|  |  | 

Тарих Әдеби әлем

ҚАРАТАУДЫҢ ҚАРА БЕКЕТІНДЕГІ ҚЫС

 

ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ

(Тарихтың бір сабағы– әңгіме)

ҚАРАТАУДЫҢ ҚАРА БЕКЕТІНДЕГІ ҚЫС70857533_2344539168995811_7414732983199858688_n

Бұл 1917-жылдын кейін болған уақиға. Қаратаудың солтүстігіндегі Бетпақдаланың арғы бетіндегі көтерілістің у шуы басылып, , қызыл мен ақтың әскері

Бетпақдаланы әлі ойқастап жүрген кез. Қаратаудағы қара бекет қыстың қиын кезінде, адасқан, не тоңған жолаушы  жылынып, есін жинайтын бекет еді. Осы бекетте елмен бірге көше алмай , елуден асқан әйел мен жасы он тоғызға толған қызы Қарғаш амалсыз осы Қара бекетті қыстап қалған. Олардың бір сиыры бар еді, соны күнделікті қорек қылып, күндерін көріп отырған. Түн қараңғысы түскен кезі еді. Кіре берісте байланған  жас бұзау мен қашар тұр, алдына салынған азғантай шөпті күрт күрт шайнап тұрған. . Бір кезде қойдың терісімен қапталған сыртқы есік сықыр сықыр етіп, шалқасынан ашылды да, күпі киген еңгезердей екі жігіт сау етіп кіріп келді.

Соның бірі–   Апай, даладағы бораннан , адам түгілі алдыңдағы атың көрінбейді,осы үйде паналап шығуға бола ма?- деп сұрады. Үйдің үлкені әйел мардымды дауыс шығармай, аузын жыбырлатып бір деңе деді. Оны елеген еңгезердей екі жігіт жоқ, , саптама етіктерімен төрге шығып, орналасты.

Сосын істік мұртті шоңғал жігіт сөз бастады. – Апай, осы елдің адамы болатын шығарсыздар, бізде осы маңдағы Шыңғырлауданбыз. Мен сол ауылнайдың ұлымын, мынау, жылқышы. Бүгін аңға саламызба даген екі жорғамыз бар еді, соны сынайық деп шығып едік,құдай ұрып, аласаыран боран соғып кетіп, осы Қара бекетке соғып ,жан сақтайық дедік- деді.

Әйел –бізде ет сияқты дәм болмайды, егер сүтке шыланған нан жейміз десеңдер, дайындап берейін деген. Екі жігітте үн жоқ, тек бастарын изеді. Соныvен көп ұзамай дастарханға  сүт пен нан келді. Екі жігіттің денесі жылып, ,жан біткендей болды. Сонымен демалатын кез болған. Үй иесі әйел өp қызымен екеуіне пештің жанына көрпе төсеп, сөздері сол жерге қисайған.

Екі жігітке, одан төменірек жерге төсек салып беріп, , оларға сол төсекті нұсқаған.

Әйелді ұйқы қысқасын, көзі жұмылып кеткен екен, бір кезде жанынан біреудің қозғалғанын сезгесін, көзін ашса, біреу қызының үстында қорбаңдап жатыр, .Даладан тоңып келген жігіттерге қолынан келген жақсылығын жасаған әйелдің қаны басына шапты. Бас жағында жатқан насыбай езетін шағын шоқпарды жұлып алып,  қызының үстінде жатқан жігіттің басынана ала шоқпармен тартып жіберді. Жігіттің дыбысы шықпастан, домалап түсті. Әйелдің қолындағы шоқпарды көріп, төсегінен тұрған екінші жігіт әйелдің қолын қайырмақ болып, жанталасып еді, әйел оның қақ маңдайынан ұрып, шалқасынан түсірді. Енді Қыздың шешесі мен қызы естерін жинап,  енді не істеу керек екенін ойластыра бастаған.

Қан қызуымен шешесі мен қызы екі жігітті далаға сүйреп шығарып, тондарына орап, шанаға салып, арқандап байлап, шананы ойдағы терең өзенге қарай итеріп жіберді. Шана сол бетімен сырғып, терең суға батты да кетті.. Енді екі әйел аттарды әбзелдерімен айдалағы айдап жіберді.

Он шақты күннен кейін Шыңғырлаудың ауылнайы бастаған он шақты адам Қарауылтөбеге ат басын тіреді. Төрге шығып, адам іздеп жүргенін айтты. Ауылнай  екі аттың әбзелдерімен ауылдарынан он шақырымдай жерде өлі табылғанын айтты. Ал, шана атымен жоқ, менің ұлым да, қасындағы жылқышысы да жоқ. Не мүрделері,не шанасы табылмай отыр деп мұңайды. Кімді кіналарымызды білмейміз-деп тоқтады.

Оған әйел — Аға біз не айтайық. Өз күнімізді өзіміз әрең көріп отырған адамбыз.-. деген  Ауылнай бастаған он кісі басқа сөзге келместен шығып кетті.

Көктем кетіп жаз келді. Қаратауда Кеңес өкіметі орнаған кез.

Бір күні Қара бекетке екі атты адам келіп, аттарын ағашқа байлады. Біреуі кепкасына жұлдыз қадаған әскери адам болды. Олар үйге кіріп,баяғы адам өлімі туралы сұрады. Әйелдер бірауыздан білмейміз- деді. Енді «білмейміз» дегенге не дау бар, келген адамдар, жиналып, шығып кетті. Сол кезде бір қызық басталды , қыздың ішіне күйігі сыймай жүрген бе, үйдің есігін ашып сырттағыларға « Оларды өлтірген менмін! -деп айқайлап, әскери адамды шақырып алды. Әскери адам орыс, қазақша түсінбейді, оған қасындағы қазақ « екі адамды өлтірген менмін» деп айтты деп, сол жерде протокол толтырып, қызды тұтқындап, Қаратау уезінің түрмесіне жапқан екен.  Қарабекеттен сотталған қыз үш төрт жылдан кейін жиырма шақты тұтқынмен босап,  ҚАРАТАУДАҒЫ ҚЫЗЫЛДАРМЕН КҮРЕСІП ЖҮРГЕН ТОПҚА  (бандыға) қосылып, қызылдың әскерлерімен соғысады. Бұл қыздың 25- ке келіп қалған кезі.  Әскери топта жүріп, босанып қалады.. Келіншек баланы екі жасқа дейін өсіріп, бағады. Бірақ, үнемі жорық оны көтере ме.? Иығында асынған винтовакасы, белінде пистолеті бар жауынгер келіншек, неде болса, баласын Қарауылтөбедегі анасына апарып тастауға бел буады. Қаратөбел атпен аяңдап, баласына нешетүрлі қызықты ертегілер айтып, Қарауылтөбеге аяңдап келе жатқан.Табиғатта тамаша, күн нұры жан жағын аймалап тұр. Торғай, көкектердің әндері табиғаттың музыкасы тәрізді. Төменде сарқырап өзен ағып жатыр.

Асықпай анасының шаңырағына кірді.Анасы 70- ке тақап қалған, маңдай шашы ағарып кетіпті. Мылтық асынған қызын танымай қалды. Қызы анасын құшақтағанда ғана иісін сезіп, «Құлыным ай, құлыным ай, аман екенсің ғой!– деп еміренді.

–Апа- деді қызы, менің уақытым жоқ. Мынау немерең,Сағынтай,  мұны қазір төменгі ауылға алып кетесің, менің артымда қуғын бар.Өз қолыңнан бір кесе сүт татайын, сосын мен де жүремін деген. Шешесі немересін көрпеге орап, жылдам төменгі ауылға жүгіріп кетті. Келіншек винтовкасы мен пистолетін оқтап, Қаратаудың етегіне түсе бергенде, арттынан атылған  винтовканың дауысы естілді. Бұрылып қараса , жүз метр жерде қызылдардың отряды тұр екен. Солардың командирі болуы керек, бұған мылтық кезеніп тұр екен. Келіншектің миына «Атқан сен боларсыі ау» деген ой ғана келді. Оның оғы шамасы, оң жақ өкпесіне тиген тәрізді. Қыз оқтың екпінімен шалқасынан құлаған. Келіншек солақай еді, сол жағындағы кобурадан пистолетін алып,  отряд тұрған бетті алып, атып жіберген. Пистолеттің оғы полковниктің қолына тиген болуы керек, қолындағы винтовкасы жерге ұшып түсті. Он шақты солдат жатқан келіншекке келіп, винтовкададан да, пистолеттен де оқты жаудырып жатыр. Келіншектің денесінде оқтан тесілмеген жер жоқ, бірақ, келіншек көзін ашқан күйі , солдаттарға күлімсіреп қарап жатқан…Келіншек сұлу еді, басын тасқа сүйеп, аппақ беті күнмен шағылысып, тірі жандай жатыр еді…..

Келіншектің шешесі көп ұзамай Шымкентке барып, немересін интернатқа тапсырған. Сапғынтай сол интернатта жүріп, Солтүстік Мұзды мұхитқа әскери борышын атқаруға кетіп еді. Сағынтайдың қоштасарда есінде қалған шешесінің сұлу бейнесі ешқашан есінен шыққан емес. Әскерден оралып, Қаратаудың Қарауылтһбесіне келіп, «Анама арнап ең сұлу ескерткіш орнатамын» дейтін арманы да бар.

Қаратаудың етегінде  тәуелсіздік үшін күрескен ҚАРҒАШ атты сұлу қыздың бейнесі қара таста әлі жатыр. Әрине, тарихтың бәрі ел есінде.

 

ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ, ақын, жазушы, ҚР Құрметті Журналисті, тарихшы

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: