|  |  | 

Жаңалықтар Саясат

БАҚ: Президент әкімшілігінің бұрынғы басшы орынбасары Майлыбаев қамауға алынды

Президент әкімшілігінің бұрынғы басшы орынбасары Бағлан Майлыбаев қамауға алынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы “ЦентрАзияға” сілтеме жасап хабарлайды.

БАҚ: Президент әкімшілігінің бұрынғы басшы орынбасары Майлыбаев қамауға алынды

БАҒЛАН МАЙЛЫБАЕВ. ФОТО: WIKIPEDIA.ORG

Басылымға Астанадағы дереккөздің хабарлауынша, жұма күні құқық қорғаушы органдар Бағлан Майлыбаевты қамауға алған. Бұған қатысты ресми түсініктеме алу мүмкін болмады. Майлыбаев жұмадан бері телефон қоңырауларына жауап бермейді.

Бағлан Майлыбаев 1975 жылы дүниеге келген, заң ғылымдарының докторы.

2002 жылдан бастап Мәдениет министрлігінің БАҚ департаменті директоры,  “Казахстанская правда” АҚ президенті, “Заң” АК президенті, Қазақстан президентінің баспасөз қызметі басшысы, Қазақстан президенті баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.

Майлыбаев президент әкімшілігінің бұрынғы басшы орынбасары қызметінде алты жыл бойы болған.

12 қаңтар күні ол президенттің жарлығымен қызметінен босатылды.

Дереккөз: Nur.kz

Related Articles

  • Соншама көп Араб елдері не үшін жалғыз Израильді жеңе алмады?

    Бірнеше реткі Орта Шығыс соғысында Араб елдерінің әскер саны мен қару – жарақ саны Израильден неше есе көп бола тұра не үшін ауыр жеңіліске ұшырап, Израильді жер бетінен жоғалту былай тұрсын, керісінше, өздерінің территорияларынан айрылып қалды? Бұл жерде неше түрлі себептер бар болсада, ең негізгі себеп – екі жақтың соғыс мақсатында. Былайша айтқанда, не үшін соғыс жасаймыз деген мәселе. Израиль не үшін соғыс қимылдарын жүргізеді? Себебі өте оңай. Егерде, Израиль соғыс жасамаса, әрі, соғыста жеңіліс тапса, екі мың жылдан бері сергелдеңде жүрген яһуди ұлтының әрең дегенде құрған мемлекеті бір жолата ойран болады. Сондықтан, Израильге соғыста жеңіп шығу арқылы өз өмірін сақтап қалудан басқа жол жоқ. Ал, қарсы жаққа келер болсақ:

  • Қытайда Оспан батыр ұрпақтары өмір бойы қамауға үкім етілуде

     Біріккен Ұттар Ұйымы (United Nations),  Халықаралық Адам Құқықтарын қорғау ұйымы (International Human Rights Organizations), Еуропа Парламенті (European Parliament) және  ҚР Президент әкімшілігінің,   ҚР Сыртқы істер министрлігінің назарына:     Соңғы жылдары Қытай үкіметі «терроризмге, діни экстремизмге қарсы күресті» желеу етіп Шыңжаңдағы аз санды ұлт өкілдеріне қысымды күшейтті. Бұл қазақ, ұйғыр, қырғыз, т.б. Шыңжаңдағы жергілікті аз санды ұлт өкілдері құқықтарының ауыр дәрежеде тапталуына себеп болды. Миллионнан астам аз санды ұлт өкілі сотсыз, сұрақсыз лагерлерге (Бейжің билігі «Білім беру орталықтары» деп көрсетуге тырысады) қамалып, мыңдаған адам жалған жалалармен қудаланды. Нәтижесінде, Шыңжаң өңірі әлемдегі адам құқығы ең ауыр дәрежеде тапталған аймаққа айналды.   2020 жылы 10 шілде күні (Бейжің уақытымен 08:00 ден 15:30

  • Бұл Батысқа айбат шегу ме? Путин, Роухани мен Си Цзиньпин неге бірлескен әскери жаттығу өткізіп жатыр?

    Александр ГОСТЕВ Ресейдің оңтүстігіндегі “Ашулук” әскери базасынан ұшырылған зымыран. 22 қыркүйек, 2020 жыл. ыркүйекте Ресей, Қытай және Иран құрлықта және теңізде бірнеше ауқымды әскери жаттығу өткізді.  Көп жағдайда бұл шаралар бірлескен формада, аталған үш мемлекеттің және әлемдік қауымдастық, бірінші кезекте Батыс күдікпен қарайтын Беларусь, Мьянма сияқты елдердің қатысуымен өтті.  Кей сарапшы батыс елдері жау көретін, тарихи контекст бойынша қазірдің өзінде “зұлымдық ошағы ” елдері аталып жүрген жаңа әскери-саяси блок пайда болуы мүмкін деп қауіптене бастады. Бұл шынымен солай ма? Мәскеу, Пекин, Тегеран мен Минск қыруар қаржы жұмсаған әскери қимылдар кімді қорқыту үшін жасалған? Александр Лукашенко “Батыс елдерінен қауіп төнгені ” жөнінде мәлімдеме жасаған тұста, 21 қыркүйек күні, Беларусьтің әскери полигондарында Ресей–Беларусь әскерінің қатысуымен

  • АЙЯ СОФИЯ НЕГЕ МҰРАЖАЙҒА АЙЛАНДЫРЫЛДЫ?!?

    Айя София айланасындағы дауға нүктені қою үшін оның 1934 жылы неліктен мұражайға айландырылғанын білмек ләзім. Бүгінгі ахуалмен өткенге баға беруге болмайды, сол уақыттың шындығын білу шарт. Осман патшалығы 1-ші дүниежүзілік соғыста жеңілген соң 30 қазан 1918 ж. атақты “Мондрос шартына” қол қойды, бұл шарт бойынша Осман патшалығы жеңімпаз елдердің жеңісін мойындап, ел билігін соларға тапсырып, іс жүзінде ыдырап кетті. Осман патшалығы жеңімпаз елдермен Францияның астанасы Париж маңындағы Севр (Sevres) қалашығында 10 тамыз 1920 ж. соңғы шартқа қол қойды. “Севр шарты” деп аталған осы халықаралық құжатқа жеңімпаз елдер ретінде: Британия империясы, Франция, Италия, Греция, Жапония, Армения, Бельгия, Польша, Португаля, Хижаз патшалығы, Румыния, Сербия, Чехия, Хорватия қол қойыпты, жеңіліске ұшыраған Осман патшалығы

  • Қазақстан Республикасының президенті Қ. К. Тоқаев мырзаға

    Қазақстан Республикасының президенті Қ. К. Тоқаев мырзаға Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Өзіңізге мәлім, елдің кино қауымдастығында жікке бөлінушілік болып жатыр. Бір жылдан бері дау-дамай мен текетірестер басылмай келеді. Кәсіби киногерлер дау-дамайдан арылмай отыр. Нағыз шығармашылыққа орын қалмады. Біз мұның бәрі осы сала министрлігінің ойланбай жасаған әрекеттерінің салдары деп санаймыз. 2019 жылдың наурызында, "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КАҚ құрылып, оған республикалық кино өндірісінің барлық негізгі мәселелерін шешу құзыры берілді. Ақырында "Қазақфильм" Ұлттық киностудиясына қажетті назар аударылмай қалды, ал Сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігі Ұлттық киноны қолдау орталығының жетекшілеріне қарсы қылмыстық іс қозғады. Оның қалай аяқталатыны әзірге белгісіз, тергеу жалғасып жатыр. Десе де осының өзі нағыз сорақылық болып отыр. "Қазақфильм" Ұлттық киностудиясына келер

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: