|  | 

Шоу-бизнис

Майонез, мұнай мен Мега

325953786_632737758854111_7925719709129703162_n
Сауда бойынша 2022 жылдың қортындысы шықты. Қазақстан халқы былтыр 15,7 триллион теңгеге бөлшек сауда жасаған. Яғни, біз сатқан, сатып алған тауарлардың жалпы құны 15,7 триллион теңге болды. Бұл – 33,7 миллиард доллар. Сонда бір жыл бойы бүкіл қазақстандықтардың жасаған саудасы Италияда шоколад жасайтын миллиардер Джовани Феррероның байлығымен теңескен.
2022 жылғы бөлшек сауда көлемі 2021 жылға қарағанда 2,1%-ға көп. Бірақ, менің ойымша бұған физикалық көлем емес, инфляция көбірек әсер еткен сияқты. Жалпы сауданың ішінде азық-түлік үлесі 35,6% болса, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 64,4%.
Қазақстандағы бүкіл сауданың үштен бірін (32.3%) Алматы қаласы жасайды. Яғни, Алматы – елдегі ең үлкен базар қала. Алматының экономикасы былтыр 43 миллиард доллар болды. Бұл Өзбекстаннан 10 миллиард долларға аз, ал Қырғызстаннан 5 есе көп. Алматы экономикасы негізінен саудадан тұрады. Сондықтан, сервисті қалалар типіне жатады.
Қазақстанда қалалардың үш түрі бар. Әкімшілік, өндірістік және сервистік болып бөлінеді. Әкімшілік экономика – Астана қаласы (ұлттық компаниялардың салығы есебінен), өндірістік қалалар – Атырау, Қарағанды, Павлодар, Атырау, сервистік қалалар – Алматы, Шымкент.
Ал енді ел экономикасына қай қала анағұрлым пайдалы? Оны анықтау үшін 2023 жылға арналған Қазақстан бюджетіне қарау керек. Себебі, онда үш донор өңір мен олардың ортақ қазанға салатын ақшалары жазылған. Сонда, биыл бюджетке Алматы 207 миллиард теңге, Атырау 155 миллиард теңге, Астана 69 миллиард теңге береді. Яғни, сауда мен сервис бюджетке мұнайдан да көбірек пайда әкеліп отыр деген сөз.
Қазір Алматы тынысы толықтай сервис пен саудадан (аймақтық ішкі өнімдегі үлесі 86,1%) құралып отыр. Айталық, базар, Мега, бутик, кафе, СТО, сән салондары. Бірақ, оның өзіндік қауіптері де бар. Мысалы, пандемиядағы карантин кезінде Алматы экономикасы толық тұралап қалды. Өндіріс пен ауыл шаруашылығы бойынша қаланың Алматы облысы мен Жамбыл облыстарына тәуелділігі сезінді. Сондықтан мегаполистің даму жоспарында экономика үлесінде өндірісті көбейту көзделген. Яғни, Алматы толық сервистік қала ғана емес, онда өндіріс те болуы тиіс. Мысалы былтыр, шаһардағы өндірістің бір жылдық көлемі бар-болғаны 1,4 триллион теңгені құрады. Сондықтан қала үшін Алатау ауданындағы индустриалды аймақтың маңызы өте зор.
Қазір Алматының мақтана алатын, Қазақстанды жаулаған нөмірі бірінші экспортты тауары – майонез. Алматы еліміздің майонезді ордасы десе де болады. Жалпы Қазақстан жылына 64,3 мың тонна майонез жейді. Соның 42 мың тоннасын Алматы өндіреді. Қалғаны Ресейден импортталады.

Related Articles

  • Қазақстан өзінің алғашқы микрочипін жасап шығарды

    Қазақстан өзінің алғашқы микрочипін жасап шығарды

    Nurmukhamed Baigarayev Осы аптада Қазақстан өзінің алғашқы микрочипін жасап шығарды деген ақпарат тарады. Жақсы жетістік. Бірақ енді сәл-пәл үңілсек, чиптің архитектурасы Назарбаев университетінің зертханасында жасалған, бірақ оны Қытайда өндірген. Себебі бізде әлі чип өндіретіндей технология жоқ. Бір қызығы, қытайлық институт чипті тегін шығарып берген. Оған да рақмет, әйтпесе ол қызметтің құны қымбат. Бұл жобаның жетекшісі (суретте) енді ол чипті қайда қолдануға болады деп тестіден өткізіп жатырмыз депті өз парақшасында. Оған қоса, чип сәл-пәл қалыңдау сияқты. Смартфондарда 5-7 нанометр чип орнатылады, отандық чип 28 нанометр екен. Өзім таңқалған бір факт оқыдым. Микрочип шығаруда әлемде танымал болған компаниялар Арменияда өз офистерін ашып үлгеріпті. Ол AMD, NVIDIA, Xilinx, Synopsys, National Instruments, Mentor Graphics

  • Гарвард универі жылына 200 мың доллардан кем табыс табатын отбасылардың студенттерін тегін оқытамыз деп шешім шығарыпты.

    Гарвард универі жылына 200 мың доллардан кем табыс табатын отбасылардың студенттерін тегін оқытамыз деп шешім шығарыпты.

    Nurmukhamed Baigarayev Гарвард универі жылына 200 мың доллардан кем табыс табатын отбасылардың студенттерін тегін оқытамыз деп шешім шығарыпты. Биыл бұл универде оқу шығыны жылына 83 мың долларды құрайды екен. Осындай жаңалықтарды оқығанда дұрыс капитализмнің мысалын көремін. Бақуат капиталистер ірі оқу орнын қаржыландырды. Басқа да табысы көп. Бүгінде эндаумент қорда 52 миллиард доллардай жиналған. Сол ақшаға табысы аздау отбасының балаларын тегін оқытып, қайырымдылық жасай алады. Содан тек байдың баласы ғана емес, қарапайым отбасыдан шыққан бала да әлемнің үздік универінде оқуға мүмкіндік алады (ол үшін алдымен грантты жеңу керек). Бұдан қоғам тек ұтады, мемлекет дамиды. Яғни, қайырымдылық жұрттан жылу жинап, от случая к случаю жасалмайды, жиналған нақты ақшаға, жоспарлы, жүйелі түрде іске

  • “Жойқын” жаңалық және қуану. Сезілмеген вибрациялар

    “Жойқын” жаңалық және қуану. Сезілмеген вибрациялар

    Осы аптада Қазақстан блоктық бюджетке өтті. Яғни, аймақ басшылары орталыққа телміре бермей өз бюджетін басқару, тез арада ішкі үлестіруде дербестік алды. Және игерілмей қалған соманы келесі жылы да уайымдамай бағыттауға мүмкіндік ашылды. Бұл қалай болғанда да “бар ақшаны жыл бітпей тұрып игеріп қалайық” деген сапасыз жұмсаулардың алдын алады. Осымен игеру жарысының дәуірі ресми бітті. Енді әр тиынды сапалы жұмсау бірінші орынға шығады. Себебі, салық өскен сайын бюджет ақшасының салмағы артады. Енді әр азаматтың өзі қиналып төлеген салықтың қайда жұмсалып жатқанын анықтап, оның дұрыс бағытталуын талап ететіні заңды. Блоктық бюджет әр әкімге осы талапты сапалы орындау үшін дербес қимылдауға рұқсат беріп отыр. Ал бұл әкім кім? Биылдан бастап барлық аудан мен

  • …Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді.

    …Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді.

    Азаттық радиосы қызметін тоқтатса, Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді. Екі миллиардер арзан, уақытша саяси ұпай жинайды. Ал Қазақстанның жоғалтатыны өте көп. Азаттық радиосы қызметін тоқтатса, елімізде “Заң мен тәртіп диктатурасының” көкесі сонда болады. Ол отызға жуық саяси тұтқынның қазіргі шарасыз күйін алда бүкіл қазақ қоғамы кешеді деген сөз. Мүмкін сол кезде сөз еркіндігінің құнын ел болып түсінетін шығармыз. Бірақ, ашығын айтқанда, оған да күмәнім бар. Азаттық радиосы жабылады деп бүгін бөркін аспанға атып жатқандар, “Тәртіпке бағынған құл болмайды” деп “Азаттықсыз” Қазақстанда саяси режимнің репрессиясын ақтап алады. Оған менің еш күмәнім жоқ. Shalkar Nurseitov

  • Қазақстан әскерінің қауқары қандай? Министрлік өкілі мен сарапшының айтқаны

    Қазақстан әскерінің қауқары қандай? Министрлік өкілі мен сарапшының айтқаны

    Мейірім БАҚЫТЖАН “Батыл тойтарыс-2023″ стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығуына қатысып жатқан қазақстандық сарбаздар. 2023 жылдың қыркүйек айы. Қорғаныс министрлігінің телеграм-арнасынан алынған сурет. Биыл Қазақстанда екі әскери колледж ашылмақ. 27 ақпанда Астанада журналистерге осы жаңалықты жеткізген қорғаныс министрлігінің өкілі Мұрат Олжабаев қазіргі кезде Қазақстан армиясында жоғары деңгейдегі офицерлер жеткілікті, кадр тапшылығы жоқ деді. Бұл сөзге бірқатар депутаттар да қосылады. Ал кейбір сарапшы ел армиясына кәсіби білікті маман мен қорғаныс саласына түбегейлі реформа жүргізу қажет деп есептейді. “АРМИЯДА ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ МАМАН ЖЕТКІЛІКТІ” Астана, Щучинск пен Шымкент қалаларында әскери колледждер бұрыннан бар, енді олардың саны беске жетпек. Қорғаныс министрлігі әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Олжабаевтың айтуынша, жақында Алматы мен Қарағанды қалаларында жаңадан

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: