|  |  | 

Тарих Тұлғалар

НКВД атқан ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ

325655680_1927638540913255_483502342467874847_n
Сталиндік репрессия жылдарында Алаш қайраткерлерімен бірге атылған қазақтың қайсар қызы Шахзада Шонанова атылған қазақтың үш қызының бірі. НКВД жендеттерін Шахзаданың шыққан тегі шошытты, сондықтан айуандықпен әбден азаптап болғасын атып тастады. Сонымен Шахзада Шонанова кім ?
Шахзада Аронқызы Шонанова-Қаратаева 1903 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым (Жымпиты) ауданында дүниеге келді. Әкесі Арон Қаратаев, алаш қайраткері, Ресей Думасына депутат болып сайланған Бақытжан Қаратаевтың інісі. Шахзаданың өзі Шыңғысханныі тікелей ұрпағы еді. Шахзаданың тегі былай: Шыңғысхан-Жошыхан-Тоқай Темір-Өз Темір-Өз Темір хожа Бадақұл ұғылан-Орысхан-Құйыршық хан-Барақ хан-Жәнібек хан-Өсік сұлтан-Қаратай сұлтан-Бисәлі-Дәулетжан-Арон-Шахзада.
Шахзаданың анасының да тегі мықты, Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің немересі Хұсни-Жамал Нұралыханова. Қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді мұғалима 1894 жылы Бөкей ордасында қазақ қыздарына арналған алғашқы мектеп ашты, бұл мектепті Алма Оразбаева, Разия Меңдішева, Әмина Мәметова (Мәншүктің анасы) бітірді.
1917 жылы большевиктер билік басына келгенде Шахзада 14 жаста еді, 1920 жылы Ташкент қаласындағы Орта Азия университетінің медицина факультетіне оқуға түседі, алайда тегі хан тұқымы болғасын оқудан шығарып жібереді. Сауатты болғасын Орал губерниясы атқару комитетінде іс-жүргізуші болып қызметке тұрады. Осы Орал губкомында партия қызметкері болып істейтін, жоғары білімді заңгер Ыдырыс Мұстанбаевқа 1922 жыл тұрмысқа шығады. Сол кезде партия мен кеңес қызметінде жүргендер арасынан тап жауларын анықтау жүргенде, Ыдырыстың әйелі хан тұқымы екені белгілі болып, партиялық сөгіс берін қызметін Орынбор қаласына ауыстырады, амалсыз 1928 жылы ажырасып кетеді. Қарап отырсаңыздар сталиндік репрессиядан бұрын, 20 жылдардың өзінде Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытовтармен қатар алғашқы қудалауға ұшыраған Шахзада амалсыз сол кездегі астанамыз Қызылорда қаласына келеді.
Қызылордада Халық ағарту комиссариатында жай қызмет істеп жүргенде, белгілі алаш қайраткері, Орынбор қаласындағы мұғалімдер институтын бітірген,белгі ғалым Телжан Шонановпен танысып, ғашық болып он жас айырмашылығына қарамай тұрмысқа шығады. Не деген жүректілік, ол кезде алаш қайраткерлері қудалауға ұшырап жатқанда, Шахзада оған тұрмысқа шығады, қанша қысым көрсе де тегінен бас тартпайды және әкесі өлгесін анасы Хұсни-Жамалды қолына алады. Алматыға астана көшіп келгесін, осындағы мединститутқа оқуға түседі, осы кезде НКВД-нің қырағы қырғилары тағы да Шахзада Шонановаға «күйеуінің фамилиясына өтіп алғасын бізді ұмытып кетті деп ойлап жүрсің бе?» тағы да тегінен бас тарт дегенде бас тартпағасын, мединститутан шығарып жіберіп, сол кезде Байкал өңірінде сүзек эпидемиясы бұрық еткен Спасск қаласына жібереді. Сол жақтан тірі келмейді деп ойласа керек, бірақ Шахзада эпидемиямен күресте жанкешті жұмыс атқаруға белсене араласып, өзі де аман қалады, індет басылған соң, Спасск қала әкімшілігі Ш.Шонановаға жақсы мінездеме жазып, мединститутқа тапсыр дейді. Басқаша жағдайда мединститут студентін оқуға қабылдар еді, «халық жауының» қызы болғасын олар үркіп қабылдамай қояды.
Сол кезде Халық Ағарту наркомы Темірбек Жүргенов Шахзадаға мектепке дейінгі және негізгі мектеп оқулықтарын шығаратын бөлімді сеніп тапсырады. Шахзада мектеп оқулықтарын шығаруды қолға алып қыруар жұмыс істейді, қазақ мектептерінің санын қысқарудан аман алып қалады. Алайда, қыр соңынан қалмай жүрген НКВД тағы да араласып, жаудың қызы ретінде Шахзаданы жұмыстан шығартып жіберіп, еш жерге жұмысқа аланбасын деген нұсқау береді, тіпті мектепке мұғалім болып та жұмысқа алмайды. Осы кезде күйеуі Телжанмен ақылдасып, түбі диплом керек болып қалар деп, ҚазГУ-дің биология факультетінде үшінші рет оқуға түседі. Алайда, көп ұзамай большевиктердің: «Тап жауларына қарсы күресті күшейту туралы» Қаулысы шыққасын, тағы да оқудан автоматты түрде шығып қалады.
Сосын, қанын сорғалатып 1937 жыл келді, ҚазГУ-дің ғимаратындағы өрт болған кезде, оны ұйымдастырған деп, нарком Т.Жүргенов бастаған қазақ зиялы қауымы тұтқындалды, ішінде белгілі ғалымдар Құдайберген Жұбанов пен Телжан Шонановта болды. 1937 жылы Телжан Шонанов тұтқандалған соң, артынша Алматыдағы Красин көшесі № 51 үйге НКВД-нің «қара құзғын» атанып кеткен жеңіл эмка машинасы келіп Шахзиданы тұтқындап алып кетті. Тергеу сол күні басталды, «Т.Жүргенов астыртын диверсиялық топты басқарды, соның тапсырмасымен ҚазГУ-дің ғимараты өртелгенің растаймын» деп қол қой деп сол кезден бастап қыспаққа алды, қорқытудан ешнәрсе шығара алмағасын адам жаны түршігерлік азаптау басталды, оның барлығын мойымай көтерді. Бірде Т.Жүргенов пен Ш.Шонанованы беттестіреді. Сол кезде Шахзаданың азаптаудан сау-тамтығы қалмаған бетін көріп Темірбекті ұрып соғудан құлағының дабыл пердесі жарылып кеткендіктен жанұшыра айқайлап: «Айналайын қарындасым Шахзада, мен бұл жерден енді шыға алмаймын, бар кінәні маған аудар, айтқандарына қол қоя бер, рұқсат бердім, сен әлі жассың аман қалуға тиіссің» дегенде Шахзада: «Аға ол не дегеніңіз, мен сізге қалай жала жабамын» дейді, оны Темірбек естіді ме ол жағы белгісіз.
1937 жылдың ақпанында Т.Жүрегенов, Қ.Жұбанов, Т,Шонанов т. б. атқан соң, артынша жалған құжатқа қол қойдыра алмаған Шахзада Шонанованы 9 наурызда атып тастайды. Кейін үкімді орындаған соң, олардың денесін отызыншы жылдары аштықтан қаңырап қалған ауыл шетіндегі шұңқырға апарып көметіні анықталды. Куәгерлердің айтуынша сол күні атылғандардың мүрделерін шұңқырға тастап жатқанда, біреуі қаша жөнелген, оны солдаттардың біреуі атып тастайды да, шұңқырға сүйреп әкеліп тастағанда ол әйел еді дейді. Сол күні атылған жалғыз әйел Шахзада Шонанова еді. «Содан кейін атылғандарды машинаға тиер кезде сіңірлерін қиып тастайтын болды» -деп бұрынғы жендет сөзін аяқтаған көрінеді. Осылайша қазақтың текті әрі қайсар қызы отыз төрт жасында атылып кетті.
Телжан мен Шахзада ұсталып кеткен соң бірге тұратын анасы Хұсни-Жамал Нұралыханова далада қалды, себебі «халық жаулары» тұтқындалған соң, отбасы мүшелері үйінен күштеп шығарылатын. Кезінде Астрахан губернаторымен айтысып жүріп, қазақ қыздары үшін алғашқы мектеп ашқан, «Қазақ» газетінің шығару үшін қаржыландырған Жәңгір хан немересі Хұсни-Жамал қайыршы болып жүріп, 1945 жылы Алматы көшелерінде аштықтан құлап қайтыс болып кетті, бірге туған туыстары болды, бірақ көмектессе өздері де «халық жауы» атанып итжеккенге айдалып кететінің білгендіктен көмектесе алмады…заман солай болды ғой…
Сүгіретте: Қылмыстық Кодекстің атақты 58 бабы бойынша Ш.Шонановаға қозғалған НКВД-нің № 06007 ісіне тіркелген соңғы фотосы.
Бақытжан Абдул-Түменбай тарихшы.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Related Articles

  • «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    Қазақ халқының даңқты перзенті, ұлы жазушы Мұқтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай) Шұбартауда дүниеге келді. Жондағы Жобалай Керейдің ең үлкен Аруағы Жобалай бидің ұрпағы еді. Байқотан би, Томан би, Бегеш шешен, Уәйіс, Төлеу ақын… Атағы Аталарынан асып кетті… Тірісінде олай деген жоқ… Бұл сөзді дүниеден өткен соң біз айтып отырмыз… Өмірінің соңғы кездері шетте өтті. «Үкіметке, басқаларға да өкпем жоқ, өкпелейтін олардың жағдайы жоқ!» (М.Мағауин) деген еді өзі бертінде. Астары ауыр, еңсеңді езердей салмақты сөз… Данышпан адам неге елден жырақ кетті. Бұл «Оңаша жатқанды ұнатамын, Елімді ел қылмасын ерте сезіп… Елден кеттім жырақ…» (Шәкәрім) дейтін кетіс сияқты. Сонда да «Көк

  • 1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада, Даниялық ғалым В.Томсен құлпытастағы бітік жазудың құпиясын ашты. Ғылыми жаңалық еуропа қоғамын дүр сілкіндіреді. Тосмен алғаш «түрік», «күлтегін», «тәңірі» деген сөздерді шешіп оқиды. Бітіктастағы жазудың келесі беті қытай иероглифімен бәдізделген-ді. Томсен иероглифтегі есімдердің реттік (қайталану) жилігіне қарап отырып келесі бетіндегі құпия таңбаларды біртіндеп сөйлете бастайды. Сол дәуірде шығыстану соның ішінде түркітану саласы жеке ғылым ретінде абройлы зерттеу нысанына айналды. В.Томсен таңбаны шешіп құпиясын ашқанымен көне түрік тілін білмеуші еді, сол себепті «бұл мәтінді оқыса Радлов оқиды» деген. Көп өтпей Радлов, Томсен шешкен таңбаның ізінше мәтін жолдарын оқыған. Сонымен жұмбақ күйде қалған тастағы бітік жазуы сөйлей бастаған… 25 қараша күні маңызды күн. Бітік жазу күні құтты болсын!

  • ОТАМАННЫҢ АҚЫРЫ

    ОТАМАННЫҢ АҚЫРЫ

    Шағын сараптама (Жанабіл Смағұлұлының қазасына арнаймын) Бірінші, ХХ ғғ.-дағы Қытай қазақтарының интеллигенциясын үлкен масштабта үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең 1911-12 жылдардағы саяси төңкерістен кейін қалыптасқан қазақ интеллигенция. Бұл кезеңдегі интеллигенцияны екі санатқа бөліп қарастыруға болады. 1) Рухани ағартушы интеллигенция; 2) Саяси интеллигенция. Рухани ағартушы интеллигенцияның өзін екі топқа бөлуге болады: бірінші топ, жәдиттік мектептің ағартушылары; екінші топ, қазақы дүниетанымның ағартушылары. Ал, бұл кезеңдегі саяси интеллигенцияны да екі топқа бөліп қарастыра аламыз. Бірінші топ, қазақтың дәстүрлі саяси билік жүйесі негізінде қалыптасқан саяси интеллигенциясы; екінші топ, 1914-1922 жж. шығыстық білім беру жүйесі негізінде қалыптасқан саяси интеллигенция. Екінші, шығыстық білім беру жүйесінің интеллигенциясы 1912 жылғы Пекинде өткен президент сайлауынан соң қалыптаса

  • Шоқай Торғайұғлы

    Шоқай Торғайұғлы

    “Ақмешіт уезінде белгілі қазақ ақсақалдарынан Шоқай Торғайұғлы 23-нші декабрде опат болды. Қазақша атқа мінген жұрт кісісі болғанның үстіне өнер, білімнің керектілігін ерте сезіп, заманға лайық істерге кіріскен адам еді. Мұстафа деген баласы осы күні Петербор университетінде оқып жүр” “Қазақ” газеті, №46, 1914 жыл Суретте: Шоқай Торғайұлы. Сурет Н.Гродековтың кітабынан алынды. Серікбол Хасан

  • САРБАС РУЫ ЖӘНЕ САРТОҚАЙ БАТЫР

    САРБАС РУЫ ЖӘНЕ САРТОҚАЙ БАТЫР

    Тарихты түгендеу, өткеннің шежіресін кейінге жалғау – атадан балаға жалғасқан ежелгі дәстүр. Шежіре, ұлт-ру, тайпа тарихы – атаны білу, арғы тарихты білу болып қалмастан ұлттың ұлт болып қалыптасуы жолындағы бастан кешкен сан қилы оқиғалары мен ауыр тағдырынан да мол дерек береді. Шежіре – тұтас халық тарихының іргетасы ғана емес, ұлт пен ұлыс танудың әліппесі  саналады. «Қазақ халқы 200-ден аса рудан құралса да әр рудың өз шежіресі болған. Шежірешілер жүз, тайпа, ру, ата тарихын терең талдай білген»(1). Патшалық ресейдің дәурені аяқталар тұста қазақтың мемлекеттігін қалпына келтіруді мақсат тұтқан Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан (1866-1937) алғашқы болып қазақ тарихының қажеттілігін алға тартып, башқұрттың әйгілі ғалымы Уәлиди Тоғанмен кездесіпті. Уәлиди Тоған өзінің естелігінде: «Мен бірнеше

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: