|  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Оқиға Саясат

Ресейдің Түркиядағы елшісі қастандық құрбаны болды

Ресей елшісіне қастандық жасаушы адам құлап түскен Андрей Карловтың қасында тұр. Анкара, 19 желтоқсан 2016 жыл

Ресей елшісіне қастандық жасаушы адам құлап түскен Андрей Карловтың қасында тұр. Анкара, 19 желтоқсан 2016 жыл

Қастандық жасалған көрмеге барған Қырғызстанның Түркиядағы елшісі Азаттыққа оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.

Желтоқсанның 19-ы күні Анкарадағы Қазіргі заман өнер орталығында “Түріктер көрген Ресей” атты фотокөрмені ашуға барған Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карлов қастандықтан қаза болды. Елшіні тапаншамен атып өлтірген адам полициямен атыс кезінде оққа ұшты деп хабарланды. Түркия билігі шабуыл жасаушының “Анкара полицейі Мевлют Мерт Алтинташ” екенін мәлімдеді. Жергілікті БАҚ таратқан видеоларда қара түсті костюм-шалбар мен ақ көйлек киіп, қара галстук таққан қастандық жасаушы ер адам “Аллаһу әкбар!” деп айғайлап, “Сирия мен Алепподағы жағдай үшін кек алғанын” айтады. Өнер галереясында жасалған шабуыл кезінде бірнеше адам жараланған. Бір күн бұрын Түркияда Ресейдің Сирия президенті Башар Асадты қолдағанын айыптаған қоғамдық наразылық акциясы өткен еді.

Ресей сыртқы істер министрлігі әуелі Андрей Карловтың шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенін растап, кейін дипломаттың мерт болғаны туралы ресми мәлімет жариялады.

Өнер орталығындағы іс-шараға барған Қырғызстанның Түркиядағы елшісі Ибрагим Жунусов қастандық әрекетінің куәсі болған. Азаттыққа берген сұхбатында Жунусов: ” Мен, Өзбекстанның елшісі мен [Андрей] Карлов үшеуміз бірге әңгімелесіп тұрғанбыз. Оған (Карловқа – ред.) сөз берілді, біз мінбердің қасында тұрдық. Қасында бір жігіт әрлі-бері жүрді. Күзетші деп ойлағам. Карловқа сөз берілген соң екі минут өтпей жатып, ата бастады. Оқ атқан адам: “Аллаһу Әкбар!” деп айқайлады да, бәрімізге “Жерге жатыңдар!” деп бұйырды. Адамдар қаша бастады. Қайта атыс басталды. Оғы таусылғанын байқап, кетуге ыңғайландым. [Біразымыз] көшеге шығып үлгердік, іште қалғандарды ол жібермей тұрды” деді.

Жунусовтың сөзінше, мәдени іс-шараға жүз шақты адам жиналған.

Қастандықтан соң іле-шала Түркия президентінің әкімшілігі “Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті” деп мәлімдеді.

Түркия президенті Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин. Стамбул, 10 қазан 2016 жыл

Түркия президенті Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин. Стамбул, 10 қазан 2016 жыл

 

Дипломаттың денесі жеткізілген аурухана алдында журналистерге сұхбат берген Анкараның мэрі Мелих Гокчек “қастандық жасаушының Түркия мен Ресейдің қарым-қатынасын бұзуды көздегенін” айтты.

Елші Андрей Карловқа жасалған қатыгез қастандықты АҚШ, Ұлыбритания, Германия мен Франция бастаған Батыс елдері жаппай айыптап шықты.

Ресей мен Түркия – Сириядағы азаматтық соғысқа араласқан елдер. Бес жарым жылдан астам уақытқа созылған соғыс кезінде Ресей Сирияның автократ президенті Башар Асадты қолдап, былтыр оппозициялық көтерілісшілерге қарсы әскер кіргізді. Түркітілдес аз санды этностардың қауіпсіздігін сақтау деген желеумен Түркия да Сирияға әскер кіргізіп, шекараның екі бетіндегі күрд жасақтарына қарсы операция жүргізіп жатыр. Елден екі миллион сириялық босып кетті. Олардың бір бөлігі Батыс Еуропаға жетуге тырысқанымен көпшілігі Түркиядағы босқындар лагерін паналап жатыр.

Былтыр Сириядағы ресейлік ұшақты түркиялық әскер “шекара бұзды” деген айыппен атып түсірген соң Мәскеу мен Стамбулдың арасы күрт суыған. Ресей бірқатар Түркия тауарларын импорттауға тыйым салған болатын.

Биылғы маусымда Тайып Ердоған ұшақты атып түсіруге байланысты “өкініш білдіріп”, Путинге хат жазған. Шілденің 15-інде Түркияда “болмай қалған әскери төңкерістен” соң 230 адам қаза тауып, билік Ердоғанның қарсыластарын жаппай қудалай бастаған. Бұл әрекетті Батыс елдері сынап шыққан. Соңғы жылдары Түркияның экономикалық дамуы да баяулап қалды. Бұдан соң Анкара “әскери төңкерісті жасаушылар мен ұшақты атып түсірушілер Түркия мен Ресейдің қарым-қатынасын әдейі нашарлатпақ болды” деп мәлімдеген.

Тамыздың 9-ында Санкт-Петербургте кездескен Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Тайып Ердоған “ұшақ дауына” байланысты жеті айға созылған дипломатиялық теке-тірестен соң қайтадан қарым-қатынастарын жақсарту туралы уағдаласқан. Содан бері Анкара мен Мәскеудің арасы салыстырмалы түрде жақсарып, екі тарап тек Сирия президенті Башар Асадқа қатысты келіспей қалып жүрді. Ресей Асадтың билік басында қала беруіне мүдделі болса, Түркия Асад тұрғанда елдегі азамат соғысы мен жікшілдік бітпейді деп санайды.                                                                                                                                                                          Азаттық радиосы

Related Articles

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • АҚШ сенаты Украинаға қаржылай көмек қарастырылған заң жобасын мақұлдады

    АҚШ конгресі.  АҚШ сенаты 13 ақпанда Украина, Израиль және Тайваньға 95 млрд доллар болатын қаржылай көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады. Сенатта демократтар басым орынға ие. Енді заң жобасын Республикалық партия басым Өкілдер палатасы қарайды. Өкілдер палатасында жобаның заң статусын алуға мүмкіндігі аз деген болжам да айталады. Президент-демократ Джо Байден біраз уақыттан бері екі палатаны Украина мен АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аумағындағы серіктестеріне көмек беруді жылдамдатуға шақырып келеді. Украина билігі басты одақтасы АҚШ-тан қолдау азайған тұста қару-жарақ жетпей жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. Украина президенті Владимир Зеленский бүгін, 13 ақпанда АҚШ сенатының бұл заң жобасын мақұлдағанына алғыс айтты. Құжатта Киевке 61 млр доллар беру қарастырылған. “Американың көмегі Украинаға бейбіт өмірді жақындастырып, әлемдік

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: