Kerey.kz/Керей.кз » kerey.kz

Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?
Камилла ВАЛИЕВА

Коллаж авторы — Тимур Тимаев

Шілденің аяғында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдерді қайта қарауды тапсырды. Қолданыстағы келісімдерді Мәскеу Астанамен 2013 жылы, ал Ташкентпен 2016 жылы жасаған. Қазір бұл құжаттар қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуді, әскери мақсаттағы өнімдер алмасуды және технологиялар беруді реттейді. Алайда келісімдерде нақты не өзгеруі мүмкін және Ресей оларды дәл қазір неге қайта қарап жатыр?

Әзірге Кремльдің Астана және Ташкентпен жасалған әскери-техникалық келісімдердің нақты қай тұстарын қайта қарастырып жатқаны белгісіз. Өзбекстан Қорғаныс министрлігі Азаттық радиосының сауалына жауап бермеді. Ал Қазақстан Қорғаныс министрлігі құжаттар бойынша жұмыс аяқталғанға дейін олардың мазмұнына түсініктеме бермейтінін мәлімдеді.

“Шектеулі түрде таратуға жатпайтын ақпарат жұртқа мемлекеттік органдардың ресми ақпараттық ресурстары арқылы белгіленген тәртіппен жеткізіледі” деді министрлік.

Неге дәл қазір?

Жаңа құжаттарда не болуы мүмкін екенін болжау үшін Ресейдегі қазіргі жағдайға назар аудару қажет. Мәскеу 2022 жылы Киевке қарсы бастаған соғыс енді Ресейдің өз аумағында да жүріп жатыр. Украиналық дрондар елдің түрлі өңірлеріндегі мұнай өңдеу зауыттары мен өнеркәсіп нысандарына тұрақты түрде шабуыл жасауға көшті.

Маркетплейстердің қоймалары өртеніп, азаматтық инфрақұрылым да шабуылға ұшырап жатыр. Бұл Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешені үшін қару өндіру мен оны майданға жеткізу тұрғысынан қосымша қауіп тудырады. Бұған қоса, Ресей Батыс елдерінің қатаң санкциялық қысымына ұшыраған. Бұл шектеулер әскери-өнеркәсіптік кешенге де бағытталған.

Ресей сондай-ақ әлемдік қару-жарақ нарығындағы позициясын жоғалта бастады. Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) мәліметінше, 2021–2025 жылдары Ресейдің қару экспорты алдыңғы бесжылдықпен салыстырғанда 64 пайызға қысқарған. Оның әлемдік экспорттағы үлесі 21 пайыздан 6,8 пайызға дейін төмендеген. Бұл – кейінгі 70 жылдан астам уақыттағы ең төмен көрсеткіш.

Ресей әскері Украинада соғыс жүргізіп жатқан кезде Мәскеу шетелдік қару сатып алушыларынан да айырылып жатыр. Мысалы, негізгі импорттаушылардың бірі саналатын Үндістан сатып алу көлемін қысқартты. Нью-Дели мұны Украинадағы соғыс салдарынан жеткізілімдердің кешігуімен байланыстырған.

Соғысты “уақытша тоқтатқан дұрыс”. Тоқаевтың Путинге айтқан сөзінің астарында не жатыр?

Әлемдік қару нарығындағы үлесін жоғалтып жатқан Ресей Қазақстан мен Өзбекстанды өз әскери өнімдері үшін сенімді нарық ретінде қарастыра ала ма? Сарапшылар мұны жоққа шығармайды, бірақ мұнда бірқатар мәселе барын айтады.

Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдер тек Ресей өнімдерін экспорттауды ғана қарастырмайды. Онда кері бағыт та көзделген. Соғысқа дейін бұл тармақтар көбіне формалды сипатта қарастырылса, қазір жағдай өзгеріп отыр. Сондықтан Мәскеу қару сату нарығын сақтап қалуға ғана емес, көрші елдермен әскери-өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге де мүдделі болуы мүмкін дейді сарапшылар.

Өндірісті Орталық Азияға көшіре ме?

Лондонда орналасқан Central Asia Due Diligence сараптамалық ұйымының жетекшісі Әлішер Илхамовтың пікірінше, Ресей жаңа келісімдер аясында әскери өндірістің бір бөлігін Қазақстан мен Өзбекстанға көшіруі мүмкін. Мұндай қадам өндірісті украиналық шабуылдардан қорғауға мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, бұл елдер Совет одағынан салыстырмалы түрде дамыған өнеркәсіптік базаны мұраға алған. Мысалы, Шығыс Қазақстандағы “Семей инжиниринг” кәсіпорны беренді техникаларға қызмет көрсетеді. Оның ішінде Т-72 танктері де бар. Алматыдағы №405 авиациялық жөндеу зауыты Ми-8/Ми-17 тікұшақтарын жөндейді. Ал Өзбекстандағы Шыршық авиациялық жөндеу зауыты Ми-8/Ми-17, Ми-24 тікұшақтары мен Су-25 шабуылдаушы ұшақтарын жөндеп, модернизациялайды.

Сарапшының айтуынша, Ташкент пен Астананы Батыс санкцияларынан қорғау үшін әскери техника өндірісі азаматтық мақсаттағы өнім деп көрсетілуі ықтимал.

Әлішер Илхамов

“Бұл бір жағынан қысым болса, екінші жағынан материалдық, экономикалық және қаржылай қызықтыру амалы болуы мүмкін. Екі мемлекетке де инвестиция мен өндірістік тапсырыстар қажет. Қазір Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кәсіпорындары шабуылдарға ұшырап жатыр, соның салдарынан қосылған құн тізбегінің кейбір буындары үзіліп қалды. Сол буындарды қайта қалпына келтіру керек” дейді Илхамов.

Бұл пікірдің кей тұстарын Forecast International зерттеу ұйымының әскери сарапшысы Дерек Бисаччо қуаттайды. Оның ойынша, келісімдерді қайта қарауға Батыс санкциялары әсер еткен. Батыс елдері Ресейдің әскери өнеркәсібімен қатар Ресейге қос мақсаттағы тауарларды тасуға да санкция жариялаған.

Бисаччо Қырғызстанды мысал етеді. Былтыр Мәскеу Бішкекпен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді өзгерткен. Ашық дереккөздерде бұл хаттаманың қысқаша сипаттамасы ғана жарияланды. Онда тараптар әскери өнімдерді жеткізу, жөндеу және модернизациялауға қатысты келісімшарттарды дайындау рәсімдерін жеңілдетуге келіскені айтылған.

Қырғызстан құжатты сәуірде ратификациялап, сол айда Еуропалық одақтың екінші деңгейлі санкцияларына ілікті. Енді бұл елге кейбір цифрлық бағдарламамен басқарылатын станоктар мен радиоэлектрондық жабдықтарды жеткізуге тыйым салынған. Бисаччоның пікірінше, Ресей Қазақстан және Өзбекстанмен де осыған ұқсас тетіктерді қолдануға тырысуы мүмкін.

Дерек Бисаччо

“Олар басқа ел аумағында іске қоса алатын кез келген өндіріс Украина үшін әскери операцияларды күрделендіре түседі. Украина кейінгі уақытта батылырақ әрекет ете бастағанымен, Қазақстан аумағына дронмен соққы жасағысы келмейді деп ойлаймын. Бұл өте күрделі эскалация ретінде қабылданар еді. Ресей мұны жақсы түсінеді” дейді Бисаччо.

Егер бұл болжамдар іске асса, Қазақстан мен Өзбекстан екінші деңгейлі санкцияларға тап болып, олардың Батыс елдерімен қарым-қатынасы нашарлауы мүмкін.

Мәскеу әскери өндірісті көшіруді сұраса, Астана мен Ташкент бұған қарсы тұра ала ма? Кремльдің қолын қайтару әсіресе Ақордаға қиын болуы ықтимал. Өйткені Қазақстан мен Ресей Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше. Ал бұл әскери-саяси блокқа (Оған Қазақстан мен Ресейден бөлек Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді; Армения мүшелікті тоқтатып қойды) мүше елдердің бір-бірінің алдында міндеттемелері бар.

“Әрине, олар өз егемендігін қорғауға және сақтауға ұмтылады. Бірақ Мәскеудің қалауын толықтай елемеуге де ешкімнің батылы жетпейді. Орталық Азия елдері әлемдік сауда нарықтарына тіке шығар жолы болмағандықтан, Ресейге экономикалық тұрғыда тәуелді болып отыр. Бұл шектеу Орталық Азияға инвестиция тартуды да қиындатады және аймақ елдерінің инфрақұрылымдық тұрғыдан Ресеймен байланысын күшейтеді” дейді Илхамов.

“Қызғаныш” және “шу”

Сарапшылардың өзге де болжамдары бар. Мәселен, кейбірінің айтуынша, Мәскеуге Қазақстан мен Өзбекстанның Батыс елдерімен, Түркиямен және Қытаймен әскери ынтымақтастықты күшейтіп жатқаны ұнамауы мүмкін.

Мысалы, Түркия Өзбекстан армиясын жаңғыртуға, кадр даярлауға көмектесіп, оған әскери техникалар, оның ішінде дрондар сатып жатыр. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстан аумағында Anka дрондарын бірлесіп өндіруге келіскен.

“Орта дәліз”, дрон, мұнай және Ердоған. Түркі елдері ынтымақтастығының болашағы қандай?

Кейбір сарапшылардың пікірінше, мұнда белгілі бір дәрежеде “қызғаныш” байқалады: Кремльге Орталық Азия елдерінің Мәскеу бақылауынсыз жаңа серіктестермен байланыс орнатуы ұнамауы мүмкін.

“Ресей әлі де көптеген елдерге әскери техника ұсынады. Бұрын жасалған келісімдер тіпті ҰҚШҰ мүшесі емес Өзбекстанға да қару-жарақты тиімді бағамен алуға мүмкіндік береді. Қазір Ресейдің қолында ешқандай артықшылық қалмады деуге және болмайды. Бірақ Ресей Украинадағы соғысқа байланысты өзінің әскери өнеркәсібін ішке бағыттап жатқандықтан, оның орнын басқалар толтырып жатыр” дейді Бисаччо.

Ресейлік дезертирлер мен бұрынғы әскери қызметкерлерінен тұратын “Қош бол, қару!” (“Прощай, Оружие!”) қауымдастығының сарапшысы Алексей Альшанскийдің пікірінше, жаңа келісімдерде елеулі өзгерістер бола қоймайды. Ол Ресейдегі әскери өнеркәсіп кешендерінің Қазақстан мен Өзбекстанға көшірілуі екіталай деп санайды. Оның сөзінше, Ресей кешендерді Сібір сияқты алыс жерлерге шоғырландыруы ықтимал.

Алексей Альшанский

“Әскери келісімдерді қайта жасау немесе оған қайта қол қою төңірегіндегі бұл әңгімелердің барлығы – ақпараттық шу ғана. Владимир Путинге Ресейдің оқшауланбағанын, ресейлік армияның бәріне қажет әрі қызықты екенін көрсету маңызды болып тұр” дейді Альшанский.

Қазақстандық бұрынғы әскери қызметкер, ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің отставкадағы подполковнигі Ғалымжан Сәдуақасовтың пікірінше, Мәскеумен келісімдерді қайта қарау Қазақстан мен Өзбекстан үшін тиімдірек болуы мүмкін. Оның айтуынша, бұл екі ел ресейлік технологияның заманауи соғыс талаптарына сай келмей қалғанын ескеріп, басқа елдерді де қарастырғысы келеді.

Ғалымжан Сәдуақасов

“Олар (Ресей – ред.) технология тұрғысынан қатты қалып жатыр. Иә, Ресейдің гипердыбыстық зымырандар мен бесінші буын авиациясы сияқты көзірлері бар. Бірақ олар бұл технологияларды бізбен бөліспейді, өйткені бұл — олардың жалғыз көзірі. Қазақстан осындай жағдайда қару-жарақ сатып алуды қалай әртараптандыра алады – мәселе сонда. Біз әскери техниканың қосалқы бөлшектері бойынша Ресейге тәуелдіміз. Бірақ қазіргі соғыста танктер мен артиллерия тек қосалқы рөл атқарады. Меніңше, Ресейден қару-жарақ алуды қысқарту бастамасы көбірек біздің елдерден шығып отыр», — дейді бұрынғы әскери қызметкер дейді Сәдуақасов.

Әзірге Мәскеу, Астана және Ташкент келісімдерде нақты нені өзгерткісі келетіні белгісіз. Кей сарапшылар мұны Ресейдің қорғаныс өнеркәсібін сақтап қалу және өңірдегі ықпалын жоғалтпау әрекеті деп бағалайды. Басқалары мұның бәрін жай ғана ақпараттық шу деп санайды.

Алайда келіссөздер қалай аяқталса да, Қазақстан мен Өзбекстан бұрынғы және жаңа серіктестер арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мәжбүр болады.

Азат Еуропа / Азаттық радиосыАзат Еуропа / Азаттық радиосы

Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр
Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды.

Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған.

Тұрым батыр

Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді.

Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып тұрған кезде Кішкене тау, Маңырақ, Кендірлік, Арқалық, Сайқан, Зайсан, Қаратал, Алқабек, Білезік сияқты жерлерді мекендейді екен… Орыстар қазақ даласына қопарыла еніп отарлай бастағанда қазақтар қарап жатпай қарсылық білдіреді. Тұрым осы жолы Ителіден 350, уақтан 200 түтінді Шыңжанның Алтай өңіріне өткізеді. Сонда Батырбай қажы, Мықия қажы деген ел ақсақалдары Тұрымға ақ ниетпен бата береді. «Халық Тұрымды аттыға жол, жаяуға сөз бермейтін адам» деседі. Осындай даңқы алыс-жақынға тарап жатқан ердің ерлігі моңғолдың Қобықтағы Саруаңның құлағына тиеді. «Ат төбеліндей аз қазақтан Тұрым шықса, іргелі моңғолдан Қорымжап шықпады ма? Алтай, Сауырда Тұрым емес, Қорымжап ғана батыр атанғаны жөн ғой» деп өз батыры Қорымжапты қайрап салып, «сол Тұрымның көзін жой, болмағанда бір мүшесін кем етіп кел» деп жолға салады. Қорымжаптың іздеп шыққанын естіген Тұрым Жалпақты (қазіргі Бурылтоғай ауданы) өрлеп, Үліңгір өзенінің бойында тосқауылдап жүреді.

Қорымжап Тұрымның ауылдан аттанып кеткенін естіп, соңынан қуады. Содан не керек, екі батыр Үліңгір көлінің ортасында мұз үстінде кезігіп қалады. Бірін-бірі сырттай межелеп, аттарын тұмсықтай тоқтатып:

− Ей, жол босат! – деп ақырған Қорымжап:

− Осы жерге Тұрым келіпті,

Менен бұрын келіпті.

Айқасайын деп келдім,

Сонда Тұрым не демекші? – дегенде, аттан қарғып түскен Тұрым Қорымжапты ат үстінен жұлып алып, астына басып отыра қалып:

− Менің атым Тұрым,

Көріп пе едің бұрын.

Неғып жүрсің зұлым,

Меніменен алысқанның,

Барар жері өлім.

Бірақ, мен сені аяйын, не дос, не қас боласың, сені өлтіру ерлікке де жатпас, – деп жанынан пышағын суырып алады да:

− Пайдаланар пырағым,

Келе ме сауға сұрағың.

Өлтірмейін өзіңді,

Маған қажет құлағың, – деп бір құлағын кесіп алып, қоя береді. Осыдан бастап моңғолдар «Қазақта Тұрым бар» деп бұл өңірдегі қазақтарға тізесін батырмайтын болыпты. Тағы бір рет Тұрымның ат-атағын естіген Қобықтың Саруаңы жеті мықты батыр шығарып, «өр Алтайдағы Тұрымның малын қуып келіңдер, егер Тұрым күш көрсетсе, екінші моңғолға беттеместей етіп масқаралап кетіңдер» деп жолға салады.

Саруаңның жеті батыры өрісте жатқан Тұрымның жылқысына тиісіп, жылқыларын қуып кеткен хабары батырға жетеді. Тұрым атына мініп, Жалпақтан қуып жетіп, жетеуін де ұрып түсіріп, темекі тартатын найларын қыздырып, құйрықтарына таңба етіп басып қоя береді. Жеті батыр «Тұрымнан таяқ жеп келдік» десе, өз беттеріне шіркеу екенін ойлап, уаңдарына: «Тұрым осы Қобық өңіріне мал қууға аттанып кетіпті. Жолын көп тосып кезіктіре алмадық. Жол бойындағы Моңғол ауылдары Тұрымнан көрген қорлығын айтып зар илеп отыр, енді еппен келмесек әскері де мол ұқсайды» дейді. Сонан Саруаң Керейдің би-төрелеріне елші жіберіп, Тұрым үстінен арызданып, «тентектеріңді алдыма әкеп беріңдер» деп сәлем айтады. Екі елдің арасын ыдыратпауды ойлаған Керей ұлықтары Тұрымды Сауырға шақыртып, Саруаңды да алдыртады. Сонда Саруаңның: «Елімді зарлатып, малымды шапты» дегенін естіген Тұрым: «Кім-кімнің малын шауып жүр екен, дәлелге жүгінейік. Менің қайдан, қанша мал алғанымды айтып бере аласың ба? Егер айта алмасаң, маған салар айыпты Керей ұлықтары саған салатын болсын, осыған келіселік» депті. Саруаң табанда жеті батырын шақырған екен, Тұрым алдында көлбеттеніп, не дерін білмей күмілжіген жетеуі қара терге малшыныпты. Сонда Тұрым олардың мал қуғанын айта келіп: «өтірік десеңдер жамбастарын ашыңдар» деп бұрынғы най басқан орындарын көрсеткенде, Саруаң еріксіз жеті батырын дүрелеуге бұйырыпты. Керей билері «Саруаңның инабаты бар ғой, айыпты жеті батырға салайық» деп бітім жасаған екен.

Тұрымның бұл ерліктері тосыннан болмаған, бала күнінде Тұрым адуын күштің иесі, балуан болған екен. Ат жалын тартып, оның Ителі елінің Найман еліне кеткен есесін алып беруімен танылған екен.

Көп елге сөзін өткізе алмай сүлдерсіз қайтқан ауыл ақсақалдарын көрген Тұрым әнші, күйшілері бар ауылдың бір топ жастарын ертіп Найман еліне сауықтай барып, онда ойын-күлкі құрады. Найман болысы ауылына келген жастардың сауықшылдығын көріп, өз ауылындағы жастарды қосып серуендеуге шығады. Осы орайды «сәт» деп білген Тұрым тобыр азаматтың бірі атын, бірі қосын мақтап келе жатып, ақыры сынап көрмекке бір тобы шаба жөнелгенде Тұрым болысты атынан аударып жіберіп, астындағы қарагер атын жетегіне алады. Бірақ, Тұрымның қашуына үлгертпей қоршай кеткенде, Тұрым шылбырдың ұшына сілебесін байлап жіберіп, шырайландырып маңына адам жолатпай, ақыры қаракерді алып кетеді. Сөйтіп, қаракер үшін Найман болысы өзі алдына келіп, дауды шешуге мәжбүр болады.

Бұл Тұрымның ең алғаш рет ерлік көрсетіп, еліне ара түсуі еді. Тұрымның мұндай ерліктері мол. Қолыма түскен:

Сұрасаң арғы атам Қызан, Тұрым,

Көргемін жоқ Абақты бұдан бұрын.

Түбінде тас босаға жатпас едім,

Бұрынғы тірі болса батыр Тұрым – деген өлең жолына қарағанда, елім деген ердің ерлігін сағынатын адал жүректер қаншама. Басына күн туып, бақытсыздыққа тап болғандардың осы бір шумақ өлең-ақ әйгілеп тұрғандай сезіледі.

Тұрым қартайған кезінде «енді Құдайға құлшылық етейін» деп қажыға барады. Қажыға барардың алдында ұл-қыздарын, туыстарын жиып алып: «Мен қажыға кетем, бірақ тірі келмеймін, сүйегім келеді, сүйегімді осы Сартерекке (бүгін ел «Тұрым Сәртерегі» дейді) күмбез тұрғызып жерлеңдер» дейді. Айтқандай жыл уағында Тұрымның қажыдан сүйегі келеді. Ұрпақтары әкелерінің өсиеті бойынша күмбез тұрғызып жерлеген.

Ескерту:

Тұрым жерленген мекен «Тұрымның сартерегі» деп аталып кетті. Ұліңгір өзінінің бойында тұрғатын бұл қабыры мұнда түскен суқойма суы кейініне теуіп, қабырды шәйіп кететін қауып төндіргендіктен батырдың үрім жұрағаттары қабырды ежелгі отынынан көшіруге мәжбүр болды.

Шығарманың толық нұсқасын FFCEBOOK парақшадан оқыңыз.

Bayakhmet Jumabay

ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Әмірболат Құсайынұлы

Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz.

Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген.

Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің шығармаларын жинақтап, кітап қылып шығаруға әрекет етпеді ме, жалпы, кітапты кім дайындады, қалай баспа бетін көрді, неге Семейде емес, қияндағы Петерборда басылды, неге кітапты шығару ісінде көптеген кедергілер пайда болды, т.т.с.с. сауалдарға жауап іздеген екен.

Премьера соңы Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы ұйымдастырған Абай мұрасын насихаттаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Талғат Күзембаев, Лидия Кәденова, Ерлан Біләл, Дархан Сүлейменов, Асан Мәжит, Динара Кемелхан, Ерден Жақсыбек, «Алашұлы» тобы мен Хор капелласының қатысуымен музыкалық-поэтикалық қойылым болды.

Кеш ары қарай Абай күніне арналған, ұлы ақын-ағартушының әндері шырқалып, сөздері оқылған «Almaty summer fest» фестиваліне жалғасты. Фестивальде Мақпал Жүнісова, Жанар Дұғалова, Асхат Тарғын, Нұрлан Бердібаев, Серік Исахан, Ayarai, Birzhan Demeuuly, Nurtore, Magsoul, «Kesh you», «6ellucci», «IL Canto», т.б. өнер көрсетті.

Мерекелік кеш соңында мыңдаған астам адам ашық аспан астында Абай әндерін бірге шырқады.

«Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/
Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды.

Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда…

«Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін…

Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің сөзі есіме түсіп отыр: «Вы придете в ужас, когда узнаете что Вами управляют низкие люди».

Осы жағы ғана өте қорқынышты!!!

Базарбек Атығай

Тибет асқан көш не себепті басталды?
1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын.

1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады.

1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ болған ісінен басталды. Ұйғырлар оны қоластындағыларымен қоса өлтіріп көтеріліс бастады. Қосын неше мыңға жетіп басуға жіберілген неше мың әскерді қырып тастады. Осы кезде оған қарсы Шыңжаңның өзге аймақтарынан қарулы күштер жөткелді. Қожанияз өз күші жеткіліксіз деп қарап Гансудағы дүңгендерден көмек сұрауға адам жіберді. Осы орайда Ма Жұңиың 1931-жылы жазда 400 әскерімен көмекке келді.

Олар Баркөл қазақ үкірдайы Әліпке Жолбарысты жіберді. Жолбарыс Әліпті «Шығыс Шыңжаң қожасы» деп атап, онан мал, ат-көлік сұрады, Әліп оларды қолдап 100 ат, мың қой берді. Осы кезде Шыңжаң үкімет армиясының шығысты тыныштандыру полк командирі Шың Шысайда Әліптен көмек сұрады, Әліп оның адамын байлап тастады.

Ма Жұңиың Баркөл қазақтарын ұйымдастыруға кірісті, қазақтар Әліптің басшылығында соғысқа кірісті. Молқы Байжиен батыр, уақ Әйембет, шақабай Мұқаділдер белсене қатысты. Қазақ қарулы күші мың адамға жетіп Баркөл қалашығын сұрапыл соғыспен басып алды. Баркөлді Әліп иелеп тұрып қалды. Қожанияз, Ма жұңиың, Байжиендер Құмылды алуға аттанды. Олар Құмыл қамалын түбін қазып, бомба арқылы партылатып басып кірдіде қытай әскерін жойды. Шың шысай 1500 адаммен Құмылға қайтарма шабуылға өткенімен жеңіліп кері шегінді. Іледегі әскер басы Жаң Пиюан Құмылды жарты жылдай қоршап ала алмады.

Осыдан соң мұсылман әскерлер(қазақ, ұйғыр, дұңғандар) Шонжыға аттанды, Шондыда үлкен соғыс болып 3000 нан аса қытай әскері қырылды. Қытай тараптада қазақ әскерлер бар еді, Нұрғазы атты мерген Ма жұңиыңды атып жаралады. Соғыстан кейін ұйғыр мен дұңғандар қаруға таласып араздасты. Ма жұңиың Гансуға қайтты.

Қытай үкіметі қазақ беделдісі Баймолланы Мориға жіберіп қазақтарды Қожанияздан бөлмек болды.

1932 жылы Қожанияз қосыны ауыр жағыдайда қалды, ол қарлы таудан Байжиен батырдың ақылымен киіз төсен асып Моңғолия шегарасына барды, Моңғолиядан көмек сұрады, Моңғолия Абай деген қазақты жіберіп тілдесті, Моңғолия көмекке 5000 қару берді. Осы кезде Баркөлді сақтап тұрған қазақтар бытырап кетті де қытай армиясы Баркөл қаласын басып алып, ондағы 60 үй ұйғырды қырып тастады. Қожанияз осы іске Әліпті кінәлады, сосын қазақтар ұйғырларға өкпеледі.

Осы орайда Жин Шурын Шәріпқанды, Баймолланы Әліпке жіберіп кеңес айтты, Әліп олармен бірге Үрімжіге барып Жин шурынмен жолығып келісімге келді.

Осы жылдың 7-8 айларында Қожанияз бен дұңған әскері қытайға қарасты ақ орыс әскерінен жеңілді. Оны естіген Қожанияз зығырданы қайнады, Моңғолиядан қару алып қанат біткен ол қапысын тауып Әліпті байлап алды, туыстары мың қой төлем беріп оны босатып алды. Қытайлар Әліпті Қожаниязбен тіл біріктірді деп қарап тісін қайрады. Осы кезде бір топ қазақ Бәйтікке, бір тобы Әліптің інілері Моңғолияға көшпек болды, бұл қытаймен Моңғолияның қазақтар арасына іріткі салуынан болған еді. Әліп Елісқанға 200 ден аса әскер беріп оларды қайтарып әкелуге жіберді. Осы орайда Шың шысай Әліп ауылын қоршап Әліп ішінде 117 адамды бірақ қырып тастады. Елісқан осы қан қарызды қайтаруға серт етті, ол Шың Шысай әскерінің соңына түсіп 70-80 адамын өлтірді. Онан кейін Баркөлдегі егінші қытайлардан 500 ден аса адамды қырып тастады. Бұл 1932 жылдың күзі еді.

Ендігі жерде қазақ түгел дүңген, ұйғыр әскерін қолдауға өтті. 1933 жылы қаңтарда Ма Жұңиың 6000 нан аса дұңғандарымен Шыңжаңға кіріп Бүкіл Құмылды иеледі. Қытай әскері Баркөлде сарбас ауылын, найман бура ауылын қырып кетеді. Шонжыдан шығысқа көшкен неше жүз қазақтыда қырады. Қазақтарда Шығыс Шыңжаңда қытайларға қырғын жасайды.

Осыдан соң тұтас Шыңжаң өлкесінің дер-жерінде көтеріліс басталады.

Күшарда Темірбек пен Дұңған Ма Жаншан бүлік бастап 2-айда Күшарды, онан кейін Ақсуды алды. Хотан ұйғырлары Мұхаммед Имн Бұғыраның бастауында «Хотан патшалығы» құрады, Мәнсүр патша болады. 8- айда Қашқарда Сәбит Дамолла Темірбекті Мажаншанның адамдары арқылы өзімен қоса қырғызды. Осылайша ұйғырлар Қашқарды иелеп алды.

Дұңған әскері Дабанчыңға жетіп, Үрімжіні қоршауға алды. 1934-жылы жыл басы Шың шысайда саяси өзгеріс қозғап Жин Шурынді өлтіріп билікке келді де Совет одағынан консул арқылы көмек сұрады. Совет одағынан ауыр қаруланған қосын кіріп 7000 дұңған, ұйғыр әскерін зеңбірек, танк, ұшақ арқылы тұйыққа тіреді. Улы газ шашып, ұшақпен бомбылап қыруар адамды қырды. Осылайша Үрімжі қауыптен құтылып Ма Жұңиың Тұрпанға шегінді.

Санжы дұңүандары көтеріліс жасап Санжы, Құтыби, Манасты алды, Құтыбида Оразбай мен Сетерхан төре неше жүз дұңған әскерін қырып тастады.

Дұңғандар Бурылтоғайға барып Сәлімбақы үкірдайы қолға қондырды, Жанымқан тәйжіде қолдап шықты, сонымен қазақ, дұңған әскері Сарсүмбеге шабуыл жасады. Алтай билеушісі Уй Жұңго моңғол, орыс, қытайдан қол топьап, зеңбірек, пулемет арқылы оларға төтеп беріп, ауыр шығынға ұшыратты. Алтайға келген Ма Хыиың Көктоғайға шегінді. Олар қазақтармен бірігіп Сарсүмбені ақыры басып алды. Шәріпқан Сауырға келіп күш топтап қарсы шықты, олар Қабаны иелеп дұңғандармен соғысты, дұңғандардың қаруы күшті болдыда нәшар қаруланған қазақтар төтеп бере алмай шегінді. Дұңғандар Сауырға келіп төре ауылын шауып, малдарын бұлап кетті. Осы екі жылда Алтайда соғыс пен жұт, аштық қосылып 3000 дай адам қырылды.

Сонан соң дұңғандар Тарбағатай ға беттеп Шәуешекті басып алды, Шәуешек, Дөрбілжін қазақтары оларды қолдады.

1932-1934 жылдары Баркөлді қазақтар ұстап тұрды, Елісқан Баркөлде өте көп қытайды қырды, ол кезде Шың Шысайда оған қарайлайтын мұрша болмады.

1934жылы 2-айда дұңғандар 2000 әскері Қашқарға шабуыл жасады, 10 мың ұйғыр әскері соғыста ойсырай жеңіліп қашып кетті, құрылғанына үш айдан енді асқан «Шығыс түркістан» құлады. Совет одағынан тағыда әскер келіп дұңғандар жеңіліп келісімге келді де соғыс аяқтады.

Осы жылы жазда Елісқан Құмыл, Санжы, Алтайдағы қазақ елбасыларын жинап Әліпке ас берді. Аста ол Шың Шысаймен енді отаспайтынын айтады. Осыдан бұрын Гансуға шегінген ұйғыр Жолбарыс Елісқанға хат жазған екен, Елісқан Гансуға уақытша шегініп, қайта күш топтап, дұңғандарға сүйеніп Шың Шысайды жоймақ ниетте болады. Осы ниетпен 1935 жылы Гансуға 200 дей үймен көшіп кетеді.

Одан бұрын туысы Адубай 113үймен көшіп кеткен еді. 1936 жылы Зәйіп, Тұңғышбай, Қамза, Сымағұлдар бастаған 400-500үй Гансуға көшеді.

Елісқан Ма Буфаңға дербес қазақ атты бригадасын құруға көмектесуін өтінеді, Ма Буфаң мақұл болады. Алайда 1937жылы болса қытай-жапон соғысы жалпы беттік бамталды да, Елісқанның ойы іске аспады. 1936-1938 де Баркөлде жаппай советтік қызыл террор басталып, көп адамдар қолға алынды. 1938 жылдың соңында 3 мың үй жаппай көтеріліп Гансу, Цинхайға ауды, көбі малынан айырылды.

Олар келген соң тибет, моңғол ұлттарымен қайшылық асқынды, Ма Буфаң жерлік халықтың сөзін сөйлеп қазақтаоға қатулана бастады. 20 мыңнан аса қазаққа жәйілім шешіп бере алмады. Ұрлық, барымта өршіді, қарулы қақтығыстар туылды, Елісқан түңіліп, Зәйіппен бірге 5600 адамды бастап Үндістанға көшпек болды, ондағы ойы белгісіз!

Тибет асқанда, соғыста 1600 адам қырылды, 1000дай адамды дұңғандар қырып, 400қатын-баланы айдап кетті. Үндістанға 3039 адам тірі жетіп, обадан мыңнан аса адам тағы қаза тапты. Ал қалған 15000 қазақтан 7500 адам дұңғандар жағынан, аштықтан, ауырудан қырылып, 1947-1948де Шыңжаңға 7000 дай адам тірі қайтты, мыңдай адам Гансу, Цинхайда қалды!

1937 жылы Шығыс түркістан күштері Мамұт бамтап қайта бүлік шығарды, Советтен Ысқақбек Мононов бастаған әскерлер келіп оларды тоз-тоз етті. 1931-1937 жылдары бүлік бүкіл Шыңжаң өлкесін шарпып соғыс, аштық, ауырудан 100 мыңнан аса адам қаза тапты!

1939 жылдан басталған жаппай террор, түрмеге қамау, атудан Үрімжіде 80 мыңнан аса адам өлтірілді. Сонан 1940 жылы қазақтар қайтадан көтеріліс бастады.

Ерзат Кәрібай

Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі
Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат

«Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі)

Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын.

Ай, құдай – ау, аққа жақ,

Өзіңі аян мен нақақ.

Ақиқат деген жолыңнын,

Абыройыңды ашпа хақ.

Аятбенен қадысқа,

Алла ниет ақ іске.

Жан алмасам жоқ еді-ау,

Жаза тартсын деген бақ.

Мені соттап байлатып,

Зығырданды қайнатып.

Масайрасын мәз болып,

Қинағанды өзің тап

Жақын жерден жау шығып,

Мақүл істен дау шығып.

Дұшпан үстап қолымнан,

Иттер тістеп тонымнан.

Жаман тосу болған шақ,

Түтқын болып тарығып,

Жалғыз жатып зарығып,

Ашу қысып ойды алып,

Дерт жәйіліп бойды алып,

Шер жүрекке толған шақ.

Қатты айт – деп кекемей,

Сиынғанды тектемей.

Он екі имам әулие,

Жиырма сегіз әулие қолдай – гөр,

Оңай – көр аруақ,

Қарт балуаным Жәнібек,

Қаз дауысты Қазыбек,

Жетім қалған халқыңа,

Тоқтау болып артына

Кім тиянақ қазық ет!.

Кұнсыз болып еріміз,

Елсіз қалып жеріміз.

Мал мекені дей алмай,

Жан мекені дей алмай,

Итпен қүсқа азық ет,

Мүны көріп көзіміз,

Бірігер деп сөзіміз.

Кең болар деп бастықты,

Көл болат деп шалқытты.

Бір үмітпен жазып ел,

Дәреті жоқ аяқтар,

Қорсылдаған саяқтар,

Болама деп қасында,

Қасиеті басында,

Дегеніміз болмаса,

Қазаққа не жазып ед.

Байландырған қолымды,

Бөгелдірген жолымды.

Жақыным бар, жатым бар,

Хабарлана жатыңдар.

Мен сендерге жүгіндім,

Төресі қадыл қазы деп.

Жаннан көңіл қалып тұр,

Жан бір күйге салып тұр.

Тәннен көңіл қалып тұр,

Тән шыдамай арып тұр,

Жұрттан көңіл қалып тұр,

Жұрт жалғанға нанып тұр.

1980 – жылы К.А. Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлының айтуында дыбысқа алыны, көшірілді.

Ел ішінен жйнаған: Байахымет Жұмабайұлы

Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?
Еуропа жүрегінде ашылған гештальт. Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

Елімізде Алматы халқы жаңа такси ашып, ал Шымкент халқы өзбек көршісімен бірге кешкі матчты тамашалайын деп отырғанда қазақ үмітін арқалаған Airbus моторын дүрілдетіп, Брюссельге ұшып кеткен болатын. Президент Тоқаев геосаяси қақтығыстар, сауда соғыстары, санкциялық қысым мен логистикалық тәуекелдер күшейіп жатқан бұл заманда Қазақстанның инвестиция үшін ең тыныш айлақ екенін тағы бір еске салу үшін бара жатқаны анық. Тура осы сапар алдында Fitch Қазақстанның ВВВ рейтингін растап, мықты аргументті қалтамызға салып жіберді. Брюссель Еуропа капиталының сөресі екенін білеміз. Сол сөреде жатқан миллиард еуро инвестицияға біз қол салғанда, бастысы ешкім “тәйт” демеуі керек.

Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесуі жай ғана дипломатиялық протокол емес. Бұл Қазақстанның Еуропадағы экономикалық позициясын күшейтетін маңызды саяси сигнал.

Бельгия көлемі жағынан шағын мемлекет болғанымен, Еуропаның қаржылық және логистикалық орталықтарының бірі саналады. Әлемдегі ең ірі порттардың бірі – Антверпен дәл осы елде орналасқан. Еуропалық Одақтың көптеген экономикалық және қаржылық шешімдеріне бельгиялық бизнес пен институттардың ықпалы жоғары.

Президент Тоқаевтың айтуынша, соңғы жиырма жылда Бельгиядан Қазақстан экономикасына тартылған тікелей инвестициялар көлемі 15 миллиард доллардан асқан. Бұл өте қомақты көрсеткіш. Бельгия Қазақстандағы ең ірі он инвестор елдің қатарына кіреді.

Бір қарағанда, екі ел арасындағы сауда айналымы аса үлкен емес сияқты көрінуі мүмкін. Былтырғы көрсеткіш 580 миллион доллардан асты. Бірақ мұнда басты мәселе көлемде емес. Маңыздысы, Бельгия Қазақстанды ұзақ мерзімді серіктес ретінде қарастыруын жалғастырып отыр.

Бүгінде елімізде бельгиялық капиталдың қатысуымен құрылған 110-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Соңғы жылдары Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Еуропа үшін Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика және маңызды шикізат жеткізушісі болып отыр. Әсіресе сирек кездесетін металдар, жасыл энергетика, көлік дәліздері мен өңдеу өнеркәсібі бағыттарында қызығушылық артып келеді.

Бұл жерде Бельгияның рөлі ерекше. Себебі Еуропаға бағытталған көптеген логистикалық тізбектер дәл осы ел арқылы өтеді. Сондықтан Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуы бельгиялық бизнес үшін де маңызды.

Тағы бір назар аударатын жайт – бүгінде Еуропа өндірісті Қытайдан толық әкетпесе де, жеткізу тізбектерін әртараптандыруға белсенді кірісті. Осындай жағдайда Қазақстан жаңа өндірістер мен инвестицияларды тартатын алаңға айнала алады. Оның үстіне еліміз Еуропа мен Азия арасындағы табиғи көпір қызметін атқарып отыр.

Президент Тоқаев пен Барт де Вевердің кездесуі осы тұрғыдан алғанда болашаққа жасалған инвестиция деуге болады. Себебі халықаралық капитал ең алдымен саяси тұрақтылыққа, болжамды саясатқа және сенімді әріптестікке келеді. Ал Бельгияның Қазақстанға қызығушылығы сақталып қана қоймай, жаңа бағыттар бойынша кеңейіп жатқаны еліміздің инвестициялық тартымдылығы әлі де жоғары екенін көрсетеді.

Қарапайым тілмен айтқанда, Еуропа Қазақстанға ақша салуды жалғастырып жатыр. Бұл біздің экономика үшін жақсы жаңалық.

Айбар Олжаев

Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.
Zhalgas Yertay

Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр

Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған.

Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды.

Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр?

Мәселе санға емес, санаға тіреліп тұрған сияқты. Біз тәуелсіз елі бар халық ретінде әлі күнге дейін өз күшімізді толық сезініп үлгермедік-ау.

Кейде қазақтар өзара қазақша сөйлесіп тұрып, орысша сөйлеуге ыңғайы бар адам келсе, бірден бәрі орысшаға көше салады.

Кейде қазақша сұрақ қойған адамға қазақтың өзі орысша жауап беріп тұрады.

Кейде баласы қазақша сөйлеп жүрсе де, ата-анасы оны орыс мектебіне береді. Себебі оның қазақша білгеніне емес, орысша білмей қалатынына алаңдайды.

Кейде мемлекеттік органда істейтін қазақ қызметкер қазақ азаматымен орысша сөйлесуді табиғи нәрсе деп қабылдайды.

Мұның бәрінің демографияға түк қатысы жоқ. Бұл психология мәселесі. Бірнеше ғасыр бойы тарихи санамызда қалған инерция. Ғалымдар мұны әртүрлі атап жатады ғой. Біреуі символдық үстемдік дейді. Басқасы тіл иерархиясы дейді. Енді бірі отарлық сананың сарқыншағы деп жатады. Атауы маңызды емес. Маңыздысы – құбылыстың өзі бар.

Біз кейде өз елімізде өз тілімізді қолдануға моральдық рұқсат сұрап тұрғандай көрінеміз. Ал шын мәнінде оған ешкімнен рұқсат сұраудың қажеті жоқ.

Қазақ тілі – осы елдің мемлекеттік тілі. Тарихи тілі. Осы жердің табиғи тілі. Қазақша сөйлеу ешкімге қарсы әрекет емес. Қазақша сөйлеу – қалыпты нәрсе.

Қазақша қызмет сұрау – қалыпты нәрсе.

Баласын қазақ мектебіне беру – қалыпты нәрсе.

Қазақша құжат жүргізу – қалыпты нәрсе.

Қазақша бизнес жасау – қалыпты әрекет.

Біз кейде мұны күрес, талап, саяси ұстаным сияқты қабылдаймыз. Бірақ шын мәнінде бұл – қалыпты өмір болуы керек.

Бірақ бар жауапкершілікті халыққа артып қою да дұрыс емес. Қазақтардың өз күшін сезінуі, әрине, маңызды.

Алайда мемлекет өз жауапкершілігін халықтың мойнына ысыра салмауы керек. Ал бізде қазіргі жағдай солай. Кез келген елде қоғамдық норманы алдымен билік қалыптастырады.

Егер министр қазақша сөйлемесе, әкім қазақша талап етпесе, мемлекеттік орган қазақша жұмыс істеуді міндет санамаса, онда қарапайым азаматтан талапшыл әрі батыл болуды күтудің өзі қисынсыз.

Адамдар биліктің әрекетіне қарап үйренеді. Мемлекет қандай тілді беделді деп көрсетсе, қоғам соған бейімделеді. Қазақстанда қазақ тілінің алдында тұрған ең үлкен қайшылық – осы.

Бір жағынан мемлекет қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялайды. Екінші жағынан мемлекеттік аппараттың едәуір бөлігі қазақ тілін басқару тілі ретінде емес, салтанатты жиындардың тілі ретінде қабылдайды.

Қазақша құттықтайды. Қазақша ән айтады. Қазақша концерт өткізеді. Бірақ шешім қабылдау, құжат әзірлеу, жұмыс жүргізу, талқылау басталған кезде орыс тіліне ауысып кете салады.

Бұл қоғамға нақты сигнал беріп тұр. Жұмыс жүргізу тілі басқа деген сигнал.

Сондықтан қазақ тілінің мәселесін тек қазақтардан іздеу жеткіліксіз. Мәселенің екінші жағы саяси ерікке келіп тіреледі.

Тарихқа қарасақ, әлемдегі ешбір тіл жай ғана нарықтың немесе демографияның күшімен толық үстемдікке жеткен жоқ. Француз тіліне Франция мемлекеті сүйенді. Неміс тіліне Германия мемлекеті сүйенді. Түрік тіліне Түркия мемлекеті сүйенді. Өзбек тіліне Өзбекстан мемлекеті сүйеніп отыр.

Ал мемлекеттік тілдің артында мемлекет тұрмаған жерде тілдің дамуы баяулайды.

Тіл халық саны аз болғандықтан емес, сол халық өз тіліне толық сенбегендіктен әлсіреген жағдайлар аз емес. Және керісінше де болған, кей тілдер халық өз күшін сезінген кезде күрт күшейген.

Қазір қазақ тілінің болашағын қазақтардың таңдауы мен мемлекеттің саясаты бірге анықтайды.

Егер қазақтар қазақша сөйлеуді табиғи норма деп қабылдаса, мәселенің жартысы шешіледі. Егер билік қазақ тілін шын мәнінде басқару тіліне айналдырса, қалған жартысы шешіледі.

Халық бір жаққа, билік бір жаққа тартқан жерде нәтиже баяу болады. Ал халықтың сұранысы мен мемлекеттің саясаты бір арнаға тоғысқан кезде тілдің күшеюі табиғи процеске айналады.

Қазақ тілінің ең үлкен проблемасы – қазақтардың өз күшін әлі толық бағамдап үлгермегенінде және мемлекеттің сол күшті толық мойындамай жатқанында деп ойлаймын.

Өз елінің иесі екенін сезінген халықтың қолдайтын билігі пайда болған кезде, ол тілдің болашағына сырттан ешкім ықпал ете алмайды.

Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.
NU математика тобы үшін ғана емес, жалпы әлемдік математика қауымдастығында маңызды жаңалық.

Әріптестеріміз 12 өлшемді евклидтік кеңістіктегі kissing number үшін жаңа төменгі шекара тапты. Бұған дейінгі төменгі шекара 840-қа тең болатын және оны британ математиктері Джон Лич пен Нил Слоун 1971 жылы дәлелдеген еді. 55 жыл бойы математиктер бұл нәтижені жақсартуға тырысып келді. Енді ол нәтиже жақсарды:

12 өлшемде kissing number кемінде 841-ге тең.

Жаңа нәтиже терең математикалық идеялар мен қуатты GPU-есептеулердің үйлесімі арқылы алынды.

Сфералық кодтар мен шарларды тығыз орналастыру теориясының жетекші мамандарының бірі, MIT профессоры Henry Cohn (Maryna Viazovska-мен бірге 24 өлшемдегі әйгілі жұмыстың авторларының бірі) осы саладағы негізгі ақпарат көзі болып саналатын сайтты жүргізеді. Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

Durvudkhan Suragan

Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста
Altyn Magauina

Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр.

Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі.

Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі.

Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде, адамгершілігінде, қиындыққа төтеп бере білуінде.

Өмір Ғалым мен жары Әлияға сынақтың сынағын берген екен. Алайда олардың қандай жағдайда да сабыр мен парасаттан айнымағандарына куә боп келе жатырмыз. Әсіресе балаларына деген шексіз махаббаты бен қамқорлықтары – нағыз ерлік пен ата-аналық адалдықтың үлгісі. Олардың күндіз-түні талмай жасап келе жатқан қамқорлықтары көпшілікке көрінбеуі мүмкін, бірақ оның қадірін Алла да, жақындары да біледі.

Ғалым – достыққа адал, сөзіне берік, жүрегі жұмсақ, жаны таза азамат. Біз Ғалымды қиын сәтте жаныңнан табылатын, қуанышта шын көңілмен қуана білетін, ешкімге жамандық ойламайтын асыл қасиеттері үшін ерекше құрметтейміз.

Осы айтулы мерейтойында Ғалым баурымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық пен береке тілейміз. Алла Тағала әрбір жасаған жақсылығыңның, әрбір төккен маңдай теріңнің сауабын еселеп қайтарсын.

Шаңырағыңнан қуаныш кетпесін, жүрегіңнен үміт үзілмесін.

Алдағы жылдарың бүгінгіден де жарқын, бүгінгіден де берекелі болсын. Халыққа қызмет етіп жүрген еңбегің еленіп, абыройың арта берсін.

Елу жасың құтты болсын, қадірлі бауырымыз!

Алла Тағала өзіңді және отбасыңды әрдайым қорғап, деніңе саулық, жаныңа тыныштық, өміріңе береке нәсіп етсін.

Ата-бабаларымыздың аруағы қолдап, жолың әрдайым ашық болсын!