|  |  |  |  | 

Көз қарас Оқиға Спорт Сұхбаттар

«Арбаға таңылған адамды соққыға жыққан» елде әдiлеттiлiктi қайдан табасың?

Ақтөбе облысында заңсыз мұнай өндiрумен, ұрлаумен және оны заңсыз тасымалдап, сатумен айналысты, осы мақсатта ұйымдасқан қылмыстық топ құрып оған жетекшiлiк еттi деп айыпталған Еркiн Iзбасардың адвокаты Серiк Сәрсенов өзiнiң қорғауындағы азаматты кiнәсiз деп санайды. Оның айтуынша, елiмiзде спортшылардың қамқоршысы, мүгедектер ұйымының белсендi мүшесi, кей ортада қылмыс әлемiнiң беделдi тұлғасы ретiнде көрсетiлген Е.Iзбасар абақтыда дәлелсiз айыптармен заңсыз отыр. С.Сәрсеновпен сұхбатымызда айыпталушылардың құқығы туралы сөз болды.

Тiлшi: – Серiк Қамбарұлы, қорғауыңыздағы адамның құқықтары бұзылды деп санайсыз ба? Оның қамауға алынуын неге заңсыз дейсiз?
С.Сәрсенов: – Мен көтергелi отырған мәселе елiмiзде қылмыстық жауапқа тартылған мыңдаған адамға тiкелей қатысты. Мен қылмыстық жауапқа тартатын органдар, прокуратура және соттар тарапынан болып жатқан сорақы заңсыздықтарға назар аударғым келедi. Бұл бiрiншi кезекте азаматтардың өзiн қорғауға, сапалы заңгерлiк көмек алуға деген конституциялық құқықтарының өрескел бұзылуына қатысты. Халықаралық құқықтың осындай iргетасы қиратылып, елiмiзде адам құқығы аяққа тапталуда.
Е.Iзбасарды қамауға алған кезде, 9-10 желтоқсанда, тергеу абақтысында оны ұрып-соққанын айтпай-ақ қояйын. Шешесi мен әйелiнiң сөзiнше, арбаға таңылған, қорғансыз адамды абақты қызметкерлерi соққыға жыққан. Дәрiгерлiк көмек те көрсетiлмедi деп естiдiм. Мiне, адам құқығы бiзде қалай қорғалатынын осыдан байқай берiңiз.
Ендi нақты заң бұзушылықтарға тоқталайын. 9 желтоқсанда күдiктi ретiнде Еркiн Iзбасардың iс-әрекетiн саралау туралы қаулы шықты. Ол екi бiрдей ауыр қылмыс жасады деп айыпталуда. Осы қаулыдағы оның қылмыстық әс-әрекетiнiң мән-жайларын баяндау жағы небәрi 4 жолға сыйып кеткен. Бұл – түкке тұрғысыз жалған айып. Неге олай екенiн прокурорға жазған шағымымда бастан-аяқ түсiндiрiп бердiм. Бұл қаулы осындай құжаттарға Қылмыстық кодекстiң 113 және 204-баптары қоятын талаптарға жауап бермейдi. ҚК-нiң 4-бабында қылмыстық жауапқа тартуға тек қылмыс құрамы ғана негiз бола алады делiнген. Қылмыс құрамы қылмыстың белгiлерiнен, қылмыс жасалған уақыт, орын және күдiктiнiң iс-әрекетiнiң объективтi белгiлерiнен тұрады. Е.Iзбасарға қатысты оның қашан және қандай жағдайда ұйымдасқан топ құрып, оған қалай жетекшiлiк еткенi, қаулыда көрсетiлген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерiнiң әрқайсысы қандай нақты қылмыстық iске барғаны, Е.Iзбасар қай жылы және қандай жағдайда белгiсiз жандармен мұнай ұрлығымен айналысқаны, ұрланған мұнайды қашан және қалай, қанша көлемде және кiмдерге сатқаны туралы, тағы басқа толып жатқан қылмысты дәлелдейтiн деректер мен оның белгiлерi көрсетiлмеген. Екi ауыз сөзбен ол мұнай ұрлап, оны заңсыз тасымалдап, сатумен айналысты деп жаза салған.
Тiлшi: – ҰҚК бұлтартпайтын дәлелдерсiз кiнәсiз адамға ауыр айыптар тағып, ұстамайтын шығар?
С.Сәрсенов
: – Демек, онда отырғандар не заң бiлмейтiн дүмбiлездер немесе адамға қорғануға мүмкiндiк бермеу үшiн оның бәрiн әдейi жазбаған. Және үшiншi жорамал, оларда ешқандай дәлел жоқ. Өзiм де ұзақ жыл iшкi iстер органдарында қызмет еттiм. Егер күдiктiнiң кiнәлi екендiгiн бұлтартпайтын айғақтары болса, оны жасырудың, осылайша заң бұзудың қажетi қанша? Мен оның бәрiн қаулыға тiзiп жазар едiм. Осындай жағдайда мұнай ұрлады деп айыптаса да, оның қашан және қалай мұнай ұрлағаны туралы бiрде-бiр дәлел көрсетпесе, Е.Iзбасар оны қалай жоққа шығара алады? Егер Е.Iзбасар мен онымен бiрге тұтқындалғандардың қылмыстық әрекетiн толық баяндап, дәлелдер келтiрсе, бұл қаулының айыптау бөлiгi төрт жол сөзбен бiтпес едi. Бұл – мүлдем сауатсыз айыптау. Осындай шала және заңсыз құжаттың негiзiнде ол бiр айдан астам уақыт қорғану құқығынан айырылып отыр, ал менi заңгерлiк көмек беру құқығынан айыруда.
Олар бiзге қорғануға мүмкiндiк бермеу үшiн, заңсыз әрекеттерiне шағымдануға уақыт қалдырмау мақсатында әдейi осылай iстеген деген күдiгiм бар. Менiң тәжiрибемде мұндай жағдайлар көп кездестi. Аяғына дейiн заңсыз, шала-жансар қаулылармен аяқ-қолымызды тұсаулайды да, тергеу аяқталуға жақын қалғанда ойлап тапқан айыптауларын қолымызға ұстата салады. Ал ол кезде тергеу аяқталып, iстi сотқа өткiзiп жiбередi.
Тiлшi: – Сiз оны неге қорғай алмай отырсыз?
С.Сәрсенов: – Мен осы заңсыздықтар туралы Ақтөбе облысының прокурорына шағым жолдадым. Прокурордың берген жауабы мынау (екi беттiк қағазды көрсеттi). Ол iс жүзiнде менiң барлық шағымымды жоққа шығармаса да, оны қанағаттандырудан бас тартты. Үш күн iшiнде жауап беруi керек болса да, бiзге не деп жауап берерiн бiлмей бiр апта жазды. Бас прокурордың нұсқауында қаулыда шағымда көрсетiлген әрбiр дәлел келтiрiлуi және әрбiр дәлел бойынша нақты жауап берiлуi керек делiнген. Оның бiрi де жоқ. Демек облыстың прокуроры бас прокурорға да, президентке де, Конституция талаптарына да бағынбайды деген сөз.
Тiлшi: – Мұныңыз асыра айтқандығыңыз болар. Сiздiң қорғауыңыздағы адам көпшiлiкке қылмыс әлемiнiң беделдi тұлғасы ретiнде танымал емес пе?
С.Сәрсенов
: – Мұндай ақпарды ҰҚК әдейi таратты.
Тiлшi: – Сiз адвокаты ретiнде осылай дейсiз…
С.Сәрсенов
: – Жоқ. Сiз алдымен оны ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшiсi ретiнде таныған сот шешiмiн көрсетiңiз. Ондай шешiм жоқ.
Сiздi ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшiсi ретiнде тануым үшiн мен сiздi есепке алып, агентуралық, жедел iс-қимыл жұмыстарды ұйымдастыруым керек, сiздiң қылмыстық топ жетекшiсi екенiңiздi дәлелдеуге тиiспiн. Сiздi осы үшiн жауапқа тартып, сот тиiстi үкiм шығарған соң ғана сiздi ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшiсi ретiнде атауға болады. Менiң бiлуiмше Е.Iзбасарға қатысты ондай үкiм жоқ.
Тiлшi: – Бұған қатысты күмәнiм бар..
С.Сәрсенов
: – Күмәнiңiз болса, соңғы бiрнеше жылда елiмiзде қанша адамның 262-баппен ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшiлiк еткенi туралы соттарға сұрау жолдаңыз. Соттардың сiзге жауап бермейтiнiне кепiлдiк беремiн. Мен осы бойынша сан мәрте хабарласқаныммен, ештеңе өндiре алмадым. Дәл осындай сауалыңызға ҰҚК, IIМ, қаржы полициясының да ақпарат бермейтiнiне шүбәм жоқ. Егер Е.Iзбасар мен оның жақтастары мәселен, соңғы 5 жылда ұйымдасқан қылмыстық топ құрса, осы уақытқа дейiн қылмыс жасамаған ол қандай топ? Осы кезге дейiн неге қылмыстық жауапқа тартпаған? Менiң долбарымша, олар кейбiр адамдарды әдейi таңдап ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшiлерi мен мүшелерi ретiнде тiркеп қояды. Сондай есепте тұрғандардың тең жартысы ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресiп жатырмыз деген жалған есеп беру үшiн ғана тұр деп санаймын.
Тiлшi: – Бiрақ Е.Iзбасар бiрнеше жыл бұрын сотталған едi ғой?
С.Сәрсенов: – Еркiндi жауапқа тартқан ол iсте оған тағылған айыптың бiрi –өзгенiң мүлкiн ұрлау деген бап едi. Сотта ресейлiк бiр компания Е.Iзбасар бiзден қаржы жымқырды деп айыптаған. Мен Мәскеуге барып Ресейдiң мемлекеттiк органдарынан аталған фирма туралы анықтама жинадым. Ресми орындар берген анықтама бойынша ондай компания еш жерде тiркелмеген, мөрлерi қолдан жасалған, ал құжаттарындағы нөмiрлер мен өзге де мәлiметтерi басқа компаниялардыкi болып шықты. Осы құжаттарды бiздiң сот қабылдаудан бас тартты. Жоғарғы сатыдағы соттар да осы заңсыздыққа көз жұмды. Мiне, оны осылай соттаған едi.
Тiлшi: – Сiз Еркiн Iзбасармен кездестiңiз бе?
С.Сәрсенов: – Жоқ. Менi кездестiрмедi. Еркiннiң менiмен кездескiсi келмейтiнi туралы айтқанын жеткiздi. Кейiн Еркiннiң өзi мұны жоққа шығарды. Сiз оның әйелiне хабарлассаңыз, ол Еркiндi абақтыда қалай ұстап отырғаны туралы егжей-тегжейлi айтып бередi. Ол өзiн кiмдердiң қалай соққыға жыққанын да айтып бере алады.
Тiлшi: – Е.Iзбасармен бiрге қанша адамды ұстады және оларға тағылған айыптар туралы не бiлесiз?
С.Сәрсенов: – Бiлуiмше, Е.Iзбасармен бiрге 10-12 адам ұсталған. Және оларға қатысты шығарылған қаулының мазмұны бiрдей. Яғни олар да заңгерлiк көмек алу, қорғану құқықтарынан айырылды. Бiр айдан астам уақыт бойы олар заңсыз абақтыда отыр.
Еркiнге көмектесiп жүрген, қазiр тергеу абақтысында жатқан Ауқат, Iлияс есiмдi жiгiттермен жеке-жеке көзбе-көз сөйлестiм. Олардың екеуi де ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерi ретiнде ұсталғандардың ешқайсысын танымайды, бiлмейдi. Және ең назар аударатын мәселе, қаулыда Е.Iзбасар анықталмаған тұлғалармен ұйымдасқан қылмыстық топ құрды делiнген. Белгiсiз тұлғалармен қалай байланыс орнатып, қылмыстық топ құруға болады? Бұл – ақылға сыймайтын дүние.
Тiлшi: – Қаулының заңсыз екенi туралы сотқа неге шағым түсiрмедiңiз?
С.Сәрсенов: – Иә, заң бойынша, 106-бапқа сүйенiп олай етуге құқығым бар. Неге өйтпедiм? Өйткенi соттың дәл прокурор секiлдi шағымымды қанағаттандырудан бас тартатынына сенiмдiмiн. Бұл жағдайда мен жоғары сатыдағы соттарға шағымданамын. Олардың да шағымымды өзгерiссiз қалдыратыны белгiлi. Сол кезде преиюдиция ұғымы күшiне енедi. Жалпақ тiлмен айтқанда, соттар бұған дейiн заңды күшiне енген сот шешiмiне қатысты iстi дәлелдер мен айғақтарды тексермей-ақ қабылдауға мiндеттi болады. Яғни, барлық соттар шағымды қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда мына заңсыз қаулыны өз қолыммен заңдастырған боламын. Одан әрi еш жерге қаулының заңсыздығын айтып шағымдана алмай қаламын. Егер Қазақстанда әдiл сот болса, мен прокурорға жазбай ақ бiрден сотқа шағымданар едiм.
Тiлшi: – Ендi не iстейсiз?
С.Сәрсенов: – Мен Ақтөбе облыстық прокурорының жауабына байланысты бас прокурорға шағым жаздым. Ол жақтан да оң шешiм болатынына көзiм жетпейдi.
Тiлшi: – Басқа жол жоқ па?
С.Сәрсенов: – Одан әрi президент әкiмшiлiгi мен парламентке хат жазу қалады. Тергеу орындарынан бастап, облыстық прокурор және бас прокурордың заң бұзғандарын, заң бұзушылыққа жол бергендерiн көрсетемiн. Бұл – прокуратураның тiкелей конституциялық мiндеттерiн орындамағанының дәлелi. Мен осындай қылмыстық әрекетсiздiгiмен прокурорлар президентiмiздiң атына кiр келтiрiп, қорлап отыр деп санаймын. Өйткенi Конституция бойынша адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi болып табылатын президенттiң қоластындағылар Конституция талаптарын орындамау арқылы президентке бағынбайтындарын, керек десеңiз қорлайтынын көрсетiп бередi.
Тiлшi: – Сiз атышулы iстерде Челах, Ибрагимов секiлдi сотталушыларға қорғаушы болдыңыз. Және оның бәрiнде жеңiлдiңiз. Бұл жолы да солай болады деп ойламайсыз ба?
С.Сәрсенов: – Ал сiз маған мемлекетпен соттасып жеңiске жеткен бiр адвокаттың есiмiн атаңызшы. Қазақстанда әдiлеттi сот жоқ деп санаймын, сондықтан жеңiлетiнiмдi де бiлемiн. Сот заттай айғақтарды зерттеудi мiндеттейтiн заң талаптарын белден басса қалай жеңуге, әдiлетке қол жеткiзуге болады? Мәселен, Челахтың iсiнде оның кiнәсi толық дәлелдендi деп айта аласыз ба? Бiздiң соттар оны кiнәлi деп тапты. Ал БҰҰ адам құқықтары жөнiндегi комитетi Челахтың iсiне қатысты шағымымды қарауға қабылдады. Демек, олардың бұл iске қатысты күмәнi бар.
Әрине, қарапайым екi адам соттасқанда көп жағдайда әдiлет салтанат құрады. Ал мәселен, үлкен қылмыстардың ақиқатын бүркемелеу қажет болса, әйтеуiр бiр қорғансызды жазалаумен iстi жабуды көздесе, онда жазықсыздың өзiн жауыз ету билiк үшiн түк емес. Өкiнiшке қарай, бiздiң қоғамда солай.

Әдiл ҰЗАҚБАЙ

zhasalash.kz

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: