| Анкара
  • Жаһан жаңалықтары

    Ресейдің Түркиядағы елшісі қастандық құрбаны болды

    Ресей елшісіне қастандық жасаушы адам құлап түскен Андрей Карловтың қасында тұр. Анкара, 19 желтоқсан 2016 жыл Қастандық жасалған көрмеге барған Қырғызстанның Түркиядағы елшісі Азаттыққа оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. Желтоқсанның 19-ы күні Анкарадағы Қазіргі заман өнер орталығында “Түріктер көрген Ресей” атты фотокөрмені ашуға барған Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карлов қастандықтан қаза болды. Елшіні тапаншамен атып өлтірген адам полициямен атыс кезінде оққа ұшты деп хабарланды. Түркия билігі шабуыл жасаушының “Анкара полицейі Мевлют Мерт Алтинташ” екенін мәлімдеді. Жергілікті БАҚ таратқан видеоларда қара түсті костюм-шалбар мен ақ көйлек киіп, қара галстук таққан қастандық жасаушы ер адам “Аллаһу әкбар!” деп айғайлап, “Сирия мен Алепподағы жағдай үшін кек алғанын” айтады. Өнер галереясында жасалған шабуыл кезінде

    713
  • Жаһан жаңалықтары

    Анкара жарылыстарға байланысты Күрдістан жұмысшы партиясынан сезіктенеді

    Стамбулдың орталығындағы жарылыс болған жерде тұрған жедел жәрдем көліктері мен адамдар. 10 желтоқсан 2016 жыл. Түркия билігі Стамбулда сенбінің кешінде болған жарылыстарды Күрдістан жұмысшы партиясы ұйымдастырған болуы мүмкін деп күдіктенеді. Жарылыстар салдарынан қаза тапқан 38 адамның 30-ы полиция қызметкерлері екені хабарланған. Зардап шеккен 150-ден аса адам ауруханаларда жатыр. Түркия үкіметі Стамбулдағы жарылыстар құрбандарын аза тұту күнін жариялаған. Желтоқсанның 10-ы күні кешкісін түркиялық «Бешікташ» және «Бурсаспор» футбол командалары арасында өткен ойыннан кейін Стамбулдағы Vodafone Arena стадионы жанында екі жарылыс болған. Сағат 22:30 кезінде стадион маңайындағы тәртіпті қадағалауға қойылған полиция жасағы отырған автобустың қасында тұрған көлікке орнатылған мина жарылған. Іле-шала стадион жанындағы саябақта жанкешті өзін жарып жіберген. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

    436
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: