|  |  |  |  |  |  |  |  | 

Жаңалықтар Зуқа батыр 150 жыл Зуқа батыр 150 жыл Руханият Сұхбаттар Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

Зуқа батырдың 150  жылдық мерейтойы Қазақ елінде мәресіне жетті

384AE98F-DE0E-49C2-9712-6CD0AB40694A_cx2_cy0_cw98_w610_r1_s_r1Алматы қаласы маңындағы “Қазақ үй” салтанат кешенінде  Арыстан қажы және  атбал ел азаматтардың бастамасымен “Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойының” бір жылдық қорытынды шаралары салтанатпен өтті. Тойға әлемнің оншақты елінен мыңға жуық қонақтар қатынасты. Мерейтойлық шара жалпы халықтық сипатта өтті.

Тәуелсіз еліміздің 25 жылдық ұлытойымен тұспа-тұс келген шарада, алты қазақ үй тігіліп жалпы халыққа ас берілді.Гала-Концерт қойылды. Осы орайда Нұр-Мусахан мешітінде аруақтар рухына құран қатым түсіріліп, соңынан биылғы жылы жарық көрген Байахмет Жұмабайұлының «Рухы асқақ Ер Зуқа» және «Зуқа батыр» атты жинағы, қоғам қайраткері Сағат Заханқызының «Ұлы көш:Аңыз бен Ақиқат», Бақытбек Бәмішұлының «Зуқа батыр – аласапыран замана арыстаны» кітаптары және Нұрлан Бибрал мен Жұмабай Мәдібайұлы құрастырған «Зуқа батыр Сәбитұлының мерей тойынан» атты альбомның тұсаукесері өтті. Батыр баба туралы тың деректермен толықтырылған жаңадан басылған  бес кітап халыққа таратылды.
FB_IMG_1475688756508

Кітаптың тұсауын мешітте өткізу бұрын соңды болмаған жағдай. Ақ батамен тұсау кесер рәсімін мешітте өткізу де тағылымды болса керек. Осы жиында сөз алған ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, қайраткер Уәлихан Қалижанов мырза «Қазақтың Зуқа батыры» атты баяндама жасады. ДҚҚ біріші орынбасары Талғат Мамашов, Талғат Қосжігіт, Әбдірахман  қатарлы қоғам қайраткерлері лебіздерін білдірді. Қытайдан арнайы тойға әкелінген кәде силар таратылды. Таңертең басталған той алыстан келген қонақтарға арналған кешкі қонағасымен жалғасты.FB_IMG_1475688808703

7-ші қазанда елордамыз  Астана  қаласындығы ЕҰУ-тінің  “Отырар кітапханасы” ғылыми орталығында «Зуқа Сәбитұлы және Қытай қазақтары: тарихы мен тағдыры» атты халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Германиядан Абдрахман Четин, Әлихан Жаналтай, Түркиядан Әбдіуахаб Қара, Есадулах Четин, Қытайдан Шайсұлтан Қызыр, Байахмет Жұмабайұлы және ЕҰУ-тінің  ғалымдары мен ғылыми қызметкерлері мен “Зуқа батыр-150 жыл” ұйымдастыру алқа мүшелері қатысты.Astana Otirar

Конференция жұмысы барысында айтылған түйінді ой-пікірлер негізінде Зуқатану және Қытай қазақтарының тарихи мәселелерінің көкейкестілігін басшылыққа ала отырып, оған қатысышылар қарар қабылдады. Отандық тарих ғылымының   дамуын ескере отырып Зуқа батыр туралы зерттеулерді тереңдету және оның сындарлы ғылыми нәтижесін жалпы халықтық игілікке айналдыру. Тұлға тану бағытында Зуқа батыр туралы арнаулы басылымдар шығару және орталықтар ашу, «Зуқа Сәбитұлы және Қытай қазақтары: тарихы мен тағдыры» атты халықаралық ғылыми конференция материялдары университет баспасынан арнайы жинақ түрінде баспадан шағару қатарлы 8 түрлі қарар қабылдыды. Кешкісін батыр рухына арнап ас берілді.

«Рухы асқақ Ер Зуқа» және «Зуқа батыр», “Қазақтардың Түркияға көші”, «Зуқа батыр Сәбитұлының мерей тойынан» қатарлы  кітаптар “Отырар кітапханасы” қорына тапсырылды.14523092_10154133024944582_2949539075122792378_n

Жыл басынан басталған той аясында Зуқа батыр туралы 1 деректі филым жасалып республикалық Алматы теле-арнасынан көрсетілді.  Астанадағы ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде көрме ұйымдастырлыды. 8 кітаптың түсауы кесілді. Оннан аса ғылыми-мақалалар жарияланды. Қазақстандағы және шетелдегі теле-радио, газет-журналдар мен ақпараттық сайыт-порталдарда жыл бойы жаңалықтар беріліп, батыр рухы халыққа насихатталды.

Әлемнің оннан аса елінде, жирма қаласында аталып өтілді. ҚР шетелдегі елшіліктері, Халқаралық ұйымдар, ҚР әр қаладағы әкімшілітері мен жеке азаматтар демеушілік жасап ұйымдастырды.

“Зуқа батыр-150 жыл” ұйымдастыру алқасы тойды өткізуге атсалысқан барлық азаматтарға зор алғыс айтады. Қазақ елінің тәуелсіздігі баянды болсы! Егемендіктің 25 жылдығы құтты болсын ағайын!

Зуқа батыр туралы деректі филым

Related Articles

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: