| Сирия
  • Саясат

    ҰҚК “Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған” ДАИШ жақтаушысы қамалғанын хабарлады

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараты. Көрнекі сурет. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда “теракт ұйымдастырмақ болды” деп күдікке ілінген ДАИШ (“Қазақстанда тыйым салынған, өздерін “Ислам мемлекеті” деп атайтын экстремистік топтың араб тіліндегі атауының қысқартылған нұсқасы – ред.) жақтаушысының қамалғанын хабарлады. “Қамалған адам Наурыз мерекесін тойлау кезінде адамдар көп жиналатын орындарда теракт әзірлеуге тырысты деп күдікке ілінген. Тергеу амалдары кезінде одан екі граната тәркіленді. Оның үстінен “Терроризм” және “Экстремизм немесе терроризмді қаржыландыру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған” делінген ҰҚК мәлімдемесінде. Хабарламада бұдан басқа дерек айтылмайды. Былтыр Алматы соты “қалада теракті ұйымдастырмақ болды” деп айыпталған Тәжікстанның жеті азаматын 12 мен 18 жыл аралығында бас бостандығынан айырған еді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

    413
  • Жаһан жаңалықтары

    БАҚ: Сирияда Ресей базасы атқыланып, әскери ұшақтар қирады

    Сирияның Хмеймим әуе базасында тұрған ұшақтар мен әскери көлік. Сириядағы Ресейдің Хмеймим әуе базасында 31 желтоқсан күні минометтен атқылаудан кем дегенде жеті әскери ұшақ зақымданып, істен шыққан. Он шақты әскери қызметкер жараланған. Бұл туралы әскери және дипломатиялық ортадағы дереккөздеріне сілтеме жасаған ресейлік «Коммерсантъ» газеті хабарлады. Жараланғандардың сириялық, я ресейлік әскерилер екені айтылмайды. Ресей қорғаныс министрлігі әзірге бұл ақпаратқа комментарий бермеді. Басылым ақпаратына қарағанда, атқылаудан төрт Су-24 бомбалаушы ұшағы, екі Су-35С истребителі мен бір Ан-72 әскери жүк ұшағы істен шыққан. Базаны радикалдық исламшылдар атқылады деген болжам бар. Хмеймим базасы Сирия үкімет әскерінің тылында орналасқан. Ресейлік БАҚ пен ресми тұлғалар бұған дейін базаның 31 желтоқсан емес, 27 желтоқсан күні атқыланғанын хабарлаған. Ол

    804
  • Жаһан жаңалықтары

    Сирия астанасында қарулы қақтығыс болды

    Жанкешті шабуылдаған жерде тұрған адамдар. Дамаск, Сирия, 15 наурыз 2017 жыл. Сирия астанасы Дамаскінің шығыс бөлігінде наурыздың 19-ы күні көтерілісшілердің тұтқиылдан жасаған шабуылы көлемді қарулы қақтығыстарға ұласқан. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, оқиға Джобар ауданында екі автокөлікті жарып, бірнеше жанкештілік шабуылдан басталған. Бұдан соң қарулы адамдар Аббасид алаңы маңындағы бірнеше ғимаратты басып алып, Дамаскінің басқа бөліктерін зымыраннан атқылаған. Сириялық баспасөз құралдары үкімет әскері қалаға түн ішінде жерасты тоннельдері арқылы кіріп алған «Әл-Қаида» террорлық ұйымымен байланысы бар топтың шабуылын тойтарды деп хабарлады.Мемлекеттік телеарна Джобар және Кабун аудандарында қақтығыстар болғаны туралы мәлімдеді. Бірнеше күннен кейін Женевада БҰҰ-ның арағайындығымен Сириядағы жанжалды тоқтату жөнінде бейбіт келіссөздер басталуы тиіс. Сириядағы алты жылға созылған

    617
  • Жаһан жаңалықтары

    Астанада Сирия жөніндегі “техникалық” кездесу өтпек

    БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура. Астана, 23 қаңтар 2017 жыл. Сирия жанжалын реттеу бойынша техникалық кездесуге қатысушылар бүгін Астанада алдын ала кеңесулер өткізіп жатыр деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан агенттігі. Ертең Астанада Сирия бойынша бірлескен жедел топтың отырысын өткізу жоспарланған. Иран, Ресей және Түркия делегациялары мен БҰҰ өкілі өткен жылғы желтоқсанның 29-ы күні жасалған келісімге сәйкес орнаған бейбітшілік тәртібін бақылауға қатысты мәселелерді талқылауға жиналмақ. Бұған дейін қаңтардың 23-24 күндері Астанада өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Иран, Ресей және Түркия ресми өкілдері Сириядағы атысты тоқтату тәртібін қадағалаудың механизмін құру туралы келіскен. Бірақ олар Сирияда алты жыл бойы жалғасып келе жатқан азамат соғысын саяси реттеу бағытында нәтижеге қол жеткізе алмаған еді. Мәскеу

    412
  • Жаһан жаңалықтары

    Трамп Сирияда “қауіпсіздік аймағын” құру жоспарын жария етті

    Дональд Трамп, АҚШ президенті. АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің АҚШ-қа келетін мигранттар ағынын тежеу жоспары аясында Сирияда босқындарға арналған “қауіпсіз аймақ” құрмақ ниетте екенін мәлімдеді. “Сирияда адамдарға арналған қауіпсіз аймақ құрам” деді Трамп ABS News телеарнасына берген сұхбатында. Ол Еуропа Одағының (ЕО) негізінен Сириядағы азаматтық соғыстан шыққан босқындар мәселесімен күресін саралап, осындай шешім қабылдағанын айты. “Еуропа ол миллион адамның Германия мен басқа да елдерге келуіне рұқсат беріп, үлкен қателік жасады деп санаймын” деді Трамп сұхбатында. АҚШ президенті Cирияда “қауіпсіздік аймағын” құруды “мұсылман елдерінен шыққан босқындар мен басқа да иммигранттардан төнетін терроризм қаупіне” қарсы тұру тәсілдерінің бірі деп білетінін айтты. Америкалық БАҚ Трамп айтқан “қауіпсіздік аймағы” туралы өкім миграциялық саясатты күшейту

    510
  • Жаңалықтар

    Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнаулы елшісі Стаффан де Мистурамен кездесті

    Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнаулы елшісі Стаффан де Мистурамен кездесті-деп хабарлайды Ақорда баспа сөз қызметі. Кездесу барысында тараптар Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі алдағы келіссөздер мәселесін талқылады. Мемлекет басшысы Астананың келіссөздер өткізуге дайын екенін айтып, барлық қатысушылар үшін жағдай жасалғанын атап өтті. – Мен Ресей, Түркия және Иран Президенттерінің Астанада келіссөздер өткізу жөніндегі ұсынысын қабыл алдым. Біз кездесудің жемісті өткенін қалаймыз. Қазақстан кездесуге қатысатын тараптардың бәрімен тең әрі сенімді қарым-қатынаста болғандықтан, келіссөздер қалыпты өту үшін барлық жағдай жасалады деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Сирия мәселесі бүгінде Таяу Шығысты ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырғанын атап өтті. – Тараптар да болып жатқан оқиғаларға біз сияқты

    1039
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: