| Қазақстан
  • Саясат

    Әскери доктринаға күрестің «гибрид» тәсілдері ұғымы енгізілді

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ Қазақстанда өткен халықаралық жаттығулар кезінде қойылған тарихи перформанстың жанында тұрған қазақстандық полицей. Отар, 2 тамыз 2016 жыл. Жаңа әскери доктринада Қазақстанға қарсы қолданылуы мүмкін «күрестің гибрид тәсілдері» туралы ұғым енгізілді. Бұл өзгеріс Ресей Қырымды аннексияланнан үш жылдан кейін пайда болды, бірақ ол оқиға жайлы қазақстандық доктринада бір сөз жазылмаған. Қыркүйектің 29-ы күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әскери доктринаны бекіту туралы жарлыққа қол қойды. Алдыңғы әскери доктрина 2011 жылы қазанның 11-і қабылданған болатын. Сарапшылар «гибрид» күрес тәсілдері туралы ережені жаңа доктринадағы өзгерістердің ішіндегі ең маңыздысы санайды. “ГИБРИД” КҮРЕС ТӘСІЛДЕРІ” Ауқымды операциялар жүргізілетін дәстүрлі майдандарға мүлде ұқсамайтын соғыс қимылдарының жаңа түрі ретінде «гибрид соғыс» жайлы үш жыл бұрын, яғни

    841
  • Жаһан жаңалықтары

    Ресейдің ғарыш проблемасы және Байқоңыр

    Анна КЛЕВЦОВА “Союз” ғарыш кемесін ұшыру алаңына апара жатыр. Байқоңыр, 25 наурыз 2015 жыл. Батыс басылымдары Ресейдің ғарыш бағдарламасын дамыту қиындықтары жайлы комментарийлер жариялады. Ал Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Байқоңырдағы экологиялық қауіпсіздік мәселесін қозғаған. РЕСЕЙДІҢ ҒАРЫШ САЛАСЫНДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРЫ АҚШ-тың Вашингтон штатының Columbian газеті “Алғашқы спутниктен кейінгі 60 жылдан соң Ресейдің ғарыш бағдарламасы қиындықтарға тап болып жатыр” деген мақаласында Ресейдің ғарыштық зерттеулер саласындағы ахуалға қатысты комментарий берген. “Ресейдің ғарыш бағдарламасы 60 жылдан кейін де алғашқы жасанды спутникті орбитаға шығарған зымыранның жетілдірілген нұсқасына сүйеніп отыр. Бұл – елдің технологиялық шеберлігіне деген құрметі ғана емес, өз жетістіктерін ары қарай дамыта алмауының да белгісі” деп жазған Columbian. Газет ғарышты игеру – АҚШ пен СССР арасындағы бәсекелестіктің

    1418
  • Жаһан жаңалықтары

    Қазақстанды алманың арғы отаны атайды

    Анна КЛЕВЦОВА Алматы теміржол вокзалында сатылатын алмалар. 2 қазан 2014 жыл. Батыс баспасөзі Қазақстанның экономикалық өсімі, көшпенді халықтар арасында кең тараған көкпар ойыны жайлы және Тянь-Шань тауы баурайында өсетін алманың шығу тегін қазіргі Қазақстанмен байланыстыратын зерттеуге қатысты комментарий жазған. СТАТИСТИКА ЖӘНЕ ШИКІЗАТҚА СҮЙЕНГЕН ЭКОНОМИКА Америкалық Stratfor сараптама орталығының сайты журналист Чарльз ван дер Лееувтің «Қазақстан: экономикалық дамуға қатысты болжам мен нақты жағдай» деген мақаласын жариялаған. Мақалада елдің ұлттық статистикалық агенттігі дерегінше, Орталық Азиядағы ең ірі ел – Қазақстанның экономикасы биыл алғашқы жарты жылда 4,2 пайызға өсті деп көрсетілген. Салыстырсақ, биылғы бірінші тоқсанда өсім 3,6 пайызды, ал 2016 жылдың алғашқы жарты жылында бар-жоғы 0,1 пайызды құраған болатын. Бұл деректер халықаралық экономикалық ұйымдардың болжамдарына

    1761
  • Жаңалықтар

    Конституцияға өзгерістер енгізу жобасы жарияланды

    Қазақстан конституциясының кітап түріндегі формасын бейнелейтін инсталляция мен оның жанында тұрған қарауыл (Көрнекі сурет). Қазақстанда билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді бөлу мәселелері бойынша конституцияға енгізуге ұсынылған өзгерістер жөніндегі заң жобасы жарияланды. Ресми БАҚ-та жарияланған заң жобасында конституцияға президенттің қандай өкілеттіктері үкімет пен парламентке берілмек екені көрсетілген. Жоба бойынша, алдымен президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктері үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беріледі. Ұсынылған өзгерістерде президенттің премьер-министрді парламент мәжілісінің мақұлдауымен тағайындап, орнынан алатыны, үкімет құрамын премьер ұсынып, ол мәжілістің мақұлдауымен жасақталатыны, тек сыртқы істер министрі мен қорғаныс министрін президент тағайындап, орнынан алатыны айтылған. Жобада үкіметтің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, қорғаныс, қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді айқындап, іске асыратыны, президенттің келісімімен мемлекеттік

    1466
  • Жаһан жаңалықтары

    NYT: Қазақстан туристер баруға тұрарлық аймақтар тізіміне енді

    Тау көрінісі (Көрнекі сурет). Америкалық New York Times басылымы Қазақстанды 2017 жылдың әлемдегі туристік мақсатпен баруға тұрарлық аймақтар мен орындар тізіміне қосты. 2017 жылдың тізіміне 52 аймақ пен орын енгізілген. Қазақстан бұл тізімде мұнай өндіруші, астанасында EXPO-2017 халықаралық көрмесі өтетін ел ретінде сипатталған. Басылым Қазақстан территориясы арқылы өтетін, биологиялық әр алуан табиғатқа бай Батыс Тянь-Шань тау жүйесі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралары тізіміне енгізілгенін айтады. New York Times-тың ескертпесінде Қазақстанның британдық актер Саша Барон Коэннің “Борат” фильміндегі ойдан шығарылған персонаж, Қазақстан билігінің кері реакциясын тудырған Борат Сағдиевтің арқасында туристік маршруттар қатарына енгені айтылады. Астанада қымбат қонақүйлердің бары және Қазақстанның “Жібек жолы бойындағы жолаушылар аялдайтын салтанатты жер” ретінде көрінгісі келетіні де айтылған. Тізімде

    1141
  • Көз қарас

    Батыс ғалымдары білген Қазақстан

    Ғалым БОҚАШ Қазақстан туралы Батыста жарияланған кітаптар. Көрнекі сурет Тәуелсіз ширек ғасыр ішінде Қазақстанның тарихы, саясаты, экономикасы мен мәдениеті жөнінде Батыстағы академиялық зерттеушілер қандай тұжырым жасады? Постсоветтік Қазақстанмен бірге жетіліп жатқан Батыстағы жас қазақстантану саласын ресейтану, синология, я ирантану сияқты арнасы кең зерттеу бағыттарымен салыстыру қисынсыз. Бірақ аз уақыт ішінде Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкадағы қазақстантанушылар Орталық Азиядағы жетекші елдің академиялық портретін нобайлап шығарды. Он шақты жыл бұрын Лондон университетінде өткен Қазақстанға қатысты бір жаңа зерттеуді таныстыру шарасына қатыстым. Зерттеген елінде бірнеше жыл тұрған, әлеуметтану мен антропологияның тоқайласар тұсында еңбек еткен ғалымның таңдап алған тақырыбына қайран қалдым. Қазақстандық құрылыс компанияларының «тиімді тендер мен ірі жоба иелену жолындағы әкімдіктермен келіссөз жүргізу

    1336
  • Сұхбаттар

    Әубәкіров: «Қазақстан мені ғарышқа ұшыру үшін СССР-ден кеш шықты»

    Ғарышкер-ұшқыш Тоқтар Әубәкіров. Алматы, 26 қазан 2016 жыл. Тоқтар Әубәкіров ғарыш жайлы, «Протон» туралы және 1990 жылдардағы ұшақтарды айдап әкету жөнінде айтты. Азаттық Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз адамдар» жобасында 1990 жылдардан бастап осы уақытқа дейін беделді, қоғамдық пікірдің жетекшісі болған саясаткер, музыкант, журналист, экономист, әртіс және танымал БАҚ өкілдерінен сұхбат алады. Жоба кейіпкерлері жаңа мемлекетте адам ретінде және маман ретінде алдына қандай мақсат қойғанын, 2016 жылы оның нәтижесі қандай болғаны туралы баяндайды. Жобаның 11-сериясында тұңғыш ғарышкер қазақ және Қазақстан әскери-әуе күштерінің генерал-майоры, Қазақстанның қорғаныс жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, оппозициялық «Азат» партиясының бұрынғы мүшесі Тоқтар Әубәкіров қазақстандық армияның құрылуы, жалтақ оппозиция және Солтүстік Кореяға ұшақтардың сатылуы туралы

    3161
  • Қазақ хандығына 550 жыл

    Мұхтар Мағауин. ШЫҢҒЫСХАН

    АЙҚЫНДАМА СӨЗІМІЗ Дүйім алаш жұртына тағзым! ХІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде бүкіл Еуразия кеңістігін өз ғұзырымен қайта құрған, ал тиянақтап, бағдарлап кеткен бар ісі бұдан соңғы заманда мағлұм әлемді мүлде басқаша қалыптауға негіз болған Шыңғыс хан – адамзат тарихындағы ең ұлы тұлғалардың бірегейі екені күмәнсіз. Кеңінен қамтып, тереңіне бойлай алмасақ та, сөз ұққан, хат таныған кезімізден көкірекке орнаған өзгеше бейне, Алып Ер екен. Шыңғыстау – Шыңғыс ханның атымен аталатын, ұлы Абай өрінде туып, бар ғұмырын өткерген, мына Мен түстік құламасында дүниеге келіп, жарық сәуле, айқын самалаға талап қылған киелі Шыңғыстау – ежелгі тарихпен бірге жасасып келе жатса, ұлы қаған неге қазақтан алыс болуы керек? Ержеттік. Таным аймағы қалыпқа түсті. Жаза бастадық.

    19673
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: