|  |  | 

Көз қарас Қазақ шежіресі

Қытайдан 500 мыңдайы ғана Қазақ еліне оралады.

Altaydagi Qazaq rulari kereylerҚазір қытайда 1.5 миллион да 2 миллион айналасында Қазақ бар десек, алдағы уақытта соның ұзаса шамамен 500 мыңдайы ғана Қазақ еліне оралады. Және мен бұл 500 мыңдайы деп ұялғанымнан, мемлекетшіл жандардың көңіліне су сеппейін деп ойлағанымнан көбейтіп айтып отырмын. Ал, қалған 1 миллион немесе одан да көп Қазақ әлі де болса қытайда тұрмыс-тіршілігін жалғастыра береді.

1991-жылдан соң Қазақстанға оралған қытай Қазақтарының ұзын саны ұзаса 200 мыңның айналасы ғана екен. Олар кімдер:

* Ұлтшыл Жастар;
* Ұлтшыл Зиялылар;
* Туысшылдар (1955-1962жж Сәбетке қашқандардың туыстары);
* Студенттер (оқуға түскендер);
*Қарапайым жандар (малшы, егінші);
тб

Қытайдан осындай бір буын ұрпақ іріктеліп кетіп қалғандықтан олардың қытайдағы орнын қытай мен ұйғыр жастары, зиялылары басып кетті. Ал, қытай қазақтарында сол үңірейген кетіктің орнын толықтыру процессі ғана жүрілді де, ары қарай кемелдену, ұлғаю, ірілену үрдісі тоқтап қалды. Қытай қазақтарының ұлт ретінде толысып, өте маңызды қадамдарға бара алған кезеңі 1978-1998 жж арасы (небәрі 20 жыл). Ал, 1978′ге дейінгі тарихы қара түнек заман болды (коммунистік жүйе орнағаннан кейінгі дәуірді айтам).

*1949-1954 жж арасы Ұлттық Автономия құру жолындағы талас кезең;
*1954-1958 жж арасы таптық және жергілікті ұлтшыл кадрлармен күрес дәуірі;
*1958-1962 жж ашаршылық пен қуғын-сүргін дәуірі;
*1962-1978 жж арасы өркениеттің жоғалу дәуірі;

Осы төрт үлкен қиын кезеңнен аман өткен қытай Қазақтарының ес жию, ұлт ретінде өз-өзіне келу кезеңі 1978′ден соң басталды, дұрысы 1984′тен бастап жұрт болып көтерілді, жоғалған табылды, азайған көбейді, сондай бір еркін демократиямен қауышқан кезең болды, ұлттың демографиялық көрсеткіші шарықтап миллионнан асқан кезеңі осы мезгілді. Шетелмен барыс-келіс жиледі, тіпті сол кездері алыстағы Түркия Қазақтарымен барыс-келіс күшейіп құдандалы сүйек жаңғырулар орын алып жатты. Ұлт енді енді ес жиып әдебиеттен мәдениетке, ұлттық сана мен ұлт алдындағы міндеттерге жаңғырып жатқанда 1991-жылы Қазақ Елі тәуелсіз ел болды. Сонымен енді-енді толысып ұлғайып, қанаты қатайып қытайдың элитасынан орын ала бастаған кезде, исі қазақтың назары тек ғана Қазақстанға ауды. Елге көш басталды. Қытайдағы ұлтшыл Қазақ зиялылары Пекин, Үрімжі, Алтай, Шәуешек, Құлжа және Күйтін сияқты қытай қазағы үшін жан тамырға айналған ірі шаһарлардағы жұмыстарын тастап бір-ақ күнде бір тал шабаданымен елге тартты (аудан, ауылды айтпай-ақ қояиын). Шыны керек, біраз мекемедегі Қазақтың орны босап өгейсіп кетті, сол кезде қытай ұлтшылдары іштартып қалды, оның соңы Қазақты маңызды, жоғары жұмысқа қоймау, өсірмеу, алмау саясатын бастады (қазақ бәрібір еліне кетеді деп санады). Жә, қарамаққа бүкіл қытай Қазағы Қазағыстанға ағылғандай сезілгенмен 25 жылдан бері (1992-1993) 200 мыңдайы ғана Қазақ азаматы атана білді. Ал, қалған бір жарым миллион Қазақ жұрт жаңалаған жоқ. Біз қызықпыз, жалаң түрде Қазақстанға оралған Қазақты есептеп немесе солардың Қазақстандағы түйткілдерін жырлап жүре беріппіз де қытайда қаншасы қалды, олардың әлеуметтік, саяси, экономикалық және гео-стратегиялық ақуалы қандай, не күй кешіп жатыр, көшкен елдың ықпалы оларға қалай әсер етуде дегендей ғылми сұраққа (әлеуметтануға) дұрыс ізденіс пен жауап таппаппыз. Сыңар езу- Қазақ келе берсе екен дей беріппіз. Біздің орнымызда бір Жойыт не болмаса Францсуз немесе Неміс болғанда бәрінің ғылми өлшемін (графикасын) жасайтын еді. Мысалы:

*Қаншасы оралды, қаншасы қалды;
*Келген қазақтың басты проблемасы мен қалған қазақтың нақты проблемасы;
*Келіп алғандар қалып қойғандарға, қалып қойғандар көшіп кеткендерге қалай ықпал етіп жатыр;
*Нақты көшіп келушілер (жас, оқыған, өнерлі, малшы, диқан, тб);
*Қалушылар (жас, оқыған, өнерлі, малшы, диқан, тб);
*Көшіп келушілердің нақты қандай, қай салада, қандай мүмкіндігі бар;
*Көшіп келмегендер қандай салада, шектеулі ме, қағытпа бар ма? Дәрежесі (барлық саладағы орны);
*Көшіп келушілердің өсімі;
*Көшпегендердің өсімі (өсу-тоқырау);
*Көшкендер мен көшпей қалып қойғандар арасындағы байланыс (туыс, дос, құдандалы, тб) немесе байланыстың шыдамы (ұзақ уақыт, қысқа уақыт, үзіледі);
тб

Енді, осы бір күрделі барысты өткеріп алда қытай Қазағынан көштің басталуын күтіп жатырмыз. Меніңше алдағы уақытта есік ашылса, екі ел арасының жағдайы жақсара берсе келетін елдің ұзын қарасы 500 мыңдай ғана болады. Бұл да созып созып шығарған санайғағым. Олар кімдер:

*Саяси және рухани қысымнан қашқандар;
* Ұлтшыл жастар;
*Туысшылдар;
*Зиялы қауым өкілдері;
*Орта және шағын бизнесмендер;
*Студенттер;

Осындай санаттағы азаматтар оралады және саны да миллионға бармайды. Қалған 1 немесе 1.5 миллион Қазақ үшін не істеу керек. Менің жеке пікірімше төрт елдің Қазағын түп-тамырымен көшіріп алуға болмайды. Олар:
*Моңғолия;
*Қытай;
*Ресей;
*Өзбекстан;

Осы төрт елден келетін қазаққа барлық жеңілдікті жасап қабылдау керек, бірақ түбегейілі және түп-тамырымен емес. Себебі, осы елдерден соңғы бір қазақ қалғанша көшіп келеді деу мүмкін емес және күлкілі. Осы елдердегі қазақтарды түп-тұқиянымен көшірем дегенше (келем деушілер келе берсін) олардың сол елде ұлт ретінде өз-өзін ұстауына, өзін жоғалтпауына жағдай жасауымыз керек. Олар Қазақтың осы төрт елдегі тұлғалық ықпалын сақтап, Қазақстандық салмақ салып тұрады. Міне, соның бірі-Қытай Қазақтары.

Қытайдан келетін көш алда жанданады, бірақ барлық Қазақ қопарылып көшіп келмейді дедік, енді қалып қойған Қазақтарға не істей аламыз:

*Ұлттық Рухани сабақтастықты үзбеу;
*Ұлттық Мәдени Сабақтастықты үзбеу;
*Тіл-Жазуды бірлікке келтіру (Әліпби, Терминжасам);
*Ақпараттық кеңістікті біріктіру (арна, радио, веб-сайт, тб);
*Экономикалық мүдделестікті арттыру (сауда-бизнес, қаржы, тб);
*Сенім кепілдігін орнату (діни күштер, экстремизм, радикал топтардан ада);
*Қарым-қатынас кепілдігін орнату (турист, виза, сервис, тіл, жол, өткел);

Осы және басқада мүмкіндіктерге ие болып тиімділік жасасақ елге көшіп келушілерге де, көшпей сонда өмір кешіп жатқан ағайындарға да толық тыныстық (тыныс-тіршілік) берген боламыз. Және бірі, қытайға гео-стратегиялық қауіп төндіріп тұрған қытайдағы “Қазақ Қаупі” мәселесін де түп тамырымен жойып жібермей оны өз кәдемізге жарата білген боламыз. Сонымен қатар қытайдың орталық азияға мәдени, сауда (экономикалық) ықпалын қазақтардың ішкі-сыртқы потенциал күші арқылы тежеп отыра аламыз. Қытай бізге әлде бір уақыттарда үстем келсе, ол жақтағы Қазақтарды қозғап (қалай қозғайтынымызды өзіміз білеміз) өңірдегі тепе-теңдікті теңшеп (контролдап) отырамыз. Бұл әрі Қазақ еліне тиімді әрі қытайдағы қазақтарға да мүмкіндік. Бірақ, бір шарт бар, алыс-жақын шетелдегі заңды емес алып қашпа ұйымдар араласпауы, ірткі салмауы керек, бұған екі ел де кепілдік етуі шарт.

Қазақстанның ресми билік аузынан “қытай қазақтарының мәселесі” деген терминнің сирек айтылуы Қазақстанның үлкен жеңісі! Егер, билік өз тілімен “қазақ мәселесін” ауызға алса қытай екінші-үшінші тактикаға ауысып Қазақстанды басқа стратегиялық тұзаққа тартатын еді. Бұл мәселені бейресми қоғамдық ұйымдар аузынан айтқызып және мәселені қоғамдық ұйымдар мен жекелеген тұлғаларды алға шығарып шешуі Қазақстан билігінің саяси дипломатиялық біліктілігі саналады. Қытай бізден бұндайды күтпеген еді. Қытайдың қалауы- Қазақстандағы билік өкілдерінің мәселеге сұранып келуі еді және ол кезде қытай ақсиып бізге басқа талапты көлденең тартар еді. Жоқ, олай болмай қоғамдық ұйымдар мәселені төтесінен қойып жатыр, қытай қоғамдық ұйымға ондай бұлтаң жасап, мәселені көлденең тарта алмайды… Сондықтан, бұл мәселені Қазақстанда Әділет миністірлігіне тіркелген заңды қоғамдық ұйымдар араласып көтере бергені дұрыс.

Алда қытайдағы сең жібиді, қытай бұл мәселені шешуге өзі мүдделі болады, өйткені партия мен билік ішіндегі бақталастық бұл мәселенің ерте жарықта тоқтауына мүмкіндік жаратады. Қытайда мүлде басқа саяси-әлеуметтік форматтар орнай бастайды. Біз Қазақ Елі сол кезде қандай стратегиялық саяси ұстаным ұстауымызды қазірден бастап анықтай беруіміз керек. Соңында, қытайдан небәрі 500 мыңдай Қазақ келе алады дегенім үшін оқырманымнан кешірім сұраймын, бірақ шындығы сол.

Eldeç Orda

Related Articles

  • АҚШ-Қытай-Ресей үштік державаның талас-тартысы Орталық Азияны ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін…

    Шағын Сараптама Естеріңізде болса осыдан бір жарым жыл алдына Ауғанстан және Орталық Азия тақырыбы бойынша бір сұқбат жасаған едік. Сондағы кейбір болжалды түйіткілдер дәл қазір әлемдік саяси аренада кеңінен пікір-таласқа салынып жатыр. Ары қарай… Бірінші, Әлемдік ірі ақпарат көздері АҚШ әскері Ауғаныстаннан толық шегінген жағдайда туындайтын гео-саяси ахуалды қызу талқыға салып жатыр. АҚШ (және НАТО) әскері толық шегінсе Ауғанстан үкіметі елдегі тыныштықты қамтамасыз қыла ала ма; Ауғаныстандағы ислами күштер нені жоспарлап жатыр; Ауғаныстандағы жағдай алдағы кезеңде қытайға қалай ықпал жасауы мүмкін; Қытайдың қандайда бір стратегиялы жоспары бар ма; тб өзекті тақырып қазақ баспасөзінде тәуелсіз һәм тарапсыз талқыға салынуы керек. Екінші, АҚШ әскері толықтай шегінген жағдайда Орталық Азияны қандай қауіп және

  • ҰЗЫНМЫЛТЫҚ (ҚҰТЫМБЕТ) – ТАРИХИ ТАУ ТҰЛҒА

      Орта жүз – Керей – Абақ – Шеруші – Күнтуғаннан тараған атаның бірі – Ұзынмылтық(Құтымбет). Алаштан Қазақ тарады, кейін ғасырлар қойнауындағы тарихи әр кезеңде өсіп-өнген жүздеген рулар негізінде Үш Жүзден қазақ халқы қалыптасты. Жүз-рулар одағының аумақтық ірі бірлестігі. Жүздің басты сипаты туыстық, кәсіптік, әдет-ғұрыптық, басқару негізіндегі қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады. Қазақ қоғамы аталық, рулық, тайпалық, жүздік жүйемен құрылып, қалыптасқан. Ру-қауымдастықтың кіші сатысы. «У ішсең руыңмен»дейді. «Жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық»деп рудың атын қояды, жерін белгілейді. Алайда ең бастысы рудың мүддесін ойлап, сөзін сөйлетін, тентегін тезге салып, тектісін жебейтін – биі, руды бағатын – байы, қорғайтын – батыры болу керек.Онсыз ру құрылмайды. Құтымбет рудың биі де, батыры да болды.

  • Әлем алпауыттарының стратегиялық кездесулері неге жиіледі? (Шағын сараптама)

    Наурыздың 18- күні Ақш Сыртқы Істер Министрі Антони Блинкен мен Қытай Сыртқы Істер Министрі Ван И (王毅) Алияскада аса маңызды кездесу жасады. Осы кездесуден соң қос үйекке жіктелгендей болған екі жарты шардың алпауыттары тоқтаусыз стратегиялық кездесулерді бірінен соң бірі бастап кетті. Ақш СІМ’лері Жапон, Корея, Үндістанмен маңызды кездесулер жасап жатқанда 22- наурыз Ресей Сыртқы Істер Министрі Лавров Гуйлиньде Қытай СІМ’і Ван И-мен кездесті. 24- наурыз Түркия СІМ’і Мевлют Чавушоглу (Mevlüt Çavuşoğlu) Брюссельбегі НАТО СІМ’лерінің басқосуында Ақш-тың СІМ Блинкенмен кездесті. 27- наурыз Қытай-Иран Сыртқы Істер Министрлері аса маңызды тарихи кездесу жасады да аса ірі стратегиялы құжатқа қол қойды. Иран осы маңызды келсімнен соң Орталық Азия елдерін бетке алып 7- сәуір біздің

  • КЕНЕСАРЫ ХАН үшін қуанып отыра берудің пайдасы қанша?

    Ресей Қорғаныс Министрлігі Орталық Әскери Окургінің баспасөз қызметі Сәуірдің екінші күні ірі көлемді әскери жаттығулардың алдағы уақытта одан ары жалғаса беретінін айтқанын білесіздер. Орталық Әскери Окург қолбасшысы генерал-полковник Александар Лапин, Орталық Азия аймағындағы 2-ші және 41-ші біріккен жойқын қарулы күштердің қатысуымен де ірі көлемді әскери жаттығулар өткізетінін хабарлаған еді. Қазақ, Қырғыз және Тәжік территориясындағы әскери нысандарды да қамтитын Орталық Әскери Окургтің алдағы ірі көлемді әскери жаттығуы Орталық Азияға көзалартып отырған төңіректегі аймақтық күштер мен державалардың назарын аударатыны анық. Осындай тұста бізге сүйегі әлде-қашан шіріп кеткен КЕНЕСАРЫ ХАН үшін қуанып отыра берудің пайдасы қанша? Сәуір бойы осы “қуаныштың” буымен мәз-майрам бейғам отырғанда Ресейдің біздегі әскери нысандары келелі стратегиялық іс-қимылын жүзеге асырып

  • ҒҰНДАРДЫҢ МҰРАГЕРЛЕРІ – ҚОҢЫРАТТАР

    (Қоңырат шежіресіне байланысты шығатын жаңа кітаптарға арналған) Авторы: Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы Тәуке ханның тұсында қанаттас отырған рулар топтастырылып, өз тұрған өңірлерідегі жаңа Жүз бірлестігіне кірді. 1456жылы Қазақ хандығы ең алғаш құрылған жер Шу, Талас өзендерінің бойы еді. Міне осы қарашаңырақтың орны мен оның айналасындағы Жетісу, Алатау, Қаратау аймақтарындағы рулар Ұлы Жүз деп аталды. Қазақ хандығы құрылған кезден бастап шешуші рол атқарып келе жатқан іргелі алты ұлыс Орта Жүз болып біріктірілді. Олар Алтай-Ертіс, Тарбағатай, Сары Арқа, Сібір, Балқаш, Сырдың орта ағысы өңірлерін алып жатты. Қазақ хандығының құрамына кейінірек қосылған Еділ-Жайықтағы рулар Кіші Жүз болып топтастырылды. Сол кезде Қоңырат ұлысы Орта Жүз бірлестігіне енді. Бұл қазақ үлкен империяның қарашаңырағында отырған ұлт. Бірлікке

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: