|  |  |  |  | 

Көз қарас Тарих Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ!

 JeltoqsanТура бүгін, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне 30 жыл толып отыр. Айтулы оқиғаға байланысты бұдан 30 жыл бұрын қаймықпай Л.Брежнев атындағы орталық алаңға шыққан Қазақ жастары ересен ерлік, қайтпас қайсарлық көрсетті. Бүкіл кеңестік кеңістікте алғашқы болып тоталитарлық коммунистік билікке қарсылық танытты. Кейбір деректерде алаңда 20-30 мың адам болды дейді. Басқа облыс орталықтарында наразылық танытқандарды қосқанда көтеріліске кемінде 50 мың адам қатысқаны ақиқат. Аяусыз жазалау кезінде көптеген жас жігіттер, айналайын, алтын қыздарымыз жүздеп, мыңдап зәбір көрді. Қуғын-сүргінге ұшырады. Соққыға ұшырағандар тіпті дәрігерге барудан үрейленді. Қаншама тағдыр бүлінді. «Жарылған бас бөрік ішінде, сынған қол жең ішінде» қала берді. Бүгінде солардың бәрі көрген құқайын, тартқан азабын қорықпай жария етуге тиіс.

Желтоқсанның кезекті ызғарынан шошыған билік биыл аты-жөні белгілі желтоқсаншыларға 60-70 мың теңгеден беріп «қамқорлық» көрсеткендей болды. Бірақ әлдебір ішкі «мерез» жібір емес. Желтоқсанның 30 жылдығына арналған ресми конференцияны өткізуге көмектесетін болып уәде беріп тұрған елордалық әкімшілік те соңғы сәтте жалт берді. Осының салдарынан «Қазақстандағы Желтоқсан (1986 ж) көтерілісінің тарихи және халықаралық маңызы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция Астанадағы желтоқсаншы жігіттердің жанқиярлық әрекеттерімен әзер өткізілді. Бұл жерде 1986 жылы ұлт намысы үшін алаңға шығудан қорықпаған Құрманғазы Айтмырзаевтың тағы бір азаматтық қаһармандық жасағанын айтуға тиістіміз. Өзі отбасымен әзер отырған бір бөлмелі үйін сатып, ақшасын конференция өтетін болып келісілген «Radisson» қонақ үйіне құйды. Қазір бала-шағасымен жатақханада… (Бәлкім, «Киви-әмиян» сияқты бірдеме ұйымдастырып, Құрманғазының отбасына бір бөлмелі болса да баспана алып беруге көмектесерміз?!) Конференция халықтық толқуды Желтоқсан көтерілісі деп таныды. Енді бұл көтеріліс ресми мойындалуға тиіс! Тәуелсіздіктің тамыры – тарихта болса, тұғыры –Желтоқсан! Тәуелсіздікті мойындап, Желтоқсан көтерілісін мойындамау – бұл тарихқа қиянат, отаршылдық пиғылға – қолдау, ұлтқа – опасыздық. Желтоқсанның отыз жылдығы тұсында жастық шағын Отанымыздың келешегі үшін құрбан еткен барша Желтоқсаншыларға аға ұрпақ атынан Алғыс айтып, басымды иемін! Рахмет, қаһарман іні-қарындастарым! Сіздер ұлттық рухы қалғымаған кейінгі жас ұрпақ үшін өнеге болып, мақтан болып қала бересіздер! Алла тағала баршаңызға ұзақ ғұмыр беріп, бақытты да, жалтақсыз Қазақстанды көруге нәсіп етсін!!!
Марат Токашбаевтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: