН “Батыл тойтарыс-2023″ стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығуына қатысып жатқан қазақстандық сарбаздар. 2023 жылдың қыркүйек айы. Қорғаныс министрлігінің телеграм-арнасынан алынған сурет. Биыл Қазақстанда екі әскери колледж ашылмақ. 27 ақпанда Астанада журналистерге осы жаңалықты жеткізген қорғаныс министрлігінің өкілі Мұрат Олжабаев қазіргі кезде Қазақстан армиясында жоғары деңгейдегі офицерлер жеткілікті, кадр тапшылығы жоқ деді. Бұл сөзге бірқатар депутаттар да қосылады. Ал кейбір сарапшы ел армиясына кәсіби білікті маман мен қорғаныс саласына түбегейлі реформа жүргізу қажет деп есептейді. “АРМИЯДА ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ МАМАН ЖЕТКІЛІКТІ” Астана, Щучинск пен Шымкент қалаларында әскери колледждер бұрыннан бар, енді олардың саны беске жетпек. Қорғаныс министрлігі әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Олжабаевтың айтуынша, жақында Алматы мен Қарағанды қалаларында жаңадан

  • Зеленский мен Трамптың дау-дамайы: төрт түйін

    Зеленский мен Трамптың дау-дамайы: төрт түйін

    Стив ГУТТЕРМАН АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің суреттерінен коллаж Бұдан нашар болуы мүмкін емес… Владимир Зеленскийдің Ақ үйге сапары біраз мүмкіндікке жол ашатындай көрінген. Кездесу нәтижелі болған жағдайда, шартты түрде Украина мен АҚШ-ты байланыстыратын сирек кездесетін металдар туралы келісімге қол қойылуы мүмкін еді. Сонымен бірге Дональд Трамп үшін Киевті Ресейдің шабуылынан қорғауға қосымша ынталандыру болар еді. Бұған қоса, ел басшыларының кездесуі Ресеймен бітімге келу немесе бейбіт келісімге қол қою жағдайында Вашингтон Киевке қандай қауіпсіздікке кепіл бола алатынын көрсетіп, жалпы кепіл бола ала ма, жоқ па, соны анықтап берер еді. Тіпті мұның ешбіріне қол жетпеген күннің өзінде, таяуда ғана бір-біріне сын айтқан Зеленский мен Трамп кемінде достық

  • Этникалық қазақтарға 65 «Ата жолы» картасы берілді

    Этникалық қазақтарға 65 «Ата жолы» картасы берілді

    Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды. «Қазақтар қай жерде өмір сүрсе де, олардың жалғыз Отаны – Қазақстан. Сондықтан біз үшін шетелде тұратын отандастарымызды қолдау әрқашан маңызды», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. «Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келді. «Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл

  • ҚАЗАҚ БИЛІГІ АҚШ-тан ҚАРАҒАНДА БАТЫЛ БОЛЫП ШЫҚТЫ

    ҚАЗАҚ БИЛІГІ АҚШ-тан ҚАРАҒАНДА БАТЫЛ БОЛЫП ШЫҚТЫ

    Serik Joldasbai Бүгін Ресей әскерінің Украина жеріне басып кіргеніне 3 жыл болды. Осы 3 жылда басқыншы Путин жендеттеріне Украин әскері мен халқы тегеурінді қарсылық көрсетті. Бұл арада Зеленскийдің табанды қолбасшы болғанын баса айтып өткен жөн. Егер де ол соғыстың алғашқы күндері қашып кеткенде Путин 3 күнде Киевті тізе бүктірер еді. Сол себепті мен Зеленскийді ұлт батыры деп санаймын. Бұл соғыс бізге нені түсіндірді немесе түсіндіруі керек? Мен бұған дейін биліктің тым ресейшіл болып кеткенін айтып, еліміз ЕАЭО шығу керек деп жүрдім. Бірақ соңғы кездері көршің агрессор болса, екі шұқып бір қарауға тура келетінін түсіндім. Иә, біз биліктің ішкі саясаттағы іс-әрекетімен келіспей, сынауымыз мүмкін. Бірақ Ресеймен қарым-қатынаста аса сақ болуға мәжбүр

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: