|  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ шежіресі

БАЙБАТЫРҰЛЫ ЫҚЫМ.

      Байбатырұлы Ықым Алматы облысы ( 1940-жылға дейін Шұбартау Алматы облысына қараған) Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында 1876 -жылы қой төлдеген уақытта ауқатты отбасында дүниеге келеді. Жастайынан өзінің  пысықтығы мен әкесі Байбатырдың қолдауымен Шұбартау өңіріне танымал Нақысқожадан арабша, кейіннен латынша оқып хат таниды. Көптеген шығыстың хисса- жырларын оқып жатқа айтатын. Өзінің парасаты мен білімділігінің арқасы шығар ол Семей облысы, Шұбартау ауданы, Мадениет ауылдық округі, Бақанас өзенінің бойына (Ақүшкел аталған) 1923-жылы  Тойғарин Бейсенбаймен бірігіп, алғашқы мектеп салдырады.  Ынтасы бар ауыл балаларын Ташкенткке апарып оқу орындарына орналастырады. Солардың бірі – Ибраев  Кәрімді  Ташкентке апарып САГУ-дің (Среднеазиатский государственый университет) медицина факультетіне түсіреді. Ауыл тұрғындарына қамқорлық көрсетіп, еңбекке тартып, отырықшылық өмірге бейімдеуге септігін тигізеді. Егістік жерлерді суғару үшін Бақанас өзенінен тоған тартып тары еккізеді. 1931-жылғы наурызда болған Шұбартау көтерілісіне қатысады. Бұл шаруалар көтерілісіне 600-ге жуық адам қатысқан. Тоталитарлық жүйе қыспағына қарсы болған осы ірі көтеріліс жойқын күшпен басылады. Ықым Байбатырұлы Шұбартау ауданындағы болған көтеріліске қатысқаны үшін «бандиттік бас көтерулерге  қатысты» деген айыппен тұтқындалып 5-жылға бас бостандығынан айырылады. Түрмеден қашып шығып, қуғындалған туыстарымен бірге Шәуешекке қоныстанып бас сауғалайды. Шыңжаңға ауған халықтың мұң-мұқтажын бөлісіп, Зайсан мен Нарынқол арасындағы шекара бекеттерінен өткізуге ат салысады.  Сөйтіп, 1932-1933 жылдары Совет өкіметінен қашып Қытай жеріне өткен қазақтарды жұмысқа орналастырып, тұрмыс жағдайларын көтеру үшін аш-жалаңаштарға барынша аянбай көмек жасап, қамқорлық көрсетеді.

XX-ғасырдың басында  Шәуешек қаласы  ұлт-азаттық идеялардың ошағына айналады. Оған түрткі 1918-жылы көктемде Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Райымжан Мәрсековтер Шәуешек қаласына барып  аз ұлттармен кіші құрылтай өткізіп қайтқан болатын. Ондағы Алаш арыстарының негізгі мақсаты Шығыс Түркістандағы қазақтармен тығыз байланыс орнатып, сол жақтағы ел арасына «Алаш қозғалысы» идеясын тарату еді. Кейін 20-30 жылдары бастарына екі талай күн туғанда Алаш қайраткерлері Райымжан Мәрсеков, Ыбырайым Жайнақов, Зият Шәкірімұлы, Тұрсын Мұстафин сияқты өкілдері Қытай асып, Шыңжаңға барып, Азаттық-ағарту бағыттағы «Алаш қозғаласының идеясының өрістеуіне қажырлы еңбек етеді. Олар ең алдымен ағартушылық ұранын ту етіп, халықтың көзін ашуға күш салады. Әр аймақта мектептер ашып, «Қазақ ұйымы» аталатын мәдениет орталықтарын құрады. Бұл ұйымның негізгі қызметі – қазіргі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы аймағындағы қазақ-қырғыздардың арасында ағарту жұмысына бағытталған болатын. Сол кезде Ықым Байбатырұлы өзі де, туыстары да қуғындаыққа ұшырап, солармен бірге бас сауғалап, Шәуешекке қоныс аударады. Ықым Байбатырұлы Шәуешекке келген бетте «Қазақ ұйымына» мүшелікке кіреді. Бұл ұйымға мүше бола жүріп, Райымжан Мәрсеков, Тұрсын Мұстафиндермен танысып, солармен қарым-қатынаста болады. Шәуешек қаласында Тұрсын Мұстафинмен бірге мектепте балаларға сабақ береді. 1935-жылы тағдырдың жазуымен Шұбартауға қайтып келеді. 1937-жылы  29-шілдеде НКВД-нің қызметкерлері ұстап әкетеді. 1937-жылдың 17-щі қазанында «халық жауы, ұлтшыл» – деген айып тағылып, 1937-жылдың 14-қарашасында атылады. ( ШҚО, Полиция департаменті, ақпараттандыру және байланыс басқармасының арнайы мемлекеттік мұрағаты, №3135-іс)

Related Articles

  • КЕНЕСАРЫ ХАНҒА ТАҒЗЫМ

    Жүз елу жыл! Биыл Кенесары ханның шәйіт болғанына бір жүз елу жыл толды. Кенесары ғана емес. Наурызбай бахадұр сұлтан, Ержан сұлтан, Құдайменде сұлтан. Қыпшақ Иман батыр, Тама Құрман батыр, Дулат Бұғыбай батыр, Дулат Жауғаш батыр, Дулат Медеу би, қылыштың жүзі, найзаның сүңгісі болған тағы қаншама азамат. Қазақ Ордасының ең соңғы жарақты жасағында қалған үш мыңнан астам аламан. Бәрі де шәйіт болды.Кенесары ханның, оның ең соңғы жауынгер серіктерінің қасиетті қаны шашылған ақырғы сағатта төрт ғасыр бойы төре таңбалы қызыл туы желбіреген ұлы мемлекет Қазақ Ордасы шайқалып барып құлады. Алаш баласы сонау Үйсін, Ғұн, Түрік заманынан тартылған, Алтын Ордаға жалғасқан, Қазақ Ордасына ұласқан, Орталық Азия төсінде жиырма ғасырдан астам, ғаламат ұзақ уақыт

  • Тарихшы: Батыс Сібір – байырғы қазақ жері. Көшім хан – ұлттық батырымыз! 

    Абылай МАУДАНОВ Қостанайлық ғалым Сібір жерін орыс патшалығынан бұрын қазақ рулары игергенін кітап қылып бастырмақ, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлының есімі ғылыми ортада кеңінен танымал. Ол үнемі “Тәуелсіз ел өз тарихын өзіндік көзқарасы тұрғынан қарап, талдап, баға беру керек” деген ұстанымды айтып келеді. Қостанайлық тарихшы бірнеше жыл бұрын үлкен бір жобаны қолға алды. Бүгінде ол ұлы Еркін Әбілмен бірге “Алтын Орданың Батыс Сібір ұлысы: этно-саяси тарихы” атты еңбек жазып жатыр. Бұл кітап алдағы жылы (орыс тілінде) жарық көрмек. Мұнда қазіргі Қазақстанның шекарасынан тыс қалған байырғы қазақ жері мен руларының көптеген тарихы қамтылады.Express Qazaqstan тілшісі ғалымды осы тақырыпта сөзге тартып, әңгімелескен еді. Батыс Сібір — біздің байырғы

  • НКВД атқан ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ

    Сталиндік репрессия жылдарында Алаш қайраткерлерімен бірге атылған қазақтың қайсар қызы Шахзада Шонанова атылған қазақтың үш қызының бірі. НКВД жендеттерін Шахзаданың шыққан тегі шошытты, сондықтан айуандықпен әбден азаптап болғасын атып тастады. Сонымен Шахзада Шонанова кім ? Шахзада Аронқызы Шонанова-Қаратаева 1903 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым (Жымпиты) ауданында дүниеге келді. Әкесі Арон Қаратаев, алаш қайраткері, Ресей Думасына депутат болып сайланған Бақытжан Қаратаевтың інісі. Шахзаданың өзі Шыңғысханныі тікелей ұрпағы еді. Шахзаданың тегі былай: Шыңғысхан-Жошыхан-Тоқай Темір-Өз Темір-Өз Темір хожа Бадақұл ұғылан-Орысхан-Құйыршық хан-Барақ хан-Жәнібек хан-Өсік сұлтан-Қаратай сұлтан-Бисәлі-Дәулетжан-Арон-Шахзада. Шахзаданың анасының да тегі мықты, Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің немересі Хұсни-Жамал Нұралыханова. Қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді мұғалима 1894 жылы Бөкей ордасында қазақ қыздарына арналған алғашқы мектеп ашты,

  • Ресейдің атақты заңгері Фёдор Плеваконың анасы Алма (Өлмесек) Алдарқызы туралы

    Ресейдің белгілі заңгері Фёдор Плевако Орта жүз қазақтарының Қарабалық қыпшақтары жерінде Алаш жұрты Мұнанай не Мағынай деген атаумен белгілі қазіргі Ресейдің Челябі облысының Троицк қаласында дүниеге келген. Қала қазақ шекарасынан 6 шақырым қашықтықта ғана тұр. Бірақ, тақырып қала туралы емес, тіпті, Фёдор Плевако жөнінде де емес, өзгенің тұтқынына түсіп, жастайынан қиыншылық көрген қазақ қызы Алма (Өлмесек) Алдарқызы туралы болмақ. Алма Алдарқызы Торғай облысы Қостанай үйезінің Шұбар болысының 7-ші ауылында дүниеге келген деп есептеледі, әкесі Алдар бай һәм батыр болған кісі деседі. Еміс-еміс есінде қалған өз өмірі туралы Алма қартайған шағында былай деп айтады екен: «Біз киіз үйде тұрған едік, Троицкіге жақын маңда өмір сүрдік. Әке-шешем бақуатты адамдар болатын, киіз үйіміздің

  • ҚҰНАНБАЙДЫҢ САПАРҒА АТТАНАР АЛДЫНДА ҰЛЖАНҒА АЙТҚАНЫ:

    Бәйбіше, үй серігім ғана емес, өмір серігім едің. Ұзақ кешкен тірлікте қай белдің астында жүрсем де, артымда отырған бір бел өзің едің. Өзіме тағдыр бақ берген жанмын деуші ем. Айтыспасақ та, жер танытып отыратын қабақ пен жүрек бар еді, соған сенуші ем де, кейде шәлкес, кейде қия да басып кете беруші ем. Бағыма масайып еркелегенім болса керек. Енді қай дөңнің басында қалармыз, кім біледі. Сенің айтар кінәң болса да, менің саған артар бір түйірдей назым жоқ. Адал жүрек, ақ бейілің үшін балаларыңның бағы ашылсын. Мен айтарды өзің айтыпсың. Менің арманымды өз арманың етіпсің. – деді Бұл – жүрер алдындағы Құнанбайдың Ұл­жанға айтқан сөзі. Қалың туыс, үйірлі ағайын, шоғырлы бала-шаға, дос-жаран,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: