| Канело Котто
  • kerey.kz TV

    Маған “Канело” мен Коттоны беріңдер – Қанат Ислам

    Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Қанат Ислам әлемге танымал былғары қолғап шеберлерін жұдырықтасуға шақырды, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. “Мен маңдай теріммен бұл кездесуге дайындалдым. Маған “Канело” мен Коттоны беріңіздер, менің үлкен жекпе-жектер өткізгім келеді. Шаршы алаңда өліп кетуге дайынмын. Менің уақытым келді”, – деді Ислам бразилиялық Робсон Ассиске қарсы өткізген жекпе-жегінен соң.  Айта кетейік, Қанат Ислам АҚШ-тың Уилмингтон қаласында өткен жекпе-жек басында қабағынан жарақат алып қалғанына қарамастан, қарсыласын соққының астына алып, кездесуді бірінші раундта аяқтады. Кездесудің бейнежазбасын мына сілтемеден көре аласыз. vesti.kz

    839
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: